Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар



бет88/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

4. Дискуссиялық оідыту. Бұл әдіс батыс елдерінің оқу орындарында кейбір міндеттерді шешуде басқа әдістерге қарағанда жақсы нәтижесін көрсеткен.
Әдістің мәні нақты мәселені шешуде көзқарастар мен пікір алмасуда тиімді. Дискуссия көмегімен оқушылар жаңа білімді игеріп, өздерінің пікірін бекітіп, көз қарасын дәлелдеп шығуға көмектеседі. Оқыту дискуссиясының негізгі атқаратын қызметі танымдық қызығушылықты арттырады; қосымша қызметі оқыту, дамыту, тәрбиелеу және коррекциялы-бақылау. Оқушылардың алдын ала немесе нақты мазмұнда және формаларды дайындығынан бүрын, лекцияның сапалығы басты роль атқарады. Басталатын дискуссияның тақырыбына байланысты білім жинау мазмұнды дайындықты қажет етеді. Білімді баяндау жолдарын анықтауға бағытталады.
Білімсіз өтілген дискуссия мәнсіз, мазмұнсыз және нақты болмай, қарама-қайшылықты және шашыраңқы, алдымен оппоненттерді сендіру.
Демек мұғалім оқушылардың ойын дұрыс тұжырымдап, сұрақтар келтіріп, дәлелдер жасай білу білігін дамытуды қамтамасыз етуі.
Дискуссия тек ғана гуманитарлық пәндерді тарихты, қоғамтануды этика, эстетиканы, өнерді, психологияны, педогогиканы игеруде ғана емес, сонымен қатар берілген әдіс физика, химия, биология тағы басқада пәндерді игеруде де нәтижесін көрсетеді. Дискуссия оқушыға танымал материалдардың мзмұнын толықтырып, оны тиянақтап және бекітуге көмектеседі. Мұғалім білімнің жүйесі терең ақпарат алуда, оқушылардың ойлау қабілетіне әсер етіп, әрі қарай дамытуға бағыт береді.
Дискуссия элементтері мектепте екінші бағытта практикаланып, әдіс толық мағнада жоғары мектептерде пайдаланып келеді. Оқушылар дискуссия арқылы өнермен танысады.
5. Кітаппен жұмыс. Мектепте кітаппен жұмыс істеу негізгі әдістердің біріне айналады. Бұл әдістің мәнділігі оқушының оқу ақпаратын өз ыңғайына, жағдайына қарай қайталап қарап, танымын өз шешімімен шектеледі.
Оқулық кітаптар оқу іс-әрекетін атқарады: білім алу, даму; тәрбие, ойлау, коррекциялық - бақылау.
Кітаппен өздік жұмыста, оқып шығу жеке тараулармен танысу, жеке сұрақтарға жауап іздеу, кітапты немесе текстерды рефераттау, мысалдар мен есептерді шешу, бақылау тестерін орындап, материалдарды есте қалдыру мақсатында жаттау жұмыстарын орындау.
Әдістің сапасы: еркін, жылдам оқып, ойдан өткізіп, түсіну; қарастырылатын сұрақтарға әдебиеттер таңдай білу.
Берілген біліктердің бәрі оқушының мектепке келген күнінен бастап білім алу мақсаттын біртіндеп қалыптастырылады.
Бағдарламадағы оқу кітаптары сапасымен ерекшеленеді. Оқушылар жұмыс жүргізу барысында берілген тапсырманы орындауға керекті ықпалды іс-әрекет қарастырып, дұрыс орындалғандығы туралы мағлұмат алады.
Жаңа оқу кітаптары қортынды таблицияларда, диаграмада графиктерде көрнекті модельдерде, классификасияларда, коммуникативті түрді жинақталған материалдарда берілген.
Демек мұғалімдерге берілген ақпараттарды талдауға көңіл бөліп, оқушылардың білім білігін қалыптастыру керек.
Кітаппен оқу жұмысын жасауда оқушылардың өзіндік бақылау білігін қалыптастыру керек. Оқушы кітаптағы текісті қанша рет оқып шыққанын санамау керек. ол оқығанын мазмұндап толық түсіндіріп бере білу біліктілігін меңгеруі дұрыс. Сондықтан уақытты белсенді түрде зейінді қалыптастыруды талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет