1–сатыда шындықтың ұлттық саласына эмоциялық–мотвациялық
қатынасты құру арқылы ұлттық мәдениетпен сәйкестену механизмі іске асырылады.
Осының арқасында:
а) балалардың «ұлт», «ұлтқа қатыстылық»
туралы түсініктері қалыптасады;
б) іс–әрекет пен мінез–құлықтықтың
адамгершілік–моралдық нормалар мен ережелерге сәйкес келуін қамтамассыз
ететін ұлттық дәстүрлердің мәні мен мазмұны ашылады.
2–сатыда ұлттық мәдениетке эмоциялық–бағалау сезімін қалыптастыру
арқылы белгілі бір мәдениет өкілі ретіндегі өзінің бірегейлігіне, өзіндік құндылығына
оң қатынасы өндіріледі.
а) өзінің ұлттық мәдениеті мен құндылықтарын
қабылдауы мен жағымды әсер алуы, мақтан тұтуы мен сүйіспеншілік сезімі
оянады;
б) өзге ұлт мәдениетіне толеранттық
сезімі тәрбиеледі.
3–сатыда таңдаудың еркіндігі жаңдайында ұлттық салт–дәстүр
тұрғысынан әрекет етуге ішкі қажеттілігі қалыптастырылады. Осының нәтижесінде:
а) балада жалпы ұлттық құндылықтарға бағытталудың
адекваты мотивтерінің және екінші сатыда пайда болған жаңа құрылымдар: өз ұлтының
құндылықтарын өзіне жақын қабылдау, жағымды әсер алу, сүйіспеншілік
сезімдерінің негізінде ұлтішілдік және ұлтаралық қарым–қатынастарда нақты ұлт
өкілі ретінде әрекет ету қажеттілігі қалыптасады.
б) ұлттық қатынастарға дұрыс бағыттана
алу қабілеті рефлексияны – қамтамассыз ету арқылы «ұлт», «ұлттық» бұл кеңістіктен
және уақыттан тыс өмір сүретін абстрактылы адамдар емес, ұлттық мәдениетті (эмоциялық
ассоциациялар тілді және тілдік шығармашылықты, дағдылар мен әдеттерді еңбек
іс–әрекеті мен көркемдік кәсіп, балаларды тәрбиелеу дәстүрлері) нағыз алып жүрушілер
екендігі туралы дүниетанымы (этностық дүниетанымы) дамиды. Осының негізінде
олардың өзіндік санасында аса маңызды бағдар – өзімен тепе–тең ретінде адамның
адамға қатынасы қалыптасып, балалар оң ұлтаралық қатынасқа бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: |