Лекция 1 Өсімдіктер экологиясының Ғылым ретінде қалыптасу тарихы. ӨСімдіктер экологиясы пәНІ



Pdf көрінісі
бет18/25
Дата12.02.2023
өлшемі0.52 Mb.
#469441
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Лекция 1 сімдіктер экологиясыны ылым ретінде алыптасу тарихы

Күн сəулесінің радиациясы - барлық тірі тіршілік өкілдеріне олардың 
өміріне сырттан келетін қуатты энергия мөлшері қажет. Оның қайнар «көзі» - 
ол күн сəулесінің радиациясы құрлықтағы энергияның 99,9 пайызы күн 
радиациясының есебінен. Жерге жететін энергия мөлшерін 100 пайыз деп 
алсақ, онда оның 19 пайызы (шамамен 10,5x10
6
кДж/м
2
) атмосфера 
қабатынан өтуде сіңіріледі (яғни жоғалады), 34-40 пайызы кері космос 
кеңістігіне шағылысады, 15 пайызы озонды қабатта сіңіріледі, тек 47 пайызы 
жер бетіне тік, шашыранды радиация түрінде жетеді, бұл шамамен жылына 
5x10
6
кДж/м
2
. Күн сəулесінің радиациясы – ол толқынның ұзындығы 0,1-
30000 нм деңгейінде электромагнитті сəуленің континумы. Күн сəулесінің 
ультракүлгін спектріне 1-5%, көрінетін бөліміне 16-45 пайыз жəне 
инфроқызылына 49-84 пайызы жерге жететін радиация ағымы. Күн 
радиациясының спектр бойынша энергиясының таралуы атмосфераның 
массасы мен күннің жерден биіктігіне байланысты. Шашыранды 
(шағылысқан) радиациясының мөлшері күннің жерден биіктігі азайған 
сайын, атмосфера бұлыңғыр болғанда. Бұлтсыз аспандағы радиацяның 
спектрлі құрамы ең жоғарғы энергияға сипатты (толқын ұзындығы – 400-480 
нм). Өсімдікке түскен күн сəулесінің қуаты, оған сіңірілу барысында жылуға 
айналып, оның температурасын көтереді. 
 
Жарыққа қарай өсімдіктердің экологиялық топтары. 
Кез келген өсімдіктер өсетін ортаның жарық жүйесі: тік немесе 
шашыранды, жарық жиілігі, оның мөлшері (жылдық радиацияның 


жиынтығы), спектрлік құрамы; оның альбедосы – жарық түсетін ауданның 
шағылыстыру қабілеті. Бұлардың барлығы географиялық, теңіз деңгейінен 
биіктігі, жер бедеріне, атмосфераның жағдайына, өсімдік əлеміне, тəулік 
уақытына (таңертең, кеште, жыл маусымы), күн сəулесінің пəрменділігіне, 
атмосфераның ауқымды өзгеруіне (мысалы, Арал, Семей, Ирак). 
Жарық əсерінен өсімдіктерінде морфологиялық, физиологиялық 
бейімделушіліктер жүреді. Олар жарыққа қарай мынадай экологиялық 
топтарға бөлінеді: гелиофиттер – жарық сүйгіш, сциофиттер – көлеңкені 
сүйгіш (көлеңкелі өсімдіктер). Факультативті гелиофиттер – көлеңкеге 
төзгіш, олардың бейімделу ерекшеліктері гелиофиттер – жарық сүйгіш 
өсімдіктерде өте пəрменді жарық өсуді баяулатады, сондықтан олардың 
өркендерінің буынаралықтары қысқа, белсенді бунақтанған, ал кейде делекті 
майда жапырақты немесе бірнеше рет тілімделген (мысалы, жусан), 
эпидермисі қалың кутинді, балауызды, устьице кешендері көп, жүйкеленуі 
майда, мезофилі изолатеральды типті (екі жақты бағаналы паренхималы). 
Мысалы Африка саваннасындағы өсімдіктерде он қатарға дейін 
қалыптасады. Жарық сүйгіш өсімдіктер тобында СО

тұрақталуы ондағы C-4 
дикарбонды қышқылдар арқылы жүреді, сондықтан да C-4 дикарбонды 
қышқылы өсімдіктер: амаранттар, қоңырбастар, сүттігендер, алабұтада, 
қалампырларда, қияқөлең жəне т.б. Мəдени дақылдардан қант қамысы, 
жүгері.
Тұрақты көлеңкеде немесе көлеңке сүйгіш өсімдіктер – сциофиттер 
(гр.скиа-көлеңке, фитон-өсімдік). Бұл топтың айқын өкілдері мүктер, 
селягинелла -0,1-0,2%, су шырмауығы (плаун)-0,25-0,5% көрсеткіштер 
күндізгі жарықтың 0,5-1 пайызын: бегонии, шытырлақ, рияндар 
тұқымдасының түрлері, имбира, кошмелина өкілдері пайдаланады. Қылқан 
жапырақты күңгірт ормандарда күндізгі жарықтың ФР тек 1-2 пайызы ғана 
жер бетіне түседі. Жарықтың жеткіліксіз болуы ондағы ылғалдылықтың 
жоғары дəрежеде болуымен жəне СО
2
мөлшерінің көптігімен ерекшеленеді 
(топырақ бетінде). Орман өсімдіктері: мүктер, плаундар, селягинелла, еркек 
усасыр (папоротник), кəдімгі саумалдақ, алмұртшөп, қосжапырақты қоянжем 
жəне т.б. Морфологиялық ерекшеліктеріне: өркендерінің көлбей өсуі, 
жапырақтарының мозайка түзуі, түсі қоңыр-көк, көлемді, жұқа кутинді, 
эпидермистері ірі, айқын клеткааралықты – борпылдақ, бағаналы 
паренхимасы бір қатарлы, жүйкелері мен устьицелері аз, хлоропластары 
үлкен. Көлеңке сүйгіш ағаштардың, бұталардың шеткі жапырақтарының 
құрылысы кəдуілгі – гелиофиттерге сипатты да, орта буынаралықтардағы 
жапырақтары – сциофиттерге тəн құрылысты. Факультативті гелиофиттерге 
немесе көлеңкеге төзгіш өсімдіктер өздеріне тəн бейімделушілік 
ерекшеліктері болады, демек оларды кəдімгі гелиофиттерге де жəне 
сциофиттерге де жақындатады. Бұл топқа шабындық өсімдіктері, орман 
шөптері, бұталар (орман көлеңкесіндегі), арасындағы ашық алаңқайлардағы 
ағашы кесілген аудандарда.
Жапырақтары əртүрлі экологиялық сипатта болуы, олардың əр биіктік 
деңгейде орналасуына байланысты (мысалы, ағаштар, жүгері). Сонымен 


бірге əр өсімдіктің онтогенезіндегі өмірлік даму кезеңіне байланысты, 
олардың жарықты қабылдауы əрқилы дəрежеде. Өсімдік түрлерінің өсу 
ортасының жағдайына қарай бір экологиялық топ (жарыққа байланысты), 
екінші біреуіне өтуі ықтимал. Ауыспалы жапырақты ағашты орманда 
жарықтың жер бетіне 50-60 пайызы, ал олардың жапырақтары біртұтас 
сақталғанда 3,5 пайызы ғана, яғни 100-120 мг СО
2
/гр.ч, жазда 5-15 мг 
СО
2
/гр.ч 
Жарық деңгейін əр түр немесе экологиялық топтар өкілдері əрқилы 
шағылыстырады, негізінен шағылысатын жарықтар олар пайдаланылмаған – 
көк, қызыл жəне инфрақызыл толқындар, ал керісінше пайдаланылатын 
жарықтар – шағылыспайды. Шағылысу деңгейін бақылайтын құрал – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет