Лекция 1 Өсімдіктер экологиясының Ғылым ретінде қалыптасу тарихы. ӨСімдіктер экологиясы пәНІ



Pdf көрінісі
бет23/25
Дата12.02.2023
өлшемі0.52 Mb.
#469441
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Лекция 1 сімдіктер экологиясыны ылым ретінде алыптасу тарихы

 АУАНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ. 
 
Ауа- экологиялық фактор ретінде тұрақты газдардың құрамы арқылы 
сипатталады. Ауаның газдың құрамы: оттегі шамамен 21%, көмірқышқыл 
газы 0,03 %, азот 78%, ал қалған газдаржиынтығы 0,97% көлем алады. 
Ауаның газдың құрамы тұрақты сақталуы тиіс. Ауаның құрамындағы 
аздаған өзгерістер мен ауытқулар тіршілік ‰шін қауіпті. Ауа көптеген 
организмдердің тіршілігіне тікелей немесе жанама әсер етіп отырады. 
Әсіресе, ауаның горизантальды немесе вериткальды ағысы организмдердің 
таралу, бағыт-бағдарына, қозғалысына көп ықпалын тигізеді. Сондықтан да 
ұшуға қабілетті организмдер өте аз. Ауаның сол сияқты организмдерге 
тигізетін механикалық әсері де бар. Мәселен, к‰шті жел, боран мен дауылдар 
өсімдіктер мен жануарларды ұшырып, зақымдап кейде жойып жібереді.
Ауаның организмдер ‰шін пайдалы жақтары да көп. Ауа 
қозғалысының өсімдіктерді тозаңдандыруда, тұқымдарының таралуына көп 
себебін тигізеді. Кейбір аймақтарда жел ‰немі болып тұрады. Осыған орай, 
кейбір организмдерде морфологиялық, физологиялық бейімделу байқалады. 
Ауа ағыстарының маңызды функцияларының бірі-өсімдіктер мен 
жануарлардың кең таралуына себебін тигізеді. Оның ‰стіне өсімдік тұқымы 
да ұшуға бейімделіп, шар формалы, айдаршалар, қанатшалар пайда 
болатыны белгілі. 
Атақты ғалым Вернадский «атмосфера құрамындағы газдар əлемдегі 
тіршіліктің нəтижесі, олар əртүрлі организмдердегі заталмасудың садарынан 
көрініс береді»,-дейді. Бұл айтылған атмосфера құрамындағы негізгі газдар: 
оттегіне, азотқа жəне көмірқышқылына қатысты. 
І. Оттегі (O
2
). Биосферадағы оттегі молекулярлы O
2
, атомды – O жəне 
O
3
- озон түрінде болады. Соңғысы т.д. 30-40 км озондық экран немесе 
«қалқан» түзеді де, ультракүлгін (УК) сəулелердің ағысынан қорғайды. 
Егерде УК сəулесінің ұзындығы 295 нм артық болса, онда ол тіршіліктік 
белгіні жойып жібереді. Сондықтан озондық қабат биосферадағы тіршілікті 
қорғайды жəне оның табиғи жоғарғы шекарасы болып саналады. 
Молекулярлы оттегі (O
2
) атмосферада газ күйінде жəне судың ерітіндісінде 
болады, сондықтан да ол əлемдегі барлық тіршіліктің негізі, биохимиялық, 
химиялық реакцияларға міндетті түрде қатысуымен сипатталады. 
Табиғаттағы O

қайнар көзі ол жасыл өсімдіктерде жүретін фотосинтез 
процесіне тікелей тəуелді. Олардағы ғаламдық деңгейдегі биохимиялық 
процестердің негізі. Бұл аса маңызды процестің орындаушысы хлоропласт 
органоиды – хлорофилл пигменті. Фотосинтез алғашқыда сулы ортада 
(бплдырларда), содан соң құрлықтағы жасыл өсімдіктерге көшті. Атмосфера 
құрамында ең төменгі деңгейі (min) – 1,2x10
15
, max 2,1x10
15
бос оттегі бар. 
Мұнан басқа бос оттегі құрлықтағы тұщы суда еріген күйінде, қарда, мұзда, 
теңіз жəне мұхит тұзды суларында болады.


Оттегі органикалық əлемнің тіршілігіне қажет, барлық био-, химиялық 
реакцияларды қамтиды, оттегі қалыпты мөлшері азайса, онда озонда 
«қалқан» бұзылады.
Анық төнген қауіп оттегінің жетіспегендігіне емес, олардың табиғи 
жағдайда жасыл өсімдік арқылы бөлінуінің азаюы, демек өсімдіктер 
қауымдастығының адамның зиянды əрекетінен азаюы. Мысалы, он мың 
жылда орман алқабы екі рет азайды немесе жойылды, əсіресе соңғы 350 
жылда əр жылда 15 млн га орман кесіледі. Орман алқабына зиянды құрамдар 
150 млн га, яғни 50 млн га толық бұл Францияға тең. Үлкен өзендерді алдын 
бөген гидро электр станциясын салғанда да көптеген жер су астында қалады, 
демек өсімдік жойылады (мысалы, Шардара, Қапшағай, Бартоғай жəне т.б.). 
Қазіргі таңда жоғарғы деңгейде дамитын АҚШ-та оттегімен өсімдік бөліп 
шығарғанша көп жұмсайтындығы айқындалған.
Оттегінің жеткілікті болуы тіршілік «кілті» болса, оның жетіспеуі 
шаруашылықты көк балаусаның баздануын, бидайдың қызуын, ұнның ашуын 
жəне т.б. процестерді туындатады. 
Топырақ қабатындағы оттегі оның тек жоғарғы қабаттарында ғана 
жеткілікті немесе оңтайлы мөлшерде болады. Ал тереңдеген сайын оның 
мөлшері күрт өзгереді, яғни азаяды. Өйткені оттегі топырақ қабатындағы 
əртүрлі ағзалармен жəне күрделі қосындылардың тотығуына қатысады. 
Вернадский мəліметі бойынша төрт м топырақ тереңдігінде оттегі мөлшері 
17,3 пайыз, ал 6 м 15 пайызға дейін төмендейді. Аса ылғалы мол топырақта 
оттегі тез азаяды. Биосферадағы оттегі айналымы П.Клауда жəне А. Джибора 
(1972) мəліметтері бойынша бос оттегі судың фотолизіне хлоропласта 
жүретін кезде бөлінеді. Мысалы, 2 млн жылда 1,5млрд км

су хлоропласта 
фотолизге ұшырайды. Сонан кейін шамамен 2000 жылда атмосферадағы 
оттегі биосферадағы тірі ағзалардағы тыныс алуы арқылы айналымнан өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет