Таптаурындар – өзіндік сананың бөлінбес
құрамдас бөлігі. Бірде бір адам өмірінде кездесетін ситуацияларға өз бетінше
шығармашылық түрде көңіл аудармайды.
Индивидтің барлық өмірлік тәжірибесінде, оқу процесінде және басқа адамдармен қарым -қатынасында
татаурын сенімдері қалыптасады.
Ол индивидке өмірде бағытталуына
көмектеседі және белгілі түрде
мінез – құлық бағыттайды. Таптаурын жалған немесе айқын болуы мүмкін.
Сол себепті жағымды және жағымсыз эмоциялар туындауы мүмкін. Оның негізгі
мәні – оның белгілі әлеуметтік топқа, белгілі құбылысқа қатынасын көрсетуі.
Бағыт тұлғаның өз бетінше шешім қабылдауда, өзімен-өзі
белгілі мәселеге келуінде бұрынғы қалыптасқан жансақ надымдардан бас
тартуында үлкен рөл атқарады.
Тодд
Нельсон өзінің аталмыш еңбегінде, жансақ нанымдарды 60-70ші ж. Объектіні
әлеуметтік топты бағалау деп көрсетеді. «Бірақ ол негізінен бағыт болды. Сол
себепті, кқп жағдайда оны танымдық, аффектілік және мінез құлықтық тқрғыдан
қарастырып келдік.»,- дейді. Себебі ғылымның түсіндіруінше, жаңсақ нанымдар
адамның бағалауындағы аффетивті және соған байланысты туындаған мінез-құлқы. Ал
тағы ол осы автордың айтуынша, танымдық-әлеуметтік жағдайларда бағыттың, яғни
«жаңсақ нанымдардың әлсіреуі» мүмкін .
Ұлттық өткен өмір тарихымен қазіргі
болмысымен танысу- теориялық міндет емес, саяси нық уйлесу, бірігуі қажет.
Ұлт өкілдерінің танымдық бағытының өрістеуі ұлттық құндылықтарды дұрыс бағалауы, ұлт мәдениетінің жетілуіне
себін тигізеді.
Бұрынғы кеңестік және шет ел
психологиясында тұлғаның жаңсақ нанымдарының қалыптасуын зерттеу негізгі
мәселлер ретінде қаралмайды. Кеңестік психологияда жаңсақ нанымдар
психологиялық бағыт компоненті немесе этностық бағыт компоненті және жүріс –
тұрыс таптаурындары негізінде болып, көптеген әдіснамалық және теориялық
зерттеулер негізінде орналасады.
Нанымдар субъектісінің жағдайы, ол
жеке адамның рухани ісімен тығыз байланыста болады, идеяларды бейнелейтін
объект туралы белгілі бір ақпарат хабарының негізінде пайда болады. Басқа
сезімдермен қатар наным сезімімен қосарласы, адам қызметінің түрткі ұйытқысы,
мақсаты пайда болады және бағдары болып табылады.
Философия мен психология тарихында
наным теориясы 3 түрге бөлінеді: көбінесе сезім ретінде қарастырылатын эмоциялық наным « Ю.М. Джеймс»,
интелекттің феномені ретінде түсіндірілетін интелектуалдық наным «Г.Геккель», «Дж. Мимо тб», ерік атрибуты
деп танылатын еріктік наным. Ол жеке қоғамдық сананың
қажетті, әлеуметтегі адамдар іс-әрекетінің маңызды кезеңі болып табылады.
Наным объектілері, таиғи және әлеуметтік қмір шындығының фактілері, құбылыстары
және даму тенденциялары субъектіге сезімдік жағынан берілмеген және мүмкіндік
түрінде ғана көрінеді. Бұл орайда наным объектісі шын мәнінде бар бейнелі
эмоция деп саналады. Индивид әлеуметтік және тұтас алғанда қоғамдық нанымдар
субъектісі бола алады.
Нанымдар
объектіні ғана емес, сонымен қатар, негізінен алғанда, оған субъектінің
қоғамдық болмысын, оның қажеттері мен мүдделерін де көрсетеді. Нанымдар-
ерекше психологиялық феномен. Онының ішінде, діни нанымар ерекше жағдай болып
табылады, себебі оларды қоғамнының өмір сүруінің өзіне тән жағдайлар
туғызады. Теологиялық діни нанымдар адам жанынан ажырамайтын қасиет немесе
Құдай берген рахат деп біледі. Бұл күйінде наным парасатқа білім негізін
ретінде қосылады.
Ғалым Т. Рысқалиев нанымды былай
сипаттайды: «наным- дүниеге көз-қарастың құрамдас бір бөлігі. Наным –
дүниені, өмірді адамдар қарым -қатынасын танып, талдап және ой елегінен
өткізіп игеруден тұратын тұжырым туй. Нынмсыз дүниеге көз-қарас жүрекке
жетпеген, санаға сінбеген, көңілге қонбаған, абстрактылы түсінік болып
қалады. Нанымға айналған білім – түсінік адамды ешқашан немқұрайлы қалдырмай,
іс қимылға бастайды, адамның тұлғалық ұстанымына айналады. Сондай-ақ оған ие
болған адам өзгеріп көзін ашады, бойындағы қабілеттерді оятып, жігерлендіреді,
өмірдегі келеңсіз құбылыстарға қарсы
тұрғызады. Наным адамға сыртқы күшпен, үгіт насихатпен танылмайды. Оған адам
ойлап, толғанып өз еркімен жетеді. Адам өз нанымынан оп-оңай бас тартпайды,
керісінше оны табандылықпен қорғайды».
ысқалиевтің бұл пікірі де нанымның
танымдық іс әрекет барысын қалыптасып, шынығатындығын сипаттайды, ал біздің
талдауға салып, зерттеу нысанасы етіп отырған феноменмен осы нанымның алдыңғы
көрінісі, яғни адамның санасына келіп түскен, әлі адам санасында толық
анқталмаған, аңғарылмаған ақпараттардың ой елегінен өтіп, белгілі
тұжырымдарға жетіп, сол құбылысты танудағы сана сезімнің алғашқы көрінісі,
сондықтан да біз бұл феноменді « жаңсақ наным» деп көрсетеміз. Ол, әрине,
алдымен адамның белгілі бір әрекетке деген бағыт, бағдарын реттейді де
тұлғанынң ұлттық өзіндік психологиялық ерекшеліктерін қалыптастыруға түрткі
болады.
Жаңсақ нанымдар бұл топқа немесе оның
жеке мүшелеріне жағымсыз бағыт, ол таптауырын сезімдерімен сипатталады, бағыт
ішкі процесстерден шығады. Жаңсақ нанымдар дегеніміз ақыл және саналы сезімге
дейн болатын бағыт тұрақты және рациональды сенім әсеріне түсіпіп, жеңіл
түрде өзгермейтін құбылыс. Белгілі американ социологы Робин М.Уильямс бұд
анықтаманы толықтырады , жансақ нанымдар- белгілі мәдениет номаларына сай
құндылықтарға қайшы келетін бағыт. Г. Оллпорттың айтуы бойынша, жансақ
нанымдар бағыт пайда болғанда ғана туындайды. Сол себепті жансақ нанымдар
діни ұғымдармен байланысты.
Этностық жансақ нанымдардың шешуші кілті –
қоғамдық сананың құрылымында және қоғамның тарихында. Алғашқы қауымдық
құрылыста адасдар өз руы мен тайпа арасында ғана қарым-қатынас жасаған. Басқа
тайпа адамдарымен кездескенде оларды бөтен дұшпандық күш, жат адам деп
қабылдаған.
Тайпалар арасындағы байланыстың кеңейуі,
айырбастың пайда болуы адамардың өзі туралы елестерді күшейтті. Өзінің
этностық тобын өзге топтармен салыстыра анықтады. Топтық сана сезім тайпаның
бірлігін қалыптастырды. Өзін белгілі топқа жатқызу сезімі – бастапқы
кезден-ақ басқа топ арасында өзін жоғары сезіну мазмұнында болды. Бұл идея
барлық салт-дәстүрде, халық эпостарында, аңыздарда көрінеді.
Осы тұрғыдан этностық жаңсақ
нанымдаржы ұлт өкілінің тұлғалық бағыт-бығдарының, бағыттылығының негізгі
реттеушісі, яғни ұлттық өзіндік сананы қалыптастырушы компонент деп көрсетуге
де болады:
Біз төмендегі суреттен этностық жансақ
нанымдар ұлттық өзіндік сананың компоненті ретінде бағыттылық жүйесіндегі
ішкі психикалық өзгермелі компонент екендігін көреміз
Сонымен, этностық жансақ нанымдар негізі
болатындығын және өте әлсіз, анықталмаған,
негізі шамалы құбылыс екендігін теориялық негіздейміз. Соған байланыста
тұлғаның эмоционалдық- мотивациялық мінез-құлқының қалыптасуында нақтылы
бағалаушылық, реттеушілік рөл атқаратындығын аңғардық. Жансақ нанымдар
әртүрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты адамның санасында елеулі орын алып,
өзіндік санасының қалыптасуында бастапқы көзі болмақ. Яғни, ұлттық өзіндік
сана мен бағыты тұлғаның қоғамдағы іс-әрекетінен, көзқарасынан, қылықтарынан
байқалатын адамның өзін әлеуметтік ортада нақтылауы, сезінуі, анықталуы,
аңғаруы және соған орай қоғамның негізгі ережелерін өз бойында меңгеруге
бағытталған жансақ нанымдары немесе әлеуметтендірілуі дей аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |