Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар


Сұрақ: Сідердің пікірлеріңізше белсенді әдістердің пайда болуына қандай себептер әсерін тигізді?



бет94/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

3. Сұрақ: Сідердің пікірлеріңізше белсенді әдістердің пайда болуына қандай себептер әсерін тигізді?
Демек белсенді әдістердің пайда болуы мен дамуы оқытуға қойылатын – оқушыларға тек білім ғана емес, сонымен қатар олардың танымдық қызығушылықтары мен белсінділіктерін, шығармашылық ойлауын, өз бетінше ой еңбегімен айналасу қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру мен дамытуды қамтамасыз ету сияқты жаңа міндеттердің пайда болуымен шартталады. Жаңа міндеттердің пайда болуы ақпараттардың қарқынды дамуымен де шартталады. Егер бұрынғы кезеңде мектепте, техникумда, жоғары оқу орындарында алынған білімдер адамға узақ уақыт бойында қызмет ету мумкіндігі болса, ал ақпараттың дүмпу ғасырында оларды унемі жаңалап отыру қажет. Оған негізінен, өз бетінше білім алу жолымен қол жеткізуге болады. Бұл, өз кезенінде адамнан танымдық белсенділік пен дербестікті талап етеді. Сондықтан оқыту әдістері де өзгеріп отырады
Ресей ғалымы А.Вербицкий «оқытудын белсенді әдістері»- деп студенттердін оқу материалын меңгеру процесінде белсенді ойлау және тәжірибелік іс-әрекетке ынтандыратын әдістер деген анықтама берді.
Оқытудың белсенді әдістері – оқу материалын меңгеру үдерісіндегі студенттердің танымдық іс-әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері.
Белсенді оқыту әдістерінің жіктемесі:
-жартылай кәсіби іс-әрекетті модельдейтін және іскерлік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық сұрақтар, іскерлік ойындар, кәсіптік жағдаятты талдау, тренинг;
-білім, іскерлік, дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық есептер, жағдаяттар, «дөңгелек үстел», эвристикалық әңгіме, «миға шабуыл», оқу пікірталасы, «кейс-стади», өзіндік жұмыс.
Енді педагогиканы оқытуда жиі қолданылатын белсенді оқыту әдістерінің кейбіріне тоқталып өтейік.
«Жұптасқан дәріс» әдісі – бұл өн бойына оқу материалын репродуктивтік, проблемалық, интеграциялық және диалогтік баяндау элементтерін жинақтаған оқыту тәсілі.
Репродуктивтік элементі ғылыми тұрғыдан дәлелденген, қосымша түсіндіруді қажет етпейтін оқу материалын баяндаудан тұрады. Проблемалық элемент проблемалық жағдаятты қою, талдау, болжаулар жасау, оны растау не теріске шығару, проблеманы шешу жолдарын іздестіруден құралады. Интеграциялық элемент бір проблема төңірегінде әр түрлі ғылыми амалдарды қарастырады. Диалогтік элемент оқытушы мен студент арасындағы пікір алмасу арқылы көрініс табады.
Аталған әдіс бірыңғай жоғары деңгейде оқу материалын меңгерген, бір-бірімен іс-әрекет стилі өте ұқсас бола тұра өздерінің жеке қасиеттері: дауыс ырғағы, үндестілік, сөйлеу екпіні, қимыл-қозғалыстары, мимикасы және т.б. арқылы ерекшеленетін пікірлес әріптестер арасында қолдау тапты.
Әдістің өз «артықшылығы» мен «кемшілігі» бар, соларды қарастырайық.
Әдістің «артықшылығы»:
-студенттердің танымдық іс-әрекетін арттырады;
-студенттердің эмоционалды және ынталану сезімдерін жетілдіреді;
-оқу материалын интеграциялау жүйелі ойлау мен жүйелі білімнің қалыптасуына себепкер болады.
Әдістің «кемшілігі»:
-алдын ала дайындық үшін уақыт пен арнайы жағдайларды қажет етеді.
Пікірталас әдісіоқу материалының дау тудыратын тақырыбын қарастыруға, талдауға бағытталған және білім алушылардың әр түрлі ұстанымдарын бір арнаға тоғыстыратын оқыту тәсілі. Бұл әдіс проблемалық жағдаятқа негізделген және семинар сабақтарында кеңінен қолданылады. Пікірталастың туындауына теорияны қорытулар мен ережелер, қағидалар, теорияны практикамен алмастыру, ғылым мәселелерін талқыға салу, проблеманың бүгінгі таңдағы көрінісі себеп бола алады.
Пікірталас түрлері:
-топ оқушыларының жалпылама түрде бір проблеманы шешу барысына аяқ астынан пайда болатын пікірталас;
-әр түрлі педагогикалық құбылыстарға өзіндік ұстанымын білдіру үшін сенімін қалыптастыруға бағытталған пікірталас;
-арнайы педагог туындатқан нақтылы ақпарат пен дәлелді дәйектерге сүйенген оқу пікірталас.
«Пікірталас әдісі» төмендегідей «күшті» және «әлсіз» жақтарымен ерекшеленеді:



«Күшті» жақтары

«Әлсіз» жақтары

-диалогтік қарым-қатынас дағдылар жетіледі;
-сыни ойлау дамиды;
-қаралатын мәселе бойынша білімдері толықтырылады

-барлық тақырыпты пікірталас әдісі арқылы оқытуға келмейді;
-пікірталас әдісін барлық студент бірдей қолдана алмайды;
-дайындық үшін қосымша уақыт керек





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет