Лекция 1 «Этнопсихология және оның ғылыми жүйесіндегі орны»


) өз халқының рухани және материалдық салт-дәстүрлері туралы білім көлемінің болуын



бет13/20
Дата27.12.2022
өлшемі78.49 Kb.
#467955
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Документ Microsoft Word (6)

1) өз халқының рухани және материалдық
салт-дәстүрлері туралы білім көлемінің болуын
 (ұлттық тұрмыстық заттар мен бұйымдардың
атаулары мен қызметін, туған елі мен жерінің табиғатын, ата кәсібін, мәдени дәстүрлерін
білуі, өзге мәдениетпен салыстырғанда оның өзіндік ерекшелігін танып,
ажыратуы);

2) оларға деген оң қатынасын ( өз халқының мәдени мұрасын өзіне жақын
қабылдауы, одан әсер алып, мақтаныш тұтуы, туған елі мен жеріне, оның табиғатына
деген сүйіспенешілік сезімінің көрініс беруі);

3) этностық дүниетанымның қалыптасуы (өзінің және өзгелердің этностық әлеуметтік
Менін түсіну; қарым-қатынаста өзінің ұлттық мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін
басшылыққа алу; өзге ұлт мәдениетіне толеранттық (төзімділік) қатынаста болу)
басты өлшемдер мен көрсеткіштер деп санаймыз.

Этностық өзіндік сананы қалыптастыру күрделі


әрі көпқырлы үрдіс. Дегенмен бұл үрдісте оны қалыптастырудың негізгі
кескінін, моделін құрайтын, өзара байланысты, басты үш құрамдас бөлігін көрсетуге
болады:

Этномәдени сәйкестену. Мектеп жасына дейінгі балаларда этностық
өзіндік сананың пайда болуы «ұлт», «ұлттық» ұғымдарын меңгеруден, ұлттық
материалдық және рухани мәдениет құндылықтары мен оларды этнобіріктіру және
этнобөлу белгілерін түсіну арқылы, өзін және өзгелерді нақты бір ұлттық мәдениетпен
сәйкестендіруден бастау алды.

Этномәдени бағыттылық. Этностық білімдерінің негізінде 6–7
жаста балада өзіне, өзге адамдарға, қоршаған дүниеге, мәдениет құндылықтарына
ерекше (жартылай ұғынылмаған және ұғынылған) қатынасы – эмоциялық–бағалау сезімі
пайда болып, этностық автотаптаурындар қалыптасады.

Ұлтық–мәдениетке сәйкес түсініп, әрекет
ету.
 Баланың этностық–танымдық,
эмоциялық–мотивациялық және сезімдік сферасының дамуы оның өз шамасына лайық
дүниені түйсінуі мен этностық дүниетанымын қалыптастырады. Сонымен қатар,
мектепке дейінгі жастың соңында өзін әрекет субьектісі ретінде саналы ұғынаты
бала, ұлттық тәлім–тәрбие арқылы белгілі бір ұлттық мінез–құлық нормалары мен
ережелерін орындаушы субьект ретінде де түсіне алады. Екінші кезекте ол өзін
этносаралық қарым–қатынас субьектісі (әлеуметтік субьект) ретінде де саналы ұғына
бастайды. Өзінің осы этностық әлеуметік Менін түсіну және осының негізінде
пайда болатын ішкі бағдары этностық дүниетанымға сәйкес қажеттіліктер мен ұмтылыстарды
тудырады.

Ұлттық тәлім–тәрбие беру арқылы 6–7


жастағы балалардың этностық өзіндік санасын қалыптастыру әдістемесі өзара
байланысты үш сатыдан тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет