9. Жаттығу.Жаттығу-ол оқыту әдісі, жоспарда ұйымдастырылған бірнеше рет қайталанатын іс-әрекет, білікпен дағдыны игеруде және олардың сапасын көтеру мақсатында орындалады.
Жаттығулар коментарияланған, арнаулы, еркін болып бөлінеді.
Арнаулы бірнеше рет қайталанатын, оқыту және еңбек біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жаттығу. Егер арнаулы жаттығуларды ендірсе, онда олар еркін жаттығулар деп аталады.
Еркін жаттығулар ертеде қалыптастырылған дағдыларды қайталау мен бекітуде қолданылады.
Еркін жаттығусыз дағды ұмытылады. Коментарияланған жаттығулар оқытуды белсендендіруге, оқу тапсырмаларын орындауға бағытталған. Бұл жаттығулардың мәнділігі мұғалім мен оқушылардың орындалатын іс-әрекетті негізінде материалдар жақсы қабылданады.
Ауызша жаттығулар, тіл мәдениетін дамытуда және логикалық ойлауда, оқушылардыц танымдық жағдайларында кеңінен қолданылады. Ауызша жаттығулар оқу мәдениеті техникасын игеруде. Ауызша санауда, әңгімелеуде, білімді логикалық түрде мазмұндау. Ауызша жаттығулар тіл, әсіресе шет тілдерін игертуде үлкен роль атқарады. Ауызша жаттығу оқушылардың даму деңгейі мен жас ерекшеліктеріне байланысты күрделеніп отырады. Жазба жаттығулар (стилистикалық, грамматикалық, орфографиялық диктант, мазмұндама, конспекті, есеп шығару, іс-тәжірибені жазу т.б.) білік пен дағдыны дамытуда қолданылады. Жазба жаттығулар графмкалық жаттығулар мен математика, физика, сызу, география, сурет, сонымен қатар өнеркәсіптік білім беру қатар жүреді.
Лабораториялық - практикалық жаттығулар еңбек құралдарын игеру дағдыларына, лабораториялық (приборлар, өлшеу аппаратурасы), конструкторлық- техникалық білігін дамытуға бағытталған. Өндірістік-еңбек жаттығулары, ол оқыту немесе өндірістік ерекшеліктегі жүйеде арнайы дайындалған еңбек іс-әрекеті. Олар жәй және күрделі болып бөлінеді. Жәй жаттығулар олар жеке еңбек тәсілдерін орындау, ал күрделі жаттығуда өндірістік істерін немесе олардың бөліктері (станокты қосу,
деталдарды) жасауда қолданылады.
10. Лабораториялық әдіс. Жұмыс жасауда білік және дағдыны игерту, практикалық білігін қалыптастыруға жағдай жасайды. Өлшеу және есептеу, нәтижесін салыстырып және шығару, зерттеу жұмыстарының жаңа жолдарын іздеу және белгілі жолдармен тексеру.
Проблемалы лабораториялық (зерттеу) әдіс. Зерттеу гипотезасы ұсынылады, оны дәлелдеу жолдары қарастырылады. Оқушылар қажетті приборлар мен материалдарды өздері таңдап алады. Лабораториялық әдіс арнайы құралдарды талап етеді, сонымен қатар мұғалім мен оқушының дайындықта болғанын қажет етеді. Оны қолдануда уақыт пен педагогикалық күш-қуатты көп қажет етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |