влагоемкостью) деп атайды. Оның мөлшері немесе сипаты топырақтың
майда саңылауларына капиллярларға байланысты мынадай мөлшерде
ауытқиды (3% (құмда) – 30% (ауыр топырақта)). Ылғалдың бұл түрі
капиллярлы, сорбциялық күштермен ұсталады. Толық жəне ең төменгі
ылғалдылықтың айырымы ылғалдылықтың өсімдікке тиімді максимумды
мəнін анықтайды (максимум влагоемкости). Мəдени дақылдар өсіретін
тапалтардың ылғалдылығы (суармалы) 70-100%.
Егер нағыз ылғалдылық топырақта 70-75% (далалық ылғалдылықтан)
өсімдік нашар дамып, аз өнім береді немесе өнім азаяды.
Өсімдіктің таралуына оның қауымының құрылысына топырақ бетін
жабу қабілетіне, топырақтың су өткізгіштік қасиетіне тікелей байланысты,
яғни топырақ өзінің бөлшектері арқылы суды өткізу қабілеті. Топырақтың
ылғалды өткізу қасиеті – оның кеуектігіне жəне топырақ бөлшектерінің
ауданына тікелей пропарциональды. Мысалы, бұл көрсеткіш «ауыр»
топырақтарда аз болады.
Топырақ су реттегіштігіне ең маңызды сипаттамасының бірі – ол
өсімдік солуының тұрақты ылғалдылығы немесе солудың коэффициенті
(Л.Бригге жəне Г.Шанц, 1912). Бұл көрсеткіш топырақтағы өсімдікке
пайдалы су қорымен сипатталады. Бұл көрсеткіштер: топырақтың
механикалық құрамына тығыздығына, тұздылығына, кеуектігіне жəне т.б.
факторларға байланысты. Өсімдіктегі солудың ең төмен ылғалдылығы
құмды, құнарлы топырақтарға сипатты, ол енді жоғарғы сазды топырақ.
Демек, топырақ құрамы неғұрлым ауыр болса, соғұрлым ондағы су
өсімдіктен игерілмейді. Солу белгілі бір топырақ жағдайында өсімдік түріне
байланысты емес, демек барлық өсімдіктер белгілі бір ылғалдылық
дəрежесінде солады (Роде, 1965). Бірақ соңғы ғылыми жетістіктер мəліметі
бойынша бұл пікір дұрыс болмай отыр. Əр өсімдік түрінің солу
ылғалдылығы əртүрлі сипатты. Бұған көптеген факторлар əсер етеді
(Слейуер, 1970).
|