этностық
жаңсақ нанымдармен өзара байланысы
Тұлға
өзінің әлеуметтік ортасында белгілі
әдет дағдыларды, мінез-құлық таптаурындарын арнаулы ережелер негізінде өз санасында
қалыптастырады.
А.О. Бороноевтың айтуынша,
сана-сезім құрылымын екі тұрғыдан елестетуге болады: бірі- оның басқа адамдар
ортасындағы егемендігін байқататын, өзіндік анықталумен байланысты
көзқарастарды, идеаларды (пірі); екіншісі «Туған жер» ұғымымен байланысты
ұлттық құндылықтарды аңғаруы,
адамгершілік-психологиялық бағалауымен байланысты анықталады. Ендеше тұлғаның сана-сезім құрылымын нақтылы белгілеудің, оның пайда болу генезисін
анықтаудың ұлт мәсілелерін зеттеуде маңызы зор.
Сана-сезім мәселелерінің
генезисін анықтаудың концептуалдық
негізін Аристотель, Плотон және Августиндердің еңбектерінен бастаймыз. Ал, кейінде теориялық тереңірек қарастыруды
Декарт және неміс классиктерінің теориялық бағдарларынан көруге болады.
Ұлттық сана-сезімнің
мән-мағынасын ашуда көп жылдар бойы оны тек индевиттің өзін қандай да бір
ұлттық қауымдастыққа жататындығын аңғару деп қарастырылып келеді. Бұл
көзқарасты ұстанғандар этнографтар,социологтар
болды. Ұлттық сана- сезімді кең
мағынада түсінуді кеңес
ғалымдарының ішінен С.Т. Калтахчаяның еңбегңнен көруге болады. Ұлттық сана-
сезім ұлт өкілінің іс- әрекетінен
жүріс- тұрысынан т.б. сыртқы тікелей
анықталатын белгілерінен көруге болатын ұлттық- психологиялық құбылыс.
Ұлттық сана-сезімнің
құрамына: ұлттық таптаурындар, ұлттық бағыт, және этностық жаңсақ нанымдар
және танымдық іс- әрекеттер кіреді. Қазіргі
этнопсихологияда ұлт мәселесін зерттеуде оның ең бастапқы қалыптасу негізі
болатын этностық жаңсақ (ілкі)
нанымдардың пайда болу, даму генезисін анықтау ең өзекті мәселе болып табылады.
Этностардың психологиялық
ерекшеліктері халықтардың табиғи
материялдық жағдайлары көрінісімен
адам санасында қалыптасады. Ол өзінің
түп тамырымен халықтар
тарихының терең түкпірінен орын алып, оның пайда болған негізінен бастап дамиды. Халықтардың психологиялық
ерекшеліктері- жалпы ұлттық категория. Этностық психология - қоғамдық әрі
жалпы адамзаттық психологияның бірі. Ол үнемі өзгеріп отырады. Қоғам дамуының белгілі
кезеңдерінде, әлеуметтік -экономикалық
және жаңа мазмұн қабылдайды. Нақты этнопсихологиялық белгілерді анықтау барысындағы зеттеу еңбектерінің қиындығын
байқаған Ю.В. Бромлей : « Әрекеттер мен қылықтардың жиі әрі
жылдам қайталанып алмастырылуы басқа ұлттардағы сол жағдайларды салыстыруда
қиындық көрсетеді, ал бұның көмегінсіз
этностық ерекшеліктерді анықтау тіпті де қиын екендігі көпшілікке мәлім. Сонымен
қатар әр ұлттың өзіне тән психикалық
кескін- келбеті тез арада емес, кейінірек әр түрлі уақытта көрініс береді-
деген.
«Ұлттық сана- сезім» ұғымын
түсінуде альтернативті (балама) көзқарастар өте көп. Себебі ұлттық сана сезім
мәселелерін философия, этнология, тарих, мәдениеттану, социология,
педагогика, т.б. ғылымдар қарастырып, оның теориялық әдіснамалық негіздерін
анықтайды.
80 –жылдары ұлттық сана тақырыбы тоқырауға шырады.
Бірақ біз бдан бұл тақырыпты күн тәртібінен түсіп қалды
деуге болмайды. Себебі 80- жылдардың
аяқ кезінде ұлт мәселесі, оның ішінде ұлттық сананың қоғамдық
қатынастағы рөлі көптеген
еңбектерде сөз болып келеді.
Мәселен, С.Т. Калтахчаяның ұлттық сананы жан-жақты қарастыру қажеттігін көрсетуі. Сол сияқты
Ю.А. Артюняннің, Ю.В. Бромлейдің, Б.Г. Грушиннің, А.Ф. Даждамирдың,Л.М.
Дробижеваның, А.К. Калмырзаевтың, А.И. Крупновтың, М.Г. Стефаненконың,К.Н.
Хабибуллиннің т.б. еңбектерін атауға болады. Бұл еңбектердің барлығы да
ұлттық сананы ұлт құрылымындағы ерекше феномен деп қарауды, оның қалыптасу
механизімін анықтауды үсынады. Сонымен
қатар , бұлардың еңбектері этнопсихологиядағы теориялық- аналитикалық
көзқарастарды да дүниеге әкеледі.
Осы көрсетілген талдаулардың ішінде ұлттық сана
–сезімді тұлғаның даму деңгейін көрсететін компанент ретінде жан- жақты көрсеткен және оның
ұлттық тұлғаның қалыптасуындағы күрделі сапа аңғартқан – Л.П. Чагай. Ол
ұлттық сана-сезім құрылымы элементтерін төменлегінше анықтайды:
1. Ұлттық
сабақтастық ( ұлттаралық қатынастардан
алынған және меңгерілген тарихи
және тұлғалық әлеуметтік тәжірбиелер,
аумақтық, саяси, тілдік, мәдени т.б. жағдайлардан қоғамның пайда болуы туралы
түсінік)
2. Ұлттық
сана- сезім, ұлттық біртектілік; өз халқының тарихы мен мәдениеті туралы білімі; өз халқы мен басқа
халықтарға ұлттық өзіндік баға беру,
оған деген тартылыс деңгейі мен
бағыты; ұлтаралық қатынастағы өзінің әлеуметтік рөлі мен мәртебесін
түсіну; этностық таптаурындары.
3. Ұлттық өзіндік қатынас:
ұлттық құндылық бағдар; қажеттіліктер және ұлттық- мәдени
қызығушылықтардың қызметі мен даму; этностық принциптерді, ережелерді,
тыйымдар мен адамгершілік нормаларды тану.
4. Ұлтаралық
салыстыру: ұлттық сезім ( ұлттық
намыс,ұлттық абырой т.б);
ұлттық ерікті түрткілердің
көрінуі ( эмоционалдық, рационалдық т.б) ұлттық және интенационалдық нагым-
сенімдер.
5. Ұлттық өзін- өзі реттеу: идеялдық-
психологиялық механизмдерді өзіндік бақылау
және итернационалдық жауапкершілікті бақылау.
6. Тұлғаның ұлттық негіздегі мүмкіндіктері мен
рухани күшін қолдана алу дәрежесі:тұлғаның бүкіл өмір сүруіндегі ұлттық
жетістіктерге жетудің объективті формалары, сол сияқты оның нақтылы жолдары
мен әрекет етуге дайындығы,кез келген бағытта ұлтаралық қатынас пен ұлттың
даму жолында өзін дұрыс пайдалануы және мір сүру мақсаты мен мағынасын
түсінуі.
Сонымен, мамандар ұлттық сана құрамы өте күрделі феномен деген ортақ
пікірге келеді. Сондықтан ұлттық сана- сезімнің қалыптасу проуесін
әлеуметтік- психологиялық көзқарас негізінде зерттеу қажет. Себебі,
әлеуметтік- психологиялық көзқарастар қоғамдық, біздің жағдайымызға, ұлттық
психологиялық мәселелерді жан -жақты, қоғамның өмір сүру жүйелері тұрғысынан
қарастыруға мүмкіндік береді. Әлеуметтану және псизология ғылымдары
ғалымдардың (П.Сорокиннің, А.К. Уледовтың) пікірлеріне сүйенетін болсақ
әлеуметтік- психологиялық көзқарас қоғам мүшелерінің өзара әрекетінің негізгі формаларын зерттеу қажеттілігін
корсетеді. Ендеше, ұлттық өзіндік сана құрылымы мен мәнін анықтауда
әлеуметтік- психологиялық көзқарас негізгі ғылыми принцип( ұстаным) болмақ.
Ұлттық сана сезімді әлеуметтік-
психологиялық зерттеу пәні ретінде қарастыратын болсақ, оның бір жағынан әлеуметтік категория, екінші жағынан -
әлеуметтік -психологиялық құбылыс екендігін ескеруіміз керек. Ұлттық өзіндік
сана ұлт өкілдерінің қоғаммен әлеуметтік жағдайларды байланысу арқылы қалыптасады. Яғни,
ұлттық сана сезім белгілі бір әрекеттердің, нормалардың негізінде
пайда болып, дамып, жетіліп және әртүрлі қоғамдық қатынастардың алмасуына
байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан ұлттық сана- сезім мәселелерін қарастыруда
оның ішкі мазмұнын құрайтын құрамдас бөліктерңн зерттеуден бастаймыз.
Ұлттық сана -сезім құрамына: ұлттық өзіндік
біртектілену, өзіндік қабылдау және өзіндік қатынас, этнодифференциялдық және
этнонығайтушы белгілер жайлы
түсініктер, этностық таптаурындар мен бағыттар, жаңсақ нанымдар кіреді. Әрине, өзіндік сана
адамның өмірге деген көзқарасына негізделгендіктен, адамның ойлау, қабылдау,
сезіну, эмоция және т.б. психикалық құбылыстардың нәтижесі болмақ. Ендеше,
өзіндік сана - оның талғамын, бағыт
бағдарын, қызығушылығын, сезімін, намысын, тілін белгілейтін көрсеткіш. Сөйте
отырып, санағы барған ақпараттар негізінде жаңсақ анымдар туғызады.
Бұл тұрғыда, А.Р.Лурияның «этностық сана сезім тек сананың саналы
талдау нәтижесінен пайда болатын құбылыс емес, ол ерекше адамның саналы талдау нәтижесінен пайда болатын құбылыс емес, ол ерекше
адамның саналы мазмұнын белгілейтін
шындықты белгілеуге нақтылы бағытталған жаңа психологиялық жүйе және осылай бола тұра ол адамға өзінше әрекет етуге мүмкіндік беретін,
өзіне, өзгеге деген көзқарасын
көрсететін ерекше құбылыс» деуіне назар аударамыз.
Адамның ұлттық сана сезімнің даму
деңгейі оның өз ұлтына қатынасынан, ішкі бағытынан және өмір жолында
қалыптасқан жаңсақ нанымдарына байланысты.
Ұлттық сана сезімнің бұл құрылымдардың
қалыптасу, даму жолы адамның этностық әлеуметтену процесінде жүзеге асады. Себебе, жоғарыда көрсетілген
құбылыстар ұлттық тұлғаның белгілі әлеуметтену ортасына байланысты дамиды және қоғамдық
қатынастардың өзгеруіне тәуелді.
Ұлттардың сана - сезімдерінің қалыптасуында рухани - мәдени шығармалар, ұлттық рухани
мұралар үлкен роль атқарады.Ондай шығармаларда халықтардың тарихына үңіле
отырып, ондай шығармаларды өз
халықтарының тарихына үңіле отырып, ондай шығармаларды өздері дүниеге
келтіреді. Сол тарихи көркем шығармалар өз халықтарының тарихи процестердегі орны мен ролін анықтайды, сөйте отырып, халық шығармаларына көңіл аудару
арқылы патриоттық тәрбиеге баулу мақсатын алға қояды.
Этностық сана- сезім- ұлттық
ерекшеліктерді сақтап қалаудың бірден
бір көзі. Тарихи даму барсында этностың
тілі, жалпы территориясы, салт - дәстүрлері жойылмау керек.
Себебі олар осы ұлттық өзіндік сананың
қалыптасуындағы негізгі факторлар болып есептелінеді. Осылар арқылы ұлттық
сана - сезімді қалыптастыру мақсатымен адам өзін қоршаған ортасы арқылы өз
санасында алдымен жаңсақ нанымдарды қалыптастыруын кіргізеді. Ұлт өкілі өз ұлттының жаңысды, жағымсыз
таптаурындарын тани отырып , белгілі ұлттық бағыт алады. Ал, ұлттық бағыт
дегеніміз сол тың өмір тіршілігін салт- санасын, дәстүрі мен рухани құндылықтарын тануға өзін іштей дайындау. Ол дайындықтар белгілі танымдық
деңгейді тудыратын жаңсақ нанымдар мен сенімдер болмақ.
Тұлғаның бағыты оның бағыттылығының,
құндылық бағыттарының жаңсақ нанымдарының өзгерістерге ұшырап, реттелуіне
байланысты өзгертіп отырады.
Ал, ұлттық- псиологиялық
ерекшеліктер бағыт және таптаурын механизмдер арқылы көрінеді. Ұлттық
психологиялық ерекшеліктердің көрінуі екі жақты, яғни олар санадан тыс және саналы әрекеттер ортасында, адам
еркіне байланысты емес.
Ұлттық бағыт туралы бірінші рет
анықтама берген Л.М. Дробижева «Ұлттық бағыт- дегеніміз анық ұлт өкілінің
өзіне тән әрекетке, ұлтаралық байланыстарда дайын болу мінез- құлқы». Ал,
А.Гаджиев бағытты структуралық ұлттық психология компонетіне енгізді.
Қазіргі негізгі түсінікте ұлттық бағытты,
біріншіден, анықталмаған ішкі дайындық жағдайы ретінде түсіну керек.
Ұлттық бағыт тарихи даму арқылы қалыптасады.
Екіншіден, негізгі ұлттық бағыт
фиктсациясын ұлттық таптаурының құрылуынан іздестіру керек. Ұлттық
таптаурынның құрылуы - әлеуметтік шындыққа жауап реакциясы, әр реакция немесе
әр жағдай қоршаған орта шындығымен анықталып қана қоймайды, ол осы фактормен
де белгіленеді. Адам өзіне қарым - қатынасты әсер еткізеді, ол қажет пе,
қажет емес пе, қызықтыра ма, қызықтырмай ма деген бағытпен қызықтырады немесе
итермелейі». Сөйтіп, адам миында, әр ұлт
өкілінде поцестер сәйкестігі қалыптасады.
Үшіншіден,
ұлттық бағыт, басқа бағыт түрі секілді іс әрекет процесі арқылы қалыптасады, бірақ олардың
ерекшелігі - сәйкес жағдай іс- әрекеті
ретінде көрсетіле отырып, спецификалық әлеуметтік мөлшер (норма), жүріс-
тұрыс көрінісі ретінде көрінеді.
Сонымен, ұлттық бағытты функциялану
процесіне жатқызу керек, өйткені ұлттық бағыт рөлі реттелу психикасы
жағдайының іс -әрекетіне сабақтасады. Ұлттық бағыт психиканың негізгі қызмет
ету нормасы ретінде әр ұлт арқылы көрсетіледі. Онда ұлттық психикалық ерекшеліктер
көрсетіле отырып, ұлттық психиканың
көріну формасын, сонымен қатар ұлттық ішкі мазмұнын құрастырады.
Бағыт мәселесі Д.Н. Узнадзе
мектебінде арнайы ерекше феномен
ретінде зерттеліп, бірнеше анықтамалар беріледі: « Бағыт дегеніміз- бір субъектінің
динамикалық жағдайы, әрдайым дайын болуы, субъектінің
бағытталуы нақты қойған мінез құлық
әрекет ағымын осы обектіге қатынасын қамтамсыз етеді»; « Бағыт дегеніміз
спецификтикалық жағдай, бір белгіленген бағыт бірнеше ұқсас объектівті
жағдайлардың негізі болады. Бағыт
қажеттілік пен жағдай негізінде пайда болдв. Қажеттілік белгілі организмде өзектіледі, жағдай осы
қажеттілікті қанағаттандырады. Бағыт алғашқы, жалпы жеткілік емес жағдайды құрайды. Бұл локальды емес
процесс, оған иррадиция және генерализация жағдайлары тән. Бұған қарамастан
әртүрлі көзқараспен сипатталады».
Тұлғаның бағыттылығы адам бойында
кездесетін қарама қайшылықтары алдын-
ала білдіреді. Яғни тұлғаның әлеуметтік психологиялық өмірінің қалыптасуына әсер ететін күрделі жағдай, күрделі объект
болып есептеледі. Сол себепен тұлға бағыттылығын бір нақтылыққа жатқызуға болады. Оны біз бағыт ретінде
қарастырамыз.
Батыс психологиясында әлеуметтік
бағытты «аттитюд» деген атаумен
қарастырады. Ал, әлеуметтік бағытты тұлғамен байланыстырып қарастырғанда
басқа «set» терминімен белгілейді.
Бұл тұрғыдан оның зерттеу тарихыын П.Н.
Шихирев үшке бөлдеді:
1. 1918 жылдан бастап екінші дүние соғысына
дейін ;
2. 40-50жж.,
яғни бұл сала дамуының тығырыққа тығылуы;
3. 50-ші жылдан бастап қазіргі кезеңге дейін «
жаңа» идеял пайда болды.[105].
Аттитюдің пайда болуы басқа
көзқкарастардың пайда болуын және
қарама - қайшылықтарды туғызады.1935 ж. Г.Оллпорт аттитюд түсінігінің он жеті
түрін анықтайды. Осы он жеті түрінен аттитюд зерттеулерінде негізгілері ғана
алынды, аттитюд бәрінің түсінігі бойынша:
-
Сананың белгілі жағдайы мен жүйке
жүйесінің жағдайы;
-
Әрекетке айқындықты айқындау;
-
Ұйымдастырылған
-
Алдында қалыптасқан тәжірибе бойынша;
-
Іс-әрекет бағытының әсер етуі.
Сондықтан да аттиюдің алдындағы тәжірибе іс-әрекетке
сілтеме берудің себебін анықтайды.
Танымның әр актісі, қарым-қатынаста және еңбекте негізі
болатын «бағыт» дегеніміз субъектінің бағытталуы, динамикалық дайын болу
жағдайы, белгілі іс- әрекетке тенденциясы.
Индевидтің белгілі қажеттілігін қанағаттандыру қабілеті. Бағыт ырықсыз және субъектінің өзімен танылмайды. Бірақ ол объектіге қатынасы
анықтайды және оның қабылдау тәсілі. Индивид өзін қызықтыратын бөлшегін ғана көреді, басқа бөлімін
аңғармайды. Бағыт жүйесінде ол адамның өзіне белгісіз.
Адамның бағыт жүйесінің қалыптасуы
оның өмір тәжірбиесі көңіл күйі негізінде
жинақталып өзіне аңғарылмай, белгілі әлеуметтік орта арқылы дамиды,
ендеше ұлттық бағыт ұлт өкілінің санасында жансақ нанымдар ретінде қалыптасуы
оның әлеуметтену процесінде – оқуда, ойында т.б. әрекетте – жүзеге асады.
Белгілі бір тапқа, мамандыққа, ұлтқа
жататын адамммен кездесе отырып біз
олардың алдын – ала белгілі мінез құлықты күтеміз. Мысалы,
жастық шаққа романтизм тән, сондықтан жастармен кездескенде олардан алдын –
ала қонақ жайлық күтеміз. Бұндай жалпылама түсінікті психологияда таптаурын
деп атаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |