Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар


-тақырып. Оқыту формалары,әдістері мен құралдары ТПҮ-нің қозғаушы механизімі ретінде



бет76/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

17-тақырып. Оқыту формалары,әдістері мен құралдары ТПҮ-нің қозғаушы механизімі ретінде.
22 дәріс.
1. Мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігінің тәсілі ретінде оқытуды ұйымдастыру формасы туралы түсінік.
2. Оқытуды ұйымдастыру формасы, дістері мен құралдары арасындағы қатынас.
3. Қазіргі заманғы мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың формалары.
1. Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны модернизациялау көзделеді. «Түрлері» деген ұғым латын тілінен аударғанда «forma» сыртқы көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық – белгілі орныққан тәртіп. Философия пәнінде «түрлері» ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген ұғыммен анықталады. Яғни, «түрлері» ішкі байланысты білдіреді және ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен де сабақтастықта. Былайша айтқанда, оқытудың түрі – оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті. Оқыту түрі: әдіспен, амалдарға, құұралдарға, оқушылардың іс-әрекетіне тәуелді болады. Педагогтік іс-әрекет бір-бірімен, өзара байланысты ықпалдастық, әсер етушілік, белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылар мен мұғалімнің қарым-қатынас (Чередов И.М.). Оқытудың түрі оқыту үрдісінің құрылымы – мұғалім қызметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішінін белгіленбейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.
Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқуды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап-мүддесіне қатысты. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері негізінен былай жіктеледі: оқушының саны мен құрамы, жұмыс орны, оқу жұмысының ұзақтығы. Осыған қарап оқытудың түрі былайша бөлінеді:

  • жеке (бір ғана оқушымен жұмыс істейді);

  • жеке жұптық (оқушы-оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметі мен айқындалады);

  • жеке-топтық: топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады (оқытудың бұл түрлі орта ғасыр мектептерінде қолданылған).

  • өзара бірлесіп оқыту (аталған оқыту жүйесі Англияда пайда болған, атауы белланкастер жүйесі);

  • саралап оқыту, оқытудың бұл түрі оқушылардың қабілетіне қарай өтіледі (мангейм жүйесі);

  • бригадалық оқыту, тапсырманы бригада алады: бір сыныпта 5-6 оқушы ұйымдасады, есеп беруші – бригадир (оқытудың бұл түрі XX ғасырдың 20-шы жылдарына тән);

  • американдық «Винетка - жоспар», «Трампа - жоспар» және т.б.

  • оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальді, ұжымдық жұмыс және т.б.).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет