Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары: Қазақ жазуының даму тарихы (реферат).
Қажетті әдебиеттер
А.С.Чикобава. Введение вязыкознание М. ,1953,164-бет.
I. Кеңесбаев. Қазақ тiлiнiң екпiн категориясы туралы //Қаз.ССР. Ғ.А. хабарлары// Лингвистика сериясы, 5-басылымы, N77, 1948.
I. Кеңесбаев. Фонетика қазiргi қазақ тiлi. А,1954.
К. Аханов. Тiл бiлiмiнiң негiздерi. А,1993,240-267бет.
Лекция №8
Лекцияның тақырыбы: Жазу жӘне оныҢ даму кезеҢдерi
Лекцияның мақсаты: Жазудың шығу тарихы, түрлері жайлы түсінік беру.
Лекцияның жоспары:
1. Жазу және жазба тiл.
Жазудың түрлерi: а) пиктографиялық жазу
ә) идеографиялық жазу
б) буын жазуы
в) әрiптiк немесе дыбыстық жазу
3. Алфавит. Графика. Орфография.
Лекцияның мазмұны
Тiл өзiнiң қатынас құралы болу қызметiн ауызша түрде де, жазбаша түрде де атқара алады. Дыбыстық тiл жазу арқылы таңбаланады. Ал ауызекi сөйлеу тек сөйлеушi мен тыңдаушыға байланысты, яғни адамдар жүзбе жүз кездес-кенде ғана iске асады.
Жазба тiл ауызекi тiлден кейiн пайда болған, жазба тiл жазудың шығуымен байланысты жасалған. Көрнектi жазушы Л.Леонов жазудың маңызы туралы былай дейдi: ''Адамдардың тегiн қорлық жағдайдан бөлiп алып шыққан, өткен замандарда ашылған ұлы жаңалықтардың iшiнде жазу өте-мөте үлкен роль атқарды. Алфавиттiң туған күнiн адамның өзiн-өзi бiлiп ұғынуындағы дәуiр деп есептеуге болады, осыдан кiтап басу станогының пайда болуына тура жол ашылды. Адам өзiнiң қазiргi биiгiне нақ кiтап арқылы баспалдақпен көтерiлгендей көтерiлдi''.
Жазба тiл деп бiз ауызша тiлдiң әрiп арқылы көрсетiлуiн айтамыз. Жазу өте ерте замандарда дамыды. Оның даму сатысы әр кезеңде әртүрлi болады. Мұның iшiндегi әрiптiк түрi ең соңында пайда болған түрi.
Жазу таңбалар жүйесiнен тұрады. Бүтiндей хабарды, не жеке сөздi, не буынды, не дыбысты белгiлеуiне қарай жазу мынадай түрлерге бөлiнедi:
пиктографиялық жазу.
идеографиялық жазу.
буын жазуы.
әрiптiк немесе дыбыстық жазу.
Пиктография – латын тiлiнiң pictus – ''суреттi'' және grapho – ''жазамын’' деген сөздерiнен алынған. Пиктогра-фиялық жазу – жазудың ең алғашқы түрi. Бұл суретке негiзделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп атайды. Пиктографиялық жазудың таңбалары пиктограм-малар деп аталады. Ол жеке сөздерге бөлiнбейдi. Суреттер хабардың мазмұнын бейнелейдi. Оны кез-келген адам түсiне алған. Берiлетiн хабарды сурет арқылы таңбалаған. Мысалы: ''Мен аңға кеттiм’' деген хабарды тоғайлардың, аңның суретiмен бейнелеген. Пиктографиялық жазу неолит дәуiрiнде пайда болған. Бұл сурет өнерiнiң бастамасы болып табылады. Жазудың бұл түрiн аң аулаушылар көп қолданған. °сiресе, индеец, прокез, ацтектер жиi қолданды. Пиктографиялық жазу өте жабайы жазу болды. Берiлетiн ойды толық жеткiзе алмағандықтан, бұл жазу түрi кейiн келе идеографиялық жазу түрiне көштi.
Идеографиялық немесе логографиялық жазу идеограмма-лармен белгiлендi. Бұл өте баяу дамыды. Алғашқы идеографиялардың пиктограммалардан айырмашылығы болмады. Дами келе шартты таңбамен таңбаланды. Пиктограмманың айырмашылығы оның мағынасында болды. Идеографиялық жазу бiр сөздi немесе оның атауыш бөлшегiн белгiледi. Идеографиялық жазуды көне қытай, шумер жазуларынан көруге болады. Қытай иероглифi сөздiң дыбысын емес, мазмұнын белгiлейдi. Идеограмма сөздердi, олардың орын тәртiбiн, дыбыстарын ажыратып бере алады. Ғалымдар идеограмманы логография деп атауды ұсынды.
Достарыңызбен бөлісу: |