Кант «рух еркіндігі» ұғымның негізгі аспектілерін атап көрсетті: ерікті ақыл-парасат, ар-ұждан еркіндігі, сыни ойлау еркіндігі
Кант негативті (неден бостандық?) және позитивті (не үшін бостандық?) еркіндікті ажыратады.
Оның пікірінше, позитивті еркіндіктің ғана шын құндылығы бар. Этикада позитивті еркіндік ізгі ерік түрінде көрінеді. Әдептілік заңына бағынып тұрған ерік «заңға сәйкес» және «өзі-өзіне заң шығарушы» болып шығады.
Иммануил Кант
(1724-1804)
«Ағартушылық деген не сұраққа жауап»
Марксизм іліміндегі еркіндік ұғымы
К.Маркс еркіндік мәселесін қажет-тілікті және заңдылықтарды танып білумен, оны игерумен байланыста түсіндіреді: «Еркіндік - бұл санамен ұққан қажеттілік»
Ф.Энгельс өзінің “Анти-Дюринг” атты еңбегінде: «еркіндік әлдебір нәрседен тәуелсіз болудың нышаны емес, керісінше, ол адамның табиғи күштерге, қоғамдық қарым-қатынастарға және өз болмысына үстемдігі», - дейді.
Фридрих Энгельс
(1820-1895)
Карл Маркс
(1818-1883)
Хайдеггер: «болмыстың негізгі күй- жайы - болмау мүмкіндіктен қорқы-ныш. Бұл қорқыныш адамды шындықтың барлық шарттарынан босатады да, сонымен, оған еркіндіктің кейбір деңгейіне жетуге жол ашады, яғни өз жеке басының құнды тіршілігі ретінде өзін таңдауға
Мартин Хайдеггер
(1889-1976)
«Болмыс және уақыт» (1927)
«Ақиқаттың мәні туралы»
Хайдеггер еркіндікті ақиқаттың мәні деп түсіндіреді.
Ж.П. Сартр: еркіндік пен жауапкершілік
Сартрдің ілімінде еркіндік - абсолютті, мәңгі берілген нәрсе: «адамның жазмышы ерікті болуда». Еркіндік адам тіршілігінде оның мәнінен бұрын пайда болады. Сартр еркіндікті ешнәрсе істемеуге апаратын рух бостандығы емес, адамнан ешкім тартып алмайтын таңдау еркіндігі деп түсінеді: мысалы, қамаудағы адам «көнемін ба әлде өзімді қамаудан босату үшін күресемін ба?» деген мәселені өз еркімен шешуі керек.
Адам істеген әрекеті үшін және де алдын-ала өзі көздемеген кездейсоқтықтар үшін тұтас жауапкершілікті өз иығына алуға дайын екені оның өз еркімен таңдауды жасауына, шешімді қабылдауына байланысты
Достарыңызбен бөлісу: |