Лекция 1 Өсімдіктер экологиясының Ғылым ретінде қалыптасу тарихы. ӨСімдіктер экологиясы пәНІ



Pdf көрінісі
бет19/25
Дата12.02.2023
өлшемі0.52 Mb.
#469441
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
Лекция 1 сімдіктер экологиясыны ылым ретінде алыптасу тарихы

Калитин паранометрі деп аталады. Əртрлі ортаның жарықты шағылыстыру 
деңгейі (пайызбен) немесе олардың «альбедосы», мысалы: топырақ – 12-30%, 
құм - 33%, далалы өсімдік қауымдастығы - 20-33%, емен ағашының ұшар бас 
- 18%, қарағай - 14%, шырша - 10%, таза қар - 85%, мəңгі мұздық-68%, судың 
беті-5%, өзен суы-3%. 
Жарықтың өсімдікке кері əсерінің бірі, ол фотоперидизм – күн мен 
түннің ұзақтығының қатынас айырымы арқылы оларға əсер ету. Мысалы, 
тары мен фасольдың күні қысқа, түні ұзақ болса, ол жақсы дамыған олардың 
вегетациялық кезеңі қысқарған – қысқа күндік; бидай мен арпаның күні ұзақ, 
түні қысқа болғанда ғана, вегетациясы қысқарады – ұзын түнді болады. 
Күндік жарық реті: жарықтың қуаттылығы белгілі кезеңдегі жарық 
жиынтығы жарықтың сəулелік құрамы.
Жарықтың өсімдікке түскені мен оның ашық жердегісінің ара 
қатынасының көрсеткішін жарықтың үлесі (L) деп атайды. Жарық ең төмен 
жердің L
min 
өсімдік түрлерінде əрқилы, мысалы: шамшат-1/60, үйеңкі-1/56, 
шырша-1/31, емен-1/26, қарағай-1/9, қайың-1/8, көктерек-1/7, балқрағай-1/6. 
Иванов фитоактиномерті – хлорофилл сіңіретін сəулелер жиынтығын 
өлшейтін құрал.
Ресейдің əртүрлі аймақтарында (қиыр солтүстікте, орталық жəне 
оңтүстікте) Л.Н.Иванов жүргізген зерттеулер нəтижесі күннен жерге түсетін 
толық радиация жиынтығының көрсеткішінде айта қаларлықтай айырымның 
жоқ екендігін анықтайды. Мысалы, төрт ай жүзіндегі толық радиация 
шамамен 1 см 21600 граммкалорий, егер өсімдік пайдаланған радиация 
осының 1 га – 1 пайыз десек, онда Шпицбергеннің өзінде 1га – 5000 кг 
құрғақ орган өні беруі мүмкін екендігіне тоқталады (Еуропада – 4500 кг). 
Сонымен зерттеу көрсеткендей өсімдік массасының өнімін алуға жарықтың 
пəрменділік жағдайы, шамамен полярлы аймақтан оңтүстік аймақтарға дейін 
ір шамада болады деген қорытынды жасалады. Демек өсімдіктен өнім алуға 
жарық деңгейі барлық ендіктерде жеткілікті деген ой туады. Егер өнім алу 
айырмашылығы болса, онда тек қоршаған орта мен топырақ жылулығы ғана 
кедергі жасауы мүмкін. Орманшы ғалым Туский ұсынған тізім бойынша ең 
жарық сүйгіш ағаштар реті мына төмендегідей:


1. Балқарағай; 2. қайың; 3. кəдімгі қарағай; 4. көк терек; 5. тал; 6. емен; 7. 
шаған; 8. үйеңкі; 9. қарағаш; 10. тисс; 11. самшит; 12. Қырым қарағайы; 13. 
жөке; 14. шыршa; 15. шамшат; 16. самырсын. 
Жарық с‰йгіш және көлеңкелі ортаның өсімдіктерінің әр топқа сипатты 
морфологиялық-анатомиялық ерекшеліктері бар. Бұл негізінен өсімдік 
ағзасындағы ассимиляцияға, транспирацияға және клетка шырынының 
осмостық қысымына байланысты. Міне осы процестерге байланысты 
олардың жапырақтарының,сабақтарының және тамырларының құрылысы 
анықталады. Көлеңкелі орта өсімдіктерімен салыстырғанда жарық с‰йгіш 
өсімдіктерде кутикулярлы транспирация әлсіз де, устьицелі – пәрменді, 
осмостық қысымы жоғары. Гелиофитті өсімдіктер ксероморфты құрылымға 
жақын, ал сциофитті топ – гидрофилді құрылымды. Гелиофиттердің 
морфологиялық ерекшеліктері: бойы мыртық, жапырақтары біршама майда, 
кутикулалы, т‰кті, тақтасы қалың, бұтақтануы нашар, буынаралықтары 
қысқарған, сабағы қатты, тамыр ж‰йелері топыраққа терең таралған. 
Анатомиялық құрылысы - жапырақтағы бағаналы паренхимасы көп 
қатарлы, клеткааралықсыз тығыз, эпидермис клеткалары майда, қабырғалары 
қалыңдаған, қалың кутинді, балауызды, хлорофилсіз, устьицелері көп
ж‰йкелері ұзын, өткізгіш ұлпа элементтері арқаулық ұлпа жақсы жетілген, 
осьтік м‰шелердегі паренхима майда клеткалы, тығыз, жабындық ұлпалары 
(алғашқысы, екіншісі, ‰шінші дәрежелері).
Көлеңкелі орта өсімдіктері – сциофиттер морфо-анатомиялық 
ерекшеліктері: дарақтары ірі, биік, жақсы бұтақтанған, ұзын буынаралықты, 
өркендері көлбей өскен, сабағы жұмсақ, түсі қанық жасыл түсті, 
жапырақтары көлемді, эпидермисі ірі, жұқа кутинді, устьицелері аз, 
жүйкелері қысқа (гелиофиттерден алты еседей аз), ұлпалараның клеткалары 
мол клеткааралықты, борпылдақ, жапырақ мезофилі гомогенді, толық 
тұрақталмаған, өткізгіш ұлпалары əлсіз жетілген, арқаулық ұлпасы нашар 
жетілген. Жарық сүйгіш өсімдіктердің ылғалы мол топырақта, ылғалды ауада 
өсетін 
түрлерін 
ерекше 
экологиялық 
топқа 
ажыратады, 
оны 
гигрогелиофиттер деп аталады.
Тисс жарықтың шиеленіскен (жетіспеушілік) жағдайында көмірқышқыл 
газын балқарағайға қарағанда он еседей нашар, ыдыратады. Анығында 
зерттеу барысында көлеңкелі өсімдіктерде хлорофилл саны көп, мөлшері ірі 
болатындығы анықталған. Демек, тисстің хлорофиллдік аппараты жарыққа 
біршама сезімтал екендігі байқалады. Мысалы ретінде мына төмендегі 
кестеде əртүрлі экологиялық топтардың немесе типтердің бір кило көк 
балаусадағы граммен алынған хлорофилл мөлшері келтірілген: 
Қылқанжапырақтылар (көлеңке сүйгіш өсімдіктер) 1 кг–гр 
Тисс 2,41 
Самырсын 1,75 
Жарық сүйгіш өсімдіктер: 
Қарағай 1,13 
Балқарағай 1,15 
Ірі жапырақты – көлеңке сүйгіш өсімдіктер: 


Орман жаңғақ 4,80 
Жөке 4,40 
Жарық сүйгіш өсімдіктер:
Құмды бидайық 1,95 
Тартар жапырақ 1,80 
Өсімдіктердің көлеңкелі немесе жарық сүйгіш деңгейі сыртқы ортаның 
бірқатар факторларына (ауаның, топырақтың ылғалдылығына, жылулығына 
жəне т.б.) байланысты. Мысалы, солтүстіктің бірқатар өсімдіктері негізінде 
ашық, жарығы мол алаңқайларда өседі, ал осы өсімдік түрлері оңтүстікте 
ормандарда өседі. Соңғы жағдайда өсімдіктердің көлеңке сүйгіштігі өсу 
ортасының температурасына байланыстылығы анықтайды.
Жеке өсімдік маңындағы ашық жерге түсетін күн сəулесінің қуаты – Q
Ал жеке өсімдік еңсесіне түсетін немесе ұсталатын жарық – A, бірақ 
өсімдікте тоқталмай, жер бетіне өтетін жарық - T. Онда Q=A+T болады. 
Демек, өсімдік еңсесінде қалатын жарық қуаты A=Q-T. Бір гектар (га) 
ормандағы ағаштар саны –N, мұнда бір ағаш діңінің алатын жарық мөлшері –


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет