3. Дау-дамайлардың нақты түрін талдау әдістемесін жасау. Әдістеме дау-дамайларды зерттеу үрдісінде қолданылатын әдістер мен процедуралардың жүйесін құрайды. Ол зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуі, едәуір толық және сенімді ақпарат алуды қамтамасыз етуі тиіс.
4. Дау-дамайларды сынамалы зерттеу. Шағын сұрыптау арқылы алынған ақпараттың сенімділігін бағалау, бағдарлама мен әдістемені толықтыра отырып жасау. Практика зерттеудің барлық міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін әдістемені бірден жасаудың қиын екендігін көрсетеді. Зерттеу барысында бірден барлық ұйымдық мәселелерді, зерттелетін адамдардың мінез-құлық ерекшеліктерін, оларға бағытталған сұрақтарды түсіну; нәтижеге елеулі әсерін тигізуі мүмкін жанама факторлардың және олардың сырттай ықпал ету тәсілдерін қарастыру; зерттеу үшін қажетті күштерді, құралдар мен уақытты дәл анықтау; мәліметтерді өңдеудегі қиындықтарды және басқа да мәселелерді анықтау мүмкін емес. Бұл сұрақтарға тек зерттеу практикасында ғана жауап алуға болады. Сондықтан да сынамалы зерттеу өте қажет. Ол «жіңішке» жерлерді алдын ала анықтауға және оларды жоюға мүмкіндік береді.
5. Алғашқы конфликтологиялық ақпарат жинау. Алынған мәліметтердің дұрыстығы мен сенімділігін қадағалаумен ұштасады. Бұл кезеңде талдау бағдарламасын мүмкіндігінше анағұрлым толық іске асыру, жоспарланғанның бәрін зерттеу, жиналған мәліметтерді бұрмалауға жол бермеу маңызды.
6. Жинақталған мәліметтерді сапалық және сандық өңдеу ұсынылған болжамдарға сәйкес жүргізіледі, сондай-ақ олардың шеңберінен шығып кетуі де мүмкін. Мұнда мазмұнды теориялық конфликтологиялық талдау негізгі әдіс болып табылады. Математикалық әдістерді, компьютерлік технологияны сауатты қолдану оның мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.
7. Алынған нәтижелерді талдау және түсіндіру өңделген мәліметтерді жүйеге келтірумен, осы негізде зерттелетін дау-дамайдың сипаттаушы және түсіндіруші модельдерін жасаумен сипатталады. Нәтижелерді түсіндіре отырып, зерттеуге дейін қалыптасқан бағдарлардың жағымсыз ықпалына бой алдырмау маңызды. Егер алынған фактілер күтілген фактілерге қайшы келетін болса, онда оларды ысырып тастамай, болжамдарды өзгерту және фактілерді қайталап тексеру қажет. Бұл кезеңде дау-дамайдың дамуына әсерін тигізетін себептер жүйесін анықтау, оның динамикасындағы заңдылықтарды ашу қажет.
8. Қорытындыларды, практикалық ұсыныстарды негіздеу және тұжырымдау зерттеуді аяқтайды. Бұл кезеңде психолог жұмысының нәтижелілігін арттыру үшін тек қана зерттеу барысында алынған ақпараттарды пайдаланбай, өз тәжірибесіне сүйене отырып, конфликтологияның барлық салаларындағы аталмыш мәселеге байланысты білімдерді ескеру қажет.
Баќылау с±раќтары:
1. Даму принципі
2. Жалпы ортақ байланыстар принципі.
3. Теория, эксперимент және практиканың диалектикалық бірлігі принципі
4. Дамудың үш деңгейінің (сипаттаушы, түсіндіруші, басқару) әрқайсысында дау-дамай психологиясы үш түрлі мазмұндық модельдері
5. Жүйелі бағыт принципі
6. Нақты-тарихи бағыт принципі
7. Дау-дамайларды талдау кезеңдері
5- лекция. Таќырыбы: Әдіснама, дау-дамайлардың диагностикасы мен психологиялық зерттеу әдістері
Жоспары: 1. Дау-дамайларды зерттеудің жағдаяттық әдісі
2. Топтағы тұлға аралық дау-дамайларды диагностикалаудың
модульдік әдістемесі
Лекция маќсаты: Дау-дамайларды зерттеудің жағдаяттық әдісін, топтағы тұлға аралық дау-дамайларды диагностикалаудың модульдік әдістемесін студенттерге ұғындыру
Лекция мєтіні
Әлеуметтік дау-дамай – қоғамдық өмірдің күрделі, аз зерттелген құбылысы. Оның күрделілігін біріншіден, 11 ғылымның өз зерттеу пәнін дау-дамайдан тапқандығы туралы дәлелдер бар. Екіншіден, адамзат әлеуметтік дау-дамайларды құрастырмалы реттеуге анық үлгерген жоқ. Бұл олардың жеткілікті түрде зерттелмейтіндігін көрсетеді, оның себептерінің бірі күрделілігі болып табылады. Дау-дамайларды зерттеу олардың алдын алу мен шешудің басты алғы шарты болады. Зерттеудің перспективалы әдістерінің бірі – талдау бірлігі ретіндегі белгілі бір мазмұндық және үдемелі өзгерісті сипаттағы, уақыттық және кеңістіктік шекаралары бар даулы жағдаят қолданылатын дау-дамайларды жүйелі жағдаятты талдау болып табылады.
«Жағдаят» ұғымы (ситуация) психологияның, сондай-ақ басқа да гуманитарлық ғылымдарда айтарлықтай кең қолданылады. Жағдаят мәнін түсіндірудің үш бағыты қалыптасты. Бірінші бағыттың жақтаушылары жағдаятты нақты әлемнің бөлігі, адам түрлі жағдайларда оның ықпалымен өз іс-әрекетін жүзеге асырады деп түсіндіреді. Екінші бағыттың өкілдері жағдаят құрылымындағы негізгі элемент субъективті бейне деп санайды. Адам болмысты бейнелемейді, ол жағдаятты өз санасындағы басты нәрсе, дербес санайды. Бұл бағытты көбінесе философиялық көзқарастарының негізі экзистенциализм болып табылатын батыс психологтары ұстанады. Үшінші бағыттың мәнін жағдаятты объективті және субъективті бірлік ретінде түсіну құрайды.
Біздің психологияда жағдаятты көбіне, іс-әрекет орындалатын нақты жағдайлардың жүйесі ретінде түсіндіреді. Алайда аталмыш бағыттың көптеген жақтаушылары жағдаятты сипаттау кезінде субъективті компонентті ескеру қажеттігіне баса назар аударады. Сонымен, С.Л.Рубинштейн (1976) бойынша, «...оның әрекеттерін детерминациялайтын компоненттердің бірі». Жағдаят көпке қатысты, ол адамды қоршап тұрады. Жағдаяттың адамдарға қатыстылығын көрсете отырып, автор адамның жағдаятқа қатысуы мен оның ондағы күштердің қатынасын өзгертетіндігіне ерекше көңіл аударады. Адамның жағдаятқа қатынасы оның бұл жағдаяттан не табатындығы мен оны қалай қабылдайтындығын анықтайды. Бір жағдайға адамдардың әр түрлі қатынаста болуы, «...жағдайдың бастамасын адамның қалай көретіндігімен және оған енетін адамның нені ұсынатындығымен» байланысты. Басқаша айтқанда, жағдаят адамды өзіне тартады...» (Рубинштейн, 1976).
«Жағдаят» ұғымын жете зерттеуде басымдық әлеуметтік психологияға қарағанда, жалпы психологияға тән. «Даулы жағдаят» ұғымын түсіндірудің мүмкіндігі оны жете зерттегеннен кейін, жоғары деңгейге көтеріледі деп шамалауға болады. Алайда, «даулы жағдаят» бұл жай ғана жағдаят емес, адам үшін қиындық келтіретін жағдаяттардың белгілі бір түрі.
Зерттеудің жағдаяттық әдісінің мәні зерттелетін құбылысты талдау бірлігі ретінде жағдаяттарды таңдаумен сипатталады. Ғылымның көптеген салаларында бірліктерді бөліп көрсетуге негізделген құбылыстарды талдау, дәстүрлі түрде элементтерді бөліп көрсетуге негізделген талдауға балама болады. Құбылыстың элементі тұтас әрекеттің барлық негізгі қасиеттеріне ие болмайды. Талдау бірлігі дегеніміз тұтастың бөлігі болып табылатын және оның барлық негізгі қасиеттері бар кіші, әрі қарай бөлінбейтін құрылым.
Іс-әрекетті талдау бірлігі ретінде Б.Я.Шведин (1989) психологияда «жағдаятты» ұсынды және ол табысты түрде апробацияланды. Ол іс-әрекетті жалпы, абстрактілі емес, субъектті-объектілі нақтылықта талдауға мүмкіндік береді. Жағдаятты үш өлшемді кеңістік жүйесінде қарастырылады: іс-әрекет міндеті, іс-әрекет субъектісі, іс-әрекеттің объективті шарттары. Жағдаят – дамудың белгілі бір кезеңінде іс-әрекет міндеттерінің бірі шешілетін іс-әрекеттің тұтастай бөлігі.
Зерттеудің жағдаяттық әдісі зерттелетін нысанда оның барлық негізгі қасиеттері көрсетілген құрылымдық бірлікті бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Содан кейін жағдаяттар қазынасын жинақтауға болады. Оны ЭЕМ-ң көмегімен зерттеу нысанның дамуындағы басқа әдістер арқылы анықтау мүмкін болмайтын заңдылықтарды белгілеуге мүмкіндік береді. Дау-дамайларды зерттеу кезінде жағдаяттық әдісті қолданудың ерекшеліктері бар. Олар іс-әрекетпен салыстырғанда анағұрлым күрделі зерттеу нысанының ерекшелігімен анықталады.
Тұлға аралық дау-дамайларды дер кезінде диагностикалау олардың алдын-алу үшін, сондай-ақ оларды конструктивті шешу үшін де маңызды. Сонымен қатар, конфликтолог дау-дамайларды анықтау және бағалау әдістемелерін зерттеу мақсаттарында қажет етеді. Топтағы тұлға аралық дау-дамайларды диагностикалаудың модульдік әдістемесі (Анцупов,1992) аталған мәселелердің белгілі бөлігін шешуге мүмкіндік береді.
Қызметкерлер арасындағы деструктивті дау-дамайларды болдырмау үшін ұжымдағы ара қатынастар сипатын және олардың дамуындағы беталыстар жайлы ақпаратты білу, қызметкерлермен қарым-қатынаста қиындықтары бар қызметкерлерді көре білу және олардың қарым-қатынастарын жөнге келтіруіне көмектесу қажет. Қызметкерлер арасындағы ара қатынастың жалпы сипатын білмей тұрып дау-дамайлардың алдын-алуға байланысты жүргізілетін тиімді жүйелі жұмыс жайлы айту қиын. Біз неғұрлым сенімді, жан-жақты және оперативті ақпараттарды меңгерсек, соғұрлым дау-дамайлардың алдын-алуға байланысты жүргізілетін жұмыс тиімді болады.
Әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, мамандар құрамы бойынша менеджерлер тәжірибесінде бақылау және қызметкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекет нәтижелерін бағалау жиі қолданылады. Социометриялық әдістеменің түрлі нұсқалары ғылыми негізделгендердің ішінде ең танымалы болып табылады. Ол әлеуметтік қызметкерлер ұйымындағы өзара қатынастарды зерттеу үшін нақты қолданылатын біраз әдістемелердің бірі. Социометриялық кестеге қол қойылатындықтан немесе оның авторын жазуы бойынша анықтауға болатындықтан, социометриялық әдістеменің әлсіз жағы құпиялылығы жеткіліксіздеу болып табылады. Ол топ мүшелерінің тек ең ашық көрсетілген өзара бағалауларын ғана анықтауға мүмкіндік береді. Әдістеме дау-дамайларды диагностикалауға бағытталмаған, мұнда алынған мәліметтерді стандарттау болмайды, өзара қатынастарды тек шамамен бағалауға мүмкіндік беретін өлшеу шкалалары қолданылады, әріптестердің шынайы емес, шамаланған мінез-құлқы бағаланады.
2. Тұлға аралық дау-дамайларды диагностикалаудың ұсынылған әдістемесінің екі базалық және бірнеше қосымша өлшеу шкалаларынан тұратын модульдік құрылымы бар.Екі базалық модуль әр қызметкердің топтың жеке мүшесіне қатынасын және оның жұмыстағы ұжымның әрбір мүшесі тарапынан болатын қатынас жайлы түсінігін бағалауға мүмкіндік береді. Алғашқы екі сұрақтың жауаптарын салыстыру топтағы шынайы және потенциалды дау-дамайларды анықтауға ықпал етеді. Екі базалық модуль дау-дамайлардың қарқындылығы, шиеленісуі сияқты маңызды сипаттамаларын сандық бағалауға мүмкіндік береді.
Қосымша модульдар ұжымды зерттеу мақсаттарына байланысты қолданылады, топтың әр мүшесінің жұмыс сапасын, оның адамгершілік қасиеттерін, кәсіби білімдерін, әріптестеріне көмек көрсету дәрежесін, жеке және топтың мүдделерге жетуге күш салуын, уәделерді орындау сипатын және тағы басқаларды бағалауға мүмкіндік береді.
Сұрақ процедурасы қолданылатын модульдердің санына және топтың санына байланысты аз уақытты алады. 20 адамнан тұратын топтан төрт модуль бойынша сұрақ алу ұзақтығы 20-35 минутты құрайды. Сұраққа қатысушыларға бір сұрақ барысында берілетін бағалаулар саны 100-120-дан аспауы тиіс. Егер бағалар санын көбірек қою қажет болса, сұралушылардың шаршауы және де жасандылыққа бой алдыруы мүмкін.
Зерттеу мақсаттарына қарай сұрақ парағына кіретін сұрақтар саны бірден жетіге дейін өзгеруі мүмкін. Бағалар арнайы қағазға қойылады, ол сұраушының оның жазуы бойынша ұқсастыру мүмкіндігі жайлы күмәнін туғызбайтындай етіп жасалады. (материалдар файлындағы өзара қатынастарды бағалау кестесінің формасын қараңыз). Әр сұраққа жауап беру кезінде топтың басқа мүшесіне қатынас +5-тен -5-ке дейінгі кез-келген ұпаймен бағалана алады. Мысалы, +4,+1,0,-2 және тағы сол сияқты. Алынған ақпараттың сенімділігін арттыру үшін жасырын жауаптардың үш нұсқасы қарастырылған. Сауалнама толтырушылар қалауына қарай өзіне қолайлы нұсқаны таңдайды. Бірінші нұсқа кезінде кім және кімге қандай баға қойғандығы фамилиясы бойынша белгілі болады. Бұл жағдайда кестені толтырушы сұралушы өзінің фамилиясы жалпы тізімде қандай нөмірмен көрсетілгендігін белгілейді, яғни қағазға жазып қояды. Ұйымдардағы сұрақтар толтырудың мұндай нұсқасы сұралушылардың 10-15%-ы таңдайтындығын көрсетеді. Құпиялылықтың екінші нұсқасы кезінде кімге қандай ұпай қойылғандығы сұрақтан кейін белгілі болады. Алайда, бағаны кім қойғандығы белгісіз болады, өйткені ол бланкке жазылмайды. Бланк толтырудың мұндай нұсқасын сауалнама толтырушылар көбінесе жиі таңдайды. Толық құпия сақталса, сауалнама толтырушы барлық қызметтестерге бағалар қояды, бірақ баға қою жүйелігін тек қана өзі біледі. Бұл кезде кімнің баға қойғандығы және ол баға кімге қойылғандығы белгісіз болады. Мұнда сұрақ нәтижелері бойынша тек топ мүшелері арасындағы өзара қатынастардың олардың арасындағы дау-дамайлар қарқындылығының жалпы бағасын беруге болады. Ақпараттың сенімділігі бұл нұсқа кезінде анағұрлым жоғары. Оларды әдетте қызметкерлердің шағын топтарынан сұрақ алған жағдайда (жеті адамға дейін) қолданатындығын практика көрсетіп отыр. Қызметкерлер неғұрлым ересек және неғұрлым айтарлықтай жоғары лауазымды иеленсе, соғұрлым олар толық құпия нұсқасын жиірек қолданады.
Басқару ұжымының орта буынында аталмыш нұсқаны сұралушылардың 10-15%-на дейін таңдайды. Толтыру нұсқасы бағалау басталмас бұрын анықталады, ал қағазға соңғы адам бағаланғаннан кейін тіркеледі. Топтың әрбір мүшесіне қатынасты бағалау қағаздағы кестенің тиісті жолы мен бағанасына «+» белгісімен қойылады. Бірінші бағанаға тігінен 1,2,3...19,20 деген ретпен топ мүшелері белгіленеді. Сұрақ алу кезінде фамилия бойынша тізім тақтаға немесе сұраушының әрқайсысына таратылатын қағаз парағына жазылады. Сауалнама толтырушы топтың ыңғайлы саны – 10-20 адам. Топ саны неғұрлым көп болса, соғұрлым шкалалардың аз санын қолданған жөн. Егер сұралушы топ мүшелерінің ішінен әлдекімді бағалауда қиналса, онда «бағалау қиын» деген бағанға «б.қ.» әріптермен белгіленген белгі қояды. Сауалнама толтырушы өзіне барлық шкалалар бойынша нөлдік бағалар қояды. Модульдік әдістеменің құндылығы оның төмендегідей ерекшеліктерімен байланысты.
Біріншіден, бағалаудың объективтілігін арттыратын айтарлықтай ұзақ мерзім ішінде топтың әрбір мүшесінің нақты іс-әрекеті мен нақты өзара қатынастары бағаланады.
Екіншіден, топтағы барлық өзара қатынастар ескеріледі.
Үшіншіден, анағұрлым «нәзік» 10 балдық шкаланы қолдану бағалаудың дәл болуына мүмкіндік береді.
Төртіншіден, сұралушылар жауаптардың құпиялық дәрежесін өздері білсе, бұл олардың әділ болуын арттырады.
Бесіншіден, барлық өзара қатынастар мен дау-дамайлар мәліметтерді стандарттауға мүмкіндік беретін сандық түрде бағаланады.
Алтыншыдан, дау-дамайды тек диагностикалауға ғана емес, сондай-ақ, олардың кейбір себептерін анықтауға, топты тұтас және оның әрбір мүшесін бағалауға мүмкіндік беретін жан-жақты ақпарат жиналады.
Жетіншіден, ПЭЕМ-ң көмегімен мәліметтерді өңдеу және қолдану өте оңай.
Модульдік құрылым есебінен ол шағын топты кез-келген конфликтологиялық зерттеу міндеттеріне тез бейімделе алады. Әдістеменің кемшіліктері оның көп дәрежеде дау-дамайларды диагностикалауға бағытталғанымен және олардың себептерін анықтауға мүмкіндік бермейтіндігімен анықталады. Мәліметтерді түсіндіру конфликтологтан әдістемемен жұмыс істеу тәжірибесін талап етеді. Өңделетін бағалаулар санының көпшілігі микрокалькуляторды, дұрысы ПЭЕМ-ді қолдануды талап етеді. Мысалы, 15 адамнан тұратын топтан төрт модуль бойынша сұрақ алу нәтижесінде психолог 700 бағалау алады. Оларды өңдеу уақыт пен мұқияттылықты талап етеді.
Баќылау с±раќтары:
1. Дау-дамайларды зерттеудің жағдаяттық әдісі
2. Зерттеудің жағдаяттық әдісінің мәні
3. Дау-дамайларды жағдаяттық зерттеудің ерекшеліктері
4. Модульдік әдістеме көмегімен топтағы дау-дамайлар мен өзара қатынастар сипатын диагностикалау
6- лекция. Таќырыбы: Дау-дамайларды топтастыру. Әлеуметтік дау-дамайлардың жалпы сипаттамасы
Жоспары:. 1. Дау-дамай психологиясындағы топтастыру мәселесі.
Дау-дамайларды топтастырудың негізгі түрлері
2. Дау-дамайлардың объективті, ұйымдастыру-басқарушылық,әлеуметтік-
психологиялық және тұлғалық себептері
Лекция маќсаты: Дау-дамай психологиясындағы топтастырудың негізгі түрлерін және дау-дамайлардың объективті, ұйымдастыру-басқарушылық,әлеуметтік- психологиялық және тұлғалық себептерімен таныстыру
Лекция мєтіні
Кез-келген ғылымның маңызды міндеті оның зерттеу нысаны болатын құбылыстардың жиынтығы жайлы білімдерді жүйеге келтіру болып табылады. Топтастырудың (классификацияның) негізділігі, әр түрлілігі мен детальдылығы ғылымның даму дәрежесінің өлшемі қызметін атқарады. Топтастыру – барлық көпшілік нысандарды ажырататын және содан кейін бір белгі негізінде оларды топтарға біріктіретін ғылыми әдіс. Нысанның қандай да бір топқа қатыстылығының өлшемі ретіндегі белгісі немесе көріну шамасы топтастыру негізі деп аталады.
Дау-дамайларды топтастыру олардың маңызды белгілерін, байланыстарын, қызметтерін, қатынастарын, деңгейлерін және т.с.с. салыстырмалы зерттеу мақсатында қажет.
Топтастырудың негізгі түрлері: типология, систематика және токсономия болып табылады.
Жүйелеу – дау-дамайлардың кейбір жиынтығы жайлы түсініктерді жүйеге келтірумен сипатталады.
Токсономия – әдетте иерархиялық құрлымы бар нысандардың топтарын топтастыру және жүйелеу теориясы болып табылады. Дау-дамай психологиясында токсономиялық топтастырудың мұндай құбылысы мүмкін болғанымен әзірге жоқ. Бүгінгі күнде дау-дамай психологиясында ең кең тараған типология түріндегі топтастыру болып табылады.
Типология деп дау-дамайдың маңызды белгісі негіз болатын жіктелу аталады. Бұл – жіктелудің ең бағалы және күрделі түрі. Типологияның нәтижесінде дау-дамайлардың бірқатар түрлерін бөліп көрсетуге болады. Түрдің өзі көптеген дау-дамайларды топтастырудың таңдалған негізі бойынша бөлу бірлігі болып табылады. Дау-дамайлардың базистік типологиясының 4-суретте көрсетілгендей түрлері бар.
4-суреттен байқағанымыздай, ол адамның қатысуымен болатын дау-дамайлардан: әлеуметтік және тұлғаішілік, сондай-ақ, жануарларға тән дау-дамайлардан тұрады. Әлеуметтік дау-дамайлардың жеті түрі дау-дамай психологиясының негізгі нысаны болып табылады. Тұлға аралық дау-дамайлар дегеніміз бұл – екі адамның мүдделерінің қақтығысуы. Егер бөлім бастығы өзін бағынушылар тобына қарсы қойса, онда бұл «тұлға – топ» түріндегі дау-дамай болады. Орта мектептің мұғалімдер ұжымындағы директордың жақтаушылары мен оның қарсыластары арасындағы күрес шағын топтар арасындағы дау-дамай болып табылады. Сондай-ақ, топтар арасындағы дау-дамай бар. Егер дау-дамайға қатысушылар саны бірнеше жүз адамнан көп болса, онда бұл үлкен әлеуметтік топтар арасындағы дау-дамай болады. Мемлекетаралық дау-дамайлар екі мемлекет немесе олардың коалициялары арасындағы күрес болып табылады. Дау-дамайдың маңызды сипаттамасы оған қатысушы жақтардың бір-біріне қарсы әрекеттерінің шиелінісуі болып табылады. Батыс конфликтологиясында бұл сипаттама дау-дамайдың қарқындылығы деп аталады. Аталмыш негізге байланысты дау-дамайларды төмен, орта және жоғары қарқынды деп бөледі. Қарқындылығы төмен дау-дамай оппоненттер арасындағы талас, керіс, келіспеушілік, қағытпа сөздер айту түрінде өтеді. Ең жоғары қарқындылықтағы дау-дамай екі жақтың бірін дене күші арқылы жоюмен аяқталады.
Адамның өмір сүру сферасына байланысты болып жататын дау-дамайларды – отбасылық, тұрмыстық, өндірістік, экономикалық, саяси, педагогикалық және т.б. деп бөледі .
Дау-дамайдың конструктивті және деструктивті функциялары бар. Дау-дамайлардағы жағымды және жағымсыз элементтердің ара қатынасына байланысты оларды конструктивті, деструктивті және жағымсыз салдарлы бар деп анықтауға болады.
Дау-дамайлардың әр түрлілігі көп жағдайда олардағы себепті-мотивациялық байланыстармен анықталады. Осыны ескере келе, Н.В.Гришина өндірістік дау-дамайларды зерттеу нәтижесінде мынадай дау-дамай түрлерін бөліп көрсетті:
-
еңбек іс-әрекетінің алғашқы мақсаттарына жету барысындағы кедергіге қарсылық ретінде пайда болатын дау-дамайлар;
-
бірлескен еңбек іс-әрекетінің екінші жеке сипаты бар мақсаттарына жету барысындағы кедергіге қарсылық ретінде пайда болатын дау-дамайлар;
-
қарым-қатынас нормаларына сәйкес келмейтін немесе адамдардың күткен талаптарына жауап бермейтін мінез-құлыққа қарсылық ретінде пайда болатын дау-дамайлар;
-
еңбек ұжымы мүшелерінің жеке психологиялық ерекшеліктеріне қарай пайда болатын тұлғалық дау-дамайлар.
Тұлғааралық дау-дамайларды оппоненттер арасындағы бағыныштылық қатынастардың сипатына байланысты «тігінен», «көлденеңінен» және «диагональ» бойынша, яғни оппоненттер жанама бағыныштылық қатынастарында болған кездегі дау-дамайлар деп бөлуге болады.
Дау-дамайларды топтастырудың көп түрлі болуы жоғарыда сипатталған типологиялармен бітпеді. Топтастырудың негізінде дау-дамайдың кез-келген белгісі жатуы мүмкін. Дәл сондықтан дау-дамайларды бірегей топтастыру өте қиын. Бұл – қазіргі дау-дамай психологиясындағы шешімін таппаған мәселелердің бірі.
2. Дау-дамайлардың объективті, ұйымдастыру-басқарушылық, әлеуметтік-психологиялық және тұлғалық себептері
Дау-дамайлардың пайда болу себептерін анықтау мәселесі олардың алдын алу мен конструктивті шешу жолдарын іздеуде айрықша орын алады. Дау-дамайлар дамуының қозғаушы күштерін білмей отырып, оларға тиімді реттеуші ықпал ету қиын.
Дау-дамай пайда болуының объективті факторлары. Дау-дамайлардың дамуына факторлар мен себептердің төрт тобының әсері болады: объективті, ұйымдастыру-басқарушылық, әлеуметті-психологиялық және тұлғалық. Дау-дамайлардың пайда болу факторларының алғашқы тобы объективті сипат алады. Ұйымдастыру-басқарушылық себептердің объективті-субъективтік шарттары бар. Дау-дамайлардың әлеуметті-психологиялық себептері субъективті-объективтік, ал даулы жағдайлардың тұлғалық себептері субъективті болады.
Дау-дамайлар себептерінің объективті-субъективтік сипатын түсіну олардың алдын алу тәсілдерін анықтау үшін белгілі бір түрдегі дауларда адамдардың мінез-құлықтарының қолайлы стратегиясын жасау үшін пайдалы. Дау-дамайлардың объективті себептеріне субъективті факторлардың ықпалы аз болған жағдайда адамдардың мүдделері мен пікірлерінің, бағдарларының қақтығысуына әкелетін өзараәрекеттесу жағдайлары жатады. Объективті себептер дау-дамай алдындағы жағдайдың объективті компонентінің пайда болуына әкеледі.
Дау-дамайлардың субъективті себептері – оппоненттердің жеке психологиялық ерекшеліктерінен туындаған, олардың дау-дамайларды шешудің қандай да бір басқа тәсілінің орнына дәл осы даулы тәсілді таңдауына әкелетін қарама-қайшылық.
Дау-дамайлардың объективті және субъективті себептерінің арасындағы өзара байланыстардың сипаты жайлы төмендегідей айтуға болады. Біріншіден, дау-дамайлардың объективті және субъективті себептерін қатаң бөлу, сонымен қатар оларды бір-біріне қарама-қарсы қою заңсыз. Екіншіден, сірә субъективті және объективті себептерге негізделмейтін дау-дамайлар жоқ шығар. Сондай-ақ даусыз тәсілмен шешуге болатын, объективті жағдайларға байланысты пайда болатын дау-дамай алдындағы жағдайды табу қиын. Кез-келген тұлғааралық дау-дамайда үнемі субъективті фактор қандай да бір рөл атқарады.
Орта буын басшыларының өзара қатынастарындағы тұлға аралық дау-дамайлардың 2000-нан астамын талдау дау-дамайдың көптеген объективті себептері бар екенін көрсетеді. Олардың ішінде анағұрлым жиі кездесетіндеріне төмендегілерді жатқызуға болады.
1. Адамдардың мәнді материалдық және рухани мүдделерінің олардың өмір сүру үрдісінде табиғи қақтығысуы. Бір ұжымда қызмет ететін қызметкерлер әдетте көптеген қызметтік міндеттерді бірлесіп шеше отырып, бір-бірімен өзара тығыз байланысады. Олардың еріктері мен қалауларына қатысы шамалы болғанымен, қызығушылықтары үшін болған бұл қақтығысу даулы жағдаяттар үшін объективті негіз туғызады.
2. Адамдардың өзара әрекеттесу процесінде пайда болатын әлеуметтік қайшылықтарды шешудің құқықтық және басқа да нормативтік процедураларының нашар жасалуы. Мысалы, егер бастық бағынушыны қорласа, онда соңғысы көбінесе абыройын қорғау үшін даулы мінез-құлыққа жүгінуге мәжбүр болады. Біздің қоғамда бағынушылардың мүдделерін бастықтардың зорлық-зомбылығынан қорғаудың тиімді, стандартты, бәріне белгілі даусыз тәсілдері әзірге жасалған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |