ЛЕКЦИЯ 8-9.
ЖАРЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОР ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ.
Жарық - көк-жасыл өсімдікке хлоофилдің, оның грандық
құрылымының
қалыптасуын, устьицелі кешеннің жұмысын реттейді. Демек
өсімдікте заталмасу мен булануды үйлестіреді де, ондағы бірқатар
ферменттердің белсенділігін арттырады да, нуклеин қышқылдары мен
белоктың биосинтезін жұмылдырады, клеткалардың
бөлінуі мен олардың
созылып өсуіне, өсу процесіне, дамуына, гүлдеуі мен жемістенуін,
пісіп-
жетілу мерзіміне өз ықпалын тигізеді. Морфологиялық тұрғыдан
өсімдіктердің сыртқы еңсесін (пішін-бейнесін) анықтайды.
Жарықтың өсімдік үшін басты қызметі, ол
ауалық қоректі қамтамасыз
етеді де (фотосинтезді), өсімдіктердің күн сəулесіне (оның жарығына)
бейімделу сипаты фотосинтезге тікелей байланысты, бұл процесс оның
онтогенезінде, эволюциялық дамуында қалыптасқан.
Фототробты
атмосферадан CO
2
ассимиляциялап, күн сəулесін сіңіреді
де, органикалық құрамдарда оны химиялық қуатқа айналдырады. қара-
қошқыл, көк-жасыл бактерияларда (бактериохлорофилдер) күн сəулесінің
ұзын толқынды бөлігін (800-1100 нм), бұл олардың көрінбейтін инфрақызыл
сəуледе қабылдауға мүмкіндік береді. Балдырлар мен мүктер, жоғарғы
сатыдағы өсімдіктердің əлемде таралуы күн сəулесіне тəуелді.
Достарыңызбен бөлісу: