Бақылау сұрақтары:
1. "Қатаң индивидуализм" және мемлекеттік реттеу жүйесін тарату
2. К.Кулидж және оның "просперити дәуірі".
3. Г.Гувердің дағдарысқа карсы саясаты
4. У.Гардинг билігі тұсындағы АҚШ
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1.Новая история стран Европы и Америки. Второй период. Учебник. В.Н.Виноградов, А.М.Зверев, Т.М.Исмаилов и др.; Под ред. Е.Е. Юровской и М.М. Кривогуза. М., Высш.школа. 1998.- 316с.
2. Новая история стран Европы и Америки. Учеб. для вузов/ И.М. Кривогуза, В.Н.Виноградов Н.М. Гусева и др. Под ред И.М. Кривогуза. – 3-е изд, испр, М.: Дрофа, 2003- 912с.:
3.Жаңа заман кезеңіндегі халықаралық қатынастар тарихы. 2 бөлім. Оқулық/ Қ.И. Байзакованың жалпы редакциясымен. –Алматы: Қазақ университеті, 2006. -288б.
Қосымша:
1. Европа, США и колониальный мир. Под ред. Б.М. Туполева, М., 1988
2. Первая мировой война: политика, идеология, историография / Под ред Б.Д. Козенко. Куйбышев, 1990
3. Медина Кастро М.Соединенные Штаты и Латинская Америка в ХХ в. М.,1991
Лекция 17 Ресей
Қарастырылатын мәселелер:
1.1917ж. Ресейдегі революция
2.Кеңес қоғамының құрылуы (1921-1927жж.).
3.Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы КСРО.
1917 жылдың алғашқы айларында Советтiк Ресей шет ел империалистерiнiң қорша-уында қалды. 1917 жылы Германия өзiнiң бiтiм келiсiмiн бұзып, Петроград қаласына қарай соғыс қимылдарын бастады. Псков және Нарва қалаларының маңында қызыл әскерлер жауға қарсы соғыста жеңiске жетiп, ақпан айының 23 күнi В.И.Лениннiң қол қоюымен жұмысшы-шаруа Қызыл Армиясын құрды. Патшалық Ресейдiң ескi армиясын таратып, оның орнына жаңа адамдар шақырып, 1917 жылы қыркүйек айында жалпыға бiрдей әскери мiндеткерлiк енгiздi. Жаңадан қарулы күштердi құруда бұрынғы патша армиясының әскери басшыларын пайдалануға В.И.Ленин келiстi. Олар: И.Вацетис, С.Каменев, А.Брусилов, Е.Снесарев, В.Альтфатер т.б.
Соғыс Халық Комиссары болып Л.Троцкий тағайындалды. Жергiлiктi жерде Қызыл Армия құру үшiн халықтық әскери комиссариаттар жұмыс iстей бастады. Азамат соғысы басталар алдында Қызыл Армияда 6 армия және 54 дивизия, 450 мыңдай адам болды. 1918 жылы Советтiк Ресейдiң iшiнде тап күресi шиеленiсе түстi. Елде бiр-бiрiне қарама-қарсы үш саяси топ қалыптасты. Бiрiншiсi, большевиктердi қолдаған жұмысшы және шаруалар; екiншi, құлатылған өкiмет уәкiлдерi (офицерлер, казактар, өндiрiстiк буржуазия); үшiншi, ұсақ буржуазия (орта шаруалар, саудагерлер мен қолөнершiлер). Азамат соғысының алғашқы айларында халықтың арасында ауытқушылар көп болды.
1920ж. Азамат соғысының аяқталуына Қызыл Армияның Қиыр Шығыста жапондарға қарсы күресi де себеп болды. 100 мың жапон әскерлерiмен бiрге Колчак армиясының қалдықтары мен Г.Семенов бастаған казактар шығыста Қызыл Армиямен соғысты. Байкал көлiнiң маңында Қызыл Армия ақгвардия-шыларды талқандап, Қиыр Шығыс Республикасын құрды.
Азамат соғысы аяқталғаннан кейiн Ресей жерiнде Ресей, Украин, Белорус, Әзербайжан, Армян, Грузин алты кеңестiк социалистiк республика құрылды. Олардың арасында тығыз саяси, шаруашылық және мәдени байланыстар орнатып, жаңа социалистiк қоғам орнату жолында ортақ мақсатта бiр-бiрiне көмектестi.
1921–1922 жылдары Кеңес Республикалары дипломатиялық одақ қалыптастырып, халықаралық конференцияларда бiрыңғай саясат ұстап отырды. Мысалы: 1922 жылғы ақпанда Генуя конференциясына барлық республикалар атынан РСФСР делегациясы қатысты. 1922 жылы Әзербайжан, Армения және Грузия Закавказье, Социалистiк Федеративтiк Кеңес Респуб-ликасы (ЗСФСР) болып бiрiктi.
КСРО мемлекетiн құру өте күрделi жағдайда жүрдi. Барлық республикалар РСФСР құрамында болса, басқа халықтарға өктемдiк жүргiзуi мүмкiн деген пiкiрлер болды. И.В.Сталин бұл мәселеде РСФСР-дың құрамына «автономиялық» негiзде бiрiгу-дi ұсынды. Ал кейбiр топтар республикалар конфедерация – өзiнiң тәуелсiз (суверендi) өмiр сүруiн сақтайтын, бiрақ бiр немесе бiрнеше жалпы органдармен бiрiктiрiлген мемлекеттер одағыретінде болуын қолдады. Көп таластан кейiн И.В.Сталин-нiң «автономиялық» пiкiрi өтпей, В.И.Лениннiң барлық кеңестік социалистiк республикалар, соның iшiнде РСФСР-де терезесi тең, тең құқықты тәуелсіз республикалардың ерiктi бiрлестiгi ретiнде жаңа одақтық мемлекет Кеңестiк Социалистiк Республи-калар Одағын (КСРО) құруға деген ұсынысы жеңiске жетiп, И.В.Сталин бұған келiсуге мәжбүр болды.
1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеу қаласында КСРО халықтарының 1 кеңесiнiң съезi өттi. Съезд төрт республикадан – РСФСР-ден, ЗСФСР-ден, УССР және БССР-ден Кеңес Социалистiк Республикалар Одағы (КСРО) мемлекеттi құрылсын деп қаулы қабылдады. КСРО-ның құрылғандығы туралы Декларациямен Шарт қабылдады. Съезд КСРО Орталық Атқару Комитетiнiң төрағаларын сайлады. Бүкiл Одақтық Атқару Комитетiнiң төрағасы – М.И.Калинин, Украина Орталық Атқару Комитетiнiң төрағасы – Г.И.Петровский. Белорусс Орталық Атқару Комитетiнiң төрағасы – А.Г.Червяков, ЗСФСР Орталық Атқару Комитетiнiң төрағасы болып Н.Н.Наримановтар сайланды.
1936 жылғы КСРО Конституциясы. 1935 жылы ақпанда БКП(б) Орталық Комитетi елдегi болған үлкен өзгерiстерге сәй-кес сол кезде қолданып жүрген Конституцияға өзгерiстер енгiзу және дауыс жасырын берiлетiн жалпыға бiрдей тең сайлауға көшу қажет деп тапқан болатын. Кеңестердiң Бүкiлодақтық VII съезi бұл ұсынысты бiр ауыздан қолдады. И.В.Сталиннiң төрағалық етуiмен Конституциялық комиссия құрды. Конститу-цияның жобасын жасап, 1936 жылы маусым айында мақұлдап, бүкiл халықтың талқысына салуға, баспасөз бетiнде жариялауды ұйғарды. Жарты жылға уақыт созылған талқылауға 50 млннан астам адам қатысты. Бүкiл халықтық талқылаудың барысында көптеген түзету толықтыру, редакциялық жөндеулер ұсыныл-ды. 1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО Кеңестерiнiң Төтенше VIII съезi жаңа Конституцияны бекiттi. Бұл қабылдаған Конституция «Сталиндiк конституция» деп халық арасында кең аталды. Жаңа конституция социализмнiң жеңiсi мен оның негiзгi принцип-терiн бекiттi. Конституцияның бiрiншi бабында: «Кеңес Социа-листiк Республикалар Одағы жұмысшылар мен шаруалардың социалистiк мемлекетi болып табылады» делiнген. КСРО-ның саяси негiзi – еңбекшiлер депутаттарының кеңестерi, ал экономикалық негiзi – жоспарлы социалистiк меншiк, оның екi формасы – мемлекеттiк және колхоз – кооперативтiк түрлері көрсетілді. Конституцияда адамды адамның қанауына тыйым салды.
Достарыңызбен бөлісу: |