Лекция №7
Лекцияның мақсаты: Дыбыстық заңдар мен құбылыстар жайлы мағлұмат беру.
Лекцияның жоспары:
Сөйлеудiң фонетикалық жақтан мүшеленуi.
Тiлдiк единицалар: екпiн және интонация.
Дыбыстардың позициялық өзгерiстерi.
Дыбыстық заңдар, олардың тарихи сипаты.
Орфоэпия
Лекцияның мазмұны
Сөйлеу дыбыс шумақтарының тiзбегiнен құралады. Шумақтың өзi өз алдына кiшi топтарға бөлiнедi. Олар мыналар:1) фраза. 2) такт. 3) буын. 4)дыбыс.
l. Фраза – ең iрi единица. Бiр фраза екiншiсiнен интонация арқылы ажыратылып отырады. Интонация мынадай элементтерден тұрады:
а) Мелодика. Дауыс ырғағының көтерiлiп барып бәсеңдеуiн немесе бәсеңдеп барып көтерiлуiн мелодика деймiз. Сөйлемнiң бөлшектерi айтылуда дауыстың көтерiлiп барып төмендеуi немесе төмендеп барып қайта көтерiлуi арқылы ажыратылады. Мысалы, хабарлы сөйлемде паузаның алдындағы сөз көтерiңкi дауыспен айтылады да, онан кейiнгi бөлшектiң құрамындағы сөздерде дауыс бiртiндеп бәсеңдей бередi.
ә) Сөйлеудiң темпi. Ол сөйлеудiң шапшаң немесе баяу болуын бiлдiредi.
б) Сөйлеудiң үдемелiлiгi. Ол айтылудың күштiлiгiн немесе әлсiздiгiн бiлдiредi.
в) Сөйлеу әуенi. Ол хабарлауға байланысты әртүрлi эмоциялық құбылысты бiлдiредi. Мұны дауыс әуенiмен шатастырмау қажет. Сөйлеу әуенi айтылудың мақсатына қарай ''көңiлдi'', '’ойнақы'', ''қапалы'', '’қорқынышты'’ болуы мүмкiн.
II. Такт. Бұл фразаның екпiнге бағынатын бөлшегi. Яғни, атауыш сөзiнiң әрқайсысы жеке тактқа ие де, көмекшi сөздер атаушы сөздердiң жетегiнде келiп, тактқа ие бола алмайды.
lll. Буын. Такт буындарға бөлшектенедi. Буын – ауаның кiлт үзiлуiнiң не кедергiге ұшырауының нәтижесiнде пайда болады. Буынға мынадай белгiлер тән:
1. Буын болу үшiн оның құрамында дауысты дыбыс болуы керек. Неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
2. Буында мағына болмайды. Мағына тек бiр буынды түбiр сөздерде ғана болады.
3. Қазақтың байырғы сөздерiнiң буыны бiрыңғай жуан, не бiрыңғай жiңiшке болып келедi. Аралас болып келетiндер кiрме сөз болып келедi.
4. Қазақтың байырғы сөздерiнде буындар қос дауыссыз-дан басталмайды. Бұл орыс тiлiне тән заңдылық. Мысалы, студент, трест, транспорт, стиль, спорт, процент т.б.
5. Тек бiрiншi буын дауыстыдан басталуы мүмкiн, қалған-дары дауыстыдан басталмайды.
К. Аханов өз еңбегiнде буынды үш түрге бөлiп көрсетедi. Олар: ашық, бiтеу, тұйық буын.
а) Дауыстыдан болған немесе дауыссыздан басталып дауыстыға бiткен буын ашық буын деп аталады. Мысалы: а-на, а-та, мә-се-ле т.б.
ә) Дауыстыдан басталып , дауыссызға бiткен буын тұйық буын деп аталады.Мысалы: ұл, ант, ер, ол ,т.б.
б) Ортасы дауыстыдан, екi шетi дауыссыздан болған буынды бiтеу буын деймiз.Мысалы: қан, түн, күн, жел, жер, т.б.
С.Мырзабеков буынды екiге бөлiп көрсетедi:
Олар – ашық буын, тұйық буын.
Достарыңызбен бөлісу: |