Лекция:: 15 Семинар: 13 СӨЖ: 62 Барлық сағат саны: 90 Аралыќ баќылау (АБ)- 60балл



бет5/10
Дата17.06.2016
өлшемі0.94 Mb.
#142176
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

3. Адамдардың қалыпты өмір сүруі үшін маңызы зор материалдық және рухани құндылықтардың жетіспеушілігі. Пәтер, үй, сыйақы, шетелге іс-сапар, басқа да материалдық және рухани ресурстарды бөлу объективті түрдегі даулы үрдіс болып табылады.

4. Тұлға аралық дау-дамайлар бөлігінің объективті себебі болып табылатын жағдайлар: адамдардың материалдық-тұрмыстық жайсыздығы, кейде отбасының қарапайым мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін қажетті қаржының жетіспеушілігі, адамның шығармашылықпен өзін-өзі дамытуына шектеу туғызатын, өз қабілеттерін үнемі жүзеге асыра бермейтін іс-әрекетімен байланысты өмір сүру қалпы.

5. Соңғы ғасырда, тіпті одан да көп уақыт бұрын қалыптасқан еліміздің азаматтарының дау-дамайлардың пайда болуына мүмкіндік беретін тұлға аралық және топ аралық қатынастарының кейбір едәуір тұрақты таптаурындары бар. Адамдардың өздері мемлекет, көбінесе қоршаған адамдар тарапынан жиі қорлық пен жәбір көретіндіктен, олар дау-дамайға оңай және ойланбастан барады.

Дау-дамайлардың ұйымдық-басқарушылық себептері. Дау-дамайлардың объективті себептерінің екінші тобы ұйымдық-басқарушылық сипат алады. Бұл себептерге алғашқы топтық себептермен салыстырғанда субъективизм элементі көбірек тән. Дау-дамайлардың ұйымдық-басқарушылық себептері ұйымдардың, ұжымдардың, топтардың құрылуымен және қызмет етуімен байланысты.

Дау-дамайлардың құрылымдық-ұйымдық себептері ұйым құрылымының ол шұғылданатын іс-әрекет талаптарына сәйкес келмеуімен сипатталады.

Дау-дамайлардың функционалды-ұйымдық себептері функционалды байланыстардың, яғни ұйымның сыртқы ортамен; ұйымның құрылымдық элементттері және жеке қызметкерлер арасындағы байланыстардың қолайсыздығынан туындайды. Мысалы, сапасыз шикізат жеткізу ұсынушы мен тапсырыс беруші арасында объективті түрде дау-дамай алдындағы жағдаятты туғызады.

Дау-дамайлардың тұлғалық-функционалдық себептері қызметкердің кәсіби, адамгершілік және басқа да сапаларының атқаратын қызметтің талаптарына толық сәйкес келмеуімен байланысты.

Дау-дамайлардың жағдаятты-басқарушылық себептері басшылар мен бағынушылардың басқару және басқа да міндеттерді шешу үрдісінде жіберетін қателіктеріне негізделеді. Өндірістік дау-дамайларды зерттеу нәтижесінде басшының кінәсінен, оның қате де конфликтіге итермелейтін шешімдері үшін - 52%, сәйкессіздік себебінен -33%, кадрларды дұрыс таңдамау себебінен - 15% даулы жағдаят пайда болатындығы анықталған (Рубахин, Филиппов,1972). Бұл мәліметтер ұйымдық-басқарушылық факторлардың еңбек ұжымдарындағы дау-дамайлардың 67%-ң себебі бола алатындығын көрсетеді.

Дау-дамайлардың әлеуметтік-психологиялық себептері. Дау-дамайлардың пайда болуындағы әлеуметтік-психологиялық себептердің рөлі жайлы әр түрлі көзқарастар бар. Олардың бірі былайша сипатталады: "...дау-дамайға бірінші кезекте объективті әлеуметтік-экономикалық детерминанттар себепші болады." Сонымен қатар, бір жағынан барлық дау-дамайларда қарсы жақтардың әлеуметтік-психологиялық аспектілерінің болатындығы, ал екінші жағынан әлеуметтік-психологиялық факторлардан туындайтын дау-дамайлардың жекелеген топтарыны бар екендігі айқын (Петровская, 1977.). Әлеуметтік-психологиялық себептің қатарына адамдардың тікелей өзара әрекеттесуіне, олардың әлеуметтік топтарға ену факторларына негізделген дау-дамайлардың себептері жатады.

Дау-дамайлардың тұлғалық себептері. Дау-дамайлардың тұлғалық себептері оған қатысушылардың жеке -психологиялық ерекшеліктерімен байланысты. Олар адамның басқа адамдармен және қоршаған ортамен өзараәрекеттесуі кезінде психикасында болып жатқан үрдістердің ерекшеліктеріне негізделген .

Әлеуметтік өзара әрекеттесу үрдісінде адам серіктес болып табылатын басқа адам тарапынан күтілетін мінез-құлық, қарым-қатынас, іс-әрекеттің бірнеше нұсқаларының диапозонына ие болады. Күтілетін әрекеттердің нұсқалары қалаулы, рұқсат етілген, қалаусыз, рұқсат етілмеген болуы мүмкін. Қалаусыз әрекеттер дау-дамайалды жағдайға әкелуі мүмкін болса, рұқсат етілмеген әрекеттер дау-дамайға әкеледі. Көбінесе мүмкін емес әрекеттерге оппоненттердің басқыншылық әрекеті себепші болады. Басқыншылық (агрессия) – бұл дене немесе психологиялық зиян, залал келтіруге не болмаса басқа адамды немесе адамдар тобын жоюға бағытталған жеке немесе ұжымдық мінез-құлық.

Дау-дамайлардың тұлғалық себебі адамда эмпатияға деген қабілеттіліктің, яғни басқа адамның эмоционалдық күйін түсіну, бірге сезіну және оған жанашырлықтың нашар дамуынан көрінеді. Жеке адамның басқа адамдар мен топты жек көруінен, жылы шырайдың жоқтығынан, салқындық пен теріс ниеттілігінен көрініс табатын тұрақты жағымсыз эмоционалдық қатынас ретіндегі антипатия да даулы жағдайдың пайда болуы мен дамуына себеп бола алады.
Баќылау с±раќтары:

1. Дау-дамай психологиясындағы топтастыру мәселесі.

2. Дау-дамайларды топтастырудың негізгі түрлері

3. Тұлға аралық дау-дамайлар дегеніміз

4. Н.В.Гришина өндірістік дау-дамайларды зерттеу нәтижесінде дау-дамай түрлерін бөліп көрсетті, атаңыз?

5. Әлеуметтік-психологиялық және тұлғалық себептері

6. Дау-дамай пайда болуының объективті факторлары

7. Дау-дамайлардың субъективті себептері

8. Дау-дамайлардың ұйымдық-басқарушылық себептері.

9. Дау-дамайлардың құрылымдық-ұйымдық себептері

10. Дау-дамайлардың функционалды-ұйымдық себептері

11. Дау-дамайлардың тұлғалық-функционалдық себептері

12. Дау-дамайлардың жағдаятты-басқарушылық себептері

13. Дау-дамайлардың әлеуметтік-психологиялық себептері.


7- лекция. Таќырыбы: Дау-дамайларды топтастыру. Әлеуметтік дау-дамайларға жалпы сипаттама
Жоспары: 1. Әлеуметтік дау-дамайлардың құрылымы мен қызметтері

2. Тұлға аралық дау-дамайлардың өзгермелілігі


Лекция маќсаты: Әлеуметтік дау-дамайлардың құрылымы мен қызметтерін, тұлғааралық дау-дамайлардың өзгермелілігін студенттердің бойына сіңіру
Лекция мєтіні

1. Дау-дамайларды сипаттаудың әмбебап ұғымдық сызбасының ең маңызды элементтерінің бірі оның құрылымы мен функциялары болып табылады.



Дау-дамай құрылымы. Дау-дамай жүйе болумен қатар үрдіс те болып табылады. Сондықтан дау-дамай құрылымы дау-дамайдың тұтастығын, оның динамикалық түрде өзара байланысты тұтас жүйе және үрдіс болуына мүмкіндік беретін әлеуметтік өмірдің басқа құбылыстарынан ерекшелігін қамтамасыз ететін тұрақты байланыстарының жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Дау-дамай құрылымының негізгі компоненттері 6-суретте көрсетілген .


6-сурет. Дау-дамай құрылымы
Суретті талдауға кіріспес бұрын, «дау-дамай» ұғымынан басқа «даулы жағдаят» деген ұғымның да жиі қолданылатынын атап өту қажет. Бір жағдайларда олар бір мәнді, бір мағыналы ретінде қарастырылады, ал екінші бір жағдайларда олардың арасындағы айырмашылықтар бөлініп көрсетіледі. Даулы жағдаяттың дау-дамайға қатысты жеке ұғым екендігі айқын. Даулы жағдаят дау-дамайдың үзіндісі, оның дамуының мақсатты эпизоды мен белгілі бір уақыт кезіндегі өзіндік «фотографиялық суреті» болып табылады. Сондықтан дау-дамай құрылымын даулы жағдаят құрылымы ретінде де қарастыруға болады.

6-суретті талдау әрбір даулы ситуацияның объективті мазмұны мен субъективті (психологиялық) мәні бар екендігін көрсетеді. Дау-дамайдың осы құрама бөліктерін қарастырайық.

А. Даулы жағдаяттың нақты мазмұны:

1. Дау-дамайға қатысушылар. Кез-келген әлеуметтік дау-дамайда, ол тұлға аралық немесе мемлекет аралық дау-дамай болсын негізгі әрекет етуші тұлғалар адамдар екендігі белгілі. Олардың дау-дамайға қатысу дәрежесі – тікелей қарама-қарсы әрекеттесуден дау-дамай барысына жанама ықпал етуге дейін әр түрлі болуы мүмкін. Осыған сүйене отырып, дау-дамайдың негізгі қатысушылары, қолдау топтары мен басқа да қатысушылар бөліп көрсетіледі.



Дау-дамайдың негізгі қатысушылары. Оларды көбінесе жақтаушылар немесе қарама-қарсы күштер деп те атайды. Бұл дау-дамайдың бір-біріне қарсы белсенді (шабуылшы немесе қорғаушы) әрекеттерді тікелей жасайтын субъектілері. Кейбір авторлар «оппонент», яғни латын тілінен аударғанда «пікірталастағы қарсылас» деген ұғымды қолданады (Бородкин, Коряк, 1989).

Қолдау топтары. Кез-келген дау-дамайда үнемі оппоненттердің артында жекелеген индивидтер, топтар және т.б. сияқты күштер тұрады. Олар не белсенді әрекеттерімен, не тек қана өздерінің қатысуымен немесе үнсіз қолдауымен дау-дамайдың дамуына түбегейлі түрде әсерін тигізе алады. Тіпті жекелеген инциденттердің дау-дамай барысында куәгерлерсіз бетбе-бет өтуі мүмкін болатынын ескеретін болсақ, дау-дамай нәтижесі көп жағдайда олардың бар болуымен анықталады.

Басқа қатысушылар. Аталмыш топқа дау-дамайдың барысы мен нәтижесіне эпизодтық ықпалын тигізетін бірқатар субъектілер кіреді. Бұлар арандатушылар мен ұйымдастырушылар. (Дмитриев, Кудрявцев, Кудрявцев, 1993).

Арандатушы – бұл басқа қатысушыны дау-дамайға итермелейтін адам, ұйым немесе мемлекет. Ұйымдастырушы – дау-дамайды және қатысушыларды қамтамасыз ету мен қорғаудың әр түрлі жолдарын жоспарлаушы адам немесе топ.



2. Дау-дамайдың пәні. Дау-дамайдың пәні екі жақтың қақтығысу көзі болатын болжам немесе нақты бар екендігі туралы мәселе; дау-дамайдың пайда болуына түрткі болған негізгі қайшылық.

3. Дау-дамай нысаны. Оны әрбір жағдайда бірден бөліп көрсету үнемі бола бермейді. Дау-дамай мәселесі мен оның пәні оңай анықталады. Нысан тереңде жататын мәселенің өзегі, даулы жағдаяттың орталық саласы болып табылады. Сондықтан кейде оны дау-дамайға себеп, сылтау ретінде қарастырады. Дау-дамай нысаны дегеніміз - екі оппонент те иемденуге немесе пайдалануға ұмтылатын нақты материалдық (ресурс), әлеуметтік (билік) немесе рухани (идея, норма, принцип) құндылық.



4. Микро және макроорта. Дау-дамайды талдау кезінде дау-дамайға қатысушылар сол жағдайда болатын және әрекеттесетін элементті, яғни дау-дамай пайда болған микро және макроортаны бөліп көрсетуі қажет. Мұндай бағыт дау-дамайды жеке жүйе ретінде емес, әлеуметтік жағдаят ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Б. Дау-дамайдың психологиялық құрамды бөліктері.

Даулы жағдаяттың маңызды психологиялық құрамды бөліктері: түрткілер, екі жақтың мақсат-ниеттері, мінез-құлықтың стратегиясы мен тактикасы, сондай-ақ олардың даулы жағдаятты қабылдауы, яғни дау-дамайдың ақпараттық модельдері болып табылады.

1. Әр жақтардың түрткілері. Дау-дамайдағы түрткілер – бұл оппоненттің мұқтаждықтарын қанағаттандырумен байланысты болатын дау-дамайға түсуге талаптану, субъектінің даулы белсенділігін туғызатын сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы. Дау-дамайда оппененттердің шынайы түрткілерін анықтау көбінесе қиын, өйткені олар көп жағдайда алғашқы мотивтерден ерекшеленетін дау-дамайға қатысу мотивтерін ұстанымдар мен декларацияланатын мақсаттарда көрсете отырып, оларды жасырады.

Қарама-қарсы әрекеттесуші жақтардың мотивтері олардың мақсаттарында айқындалады. Оппоненттің басты мақсаты дау-дамайдың нысанын иелену. Оған тактикалық мақсаттар бағынышты болады.

Адамның, әлеуметтік топтың дау-дамайдағы мақсат-ниеттерінің әдетте талданатын және есепке алынатын соңғы элементі, ең көрнекті бөлігі ұстаным (позиция) болып табылады. Бұл даулы жағдаяттың элементтеріне оппоненттің тиісті мінез-құлқы мен қылықтарынан көрінетін қатынастарының жүйесі.



2. Даулы мінез-құлық дау-дамайға қатысушылардың қарама-қарсы бағытталған әрекеттерінен тұрады. Әрбір жақтың мүдделерін іске асыруға бағытталған реакцияларының кезектесуі мен оппонент мүдделерінің шектелуі дау-дамайдың көзге түсерлік (айқын) әлеуметтік шынайылығын құрайды.

Дау-дамайдағы мінез-құлық стратегиясы тұлғаның (топтың) дау-дамайға қатысты бағытталуы, дау-дамай ситуациясындағы мінез-құлықтың белгілі бір формаларына (түрлеріне) бағдар ретінде қарастырылады . Стратегиялар дау-дамайда әр түрлі тактикалар арқылы жүзеге асады. Тактика (грек тілінен алғанда tasso - әскерді сапқа тұрғызу) – бұл оппонентке ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы, стратегияларды жүзеге асыру құралы. Бір тактика стратегияның түрлі шеңберінде қолданылуы мүмкін. Мысалы, деструктивті әрекеттер ретінде қарастыратын қатер немесе қысым қарама-қарсы жақтардың біреуі дайын емес немесе қабілетсіз болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Тактикалар қатал, бейтарап және ыңғайлы да болады. Дау-дамайларда тактикаларды қолдану әдетте ыңғайлыдан едәуір қаталға қарай жүреді.



3. Даулы жағдаяттың ақпараттық модельдері. Даулы жағдаяттың осы субъективті компонентін басқаша «дау-дамайды оппоненттердің қабылдауы» деп атайды. Ол дау-дамайдың пайда болуы мен дамуын түсіну үшін ерекше маңызды болып табылады.

Осы келтірілген құрылым дау-дамай психологиясындағы ең қолайлысы болып табылады. Сонымен бірге психологтар арасында дау-дамайдың құрылымы жөнінде үзілді-кесілді бірыңғай түсінік әлі жоқ. Қазіргі уақытта дау-дамайлар функциясы тақырыбы да біршама проблемалы болып келеді.



Дау-дамайлардың қызметі. Дау-дамайларды жүйелі-функционалдық талдау олардың қатысушылар мен әлеуметтік ортаға қатысты рөл атқаратындығын көрсетеді. Бұл ықпал көп мағыналы және дау-дамайдың функционалдығы ретінде де қарастырылуы мүмкін. Дау-дамай, оның дамуының әлеуметтік және психологиялық үрдістері оппоненттердің де және айналасындағылардың да психикасына, мінез-құлқына, іс-әрекетіне әсер ететін жағдайда функционалды болады.

Конфликтінің негізгі қатысушыларға қатысты конструктивті функцияларының ішінен төмендегілерді көрсетуге болады:

1) Дау-дамай іс-әрекетті ұйымдастырудың жетілмеуіне қарай пайда болатын қайшылықты, басқарудағы қателіктерді, жекелеген қызметкерлердің ұқыпсыздығын және т.б. толығымен немесе біртіндеп жояды. Дау-дамай кемшіліктерді, жеткіліксіз іскерлік пен парасаттылық фактілерін айқын көрсетеді. 75%-дан көп жағдайларда дау-дамайлар аяқталған кезде олардың негізінде жатқан қайшылықтарды толығымен немесе жарым -жартылай шешу мүмкін болады.

2) Дау-дамай оған қатысушы адамдардың жеке-психологиялық ерекшеліктерін анағұрлым терең бағалауға мүмкіндік береді. Дау-дамай адамның құндылық бағдарларын, оның іс-әрекетке, өзіне немесе өзара қатынастарға бағытталған мотивтерінің салыстырмалы күштерін, қиын жағдаяттың күйзелісті факторларына психологиялық тұрақтылығын анықтайды.

3) Дау-дамай қатысушылардың даулы жағдаятқа қарсы әрекеті болып табылатын психикалық шиеленісті азайтуға мүмкіндік береді. Даулы өзара әрекеттесу адамдағы мүмкін боларлық жағымсыз салдардан басқа, әсіресе эмоционалдық қарқынды қарсылыққа ұштасатын эмоционалдық шиеленісушілікті төмендетеді.

4) Дау-дамай тұлғаның, тұлға аралық қатынастардың даму көзі болып табылады. Дау-дамайды оны конструктивті шешу адамға қоршағандармен өзара әрекеттесу тәсілдерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Тұлға қиын жағдаяттарды шешудің әлеуметтік тәжірибесін меңгереді.

5) Дау-дамай дербес іс-әрекеттің сапасын жақсарта алады.

6) Дау-дамайда әділ мақсаттарды жақтау кезінде оппонент қоршағандар арасында өзінің беделін арттырады.

7) Әлеуметтену үрдісі қайшылықтарының көрінісі болатын тұлға аралық дау-дамайлар тұлғаның өзін таныту, қоршағандармен өзара әрекеттесуде белсенді ұстанымын қалыптастырудың құралы ретінде анықталуы мүмкін (Первышева, 1990)

Дау-дамайдың конструктивті функцияларынан басқа, деструктивті салдары да бар.



1. Дау-дамайлардың көпшілігі оған қатысушылардың психикалық күйіне жағымсыз әсерін тигізеді.

2. Сәтті дамымаған дау-дамайлар психологиялық және дене күшін көрсетуге, демек оппоненттерге зақым келтіруге ұштасуы мүмкін.

3. Дау-дамай қиын жағдаят ретінде үнемі күйзеліспен қатарласа жүреді. Жиі және эмоционалды түрде шиелініскен дау-дамайлар кезінде жүрек-қан тамыр ауруларының, сондай-ақ асқазан-ішек жолы жұмысының созылмалы бұзылуларының мүмкіндігі шұғыл артады (Иванов, 1965, Судаков, 1974).

4. Дау-дамай – бұл өзара әрекеттесуші субъектілердің арасында оның басталуына дейін қалыптасқан тұлға аралық қатынастар жүйесінің бұзылуы. Қарсы жаққа пайда болған жек көрушілік, өшпенділік, қастық дау-дамайға дейін қалыптасқан өзара ізгі байланыстарды бұзады. Кейде дау-дамай нәтижесінде қатысушылардың өзара қатынастары мүлде тыйылады.

5. Дау-дамай басқаның жағымсыз бейнесін, яғни «жаудың бейнесін» қалыптастырады, ал ол өз кезегінде оппонент жөнінде жағымсыз бағдардың қалыптасуына мүмкіндік береді.

6. Дау-дамайлар оппоненттердің жеке іс-әрекеттерінің тиімділігіне жағымсыз әсер етуі мүмкін.

7. Дау-дамай тұлға мен топтың әлеуметтік тәжірибесінде проблемаларды шешудің күш көрсететін тәсілдерін орнықтырады. Бір жолы күш көрсетудің көмегімен жеңе отырып, адам аталмыш тәжірибені әлеуметтік өзара әрекеттесудің басқа осыған ұқсас жағдаяттарында қайта жаңғыртылады.

8. Дау-дамайлар көбінесе тұлғаның дамуына жағымсыз ықпалын тигізеді.
2 . Тұлға аралық дау-дамайлардың өзгермелілігі

Кез-келген әлеуметтік құбылыс сияқты дау-дамай уақыт ағынымен жүретін үрдіс ретінде қарастырылуы мүмкін. Дау-дамайдың пайда болатын, дамитын және аяқталатын белгілі бір кезеңдері мен этаптары болады. Әңгіме дау-дамайдың өзгермелілігі жайында болып отыр.



Обьективті проблемалық жағдаяттың пайда болуы. Егер жалған дау-дамай пайда болатын жағдайларды есептемесек, онда әдетте дау-дамай объективті проблемалық жағдаяттан туындайды (Петровская, 1977). Субъектілердің (олардың мақсаттарының, мотивтерінің, әрекеттерінің, ұмтылыстарының және т.б.) арасындағы қарама-қайшылықтардың пайда болуы осындай жағдаяттардың мәні болып табылады. Егер қайшылық әлі ұғынықты емес және даулы әрекеттер болмаса, онда жағдаятты проблемалық деп атайды.

Обьективті проблемалық жағдаятты ұғыну. Ақиқатты проблемалы әрі қайшылық ретінде қабылдау, қайшылықты шешу үшін қандай да бір әрекеттерге кірісу қажеттілігін түсіну аталмыш сатының мәнін құрайды. Мүдделерді іске асыру үшін кедергілердің болуы проблемалық жағдаяттың бұрмаланулармен субъективті түрде қабылдануына мүмкіндік береді.

Әр жақтардың обьективті мәселені даусыз тәсілдермен шешу әрекеттері. Жағдаяттарды қарама-қайшылықта түсіну әр жақтардың даулы әрекеттесуіне үнемі автоматты түрде әкеп соқтыра бермейді. Көбінесе олар немесе олардың біреуі проблеманы даусыз тәсілдермен (сендірумен, көзін жеткізумен, түсіндірумен, өтінумен, қарсы тұрған жақтарға ақпарат берумен) шешуге тырысады. Кейде өзара әрекеттесуге қатысушы проблемалық жағдаяттың дау-дамайға ұласуын қаламай көнеді. Кез-келген жағдайда аталмыш сатыда қарсы жақтар өз мүдделерін дәлелдейді және өз ұстанымдарын белгілейді.

Дау-дамай алдындағы жағдаяттың пайда болуы. Жағдаяттың даулылығы өзара әрекеттесуші жақтардың бірінің қауіпсіздігіне қатердің төнуі ретінде қабылданады. Жағдай дау-дамайдың алды ретінде және қауіп-қатерді қабылдау кезінде қандай да бір қоғамдық маңызды құбылыс ретінде түсінілуі мүмкін. Ашық кезеңді көбінесе даулы өзара әрекеттесу немесе дау-дамайдың нақты өзі деп атайды. Ол мыналардан тұрады: а) инцидент; б) дау-дамай эскалациясы; в) баланс жасалған қарама-қарсы әрекет; г) дау-дамайдың аяқталуы.

Инцидент жақтардың сыртқы қарама-қарсы әрекеттесулерінен, қақтығысуларынан көрініс табатын дау-дамай динамикасындағы бірінші ашық саты болып табылады. Егер әрекеттесуші жақтардың бірінің ресурстарының салмағы жеткілікті болып, өз пайдасына шешілсе, онда дау-дамай инцидентпен шектеледі. Көбінесе дау-дамай даулы оқиғалардың, инциденттердің кезектесуі ретінде әрі қарай дамиды. Өзара даулы әрекеттер әрі қарай болатын әрекеттерге жаңа стимулдар ендіре отырып, конфликтінің бастапқы құрылымын күрделендіруге, өзгертуге қабілетті. Мұндай үрдіс «дау-дамай эскалациясы» деген атауға ие болады.

Көбінесе, дау-дамайда оның эскалациясын айғақтайтын күрестің жылдам шиеленісуі жүреді. Эскалацияның белгілері болып табылатындар: когнитивті аясының тарылуы, «жау бейнесінің» пайда болуы, эмоционалдық күштенудің артуы, жеке қарсы шығу әрекетіне өту, бұзылатын және қорғалатын мүдделердің бағыну сатыларының өсуі және олардың поляризациясы, күш қолдану, келіспеушіліктің бастапқы нысанының жоғалуы, дау-дамай шекарасының кеңеюі.



Баланс жасалған қарама-қарсы әрекет. Қарсы жақтар қарама-қарсы әрекеттесуді жалғастырады. Алайда күрес қарқындылығы төмендейді. Қарсы жақтар дау-дамайды күштеу әдістерімен жалғастыру нәтиже бермейтіндігін түсінеді, бірақ келісімге келуге байланысты әрекеттер әлі жасалмайды.

Дау-дамайдың аяқталуы даулы қарама-қарсы әрекеттесуден мәселені шешу жолдарын іздеуге өтумен, дау-дамайды кез-келген себептерге байланысты тоқтатуға өтумен сипатталады. Дау-дамай аяқталуының негізгі формалары – , реттеу, тоқтату, жою немесе басқа дау-дамайға айналдыру.

Дау-дамайдан кейінгі кезең екі сатыдан тұрады: а) жаңадан келген оппоненттердің қатынастарын жарым-жартылай қалыпқа келтіру; б) олардың қатынастарын толық қалыпқа келтіру.

Қатынастарды жарым-жартылай қалыпқа келтіру дау-дамайда орын алған жағымсыз эмоциялар жоғалмаған жағдайларда өтеді. Қатынастарды толық қатынасқа келтіру жақтардың әрі қарайғы конструктивті өзара әрекеттесудің маңыздылығын жете түсінуі кезінде болады. Бұған жағымсыз бағдарларды жеңу, бірлескен іс-әрекетке өнімді қатысу, сенім орнату мүмкіндік береді. Қарастырылған кезеңдер мен сатылардың ұзақтығы әр түрлі болуы мүмкін: қас қағым сәтте (оқушылардың үзілістегі дауларында) немесе ондаған жылдарға созылуы мүмкін (испан колонияларының 1810-1826 ж.ж. Америкада тәуелсіздік үшін соғысы немесе 1959-1973 ж.ж. вьетнам соғысы). Кейбір сатылардың болмауы да мүмкін (мысалы, инциденттен кейін екі жақтың біреуі келісімге келеді де дау-дамай аяқталады).

Дау-дамайды кезеңдер мен сатыларға бөлу оны күрделі динамикасы бар құбылыс ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Жекелеген стратегиялар мен тактикалар дау-дамайдың өту уақытының түрлі бөліктерінде әр түрлі мәнге ие болады. Дау-дамай көбінесе тікелей конфронтация болмаған кезде оппоненттердің мүмкіндіктерін, өз ресурстарын «зерттеу» сәттерінен тұрады.

Дау-дамайлардың ұзақтығында қандай жақтардың оған қатысатындығына байланысты ерекшеліктер болады. Қатерге бас тіккен жағдайларда дау-дамайлар айқын «жылдам» қарқында дамиды. Дау-дамай нәтижесі оның ұзақтығына тәуелді. Ұзаққа созылған дау-дамайларда даудың іскерлік негізі азаяды да эмоционалдық-тұлғалық негізі артады. Қылмыстық дау-дамайлардың ерекшелігі олардың күш қолданумен аяқталатын шапшаң эскалациясы болып табылады. Дау-дамайлардың жиілігі бірлескен іс-әрекет сипатының бір жыл ішіндегі циклдық өзгерістеріне тәуелді болады.

Қорыта келгенде мыналарды атап өткен жөн: дау-дамайлардың жіктелуін, құрылымын, өзгермелілігін, функциялары мен себептерін білмейінше, оларды тиімді, нәтижелі реттеледі дегенге сену қиын.

Дау-дамайлардың пайда болуының негізгі обьективті факторлары мыналар: тіршілік ету үрдісінде адамдар қызығушылықтарының табиғи түрде қайшы келуі; әлеуметтік қайшылықтарды шешудің нормативті процедураларының нашар жасалуы және қолданылуы; адамдардың қалыпты өмір сүруі үшін маңызды материалдық және рухани игіліктердің жетіспеушілігі мен әділетсіз бөлінуі; адамдардың материалдық қамтамасмыз етілмегендігі және радикалды, ауқымды, шапшаң өзгерістермен байланысты өмір сүру салты; әлеуметтік қайшылықтарды даулы түрде шешудің біз үшін дәстүрлі стереотиптері және т.б.

Дау-дамайлардың әлеуметтік-психологиялық себептеріне жататындар: тұлға аралық және топаралық қарым-қатынас үрдісінде ақпараттардың жоғалуы мен бұрмалануы; адамдардың қайта балансталған рөлдік өзара әрекеттесуі; бірдей күрделі оқиғаларды әр түрлі бағытта бағалау; топ ішіндегі фаворитизм; жарыс және бәсекелестік; децентрацияға қабілеттің шектеулігі және т.б.

Дау-дамайдың негізгі тұлғалық себептері мыналар: адамның тұлға аралық дау-дамайларға түсу жиілігін көрсететін, оның интегралды қасиеті ретіндегі тұлға дау-дамайларының жоғары деңгейі; эмпатияның нашар дамуы; талаптанудың адекватты емес деңгейі; мінез акцентуациялары және т.б.


Баќылау с±раќтары:

1. Дау-дамай құрылымы.

2. Дау-дамайдың психологиялық құрамды бөліктері.

3. Дау-дамайдың конструктивті функцияларынан деструктивті салдары

4. Тұлға аралық дау-дамайлардың өзгермелілігі

6. Обьективті проблемалық жағдаяттың пайда болуы.

7. Обьективті проблемалық жағдаятты ұғыну..

8. Әр жақтардың обьективті мәселені даусыз тәсілдермен шешу әрекеттері.

9. Дау-дамай алдындағы жағдаяттың пайда болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет