Лекция 1 «Этнопсихология және оның ғылыми жүйесіндегі орны»


Ұлттық тәлім–тәрбие беру арқылы балалардың этностық өзіндік санасын



бет11/20
Дата27.12.2022
өлшемі78.49 Kb.
#467955
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Документ Microsoft Word (6)

4. Ұлттық тәлім–тәрбие беру арқылы
балалардың этностық өзіндік санасын,
 ұлтық тұлға ретінде қалыптасуын
нығайту.

Қазақстан


Республикасындағы мектепке дейінгі педагогика-психология ғылымында да тұлғаның
түрлі сапаларын тәрбиелеу үшін оқыту әдісі ретінде ұлттық дәстүрлерді
пайдаланудың мүмкіндіктері белсенді түрде зерттеліп, балалардың тілінің дамуы
мен көркемдік талғамының, еңбек дағдыларының т.б. қалыптасуы қадағаланып, қазақ
тілді мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесінде балалардың бойында ұлттық
психологияны
 қалыптастыру бағытында тәрбие үрдісіне баса назар
аударылып келеді.

Қазақ балабақшалары мен


мектептерінде балаларды ұлттық тәлім-тәрбие бағытында оқытуға жаңа мазмұн
беру керек, сонда олардың бойында ұлттық сана-сезімнің оянуына
мүмкіндік туады. Қазақ балаларын оқытуға жаңа мазмұн беру дегеніміз не? Бұл
балалардың ақыл-ойы мен сезімін, қоршаған өмір мен құбылыстарды бақылампаздығын
дамытуға ықпал ететін әдіс-тәсілдерді іздестіре білу. Осы әдіс-тәсілдердер оның
санасы мен сезіміне жол тауып, ұлтық тұлға ретінде қалыптасуын
нығайтуы қажет.

Ғалымдар, педагогтар,


психологтар (және ата-аналар) қалыптасқан жағдайды ескере отырып, бұларсыз
балаларға ұлттық тәрбие берудің тиімділігі мүмкін болмайтын басты әдіснамалық
мәселелерді анық елестетулері керек. Бірінші мәселе, мектеп жасына дейінгі
балаларға ұлттық тәлім-тәрбие берудің психологиялық аспектілерін анықтау
болып табылады; екінші – баяндаудың, жаттатудан бас тартып, балалардың этностық
өзіндік санасының
 оянуы мен қалыптасуына негізделген тәрбиелік ықпалды
белгілеу; үшінші – ұлттық тәрбиенің әдіснамалық мәселесі – үрдісінде 6–7
жастағы балалардың этностық өзіндік санасын қалыптастыруда педагогтің алдындағы
практикалық міндеттерді түсінуі.

Ұлттық тәлім–тәрбиенің


психологиялық аспектісі ұлттық психология болып табылады. Ұлттық
психология
 көп жақты, көп қырлы, түрлі реңкті, тікелей және қарсы әрекеттердің,
өзара ыөпалдардың, түрлі күштердің, процестер мен оқиғалардың шексіз қиысуларының
жемісі.

Ғылыми әдебиеттерде ұлттық


психологияның құрылымын ұлттық мінез, ұлттық сезім, ұлттық өзіндік сана құратыны
бекітілген. Ұлттық сана пайда болмаған жағдайда ұлттық сезім де, ұлттық мінез
де қалыптаспайды деп есептейміз. Біздің бұл көзқарысымыз Н.Елікбаевтың
«...белгілі бір ұлт өкілі емес адам жоқ. Соған сәйкес ол ұлттық психологиясын
алдымен өз ұлтын сезінуден, оған жауапкершілікпен қараудан бастауы тиіс»
деген қорытындысына және ресейлік бірқатар ғалымдардың тұжырымдарына
негізделеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет