Лекция №1 Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және физиологиялық дамуы пәні. Міндеттері мен жалпы мәселелері


Жүйке жүйесінің жалпы құрылысы, маңызы, дамуы



бет11/12
Дата15.09.2024
өлшемі51.89 Kb.
#503643
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Психоло физио. дамуы лекция тезис

Жүйке жүйесінің жалпы құрылысы, маңызы, дамуы
Жүйке – жүйке талшықтарынан құралған тіндер шоғырлары. Жүйке, нерв (латынша nervus, ал грекше neuron – сіңір, желі) — ми мен жүйке түйіндерін дененің басқа органдарымен және тіндерімен байланыстырады. Жүйке жүйесі филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған.
Үлкен ми сыңарлары қыртысында көптеген жүлгелер мен иірімдер бар. Жүйке жүйесінің құрылымын, қызметін, дамуын зерттейтін ғылым неврология деп аталады. Адам организміндегі жүйкенің сезімталдығы мен қызметінің бұзылуы – жүйке жүйесінің ауруларын тудырады
Жүйке жүйесінің маңызы. Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай былай анықтауға болады:
- мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің бір тұтастығын іске асырады;
- денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жұйелерінің қызметтерін реттейді;
- организмді сыртқы ортамен байланыстырады;
- сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді;
- денедегі барлық клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.Жасты кезеңдеу. Әрбір жас кезеңіне сипаттама
Жас кезеңдері – бұл өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады.
1965жылы сәуір айында Мәскеу қаласында Бүкіл дүние жүзілік симпозиум болды. Симпозиум жұмсына КСРО, Англия,Болгария,Польша,Чехославаки және Швеция елдерінің белгілі физиолгтары, гигиенисттері, дәрігерлер, генетик, психолг ғалымдары қатысты. Бірнеше күнге созылған жемісті талас пікірлерден кейін жас кезеңдерін бір ізге салу мақсатымен симпозиум шамамен 12 сатыдан тұратын схема ұсынды.
1. Жас туған сәби алғашқы 10күн
2. Емшектегі сәби 10күннен 1 жасқа дейін
3. .Алгашқы балалық шақ 1жастан 3жасқа дейін
4. Бірінші балалық шақ 4жастан7жасқа дейін
5. Екінші балалық шақ қыздар 8-11жас, ұлдар 8-12 жас
6. Жеткіншек немесе жасөспірімдер қыздар 12-15 жас, ұлдар 13-16жас
7. Кәмелеттік немесе жігіттік, бойжеткендік қыздар 16-20 жас, ұлдар 17-21 жас
8. Кемеліге келу немесе ересектік мерзімнің 1-ші жартысы әйел 21-35жас, ерлер 22-35жас
9. Ересектік мерзімнің 2-ші жартысы әйел 36-55жас, ерлер 36-60 жас
10. Егде жас әйел 55-74 жас, ерлер 60-74 жас
11. Қариялар немесе кәрілік 74-90жас
12. Ұзақ өмір сүрушілер 90 жастан ары қарай
Осы жас кезеңдерін әрбір үйелмен,мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері және мектептер басшылыққа алады. Демек тәрбие және оқыту жұмыстары осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені адам жасының табиғи негізі жас сатылары мен биологиялық жетілу шақтары.
Бақылау сұрақтары
1.Жас кезеңдерін жіктеудің қажеттілігі
2.Баланың өсу қарқынының кезеңдері және оның пайда болу себептері
3.Өсу мен дамудың акселерациясының белгілері және олардың анықталуы
4.Өзгеру мезгілі,оның ерекшеліктері
Пайдаланған әдебиеттер
1.К.Дуйсенбин, З.Алиакбарова Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. Алматы,2000
2.М.Т.Матюшенок. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және мектеп гигиенасы. Алматы, 1986.
3.Химич Г.З.,Суркова О.А. Возрастная физиология и гигиена. 1. Повладар,2003
4.Химич Г.З.,Суркова О.А. Возрастная физиология и гигиена. 2. Повладар,2006




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет