Лекция 2 солтүстік америкадағы тәуелсіздік үшін соғЫС



бет19/33
Дата26.05.2022
өлшемі189.45 Kb.
#458650
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33
америка европа лекция

Бақылау сұрақтары:
1. Саяси партиялар мен козғалыстың қайта құрылуы
2. Үкіметтік бағыттың екі стратегиясы: "апат саясаты" және "атқару саясаты"
3. НСДАП ішкі шоғырлануы
4. Фашистік басқыншылықтың кенеюі
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Новейшая история стран Европы и Америки. Под ред. А. М. Родригеса. Часть 3. М., 2001.
2. Новейшая история стран Европы и Америки. В.В. Александров. М.,1986.
3. Новейшая история зарубежных стран. Европа и Америка. Часть: 1-2.М.,1993
4.История новейшего времени стран Европы и Америки (1918–1945). М., 1984.
5. Язьков В.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее время (1918–1945): Курс лекции. М., 1998.
6. Кредер А.А. Новейшая история ХХ века. М., 2000.
7. Новейшая история отечества: В 2-х томах. Т. 1, 2. М., 1999.
Қосымша:
1. Германская история в новое и новейшее время./ Под ред. С.Д.Сказкина: В 2Т М., 1970
2.Ежов В.Д. От “холодной войны” к разрядке. Очерки о Федеративной Республике Германии. М., 1978.


Лекция 19 Ұлыбритания
Қарастырылатын мәселелер:
1.Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Англияның экономикалық және саяси жағдайы
2.Ұлыбританияның сыртқы саясаты. Бірінші лейбористік үкімет, оның ішкі және сыртқы саясаты

Бірінші дүниежүзілік соғыста Антанта елдерінің жеңісі Ұлыбританияның беделiнiң өсуiне әкелдi. Негiзгi қарсыласы Германия жеңiлiп, Версаль бiтiмi нәтижесінде Германия отарлары Ұлыбританияға берiлдi. Сонымен қатар, араб және басқа шығыс елдерi де бағындырылды. ХIХ ғасырдың соңғы он жылында Ұлыбритания экономикасы жедел дамыды. Ұлыбританияның бақталас елдерi болмады. Ұлыбритания дүниежүзiндегі бiрден-бiр империя болды.


Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс аяқталғанда бұл процесс керiсiнше дамыды. Оған бiрнеше себептер болды:
Дүниежүзiндегі жаңа капиталистiк елдер - Германия мен АҚШ экономикасы жедел қарқынмен даму жолына түстi. Экономикалық даму қарқыны Ұлыбританияны басып озды. Өндiрiсте жаңа технологиялық төңкерiс енгiзiлдi. Өнеркәсiп орындары жаңа тауарларды көптеп шығарып, Ұлыбритания тауарларын ығыстыра бастады.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс Ұлыбританияның экономи-касына айтарлықтай әсер еткені сондай, ол АҚШ мемлекетiнiң алдында қарыздар болып шықты. Германия соғыста әлсiре-генiмен, АҚШ соғыстан байып шықты. Мысалы: Ұлыбритания-ның мемлекеттiк қарызы 1914 жылы 645 млн ф.ст. болса, 1918 жылы 7,8 млрд ф.с. өсті. Ал, АҚШ-қа қарызы 1919 жылы 850 млн ф.ст. жеттi. Ұлыбританияның өнеркәсiп салалары тозып, әлсiредi. Байырғы өнеркәсiп салалары: көмiр, тоқыма, кеме жасау артта қалды.
ХХ ғасырдың 20-жылдарында Ұлыбританияның көмiр өнеркәсiбi 20%-ға жаңа технологиямен жабдықталса, АҚШ-та көмiр өнеркәсiбiнiң 70%-ы жаңа техникамен жабдықталды. Көмiр шахталарында бұдан 50-60 жыл бұрынғы техника пайда-ланылды.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс жаңа экономикалық дағдарысқа әкелдi. 1921 жылы өнеркәсiп өнiмдерiн шығару 1913 жылғы шығарылған өнiмнiң 61%-ын бердi. Өнеркәсiптегi тұрақсыздық жұмыссыздықты көбейтiп, 1 млн адамға жеттi. Дүниежүзiлiк өнеркәсiп өнiмдерiн өндiрудегi үлес салмағы төмендедi. 1913 жылы 15% болса, 1921 жылы 10%-ға жеттi. Жоғарыдағы айтылған мысалдар Ұлыбританияның беделiнiң түсуiне, «ауруға» ұшырауына әкеліп соқты.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс Ұлыбританияның дүние-жүзiлiк қаржы саласында да құлдырай түскенін байқатты.
Елдегi экономикалық дағдарыс еңбекшi халықтың тұрмыс жағдайының нашарлауына әкелдi. Жұмысшы табы саяси және экономикалық күреске шықты. Тап күресiнiң күшеюi Ллойд Джордж үкiметiн жеңiлдiктер жасауға мәжбүр етті. 1918 жылы сайлау реформасын жүргiзiп, 21 жасқа толған еркектер, 30 жасқа толған әйелдерге сайлау құқықтары енгiзiлдi. 14 жасқа дейiнгi мектеп оқушыларына мiндеттi бiлiм алу енгiзiлдi. Экономикалық дағдарыс ағылшын буржуазиясының бiрiгiп либералдық үкiметке қарсы топ құруына жағдай жасады. Консерваторлар саяси билiк үшiн күреске шықты. Лейбористiк жұмысшы партиясының қатары өсiп, елдегi саяси партияға айнала бастады. Либерализм көзқарасы дағдарысқа ұшырады. Осындай саяси дағдарыс жағдайында 1918 жылы желтоқсанда парламент сайлауы өттi. Сайлауда консерваторлардың қолда-уымен либералдар жеңiске жеткенiмен, парламентте жұмысшы партиясы iрi оппозицияда болды. Лейбористер сайлауда өз бағдарламасымен қатысып, 62 депутаттық орынға ие болды. Лейбористердi 2,5 млн сайлаушылар қолдап дауыс бердi. Сайлаудан кейiн консерваторлар мен либералдар бiрiккен үкiмет құрды. Ұлыбританияның премьер-министрi болып Ллойд Джордж тағайындалды. Бұл үкiмет 1922 жылға дейiн елдi басқарды.
1929-1933 жылдардағы дүниежүзiлiк экономикалық дағдарыс капиталистiк елдер арасындағы қайшылықты күшейте түстi Консерваторлар үкiметiнің Еуропада беделi түсiп, АҚШ-тың қолдауымен Германия экономикасы жедел қарқынмен дами бастады. Франция үкiметiнiң сыртқы саясаты Еуропа елдерiнде бiршама әлсiреп, оқшаулана түстi. Болдуин үкiметi АҚШ-тың Германияны қолдау саясатын жақтады.
Сөйтiп, АҚШ және Ұлыбритания бiрiгiп, Германияны осы кезден бастап КСРО-ға қарсы соғысқа дайындай түстi. Консер-ваторлар үкiметiнiң антисоветтiк саясаты елде кең етек ала бастады. У.Черчиль бұл кезде консерватор үкiметiнiң құрамында финанс миниистрi болатын. Ол КСРО-ға қарсы батыл шаралар жүргiзуге шақырды. 1926 жылы маусым айында КСРО елiн айыптаушы «Ақ кiтап» деген жарық көрдi. Британ компартиясының кеңсесiн тексергенде «Мәскеудiң қолынан жасал-ған ағылшындарға қарсы құжаттар табылды» деп жала жа-былады. Бұл кiтаптан кейiн парламентте КСРО-ға қарсы айып тағылып, КСРО елiмен арақатынасты үзiп, елшiлiктi қайтару туралы талап қойылды.
«Ұлттық» үкiметтiң құрылуы. Екiншi лейбористік үкiмет құрылғаннан кейiн елдегi экономикалық дағдарыс тереңдей түстi. Жұмысшы партиясының еңбекшi халықтың алдында беделi толық әшкерелендi. Сайлаушылар алдындағы берген уәдесi сөз жүзiнде қалды. Экономикалық дағдарыс лейбористер партиясында жiк туғызды. Жұмысшы табына қарсы күрес күшейiп, еңбекшi халық есебiнен мемлекеттiк бюджеттi 120 млн ф.с. қысқарту туралы мәселе күн тәртiбiнде тұрды. Үкiмет жалақыны 20%-ға қысқартуға шешiм қабылдады. Экономика шығынын үнемдеу туралы Мэя жоспарын қабылдау керек екенiн айта бастады. Бұл жоспарға Ұлыбритания коммунистiк партиясы және Британ кәсiподақ Конгресi қарсы шықты. Елдi тағы да ереуiлдiк қозғалысқа шығуға шақырды. 1931 жылы ақша-қаржы дағдарысы күшейдi. АҚШ заем беруден бас тартты. 1931 жылы тамыз айының 23-і күнi Үкiмет отырысы болып, елдегi ақша-қаржы дағдарысынан шығу туралы мәселе қаралды. Үкiметтiң 21 мүшесiнiң 11 мүшесi жұмыссыздыққа бөлiнетiн төлемдi қысқартуға қарсы дауыс бердi. Үкiметтiк дағдарыстан кейiн премьер-министр Макдональд отставкаға кетуге шешiм қабылдады.
Макдональд кеткеннен кейiн «Ұлттық» бiрлiк үкiметi құрылды. Жаңа үкiметтiң құрамы 10 адамнан тұрды. Макдона-льд бастаған топ «ұлттық лейбористер» үкiметі құрамына кiрдi. Либерал партиясынан екi адам кiрдi. Макдональд үкiметтi басқара бердi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет