Бақылау сұрақтары:
1. "Хаки сайлауы" және Д.Ллойд Джордждың коалициялық үкіметі
2. Бірінші лейбористік үкімет, оның ішкі және сыртқы саясаты.
3. Н.Чемберлен үкіметі және оның әлеуметтік саясаты
4. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Англия.
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
Негізгі:
1. Новейшая история стран Европы и Америки. Под ред. А. М. Родригеса. Часть 3. М., 2001.
2. Новейшая история стран Европы и Америки. В.В. Александров. М.,1986.
3. Новейшая история зарубежных стран. Европа и Америка. Часть: 1-2.М.,1993
4.История новейшего времени стран Европы и Америки (1918–1945). М., 1984.
5. Язьков В.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее время (1918–1945): Курс лекции. М., 1998.
6. Кредер А.А. Новейшая история ХХ века. М., 2000.
7. Новейшая история отечества: В 2-х томах. Т. 1, 2. М., 1999.
Қосымша:
1. Всемирная история. 1961-1983. М., Т-8-13.
2. Лебедев А. Очерки британской внешней политики/60-80/ М., 1988
Лекция 20 Франция
Қарастырылатын мәселелер
1.Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Францияның экономикалық және саяси жағдайы.
2.Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Франция
1917 жылы қараша айында Францияның премьер-министрi болып 76 жастағы Клемансо тағайындалды. Клемансо (1841–1929) радикал партиясынан, сөзге өте шешен, алғыр, айтатын сөзiн анық және батыл айтатын адам болған. ХХ ғасырдың бас кезiндегi Франция тарихындағы iрi саясаткер. Бiрiншi дүние-жүзiлiк соғыста жеңiске жеткен Француз халқы Клемансоны «жеңiстiң атасы» деп атады, оның отан алдындағы еңбегi жоғары бағаланып, халық алғысына бөленген адам болды. 1870 жылы Пруссия-Француз соғысында жеңiлген француздардың кегiн алдық «бiз жеңдiк, ендi дем алуға болады» деген сөздерi халық арасында кең тарады.
1918 жылы қараша айының 11-і күнi Ремонд орманында орналасқан Компьен қаласындағы темiр жолда тұрған поезд вагонында Антанта әскерiнiң қолбасшысы француз генералы Фош Германия уәкiлiнiң қатысуымен соғыстың аяқталғандығы туралы құжатқа қол қойды. Соғыстың жеңiспен аяқталуы елдiң астанасы Париж қаласында, сондай-ақ бүкiл елде тойланды. Халық көшеге шығып, жеңiс шеруiне қатысты. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыста жеңіске жетуіне байланысты Франция Еуропадағы iрi державалы елге айналды. Бiрақ төрт жылға созылған соғыс Франциядағы капиталистiк қоғамды күйзелiске ұшыратты. Капитализм тұрақсыздығы басталып, демократия шектелдi. Соғыс елдiң экономикалық-әлеуметтiк және саяси дамуын тежедi. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс Францияға айтарлықтай ауыртпалық әкелдi. 1,3 млн адам соғыста өлiп, 2,8 млн адам жараланды. Франция экономикасы ауыр шығынға ұшырады. Германия жаулап алған Францияның өндiрiс ауда-нында 10 мың фабрика және зауыт қирады. Экономикалық дағдарыс инфляцияны күшейттi. Франция одақтастарына 60 млрд франк қарыздар болды. АҚШ-қа қарызы 40 млрд франк болса, бұрынғы патшалық Ресейде 12–13 млрд франк капиталын кеңестік Ресей берген жоқ. Жалпы соғыс жылдарында Франция 134 млрд астам франк шығын көрдi.
1921-1924 жылдардағы дағдарыс. 1913 жылмен салыс-тырғанда өнеркәсiп 55%, ауыл шаруашылығы 74% өнiм өндiрдi. Салық 4 есе өстi. Соғыстан кейiнгi экономикалық дағдарысқа қарамастан, Францияда өндiрiс пен капиталдың шоғырлануы тез қарқынмен жүргiзiлдi. Iрi монополия де Вандел және Шнейдер Эльзас және Лотарингия өндiрiс орындарын өз қолдарына алды. Мемлекет репарация төлем арқылы соғыс кезiндегi қираған аудандарды қалпына келтiре бастады. Iрi өндiрiстiк бiрлестiктер құрылып, оларға субсидиялық көмек берілдi. Франция импе-риализмi отар елдерi арқылы өсiмқорлық мәнiн жоғалтқан жоқ. Финанс олигархиясы 200 семьяны бiрiктiрдi. «Комите де Форж» елдегi iрi өнеркәсiп салаларын өз қолына алды. Ауыл шаруашы-лығында соғыстан кейiн де дағдарыс жағдайы сақталды. Халықтың 53,6%-ы ауыл шаруашылығында жұмыс iстедi. Ұсақ және орта буржуазия елдегi негiзгi әлеуметтiк тап болып қала бердi.
Соғыстан кейiнгi Францияның саяси дамуында екi бағыт сақталды. Бiрiншiсi - Ресейдегi қоғам төңкерiсiнен кейiнгi рево-люциялық өрлеу, екiншiсі – ұлтшылдық және шовинизм болды. Франция буржуазиясы революциялық қозғалысқа қарсы ашық күреске шығып, буржуазиялық қоғамды сақтап қалу үшiн бар күштерiн салды. Революция өрлеу жылдарында Француз со-циалистiк партиясының (СФИО – француз сөзінен қысқар-тылған) беделi жұмысшылар арасында өстi. Францияның қоғамында революциялық күштер кең етек алды. Осындай жағдайда 1919 жылы қараша айында парламент сайлауы өттi. Сайлауда реакциялық буржуазия және финанс олигархиясы жеңiске жеттi. «Ұлттық блокқа» бiрiккен буржуазия үкiметi құрылды. Демократиялық альянс және Республикалық Федера-ция партиялары Ұлттық блоктың негiзiн құрады. «Ұлттық блок» үкiметiне қарсы шыққан тек қана Франция социалистiк пар-тиясы болды. Осының нәтижесінде Клемансо үкiметтен кетуге мәжбүр болды да, оның орнына А. Мильеран премьер-министр болып тағайындалды
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңында Германияны қолдап, профашистiк саясат ұстанды және соғыс саясатын да қолдап отырды. 1923 жылғы Рур жерiне әскер кiргiзу туралы шешiм қабылдап, жаулап алды. Рур оқиғасы кезiнде Пункаре саясатын елдегi саяси партиялар қолдады. Оған ФКП-сы және солшыл кәсiподақ ұйымы ғана қарсы күрес жүргiздi. Пуанкаре өзiнiң саясатына «Германияны төлем төлеуге көндiру» ғана деп баға бердi.
Рур оқиғасы Пуанкаре үкiметiнiң беделiн түсiрдi. 1923 жылдың күзiнде Францияда үкiметтiк дағдарыс болды. Үкiметтiң құрамындағы радикал буржуазиялық партия оппозицияға көштi. Парламентте оңшыл буржуазиялық партиялардың Рур оқиғасына қарсы шығуы, «Ұлттық блок» үкiметiнiң құлауына әкелдi. Пуанкаре үкiметi Рур ауданынан әскерлерiн әкетуге мәжбүр болды.
Франциядағы кәсiподақ қозғалысы. Францияда 1918-1920 жылдардағы революциялық қозғалыс кәсiподақ ұйымының арасында жiк туғызды. Франциядағы ең iрi кәсiподақ ұйымы - жалпыфранциялық еңбек конференциясы (ВКТ) болды. Реформалық ағымды ВКТ ұйымының оңшыл буржуазиялық топтары қолдады. Ал солшыл топтары елдегi революциялық қозғалысты қолдады. Франция социалистiк партиясындағы жiктiң барысында кәсiподақ ұйымында екi ағым қалыптасты. Социал-реформистерге қарсы «революциялық» кәсiподақ топтары 1922 жылғы Лилле қаласында өткен съезде екiге бөлiндi.
Франция және отар елдер. Солшыл блок үкiметiнiң сыртқы саясатындағы негiзгi мәселе - Марокко және Сириядағы отарлық езгiге қарсы жүргiзiлген ұлт-азаттық соғыс болды. 1925 жылы көктемде Франция мен Испанияның отар елi Марокконың Риф облысында Эмир Абд-эль-Керим бастаған ұлт-азаттық соғыс басталды. Соғыстың барысында Риф республикасы құрылды. Риф республикасына қарсы Француз-Испан әскерлерi қатысып, соғыс қимылдары жүрдi
Экономикалық дағдарыс жылдарындағы Франция (1929-1933 жж.). Францияда экономикалық дағдарыс басқа капи-талистiк елдерге қарағанда кештеу басталды. Соғыста қираған экономиканы тез қалпына келтiру, өндiрiстiң кейбiр салаларына мемлекеттiк көмек көрсету арқылы жүзеге асырылды. Германияның репарациялық төлемі де айтарлықтай тұрақтануға әсерiн тигiзген болатын. Бұл шараларға қарамастан Франция экономикасында 1930 жылдары дағдарыс басталды. Өнеркәсiп өнiмдерiн шығару азайды
Франция фашизмiнiң өзiндiк ерекшiлiктерi де болды. Бiрiншiден, Франция қоғамындағы демократиялық және социалистiк дәстүрдiң сақталуы. Франция фашизмiнің халық алдында ашық үгiт-насихат жүргiзуге батылдары бармады. Сондықтан француз фашизмi ұяң немесе «ұялшақ» деп аталды. Фашизм өздерiнің ұлттық артықшылықтарын насихаттап, француздарды ұлттық санаға тәрбиелеуге шақырды. Ашық демократияға қарсы күреске шақыра алмады. Кейбiр саяси билiктi шектеуге, жеке билiктi күшейту үшін күрестi.
Достарыңызбен бөлісу: |