3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ
ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ
Пәннің мақсаты және міндеттері:
Дау-дамай – күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық көңіл-күйлермен байланысты әр түрлі мәселелерге өзара түсіністіктің болмауы. Бұл дамушы ғылым ретінде әлеуметтік-психологиялық, заң және педагогикалық білімдердің жиынтығына сүйенеді. Бұл – қақтығыстардың тууы, дамуы және оны шешу, сонымен қатар, оның кері салдарын жою заңдылықтары туралы ғылым. «Дау-дамай» ұғымы міндетті түрде адамдардың немесе қандай да бір нәрселердің арасында пайда болатын көп деңгейлі құбылыстардың кең шеңберіне жатады.
Психологтардан алынған білім конфликтологияның теориялық та практикалық бөлімдерінің негізін құрайды. Бұл оқу-әдістемелік құрал психология және педагогика мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттерге, психологиялық-педагогикалық пәндердің оқытушыларына, сонымен қатар педагогика және психология мәселелеріне қызығушылық танытушыларға арналған.
4. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ
№ |
Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)
|
Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)
|
Кафедра
|
Кафедра қабылдаған шешім, хаттамасы №___ күні
|
|
Жалпы психология
Еңбек психологиясы
Экспериментталды психология
Кәсіптік білім беру психологиясы
|
Психология бойынша практикум
Отбасы психологиясы
Арт терапія
Психология кеңес негіздері
|
Педагогика және психология
|
|
5. ЖҰМЫС ОЌУ ЖОСПАРЫНАН К¤ШІРМЕ
№
|
Кредит саны
|
Курс
|
Жалпы сағат саны
|
Аудиториялыќ сабаќтар
|
Аудиториядан тыс сабаќтар
|
Қорытынды бақылау
|
лекция
|
Прак/сем
|
сем
|
лабор
|
ОБС¤Ж
|
С¤Ж
|
|
ІҮ
|
ІІІ
|
|
15
|
-
|
13
|
-
|
-
|
62
|
емтихан
|
6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.
Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.
Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет
Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек
ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.
Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.
Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.
СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.
Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.
7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР :
Сабаққа кешікпеу керек.
Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.
Сабаққа іскер киіммен келу керек.
Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.
Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.
Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.
8. ОҚУ САЃАТТАРЫНЫЊ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ
№
|
Тараулар атауы,
реті
|
Аудиториялыќ сабаќтар
|
Аудиториядан тыс сабаќтар
|
Лек
ция
|
прак
|
сем
|
лабор
|
ОБС¤Ж
|
С¤Ж
|
1
|
Дау-дамайлар психологиясына кіріспе
1. Отандық конфликтология және оның салалары
2. Дау-дамайлар психологиясының тарихы – конфликтологияның саласы ретінде
|
1
|
-
|
1
|
-
|
-
|
4
|
2
|
Дау-дамайлар психологиясына кіріспе
1. Шетел психологиясындағы дау-дамай мәселесі
|
1
|
-
|
1
|
-
|
-
|
4
|
3
|
Дау-дамайдың мәні жайлы қазіргі түсініктер.
1.Дау-дамай психологиясының нысанды-пәндік аясы
|
1
|
|
|
|
|
4
|
4
|
Дау-дамайлар әдіснамасы, психологиялық зерттеу әдістері мен диагностикасы
1. Әдіснама ұғымы. Дау-дамайларды зерттеудің әдіснамалық ұстанымдары. Дау-дамайларды сипаттаудың әмбебап ұғымдық сызбасы
2. Дау-дамайларды психологиялық зерттеудің кезеңдері, бағдарламасы және негізгі әдістері
|
1
|
-
|
1
|
-
|
-
|
5
|
5
|
Дау-дамайлар әдіснамасы, психологиялық зерттеу әдістері мен диагностикасы
1. Дау-дамайларды зерттеудің жағдаяттық әдісі
2. Топтағы тұлғааралық дау-дамайлар диагностикасының модульдік әдістемесі
|
1
|
-
|
1
|
-
|
-
|
4
|
6
|
Дау-дамайларды топтастыру. Әлеуметтік дау-дамайларға жалпы сипаттама
1.Дау-дамайлар психологиясындағы топтастыру мәселесі. Дау-дамайларды топтастырудың негізгі түрлері
2. Дау-дамайлардың нақты, басқару және ұйымдастырушылық, әлеуметтік-психологиялық және тұлғалық себептері
|
1
|
-
|
1
|
-
|
-
|
4
|
7
|
Дау-дамайларды топтастыру. Әлеуметтік дау-дамайларға жалпы сипаттама
1. Әлеуметтік дау-дамайлардың құрылымы мен қызметтері
2. Тұлға аралық дау-дамайлардың өзгермелілігі
|
1
|
-
|
1
|
-
|
-
|
4
|
8
|
Тұлға ішілік дау-дамайлар психологиясы.
1. Тұлға ішілік дау-дамайларды түсінудің негізгі бағыттары
2. Тұлға ішілік дау-дамайлардың түрлері
|
1
|
-
|
1
|
-
|
-
|
5
|
9
|
Тұлға ішілік дау-дамайлар психологиясы
1. Тұлға ішілік дау-дамайлардың генезисі мен салалары
2. Тұлға ішілік дау-дамайларды шешудің психологиялық факторлары мен механизмдері
|
1
|
-
|
1
|
-
|
-
|
4
|
10
|
Адамдар қарым-қатынасының түрлі саласындағы дау-дамайлар
1. Отбасылық дау-дамай психологиясы
2. Басшы мен бағынушы арасындағы дау-дамай
|
1
|
-
|
1
|
-
|
-
|
4
|
11
|
Адамдар қарым-қатынасының түрлі саласындағы дау-дамайлар
1. Топаралық дау-дамай пайда болуының психологиялық механизмдері
2. Дау-дамай психологиясының қазіргі адам, отбасы, ұжым мен қоғам өміріндегі рөлі
|
1
|
-
|
1
|
-
|
-
|
4
|
12
|
Дау-дамайлардың алдын алу мен шешудің негіздері
1. Дау-дамайлардың алдын алу қағидалары мен шарттары
2. Айналадағылармен өз дауларын шешу кезіндегі әрекеттердің жүйелілігі
|
1
|
-
|
1
|
-
|
-
|
4
|
13
|
Дау-дамайлардың алдын алу мен шешудің негіздері
1. Тұлға аралық дау-дамайларды шешудің негізгі әдістері мен тәсілдері
2. Үшінші жақтың қатысуымен дау-дамай шешуді реттеу
|
1
|
-
|
1
|
-
|
-
|
4
|
14
|
Топтық жұмыс технологиялары: Дау-дамай бойынша тренингтік практикум
1. Дау-дамай бойынша топтық және жеке жұмыстарының бағыттары
|
1
|
-
|
1
|
-
|
-
|
4
|
15
|
Топтық жұмыс технологиялары: Дау-дамай бойынша тренингтік практикум
1. Тренинг – дау-дамай бойынша оқытудың белсенді, қолданбалы формасы.
2. Тренингтік жұмыстың ерекшеліктері мен кезеңдері
|
1
|
-
|
|
-
|
-
|
4
|
|
Барлығы:
|
15
|
-
|
13
|
-
|
-
|
62
|
-
ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ
1- лекция. Таќырыбы: 1. Дау-дамайлар психологиясына кіріспе
Жоспары: 1. Отандық конфликтология және оның салалары
2. Дау-дамайлар психологиясының тарихы – конфликтологияның
саласы ретінде
Лекция маќсаты: Дау-дамайлар психологиясының тарихы мен конфликтологияның саласын, отандық конфликтология және оның салалары студенттерге түсіндіру
Лекция мєтіні
1. Конфликтологиялық зерттеулердің сапасы көп жағдайда аталмыш құбылысты зерттейтін оннан астам ғылымның пәнаралық байланыстарының сипатына тәуелді. Дәл осы пәнаралық зерттеулердің нәтижесінде дау-дамайлардың пайда болу даму және аяқталуының жекелеген емес, жалпы заңдылықтарын анықтауға болады. Дау-дамайды зерттеу кезінде социобиологияны қоспағанда, барлық басқа ғылымдар өкілдерінің еңбектерін қолданатын философтар мен әлеуметтанушыларда өзара пәнаралық байланыстар бар. Бүгінгі күнде социобиологтар мен математиктер өз ғылымдарында бар білімдерге сүйене отырып қана оқшауланып жұмыс істейді.
Сондықтан, қазіргі кездегі маңызды міндет конфликтологиядағы пәнаралық байланыстар мен пәнішілік өзара әрекеттесулерді күшейту болып табылады. Конфликтология салаларының кіріктірмелігі барлық жекелеген конфликтологиялық ғылымдардың теңдік ұстанымы негізінде жүзеге асуы тиіс. Сонымен бірге, қазіргі кезде психология нақты жүйе құрушы ғылым рөлін атқарады. Бұл мыналармен анықталады: біріншіден, психология дау-дамайлардың түрін барлық зерттейтін жалғыз ғылым болып табылады; екіншіден, психологияның нысаны – барлық деңгейдегі дау-дамайлардың орталық саласы болып табылатын шынайы адам; үшіншіден, психологтар дау-дамайларды зерттеу көлемі бойынша жетекші орын алады; төртіншіден, психологияда тек 1992 жылы конфликтологияның қалыптасу, содан кейін көрсетілген білім салаларының ұштасуы негізіндегі даму мәселесі қойылып, кейінірек зерттелді.
Бұл күнде әр түрлі ғылымдар дау-дамайды зерттеуде алға басып және пәнаралық білімдер саласы – конфликтологияның қалыптасуына өз үлестерін қосты. Нақты ғылымда дау-дамай мәселесін толық пайдаланудың салыстырмалы дәрежедегі нақты өлшемдерінің бірі – аталмыш мәселеге байланысты жарияланымдар мен басылымдар. Психология дау-дамайларды зерттейтін ғылымдар арасында көшбасшы болып табылады. Дау-дамай мәселесіне байланысты жарияланымдардың жалпы санының 20,4%-ы психологтардың үлесіне тиеді. Бұл кез келген әлеуметтік және тұлға ішілік дау-дамайлардың пайда болу, даму және аяқталуында адамның үнемі анықтаушы себепті рөл атқаратындығымен байланысты. Дау-дамай психологиясынан басқа бұл құбылысты зерттеуге саясаттану мен әлеуметтану айтарлықтай үлес қосты. Дау-дамайды зерттейтін ғылымдардағы басылымдардың жалпы санының 58% -ы осы үш ғылымның өкілдерімен дайындалды.
2. Дау-дамай психологиясының тарихы конфликтологияның бір саласы ретінде
Біздегі дау-дамай психологиясының тарихы жалпы алғанда, орыс халқындағы конфликтологияның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Сондықтан, дау-дамай психологиясы да өз дамуында конфликтология жүріп өткен кезеңдер мен сатылардан өтті.
1-кезең – 1924 жылға дейін. Бұл кезеңнің ішінде конфликтологиялық идеялар адамдардың шынайы дау-дамайлардағы мінез-құлық қағидалары, ережелері мен тәсілдері тәжірибелік білім ретінде туындайды және дамиды. Сондай-ақ конфликтология мүдделеріне қатысты күштеу мен күштемеу мәселесі өнер мен мәдениетте өз көрінісін табады. Алғашқы тастарға салынған суреттерде адамдарға қатысты түрлі дау-дамайлар бейнеленген. Осы кезеңде дау-дамайлар туралы алғашқы ғылыми білімдер де жинақтала бастайды. Дау-дамай психология, философия және кейбір басқа ғылымдар шеңберінде зерттеледі, бірақ жеке құбылыс ретінде бөлініп шықпайды. Орыс халқының дау-дамай мәселесін зерттеуде белгілі жазушы, зұлымдыққа күшпен қарсы шықпау теориясының авторы Л.Н.Толстой көрнекті орын алады. Ал, қазақ халқының бас ақыны Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде халқымызға қатысты дау-дамай мен кикілжің, қақтығыстың рулар мен аталастар, ағайын мен туыстың, бауырлар мен күндестің балалары арасында тууы туралы өзіндік көзқарасын білдірді.
2-кезең – 1924-1990 ж.ж. Бұл кезең жекелеген конфликтология салаларының, оның ішінде дау-дамай психологиясының да пайда болу, қалыптасу және даму кезеңі. Дау-дамай әуелі үш (заңтану, әлеуметтану, жантану), ал кезең соңына қарай оннан астам ғылымның шеңберінде жеке құбылыс ретінде зерттеле бастайды. Біздегі конфликтология тарихындағы екінші кезең төрт негізгі сатыдан тұрады.
Заманымыздың заңғар жазушысы атанған М.Әуезов, қазақ психология ғылымына өзіндік үлесі бар ақын-жазушылар Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов т.б. шығармаларында да ұлтқа тән, оның ішінде батыр мен қорқаққа, бай мен кедейге, күшті мен әлсізге қатысты дау-дамай мәселесінің шешілуін өз шығармалары арқылы халықтың түсінігін кеңейтуге түрліше тәсілдермен көркемдік пен тартымдылықты, обзырлық пен аярлықты шебер пайдалана отырып жеткізді.
Бірінші саты -1924-1934 ж.ж. Ол жарияланымдардың алғашқы "толқынын" қамтиды. Дау-дамай мәселесіне байланысты психологтар мен әлеуметтанушылардың алғашқы еңбектері шыға бастайды. 1924 жылы орыс әлеуметтанушылары мен психологтары П.О.Гриффин мен М.М.Могилевскийдің дау-дамай мәселесіне байланысты алғашқы еңбектері жарияланады. Екінші саты -1935-1948 ж.ж. Жарияланымдардың мүлде жоқтығымен сипатталады. Бұл Ұлы Отан соғысымен және тұтастай елдегі жағдаймен байланысты болды. Үшінші саты – 1949-1972 ж.ж. Бұл кезеңде дау-дамай мәселесіне байланысты жыл сайын еңбектер жарияланып, алғашқы 25 кандидаттық диссертация қорғалады. Дау-дамайды жеке құбылыс ретінде философияда, педагогикада, тарихи және саяси ғылымдарда зерттеу басталды.
20-жылдардан бастап 70-жылдардың ортасына дейінгі кезеңде дау-дамайлар психологиялық зерттеулерде фрагменттік сипатта болғанына назар аудару қажет. Дау-дамайды зерттеудің әдіснамалық және теориялық базасын қалыптастыру үшін қажетті қорытындылайтын сипаттағы еңбектер болған жоқ.Бұл кезеңде дау-дамайлар психологияның дамуына Н.С.Кровчун, А.Д.Глоточкин, Н.Ф.Феденко, М.Н.Дьяченко, М.Л.Гомелаури, А.И.Ушатиков, А.И.Китов және т.б. сияқты ғалымдар елеулі үлес қосты.
Төртінші саты – 1973-1989 ж.ж. Бұл баспалдақта, 70-жылдың екінші жартысында жиналған эмпирикалық материалды теориялық ұғынуға әрекет жасаған психологтардың еңбектері шығады (Н.В.Крогиус, 1976; А.И.Донцов, Т.А.Полозова, 1977). Дау-дамайды психологиялық талдаудың ұғыну сызбасы ұсынылды (Л.А.Петровская,1977). Бұл кезеңде конфликтологиялық мәселелерді зерттеуге психолог-ғалымдар Н.В.Гришина, А.А.Ершов, И.В.Пономарев, А.Л.Свенцицкий, В.П.Галицкий, М.П.Крапивин және т.б. белсенді түрде қатысты. Төртінші кезеңнің қорытындысы Ресейдегі дау-дамай психологиясында аталмыш құбылысты зерттеудің үш бағытының: ұйымдастыру, іс-әрекеттік және тұлғалық қалыптасуы болды.
3-кезең – 1990 жыл – қазіргі уақыт. Алғашқы пәнаралық зерттеулер пайда болды, конфликтология – жеке ғылым, ал дау-дамай психологиясы оның жетекші саласы болып бөлініп шыға бастады. Мақалалар мен еңбектер санының шұғыл артуы байқалды (жылына 165-290-ға дейін), дау-дамайларды зерттеуге және реттеуге байланысты психологиялық орталықтар, топтар құрылды. Бұған А.Л.Анцупов, Н.В.Гришина, Ю.А.Канатаев, М.М.Рыбакова, Б.И.Хасан, А.И.Шипилов, В.А.Хащенко, Э.З.Хащенко және т.б. сияқты психолог-зерттеушілер айтарлықтай еңбек сіңірді.
Баќылау с±раќтары:
1. Конфликтология және оның салалары
2. Дау-дамай мәселесіне арналған алғашқы мақалалар Ресейде қай ғасырдың басында пайда болды
3. Дау-дамай психологиясының тарихы конфликтологияның бір саласы ретінде
2- лекция. Таќырыбы: Дау-дамайлар психологиясына кіріспе
Жоспары: 1. Шетел психологиясындағы дау-дамай мәселесі
Лекция маќсаты: Дау-дамайлар психологиясының тарихы мен конфликтологияның саласын, отандық конфликтология және шет ел психологиясындағы дау –дамац мәселелерін студенттерге түсіндіру
Лекция мєтіні
Тұлға ішілік және әлеуметтік дау-дамайларды зерттеуде шетел психологиясының айтарлықтай өзіндік дәстүрі бар. Шамамен 100 жылдық кезеңде жинақталған үлкен теориялық және эмпирикалық материал әр түрлі бағыттар мен теориялық бағдарламада көрініс табады. Дау-дамай психологиясының тарихында екі кезеңді шартты түрде бөліп көрсетуге болады: ХХ ғасырдың басы 50-жылдар және 50-жылдардың соңы – қазіргі уақыт. Мұндай бөлу негізі дау-дамай мәселесінің психологияда қарастырылатын басқа мәселелер қатарынан бөлініп шығу дәрежесіне байланысты болды. Ғасырдың бірінші жартысында дау-дамай зерттеудің жекелеген нысаны ретінде бөлінбеді, анағұрлым кең тұжырымдамалардың (мысалы, психоанализдегі немесе социометриядағы) құрамдас бөлігі ретінде қарастырылды. Психологтарды зерттеудің орталық бағдары ретінде дау-дамайдың өзі емес, олардың салдарлары немесе оған әкелетін себептердің кейбірі қызықтырды.
50-60 жылдар аралығында психологтардың ғылыми қызығушылығы тікелей осы құбылысқа ауған зерттеулер пайда болды. Негізгі бағыттарға бөлініп, дау-дамайдың психологиялық теориясының ұғымдық аппараты жасалды.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында шетелдік психологиялық зерттеулердің негізгі бағыттарының ішінен дау-дамайлар төмендегіше іріктелді:
-психоаналитикалық ( З.Фрейд, А.Адлер, К.Хорни, Э.Фромм);
-социотропты (У.Мак-Дугалл, С.Сигеле және т.б.);
-этологиялық (К.Лоренц, Н.Тинберген);
-топтық динамика теориясы (К.Левин, Д.Креч, Л.Линдсей);
-фрустрациялық-басқыншылық (Д.Даллорд, Д.Берковитц, Н.Миллер);
-мінез-құлықтық (А.Басс, А.Бандура, Р.Сирс);
-социометриялық (Д.Морено, Э.Дженигс, О.Додд, Г.Гурвич);
-интеракционистік (Д.Мид, Т.Шибутани, Д.Шпигель).
Психоаналитикалық бағыт ең алдымен, адамға тән даудың алғашқы тұжырымдамаларының бірін жасаған Зигмунд Фрейдтің (1856-1939) есімімен байланысты. Фрейд көбінесе, тұлға ішілік дау-дамайлармен шұғылданғанына қарамастан, оның сіңірген еңбегі тұлға аралық дау-дамайлардың себептерін бейсаналық кеңістіктен іздеу қажеттігін көрсетуі болды. Фрейдтің ізбасары Альфред Адлер (1870-1937) тұлғаның шағын ортамен дау-дамайларының мазмұнын жеке адамның толық жетілмегендігі мен біреулерінің басқаларынан басым болу сезіміне қатысты әрекеттерінен көрді.
Карен Хорни (1885-1952), Эрик Фромм (1900-1980), Гарри Салливен (1892-1949) дау-дамай табиғаты туралы түсінікті кеңейтті, оған әлеуметтік маңыз беруге тырысты. Сонымен, Хорни жеке адам мен оны қоршаған ортаның арасындағы дау-дамайлардың негізгі себебін жақын адамдар, бірінші кезекте ата-ана тарапынан тілектестіктің жетіспеушілігі деп санайды. Фромм бойынша, дау-дамай қоғамда тұлғалық ұмтылыстар мен мұқтаждықтарды іске асыра алмауға байланысты пайда болады.
20-30 жылдары дау-дамай мәселесі әлеуметтік психологтардың назарын аудара бастайды. Уильям Мак-Дугаллдың (1871-1938) пікірінше, қоғамда дау-дамайлардан қашып құтыла алмайсың, өйткені адамдарға қорқыныш, айуандық, өзін таныту т.б. сияқты әлеуметтік инстинкттер тән. Олар тұқым қуалау арқылы беріледі, сондықтан адамдар үнемі жанжалдасады.
Дау-дамайдағы этологиялық бағыттың бастамасы 30-жылдары австриялық жаратылыстану ғылымының өкілі, Нобель сыйлығының лауреаты Конрад Лоренцтің (1903-1988) еңбектерімен байланысты болды. Әлемдік ғылымда тұңғыш рет ол әлеуметтік дау-дамайлардың басты себебі: индивид пен тобырдың басқыншылығы деген болжам айтты. Лоренцтің пікірінше, жануарлар мен адамдарда басқыншылықтың пайда болу механизмдері ұқсас, ал басқыншылық – тірі организмнің тұрақты күйі.
Топтық динамика мәселесін зерттей отырып, германдық әрі американдық психолог Курт Левин (1890-1947) жеке адам мен орта арасындағы тепе-теңдік бұзылған кезде қысымшылық үстінде болатын мінез-құлықтың өзгермелілігі жүйесі тұжырымдамасын жасады. Бұл қысымшылық дау-дамай түрінде көрінеді. Дау-дамай негізі топ көшбасшысының іс-әрекетіндегі жағымсыз әдептен болуы мүмкін. Левин дау-дамайларды шешу жолдарын тұлғаның ұмтылыс аясы мен жеке адамдардың өзара әрекеттесу құрылымдарын қайта құрудан көрді. Йельск университетінің (АҚШ) психологтар тобы дау-дамайдың жаңа «фрустрациялық басқыншылық» болжамын ұсынды. Бұл тұжырымдамада дау-дамайлардың биоәлеуметтік себебі – жеке адамның басқыншылығы және әлеуметтік себеп – фрустрация біріктіріледі.
«Мінез-құлықтық» бағыттың өкілдері дау-дамайлардың себептерін адамның туа біткен саналарынан ғана емес, сондай-ақ оның осы саналарды өзгертетін әлеуметтік ортасынан да іздейді.
Джекоб Морено (1892-1974) жасаған социометрия теориясы бойынша, тұлға аралық дау-дамайлар адамдар арасындағы эмоционалдық қатынастар күйімен, олардың бір-бірімен қатынасына байланысты симпатиялары және антипатияларымен анықталады.
Символдық интеракционизмнің негізін салушы – американдық психолог және әлеуметтанушы Джордж Мид (1863-1931) пен одан кейінгі Чикаго мектептері өкілдерінің зерттеулері кең резонансқа ие болды. Олардың пікірлерінше, дау-дамайлардың себептері әлеуметтік өзара әрекеттесу үрдісінде жатыр. «Жеке адам – орта» қатынастарында ауытқудың пайда болу кезінде субъект ішкі үйлесімсіздік пен жайсыздықты сезіне бастайды. Оларды жоюға талпына отырып, жеке адам ортаға бейімделу үшін белсенді әрекеттер жасайды. Бейімделу барысында дау-дамайлар пайда болады.
Дау-дамайдың зерттелу бағыттарын талдауды қарастыру кезеңі психологияның дәстүрлі бағыттары негізінде олардың теориялық қалыптасқандығын көрсетеді. Бұл бағыттар соңғы 40-45 жылда дау-дамайларды зерттеу кезінде батыс психологтары сүйенетін негіз болды. Мысалы, 60-жылдары психоанализ бен интеракционизм идеяларын синтездеу негізінде трансактілі анализ теориясын жасаған американдық психотерапевт Эрик Берннің (1902-1970) еңбектері жарияланды. Берн бойынша тұлға құрылымы («Мен») үш компонетті қалыпты енгізеді. Бұл – «бала» (еркін эмоциялар, талаптар мен сезімдер көзі), «ата-ана» (таптаурындарға, нанымдарға, қорытындылауға, үйретулерге көңіл қою) және «ересек» (өмірге рационалды және жағдайға байланысты қатынас). Адамдардың өзара әрекеттесуі барысында трансакциялар жүзеге асады. Егер қиылыспайтын трансакция іске асса, онда ол дау-дамайсыз қатынастарды қамтамасыз етеді. Егер қиылатын трансакция пайда болса, онда ол дау-дамайға әкеп соқтыруы мүмкін болатын қарым-қатынас үрдісінің бұзылуынан хабардар етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |