Лекция 1 Өсімдіктер экологиясының Ғылым ретінде қалыптасу тарихы. ӨСімдіктер экологиясы пәНІ



Pdf көрінісі
бет15/25
Дата12.02.2023
өлшемі0.52 Mb.
#469441
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Лекция 1 сімдіктер экологиясыны ылым ретінде алыптасу тарихы

Гигрофиттер - суы шектен тыс мөлшерде болатын ылғал жердің 
өсімдіктері. Бұл өсімдік ылғалды жайылымдар мен ылғалды ормандардың 
негізгі бейнесі болып табылады. Негізінде олар ірі бойымен, кеңдеу келген 
жапырағымен және тереңге таралмаған тамырымен сипатталады, мысалы 
оларға: калужница Caltha palustris (жер бетілік т‰рі), дербенник (Lythrum 
salicaria), қарапайым (ситник) Juncus communis шабындық, итошаған (Bidens 
tripartitus) және манник (Gliceria) өсімдіктерінің т‰рлері жатады. Бұл 
экологиялық топтың өсімдіктері мол суға ие болғандықтан, 
Төменгі бөліктерін жауып тұрады, бұлардың кейбір белгілері су 
өсімдіктеріне ұқсас, мысалы: олардың тамырларына жерасты бөліктерінен 
ауа өткізуші клеткааралық және ауа тасмалдаушы жолақтардың деңгейі. 
Сондай-ақ, олар типті сулық өсімдіктерден ерекшеленеді. Себебі, олардың 
осмостық қысымы сулық өсімдіктермен салыстырғанда жоғары. 
Гигрофиттің құрылысымен танысу ‰шін, ылғалды жерлерде жиі өсетін 
шабындық сабағының көлденең кесіндісін қарастыруға болады. (41 сурет) 
Суреттен көріп отырғандай, бұл өсімдіктің клетка аралық байланысы 
жақсы дамыған, яғни арасында клетка аралықтары болатын доғал сілемді 
(тупой отрог) клеткадағы ауа тасмалдаушы ұлпа жақсы дамыған.
Бұл сабақтың барлық өзегі ауа тасмалдаушы ұлпаға толы. Периферинге 
жақын, 
қисық 
паренхима 
арасында,сабаққа 
тұрақтылық 
беретін 
механикалық ұлпа аймақтары бар. Бұл жерде қабықтық паренхима 
хлорофилге толы және сабақта жапырақ болмағандықтан, ол жапырақтың 
бағаналықұлпасының қызметін атқарады.
Гигрофильдік белгінің тағы бір мысалы-сулық манник Giiceria aquatica. 
Бұл т‰рге көлденең кесіндісінде жақсы көрінетін ауа тасмалдаушы ж‰рістер 
мен аздаған мөлшердегі механикалық элементтері бар жапырақ 
пластинкалары тән.
Жалпы алғанда, гигрофильдердегі гидроморфоз деңгейі олардың 
тұрғылықты жерлерінің ылғалдылығына байланысты өзгеріп отырады.
Гигрофиттік 
өсімдіктерге, 
онтогенезі 
салыстырмалы 
қолайлы 
ылғалдылығы жеткілікті жағдайларда өтетін құрлықтық өсімдіктер жатады
сондықтан оларға қандай-да бір ерекше анатомды-морфологиялық немесе 
құрғақшылыққа бейімделетін физиологиялық қасиеттер тән емес.
Біршама типтік гигрофиттер бұлар тропикалық ормандардың ылғалы 
мен жылы атмосферасын қабылдаушылар, сондай-ақ біздің саялы 


орманымыздағылар. Біркелкі аймақтағы гигрофиттерді екі топқа бөлуге 
болады.
1. Саялы орманның жұқа жапырақты көлеңкелі гигрофиттері, құрғақ 
ауада олар тез солады.
2. Ашық жерлердің жарық гигрофиттері, бірақ оның топырағы ‰немі 
дымқыл, ауасы ылғалды болады. Олар судың өзгеруіне нашар бейімделген, 
тез солады және суы нашарласа өмір с‰ру қабілеті төмендейді (калужница, 
сердечник). Тамыры нашар дамыған, сондай-ақ жапырағы аэренхимаға толы. 
Жапырақта бағаналық паренхима және склеренхима нашар дамыған, 
кутикула көрінбейді. Устьица ‰немі жапырақтың екі жағында болады, бірақ 
транспирацияның устицалық регуляциясы анық көрінбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет