Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар


«Оқытудың белсенді әдістері» ұғымымен қатар «



бет97/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

«Оқытудың белсенді әдістері» ұғымымен қатар «интерактивті әдістер» ұғымы кеңінен қолданылады
«Интерактивті әдістер» және «интерактивті оқыту» терминдерінің ортақ түбірі – «inter» ағылшын тілінің "ішіндегі" (между, меж) аралық; "асt" (действовать, действие) әрекет ету деген сөздерінен енген. «Интерактивті әдістер» тіркесін оқушылардың өзара әрекет етуіне жағдай жасайтын әдістер, ал «интерактивті оқытуды» өзара әрекеттесуге негізделіп құрылған оқыту деп түсінуге болады. Интерактивті әдістердің мәні - әрбір оқушының оқушылармен өзара белсенді байланыста болып, мұғаліммен бірлесе жүмыс жасап, оқу-танымдық нәтижеге жетуі. Бұл - коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.
Қазіргі оқыту үрдісінде интерактивті әдістердін бірнеше түрі қолданылады.
Интерактивті оқытуәдістері:
1) Жұптасып жұмыс істеу. 2) Ротациялық (ауыспалы) үштік. 3) Айналмақ. 4) Шағын топтармен жұмыс. 5) Аквариум. 6) Аяқталмаған сөйлем. 7) Миға шабуыл. 8) Броундық қозғалыс. 9) Азаматтық тыңдау. 10) Рөлдік /іскерлік/ ойын. 11) Сығымдау әдісі. 12) Өз позициясын ұстану. 13) Дискуссия. 14) Дебаттар. 15) Нақты жағдайға сараптама жасау. 16) Проблемалық жағдайларды шешу. 17) Алгоритм бойынша оқыту және т.б.
Бақылауға арналған сұрақтар
1.Әдіс, оқытудың тәсілі.
2.Әдістерге жіктеме беріңіз.
3.Оқыту әдістерінің жалпы функциясы қандай.
4.Оқыту әдістерінің мазмұнын сипаттау.
5.Оқыту әдістерін мұғалімнің тиімді тандауы.
20-тақырып. Оқытудағы диагностика және бақылау.
26 дәріс.
1. Оқыту сапасын диагностикалау. Оқушылардың оқу жетістігін бақылау және бағалау.
2. Оқушылардың іс-әрекетінің нәтижесін бақылаудың мақсаты мен қағидалары.
3. Оқу іс-әрекетінің нәтижесін бақылау және бағалау қызметтері.
4.Бақылаудың түрлері.
Ұстаз еңбегі психологиялық-педагогикалық тұрғыдан ғана емес, мұғалімнің әдістемелік даярлығында тұрақты жетілдіруді талап етеді. Іс-әрекет нәтижесіне сәйкес қойылған мақсат мұғалімнің педагогикалық процесс жағдайы жайындағы ақпараттарды игеру дәрежесіне тікелей тәуелді болады. Міне, осыдан келіп педагогикалық процестің өту барысы мен кезеңдер нәтижелері әрі қорытынды көрсеткіштері туралы ақпарат алу мақсатында мұғалімде мектептің (сыныптың) педагогикалық процесін диагностикалау білімі мен дағдысы болуы қажеттігі туындайды.
Білімнің қай саласында болмасын, еңбек процесі өту кезіндегі жағдайы мен сапасының диагностикасы жетекші роль атқарады. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде "педагогикалық диагностика" терминіне біршама анықтама берілген. Көптеген жағдайларда бұл анықтамалар психологиялық көзқарас тұрғысынан беріледі. Сондықтанда педагогикалық диагностика мазмұнында психологиялық процестерді оқып үйрену және педагогтар мен оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға баса көңіл бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет