Идеография – грек тiлiнiң idea – ''идея’', grapho – ''жазу’' деген сөзiнен алынса, логография – грек тiлiнiң logos – ''сөз'' және grapho- ''жазамын’' деген сөздерi.
Буын жазуы б.э.д. 3 мың жылдықта пайда болған. Шумер тiлiндегi сөздер 1). А. 2). А+С. 3). С+А. 4). СА қосындысынан жасалған буындармен белгiленген.
Әрiп жазуы- II мың жылдықтың екiншi жартысында пайда болған. Бұл жазудың ең қолайлы түрi. Әрiп жазуы тек сөздердi ғана емес дыбыстарды белгiлейдi. Сауаттылыққа үйретуге өте жеңiл. Ертедегi әрiп жазуы консонантты дыбыстық жазуы болды. Мұнда тек дауыссыз дыбыстар қолданылған. Бұл алғаш египет жазуында пайда болған. Египет жазуы таза болмады. Онда идеограммалар аралас болды. Ең алғашқы таза жазу финикий жазуы болып табылады. Олар б.з.д. Х-ХI ғасырларда пайда болған. Мұнда 22 таңба бар. Олардың әрқайсысы жеке дыбысты таңбалаған. °рбiр әрiптiң аты болған, және әрiптiң дыбыстық аты әрiп атының бiрiншi дыбысына сәйкес келген. Мысалы: d-dalel, b-bet т.б.
Әрiп жазуы екi бағытта дамыды. Шығыста финикий жазуынан Азия халықтарының, батыста Европа халықтары-ның жазуы пайда болды.
Арамей жазуы арабтардың қоныс аударуы нәтижесiнде б.з.д. III-IV ғасырларда жойылып кеткен. Арамей жазуынан тараған 4 бұтақ бар. Олар: еврей, иран, сирия, араб жазулары.
Қазiр әлемде үш түрлi жазу жүйесi кең тараған: латын, кириллица, және араб жазулары.
Түркi тектес халықтар 1920 жыл аяғына дейiн араб графикасын қолданып келдi. Бiрақ, мұның тiл ерекшелiгiне сәйкес келмеуi себептi 1929 ж. латын графикасына көштi. Мұның құрамындағы 32 әрiпке қоса төл дыбыстар қабылданды.
Араб тiлiнде дауыссыздардың қызметi айрықша. Дауыссыздарды таңбалау үшiн жазу үстiнен немесе астынан нүкте қойылады. Сөз басы, сөз ортасы, сөз соңы және жеке тұрған күйiне байланысты бiр әрiп 4 түрлi грамматикаға ие. Бұл – флективтi тiл. Өз тiлiне сәйкес келмеуi себептi түркi халықтары оны өздерiне лайықты етiп өзгерттi. Сонысына қарамастан оның күрделi болуы себептi 1929 жылдың 25 шiлдесiнде Қазақстан Орталық Атқару Комитетiнiң ''Қазақтың жаңа емлесi туралы декретi'' жарияланғаннан кейiн түркi халықтары латын алфавитiн қабылдады.
Латын алфавитi немiс, швед, датчандар, финдер, венгерлер, ағылшындар, чехтар, поляк, Америка, Африка, Австралия, Түркия, Индонезия халықтарына түгел тарады. Латын алфавитiн әр халық өз тiлдерiне сай етiп өзгерттi. Мысалы: немiс тiлдерiнде 16-21 дауысты-дауыссыз, ағылшын тiлiнде 15-15 дауыссыз бар.
Славян әлiппесi IХғ. II жартысында жасалды. Мұны Кирилл (Константин) өзiнiң ағасы Мефодиймен Моравияға сапары алдында жасады (863 жылы) . Кирилдың құрметiне бұл кириллица деп аталып кеткен. Бұл грек алфавитi негiзiнде жасалған. Славян жазуының екi түрi болған: 1. Кириллица. 2. Глаголица. Кирилицада 43 әрiп болған. Оның 24-i византия уставынан алынған, ал 19-ы славян тiлiнiң ерекшелiгiне байланысты әрiптер.
1940 жылы орыс графикасына көшу туралы заң қабылданып, қазiргi жазу жүйесiне көштi.
Тiлдегi дыбыстарды белгiлейтiн әрiптердiң белгiлi тәртiпке салынған жиынтығын алфавит деп атаймыз. Алфавит сөзi грек алфавитiнiң алғашқы екi әрпiнiң атынан жасалған: альфа (alpha) және бета (betha). Орыс тiлiнде мұны азбука (аз(а), буки (б) деп атаса, түркi тiлдерiнде әлiпби, әлiппе деп атады. Алфавиттегi әрiптер белгiлi бiр тәртiппен орналасады. Ол мынадай жүйемен берiледi: А, °, Б, В, Г, Ғ, Д, Е, ¨, Ж, З, И, Й, К, Қ, Л, М, Н, і, О, Ө, П, Р, С, Т, У, Ұ, ¶, Ф, Х, ?, Ц, Ч, Ш, Щ, Ъ, Ы, l, Ь, Э, Ю, Я.
Графика мен орфография - бiр-бiрiмен тығыз байланыста қарастырылатын құбылыс. Графика (гр.т. graphike– жазылған, өрнектелген, сызылған) аты айтып тұрғандай, жазуға қатысты мәселелердi қарастырады. Яғни әрiп пен дыбыстың, таңбалардың жетiлу жолдарын зерттейдi. Графиканың негiзгi құралы – әрiптер, түрлi тыныс белгiлерi. Сөздi қысқарту, бас әрiппен жазу, жаңа жолдан жазу – графиканың қарасты-ратын негiзгi обьектiлерiнiң бiрi. Графика екi түрлi болып келедi: бiрiншiсi – жазу графикасы, екiншiсi – баспа графикасы. Мұның алғашқысы – қолжазбаларда, екiншiсi – баспа орындарда жиi қолданылады.
Графика – тiлдегi дыбыстардың шын бейнесiн дәл таныта бермейдi. Дүниежүзi тiлдерiнiң барлығында кездесе-тiндей, қазақ тiлiнде де қолданылып жүрген и,у,ю әрiптерiнiң әрқайсысы екi-үш, тiптi онан да көп дыбысты немесе дыбыстардың қосындысын бейнелейдi. Мәселен, ел-йел, құпия-құпұйа, жұлдыз-жұлдұз, құндыз-құндұз т.б.
Мұнан байқайтынымыз, дыбыс пен оның таңбасы, сөздiң айтылуы мен жазылуы бiр-бiрiне сәйкес келе бермейдi. Бұлардың арасындағы осындай сәйкессiздiктi барынша азайтып, дыбыстық тiлдi мүмкiндiгiнше дәл беру үшiн лингвистикада арнайы жазу – транскрипция (лат. transcriptio – көшiру) қолданылады.
Транскрипцияның екi түрi жиi қолданылады: бiрiншiсi – фонемалық транскрипция, екiншiсi – фонетикалық транскрипция.
Фонемалық транскрипцияда аллофондар бiр-ақ таңбамен берiледi. Ал фонетикалық транскрипцияда әр түрлi аллофондар ескерiледi. Мұның алғашқысы айтылуға жуықтатуды, ал екiншiсi дәл берудi мақсат етедi. Бiздiң қазiргi жазуымыз – фонемалық жазу.
Фонетикалық транскрипция дыбыстың дәл белгiленуiн көздейдi. Мысалы, ат, от, ет, ат деген сөздердiң құрамындағы т фонемасы аллофон болып табылады. Бұл ерекшелiктердi көрсету үшiн фонетикалық транскрипцияда айрықша диакритикалық (гр.т. diakritikos – айырым) белгiлер қолданылады. Бiрақ мұнан кез келген әрiп белгiлi бiр дыбысты белгiлесiн деген қорытынды шығаруға болмайды. Бұлай ету сауатты жазуды үйренудi қиындатады. Сондықтан бiз тiлдегi бар дыбыстардың тiркесiн бiр ғана әрiппен белгiлеймiз. Мысалы: иа-я, иу-ю т.б.
Орфография (гр.т. orfos- дұрыс, qrapho – жазамын) – 1. жазба тiлде пайдаланылатын бiркелкi жазудың тарихи қалыптасқан жүйесi. 2. бiркелкi жазуды қамтамасыз ететiн ережелер жүйесiн жасайтын және зерттейтiн тiл бiлiмiнiң саласы.
Орфография - дұрыс жазу нормасын зерттейтiн ғылым. Оның 6 түрлi принципi бар:
1. Фонетикалық және фонетикалық принцип. °рбiр фонема белгiлi бiр таңбамен таңбаланады. Фонематикалық принцип фонеманың дұрыс жазылуын қарастырады. Мысалы: дуб-дуба, куб-куба метр.
Ал фонетикалық принцип дыбыстардың айтылуын сақтап жазуды басшылыққа алады. Мысалы: қыстыгүнi.
2. Этимологиялық және дәстүрлiк – тарихи принцип. Этимологиялық принцип сөздiң шығу тегiн сақтап жазуға негiзделедi. Мысалы: лодка-лодочный, лодочка т.б. Дәстүрлiк тарихи принцип сөздердiң ертеректегi айтылуы мен жазылуын өзгертпей сақтап жазуды көздейдi. Мысалы: помощник-помочь.
3. Морфологиялық және иероглиф принципi. Морфологиялық принцип сөздердiң түбiр тұлғасын сақтап жазуды көздейдi. Мысалы: басшы-башшы, ұшсын-ұшшын, әркiм, Сарыарқа т.б. водовоз, отрез,хождение т.б.
Иероглиф принципi омонимдердi ажыратып жазуда қолданылады. Мысалы: бал-балл, хал-қал.
Достарыңызбен бөлісу: |