Этностық өзіндік сананы қалыптастыруда тәрбиеші–педагогтың
әдіснамалық мәдениеті мақсатының келесі бағыттарын белгілейміз:
1) әрбір ұлт адамзат мұрасының бөлшегі,
сондықтан ол жалпыадамзаттық сипат пен құндылықтарды жеке алып жүруші;
2) барлық балалар бір–бірінен тілімен,
дінімен, этностық тегімен, салт–дістүрлерімен ажыратылатын халықтардан тұратын
үлкен бір дүниенің бөлшегі;
3) бір–бірімен байланысты барлық елдер мен
жеке ұлттар, айырмашылықтарына қарамай, бірін–бірі сыйлап, өзі өмір сүріп
отырған ортақ дүние жетілдіруге өз үлесін қосуға міндетті;
4) ұлттық өзіндік сана мен абыройды меңгерген,
жалпыадамзаттық қауымдастықтың бір элементі ретіндегі ұлттық мәдениетті сақтап,
оны көбейтуге ұмтылатын жан–жақты дамыған тұлға негізін қалау.
Этностық өзіндік сана – психологиядағы ең күрделі әрі маңызды мәселелердің
бірі. Оның пайда болуының психологиялық жағдайларын анықтау мен дамуындағы ұнамсыз
ауытқулардың басты себебін табу бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін ерекше
маңызды.
Бала санасының ұлттық рухта қалыптасып,
оларда ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтар туралы тұтас ұғым түзілуіне түркі
әлеміне ортақ ежелгі әдеби мұраларда (VI-VIII ғғ. – Орхон-Енисей жазба
ескерткіштері, Қорқыт ата, әл-Фараби), түркі ғұламаларының (ХI-ХIV ғғ. – Ж.Баласағұни, М.Қашқари, А.Жүйнеки,
Қ. Иассауи т.б.) психологиялық идеяларында, қазақ ақын-жырауының (ХV-ХIХ ғғ.
– Асанқайғы, Қ.Жалайри, М.Дулати, Шалкиіз, Жиебет, Ақтамберді, Бұхар, Шал ақын,
Дулат, Махамбет т.б.) этнопсихологиялық ой-пікірлерінде ерекше мән беріледі.
ХIХғ. екінші жартысы мен ХХғ. бірінші жартысындағы қазақ ағартушы-ғалымдары
мен қоғам қайраткерлері, психолог және педагог ғалымдары (Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев,
Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, М.Дулатов, Н.Құлжанова,
Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Т.Тәжібаев т.б.) тұлғаның қалануын оның ұлттық өзіндік
санасының қалыптасуымен бірлікте іске асыруды көздеп, онда баланың жас
ерекшеліктерін ескеруге және оқыту мен тәрбиелеудегі әдіс – тәсілдерге үлкен
көңіл бөлген. Олар ұлттық өзіндік сананың қалыптасуына бастауыш мектепте тәрбиелеу
мен оқытуға ерекше рөл береді.
Философиялық, психологиялық, социологиялық
т.б. ғылыми әдебиеттерді теориялық талдау мен өзіміздің эксперименттік
зерттеулерімізге сүйене отырып, мектепке дейінгі 6-7 жастағы баланың өмір тәжірибесінің
көлеміне қарай оның этностық өзіндік санасының пайда болуында:
Достарыңызбен бөлісу: |