Іс-әрекет нәтижелерін зерттеу әдісі. Бала іс-әрекетінің өнімі олардың салған суреттері, жапсыруы, құрауы, құрастыруы, қолдан жасалған заттары, өздері шығарған ертегілер, өлеңдер. Зерттеуші үшін олардың барлығы бірдей құнды бола бермейді. Баланың тікелей үлкендердің нұсқауымен атқарған жұмысы олардың бойындағы түсіну және берген нұсқауды орындау мүмкіндіктерін, зейінділігін, шын ниеттілігін т.б. ашуға көмектеседі.
Тест-сынақ жүргізу әдісі. Тест дегеніміз белгілі бір жағдайды қатаң сақтай отырып, балаларға ұсынатын арнайы іріктелген тапсырмалар жүйесі. Әрбір тапсырманы орындағаны үшін бала балл есебімен баға алады. Балл қою ережесі әдетте өте қарапайым әрі біртекті.
Тест - баланың белгiлi психологиалық құбылыстардың даму деңгейiн анықтайтын қысқа стандартты тапсырмалар. Тесттердi барлық балаларға бередi, оның стандартты нұсқауы, бiрегей материалы болуы тиiс. Оның нәтижесін анықтап, қорытындылау қажет. Олар белгiлi дайындалған шкала бойынша бағаланады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтар:
1. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясының зерттеу әдістерін атаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
2. Бала психикасын зерттеу әдістері қалай жіктеледі?
3. Бала психикасының дамуын зерттеуде негізгі әдістің алатын рөлі
қандай?
4.Контент – анализ әдісі
5. Дамудың белгілі бір аспектісін зерттеуде қолданылатын әдіс
Әдебиеттер:
1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.
2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011
3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014
4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014
Лекция №6Жүйке жүйесінің жас физиологиялық ерекшеліктері
1.Жүйке жүйесінің жас физиологиялық ерекшеліктері
2.Баланың жүйке жүйесіне өмір жағдайының және тәрбиенің әсері
Достарыңызбен бөлісу: |