Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар


Білімді бақылауға арналған сұрақтар



бет34/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

Білімді бақылауға арналған сұрақтар:
1)Ғылыми зерттеу әдісі дегеніміз не?
2)Ғылыми зерттеу әдісінің әдіснама мен гносеологиямен өзара байланысын көрсетіңіз.
3)Зерттеудің эксперименталды-эмпирикалық әдістер тобының мазмұнын ашыңыз.
4)Зерттеудің теориялық әдістер тобының мазмұнын ашыңыз.
5)Зерттеудің эксперименталды-эмпирикалық және теориялық деңгей әдістері тобының өзара байланысын көрсетіңіз.
7-тақырып.Жеке тұлға тәрбиенің объектісі, субъектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасуының факторы
9 дәріс.
Жоспар:
1«Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың арақатынасы.
2. Адамның дамуындағы және оның тұлға ретінде қалыптасуындағы биологиялық және әлеуметтік арақатынас.
3. Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін факторлар. Жеке тұлға дамуының жасерекшелігі туралы түсінік, оның табиғи әлеуеті.
4 Тұлғаны дамытудың және қалыптастырудың қозғаушы күштері мен негізгі заңдылықтары.
Әдебиеттер:
1. Әбенбаев С., Әбиев Ж. Педагогика. Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2009. – 336 б.
2. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика: оқулық. – Алматы: «Nurpress», 2011. – 228с.
3. Загвязинский В.И. Общая педагогика. Грим УМО МО РФ: Учебное пособие .-Изд.Высшая школа
4.Хождаспирова Г.М. Педагогика учебник. -М.КНОРУС. 2010.-744С
Қосымша әдебиеттер:
1.Ахметова Г.К., т.б Педагогика: Оқулық – Алматы: Қазақ университеті., 2006,-217б.


1Тәрбиенің негізгі мақсаты — қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э. Роттердамский, Я. А. Коменский, К. А. Гельвеций, Д. Дидро, А. Дистерверг, К. Ч Ушинский, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, К. Маркс, Ф. Энгельс, 3. Фрейд, Д. Дьюи, Э. Торндайк, Н. К. Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Иыютский, Э. И. Моносзон. Л. И. Божович, С. Л. Ужнштейн, В. В. Давыдов т.б.)
Адам-өзіне тән биологаялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологаялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады. "Әлеуметтік мұрагерлік" адамның қоғамдық тәжірибеге ие болуы нәтижесінде орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты екі бағыт — биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.
Психологияда "жеке тұлға" деген ұғымның әртүрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға катысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).
Жеке тұлға-бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық, Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың "өзегі" бар деп мойындайды,
олар оны "Мен-жүйе" немесе жай ғана "Мен" деп белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым болып табылады.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері-оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда "адам", "жеке тұлға" деген ұғымдардың қатары "даралық" деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері (мысалы, салмақты-жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық қызмет-әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. Осылайша, мұғалімнің даралығы оның терең білімдарлығы, педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы, жұмыстағы шығармашылық ниеті, т.б. арқылы көрінеді. "Даралық" ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық мен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады.
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым- "индивид". Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы-"жекелік". Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады. "Жеке тұлға" ұғымы мен онымен байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні осында.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан, жеке тұлғаның "дамуы" мен "қалыптасуы" ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.
Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегеніміз- төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі. Даму кезінде барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы (бұл орайда бір нәрсе алынып тасталады, "теріске шығарылады"). Бұл қозғалыс, өзгеріс жеке тұлғаның дамуының қозғалыс күші болып келетін қарама-кайшылықтар күресі арқылы жүзеге асады.
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтікі тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы - оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық-жігерлік т.б.). Мінез-құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез-құлқын билей алу кабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипаттайды.
Сондықтан, даму дегенімізді адамның анатомиялық-физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, сондай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсіну дұрыс. Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім берудің алар орны ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет