Бақылау сұрақтары:
Сөздiң морôологиялық құрылымы және мағыналық бөлшектерi деген ұғымды қалай түсінесіз?
Түбiр мофема мен негiздің бір-бірінен айырмашылығы неде?
Аффикстiк морфемалардың қандай түрлері бар?
Сөздердiң морфологиялық құрылымы қалай өзгереді?
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары: Туынды сөздердің жасалу жолдары (глоссарий).
Қажетті әдебиеттер
К.Аханов. Тiл бiлiмiнiң негiздерi. А, 1993, 270-303.
А.Ысқақаов. Қазақ тiлiндегi түбiр сөз бен туынды сөз. А, 1963, 32-бет.
А.Ысқақов. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология, А, 1964-, 43 бет.
Р.А. Будагов. Введение в науку о языке. М, 1965, 226-227.
Лекция №18
Лекцияның тақырыбы: Грамматикалық форма
Лекцияның мақсаты: Грамматикалық форма мен грамматикалық мағынаның берілу жолдары, грамматикалық категорияның түрлері жайлы мағлұмат беру.
Лекцияның жоспары:
1. Грамматикалық форма және сөз формалары жайлы түсiнiк.
2. Сөздiң синтетикалық формалары және оның түрлерi.
Лекцияның мазмұны
Грамматикалық форма – грамматиканың күрделi мәселелерiнiң бiрi. Бұл – грамматикалық мағына және грамматикалық тәсiлдермен тығыз байланыста болатын құбылыс. Грамматикалық мағына болу үшiн, оның грамматикалық формасы болуы шарт, немесе, керiсiнше грамматикалық форма болғанда ғана грамматикалық мағына берiледi. Мысалы: Баланың тiлi – бал деген сөйлемдегi бала сөзi iлiк септiгiнiң формасында келiп меншiктеушi сөз қызметiн атқарып тұрса, тiлi сөзi тәуелдiк формасында келiп, меншiктелушi сөз қызметiн атқарып тұр.
Түрлi тәсiлдер арқылы сөз формалары өзгерiп отырады. Сол сөз формалары грамматикалық формалармен байланыс-тырылады. Жалпы сөз формаларын грамматикалық форма-лардан ажырата бiлу қажет.
Академик А.И. Смирницкий сөз формасын словоформы, ал әр түрлi формада қолданылғанымен бiр сөз ретiнде танылатын сөздi лексема деп атады.
Академик Ф.Ф.Фортунатов және оның шәкiрттерi сөз түрлендiрушi қосымшалар қатарына тек септiк жалғаула-рын, етiстiктердiң шақ, жақ, және рай формаларын жатқызды. Ал сан-мөлшер категориясы сөз тудырушы қосымша деп қарастырылды. И.А.Бодуэн де Куртенэ және оның шәкiрттерi Ф.Фортунатовтың бұл көзқарасын жақтамады.
Академик В.В.Виноградов форма тудыруды кең түрде қарап, сөз тудырушы журнақтардан басқа, сөз түрлендiрушi жұрнақтар бар деп есептейдi. Оған бүкiл кiшiрейткiш, ұлғайтқыш, еркелету, кемсiту мәндi жұрнақтарды, сын есiмнiң салыстыру мәндi қосымшаларын, етiстiктiң шақ, рай формаларын, көсемше, есiмше, етiс формаларын жатқызған.
Жинақтай келгенде, сөздердiң өзгерген түрлерiнiң iшiнен әр басқа лексикалық мағыналарды бiлдiретiндерi өз алдына лексикалық единица болады да, әр түрлi грамма-тикалық мағыналарды беретiнi грамматикалық форма ретiнде қаралуы тиiс. Мысалы:
ек, ексiн, егейiк, ектiк, егер, ексе, еккен т.б.
ек, егiн, егiншi, егiншiлiк, егiс, егiстiк т.б.
Сөз формаларының екi түрi бар: оның бiрi - сөздiң синтетикалық формасы, екiншiсi - аналитикалық формасы.
Синтетикалық формалар екi түрлi жолмен жасалады:
1. аффиксация арқылы;
2. дыбыстардың алмасуы (iшкi флекция) арқылы.
Сөзге әртүрлi афикстердiң жалғануы арқылы оның түрлi-түрлi формалары жасалады. Мысалы: етiк, етiкшi, етiкшiлерге, етiкшiлерi-мiз немесе көк, көгiрек т.б. Аффикстердiң бiреуi сөз тудырса, екiншiсi сөздi түрлендiрiп, үшiншiсi сөз бен сөздi байланыстырады.
Дыбыстардың алмасуы арқылы да форма жасалады. Мысалы: орыс тiлiнде окно-окна т.б.
Сөздiң аналитикалық формасы негiзгi сөз бен көмекшi сөздiң тiркесiнен жасалады. Мысалы, келе жатыр. Аналитикалық форма барлық тiлде де бар. Мысалы, орыс т. буду работать, ағ. т. will work.
Аналитикалық форма сөз тiркесi негiзiнде, яғни, сөздердiң бiр компонентiнiң көмескiленуi негiзiнде жасалған. Кез келген сөз грамматикалана бермейдi. В.И.Жирмунский мынадай сөздер грамматикаланады деп көрсетедi: бояу, бастау мағынасындағы етiстiктер тұру, жүру секiлдi қалып етiстiктер, модаль етiстiктер, предлогқа айналатын мекен үстеулер, сiлтеу және белгiсiздiк есiмдiктер т.б.
В.В.Виноградов орыс тiлiндегi етiстiктердiң аналитика-лық формаларының конструкциясын қарастыра келiп буду деген көмекшi етiстiктiң келер шақтық мағынадан басқа мағына бермейтiндiгiн айтады.
М.М. Гухман өз еңбегiнде немiс тiлiндегi аналитикалық форманы ''жартылай сөз бен толық сөздiң ажыратылмайтын тұрақты тiркесi'' деп таниды. Гухман нем.т. аналитикалық конструкцияға тән 4 белгiнi көрсетедi.
Конструкция сыңарларының өзара тығыз байланыстылығы, бөлiнiп ажыратылмайтындығы.
Идиомалылығы.
Етiстiктердiң күллi лексикалық жүйесiн түгел қамтитындығы.
Өзара шарттас формалар жүйесiне парадигмалық қатардың енетiндiгi.
Профессор В.Н. Ярцева аналитикалық конструкцияға тән басты белгi ретiнде оның тұрақтылығын, етiстiктер жүйесiн түгел қамтитындығын, парадигма жүйесiне енетiндiгiн жатқызады.
А.А.Юлдашев ''Түркi тiлдерiндегi етiстiктiң аналитика-лық формалары'' деген еңбегiнде аналитикалық конструк-циялардың пайда болу жүйесiн көрсетедi. Оның пiкiрiнше:
а) аналитикалық форма тұтасқан тiркесше пайда болады;
ә) сөйлемде бiр мүше қызметiн атқарады;
б) сөйлемнiң басқа мүшелерiмен тұтасқан күйiнде байланысады.
Достарыңызбен бөлісу: |