Лекция 1 Өсімдіктер экологиясының Ғылым ретінде қалыптасу тарихы. ӨСімдіктер экологиясы пәНІ



Pdf көрінісі
бет10/25
Дата12.02.2023
өлшемі0.52 Mb.
#469441
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Лекция 1 сімдіктер экологиясыны ылым ретінде алыптасу тарихы

ЛЕКЦИЯ 4-5-6.
СУ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОР РЕТІНДЕ. 
 
Өсімдіктер тіршілігіндегі судың маңызы. Топырақтағы су және 
оның өсімдіктермен өсімдіктер жабынындағы маңызы. Әрт‰рлі 
жағдайдағы судың өсімдіктерге әсері.
Су – маңызды экологиялық фактор болып табылады. Гидросфера - 
планетамыздың ең ‰лкен көлемін алып жатыр. Су –жер шарының барлық 
көлемінің 71% қамтиды. Судың негізгі қорын, яғни 94%-ын мұхиттар мен 
теңіздер құрайды. Қалған 6% мәңгі мұздақтар, теңіздер, өзен мен көлдердің 
‰лесіне тиеді. Суларда өсімдіктердің 500000 астам т‰рлері тіршілік етеді. 
Құрлық пен мұхиттардағы организмдердің көп т‰рлілігі мен биомасса 
арақатынасын салыстырсақ төмендегідей қызықты тепе-теңдікті көреміз. 
Мәселен, өсімдіктер әлемінің құрлықта саны аз болғанмен, керісінше 
биомассасы мұхиттардан әлденеше есе артық болып келеді десе де, құрлық 
жағдайы мұхиттарға қарағанда өзінің алуан т‰рлі табиғатының 
ерекшелігімен, ауа райының құбылмалы өзгерістерімен организмдер 
д‰ниесінде мұхиттарға қарағанда қолайсыз орта болып саналады. Мәселен, 
фаунасы мен флорасының сан алуандылығы мен биомассасы мөлшері 
жөнінен экваториалды және тропикалық облыстардағы мұхиттарды ( Тынық 
және Атлантика) ерекше атауға болады. Негізінен мұхиттағы организмдердің 
көп шоғырланған жерлері жер шарының қоңыржай белдеулер аймағына 
сәйкес келеді.
Теңіздердегі фитобентасты бактериялар мен балдырлар құрайды. Тұзды 
су фитобентасы да бактериялар диатомды және жасыл балдырлардың 
өкілінен тұрады. Жалпы алғанда судағы барлық өсімдіктерді тіршілік ету 
сипатына қарай гидрофиттер және гидатофиттер деп бөлінеді.
Гидрофиттер суға жартылай көміліп өссе, ал гидатофиттер қатарына 
суға көміліп өсетін өсімдіктер жатады.
Су өсімдіктерінің тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктері де әр 
т‰рлі. Біріншіден, су өсімдіктерінің тамыр, жапырақ, генеративтік м‰шелері 
жетілген. Тамыр ж‰йесі судағы субстраттарға бөліну ролін атқаруға 
бейімделген. Сондықтан тамыр ж‰йесінде тамыршалар болмайды. Қоректі 
сіңіру б‰кіл денесі арқылы ж‰зеге асады. Су өсімдіктері ж‰зуге немесе 
қалқыптуруға бейімделгендіктен ол бойына қалқы тәрізді өскіншелері пайда 
болған. Бұл өскіншелер өсімдікті суда жеңіл ж‰зіп немесе қалқып тұруға 
м‰мкіндік туғызады. Гидатофиттердегі бір ерекшелік жапырақтарының 
жалпақ немесе әр т‰рлі болуы. Бұл құбылыс газ және зат алмасу процесін 
жеңілдетеді. Көптеген су өсімдіктері г‰лдеп тұқым беру кезінде генеративті 
м‰шелерін су бетіне шығарып тозаңдандыруға жел береді және тұқымының 
жел, су арқылы таралуына жол ашады. Су өсімдіктерінде болатын 
бейімделудің жоғары деңгейін біз - элодей, су сарғалдағы, т.б. өкілдерінен 
көреміз. 
Өсімдік денесі 50-90 пайызға дейін судан тұрады, оның ішінде 
цитоплазмада 85-90 пайыз болады. Суға барынша бай өсімдік мүшелері: 


шырынды жеміс, жұмсақ жапырақ, тамырлар, тұқым (майлы өсімдіктер), 
жуа, пиязшалар жəне тамыр түйіндер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет