Лекция 1 Кіріспе. Жоспар


Лекция 10. Гимнастика тарихы



бет27/83
Дата03.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#451145
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   83
Лекция гимнастика

Лекция 10. Гимнастика тарихы

Жоспар:

  1. Дене жаттығуларының ерекше түрі ретіндегі гимнастиканың дамуы мен тууы.

  2. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасыр басындағы гимнастиканың әдістемелік негіздерінің дамуы

  3. Орта ғасырлардағы және ежелгі әлемдегі гимнастикалық жаттығулар.


1. Дене жаттығуларының ерекше түрі ретіндегі гимнастиканың дамуы мен тууы.

«Гимнастика» сөзі алғаш рет Ертедегі Грецияда б. з. д. VIII ғасырда эллин (көне грек) мәдениеті дәуірінде пайда болды.

Көне гректерде дене шынықтыру жаттығулары «гимнасия» деген атпен арнаулы мектептерде өткізілді. Бұл жаттығулар жалаңаш күйде орындалады. Осыдан келіп «гимнас» (жалаңаш) сөзі дүниеге келді. Ертедегі Грецияда сол кездің өзінде-ақ дене шынықтыру жаттығуларымен әрқандай мақсатта айналысты. «Агонистика» деп аталатын жаттығулар кешені жарыстарға дайындалуға жақсы көмектесті, ал денені жалпы дамыту үшін пайдаланылған басқа кешендер «гимнастика» деп аталды.

Көне римдіктер дене тәрбиесінің эллиндік үлгілерін қабылдап ала отырып, «грек гимнастикасына» өз үлестерін қосты: жастарға атқа мініп жүру тәсілдерін үйрету үшін ағаш «ат», әр түрлі кедергілерді жеңе білуге үйрету үшін асылып, өрмелеп шығатын «кереге», «дуалдар», «сатылар» сияқты жабдықтарды енгізді. Римдіктер сондай-ақ акробатикалық жаттығулармен де шұғылданды. Бұлардың бәрі осыдан кейінгі кезеңдерде атқа мініп жүруді, сайысуды, серілік жарыстарын кеңінен өрістетуге, сондай-ақ әртіс-акробаттардың шеберлігін арттыруға қолайлы жағдайлар туғызды. Сөйтіп, гимнастика өзінің пайда болуы мен дамуы барысында қоғамдық өмірге де өз әсер-ықпалын тигізді -мәдениеттің, ғылымның өркендеуіне, соғыс жүргізу тәсілдерін, әскери техниканы жақсартуға өз үлесін қосты.

Гимнастика алғашқы Олимпиадалық ойындар жарысының бағдарламасына да енді (1896 ж.).

Гимнастиканың спорттық түрлерімен тең дәрежедегі оның жалпы дамытуға және сауықтыруға пайдаланылатын түрлері де кең тарады. Олар әсіресе мектептің дене тәрбиесі бағдарламасына кеңінен енгізілді.

Адамның жан-жақты өсіп-жетілуі, денсаулығын нығайтуы және күш, ептілік сияқты қимыл сапаларын жақсартуы үшін гимнастикамен айналысудың үлкен мәні бар. Ол адамның тиянақтылық, батылдық, жігерлілік сияқты мінез-құлық сапаларын қалыптастырады.

Дене тәрбиесінің мектеп бағдарламасына енген спорт түрлерінің ішінде гимнастиканың орны аса зор. Гимнастика дене шынықтыру жаттығуларының жақсы іріктеліп алынуымен және оларды орындау тәсілдерімен ерекшеленеді. Гимнастикада кездесетін жаттығулардың бәрі бірдей жеңіл атлетикадан, ойындардағы сияқты өмірден алына қоймаған. Бірақ олар - адамның осы не басқа мүмкіндіктерін барынша дәл әсер ету үшін арнайы іріктеп алынған жаттығулар.

Республикадағы өзгеше дәріптелетін спорт түрлерінің ішінде гимнастиканың орны ерекше.

Дене тәрбиесі сабақтарында гимнастикамен тұрақты түрде айналысудың, сондай-ақ дербес жаттығудың пайдасы өте зор. Гимнастикалық жаттығулар иык, кеуде және қол мен аяқ бұлшық еттерін жақсы дамытады. Бұл ең қиын деген жұмыстарды еркін істеп кетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге гимнастикалық жаттығулар әрқандай қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамытуға да зор әсерін тигізеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет