Лекция 2 солтүстік америкадағы тәуелсіздік үшін соғЫС



бет18/33
Дата26.05.2022
өлшемі189.45 Kb.
#458650
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
америка европа лекция

Бақылау сұрақтары:
1. Ақпан теңкерісі және оның маңызы
2. Елдің саяси жағдайы (1917ж. қараша-1918ж. Көктем)
3. Кеңес Одағы модернизация жолында
4. Елді индустриализациялау
5. И.Сталиннің жеке билігінің орнауы
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1.Новая история стран Европы и Америки. Второй период. Учебник. В.Н.Виноградов, А.М.Зверев, Т.М.Исмаилов и др.; Под ред. Е.Е. Юровской и М.М. Кривогуза. М., Высш.школа. 1998.- 316с.
2. Новая история стран Европы и Америки. Учеб. для вузов/ И.М. Кривогуза, В.Н.Виноградов Н.М. Гусева и др. Под ред И.М. Кривогуза. – 3-е изд, испр, М.: Дрофа, 2003- 912с.:
3.Жаңа заман кезеңіндегі халықаралық қатынастар тарихы. 2 бөлім. Оқулық/ Қ.И. Байзакованың жалпы редакциясымен. –Алматы: Қазақ университеті, 2006. -288б.
Қосымша:
1. Амрекулов Н.А. Тайна культ личности и ее разоблачение. Алма-Ата, 1991.
2. Верт Н. История советского государства. 1990–1991 / Пер. с фран. М., 1992.
3. Пономарев А.Н. Н.С.Хрущев // Политическое обозрение. 1989. № 13.


Лекция 18 Германия
Қарастырылатын мәселелер:
1.Германияның жеңілуі. Елдегі экономикалық және саяси дағдарыстың шиеленісуі
2.Веймар республикасы. "Веймар коалициясы

1918-1919 жылдардағы қараша революциясы мәнi жағынан буржуазиялық-демократиялық революция болды. Қараша революциясын төрт кезеңге бөлуге болады. Бiрiншi кезеңi - қараша айының 10 күнi Халықтық кеңес үкiметiнiң құрылуы; екiншi кезеңi – қарашаның 10-нан желтоқсан айының 16-ы аралығындағы Кеңестiң 1 съезiнiң шақырылған күнiне дейiн; үшiншi кезеңi – жел-тоқсанның 16-нан 1919 жылдың қаңтар айының 19-ы аралығын-дағы Ұлттық жиналыстың сайлауына дейiн; төртiншi кезеңi 1919 жылдың ақпан айында Веймар буржуазиялық Республи-касының құрылуымен аяқталды. Германия тарихында бур-жуазиялық республиканың құрылуының маңызы зор болды. Германияның қоғамдық - саяси дамуы демократиялық даму жолына түстi.


Веймар Республикасының құрылуы және оның Консти-туциясы. 1919 жылы қаңтар айының 19-ы күнi Германияда Ұлттық жиналысқа сайлау өттi. Сайлауда 54,5% дауыспен бур-жуазиялық партиялар жеңiске жетiп, Ұлттық жиналысқа (парламент) буржуазиялық депутаттар сайланды. Сайлаудан кейiн ақпан айының 6-ы күнi Веймар қаласында Ұлттық жиналыстың сессиясы өз жұмысын бастады. Елдiң Веймар Республикасы болып аталуы Веймар қаласының атымен байланысты болды. Ұлттық жиналыстың шақырылуы елдегi саяси тұрақсыздықпен сәйкес келдi. Ол 1919 жылғы қаңтар айында басталған рево-люцияға жалғасты, буржуазия үкiметтi өз қолына алғанымен, Германия бiрiншi дүниежүзiлiк соғыста жеңiлгендiгiн мойын-дады. Саяси қиындыққа қарамастан, Ұлттық жиналыс депутаттары Германияның жаңа үкiметiн құруға, алдағы үкi-меттiң мiндеттерiн анықтауға кiрiстi. Ұлттық жиналыстың қолдауымен Ф.Шейдеман бастаған үкiмет құрылды. Үкiметтiң құрамына ГСДП, Центр және Герман демократиялық партия-ларынан өкілдер кiрдi. Веймар Республикасының президентi болып Ф.Эберт сайланды.
Халық жиналысында Конституцияның жобасын қабылдау мәселесi өте тартысты жүрдi. Үкiметтiң әлеуметтiк бағдар-ламасы да қызу тартыста өттi. Елдегi саяси күштердiң ара салмағын ескере отырып, Ұлттық жиналыс шiлде айының 31-ы күнi Веймар Республикасы Конституциясының жобасын бекiттi. 1919 жылы тамыз айының 4-і күнi Конституция өз күшiне ендi.
Веймар Конституциясы Германияны республика деп жариялады. Халық – өкiметтiк билiктiң негiзгi тiрегi болды. Сонымен қатар еңбек етуге, адам құқықтарын қорғауға, бiлiм алуға Конституция кепiлдiк бердi. 20 жасқа толған азаматтарға жалпыға бiрдей сайлау құқығы берілді және референдум (жалпыхалықтық сұрау) өткiзуге рұқсат етiлдi. Конституция бойынша Германияның заң шығарушы парламентi – Рейхстаг. Жергiлiктi немiс жерiнде заң шығарушы парламент – ландтаг болды. Ландтаг депутаттарының сайлауымен Германия парла-ментiнiң жоғарғы палатасы Рейхсрат болды. Рейхсратқа 68 депутат сайланды. Германия парламентi Конституция бойынша екi палатадан тұрды. Рейхстаг – жалпыға бiрдей сайлау арқылы; жоғарғы палата Рейхсрат – жергiлiктi немiс жерiнiң парламент депутаттарынан құрылды. Рейхсрат рейхстаг жұмысын тежеуге және шыққан заңдарды бекiтуге құқылы. Рейхсрат – бақылаушы орган және вето қоюға құқылы болды.
Германияның сыртқы iстер министрi Штреземан «Рапалло келiсiмiн» пайдалана отырып, КСРО елiмен достық қатынасты дамыта түстi. Сөйтiп Батыс пен Шығыс елдері арасында екi жақты саясат жүргiздi. Кеңестiк Ресеймен сауда-экономикалық қатынастың дамуын Германиядағы демократиялық күштер ГКП-сы мен жұмысшы табы қолдап отырды. Германия импе-риалистiк елдер арасында бiрiншi болып Кеңестiк Ресеймен достық қатынас орнатқан ел болды. Рапалло келiсiмiнен кейiн 1925 жылы Герман-Кеңес сауда келiсiмiне қол қойылса, 1926 жылы екi ел арасында бейтараптық келiсiмге қол қойылды. Штреземан жүргiзген екi жақты саясат Германияның экономика-сауда қатынасының дамуына, Еуропадағы бейбiтшiлiкті сақтауға мүмкiндiк жасады.
1920-1923 жылдардағы саяси дағдарыс және Рур оқиғасы. 1919 жылғы қаңтарда өз жұмысын бастаған Париж конференциясы Германияда саяси дағдарыстың күшеюiне әкелдi. Версаль бiтiмi жеңген елдердiң Германиямен арадағы келiсiмi немiс халқы үшiн ең ауыр сын болды. Германия келiсiм барысында өзiнiң отарларынан айрылды, олардың қатарында Эльзас және Лотариния көмiр бассейндері де бар. Германия жеңген елдерге 132 млрд алтын марка репарациялық төлем төлеу керек болды. Версаль бiтiмi Германияда немiс халқының ұлттық намысына қатты соққы болып, Германияның саяси дамуы барысында пайда болған ұлтшылдық бағыттағы саяси ұйымдар халықты кек алуға шақыра бастады. Оңшыл саяси топтар мен консер-ватормилитаристiк күштер бiрiгiп үкiметке қарсы күреске, Версаль бiтiмiне қол қойған адамдарды жазалауға шақырды. Арандатушы-милитаристiк күштер фашистiк топтар құруға кiрiстi. Алғашқыда халық арасында оларды қолдаушылар аз болды. Фашизмнiң әлеуметтiк негiзi - люмпендер, соғыстан қайтқан солдаттар, жұмыссыздар, жастар және орта топқа жататындар, қоғамнан әлi де болса өз орындарын таппаған адамдар. Үкiметке қарсы реванш – ұлттық әскери ұйымдар құрылды. Бұл ұйымдардың негiзгi қызметi террор, кек алу еді. Олардың алғашқы құрбаны 1918 жылғы қараша айында Компьен орманындағы келісімге қол қойған Центр партия-сының басшысы М. Эрнбергер, 1922 жылы Рапалло келiсiмiне қол қойған Сыртқы iстер министрi В Ратенау болды. 1919 жылы Мюнхен қаласында «сыра бүлiгiн» бастаған А.Гитлер алғашқы фашистiк ұйымдарды құруға қатысып, фашизм бiртiндеп нацистiк (ұлтшылдық) идеологияға айнала бастады. Елдегi саяси дағдарыстың күшейiп тұрған кезiнде, 1920 жылы тұңғыш парламент сайлауы өттi. Жаңа үкiмет кабинетi құрылды. Канцлер болып Ференбах тағайындалды. Бiрақ елдегi саяси дағдарыс үкiметтiң жиi алмасуына әкелдi. 1921 жылы мамырда канцлер Ференбах репарация төлеуден бас тартып, отставкаға кетуге мәжбүр болды. 1922 жылы Центр партиясының басшысы И.Вирт үкiмет құрды, бiрақ үкiметтiк дағдарыс И.Виртты отставкаға кетуге мәжбүр еттi. 1922-1923 жылдары жаңа үкiмет-тi Куно құрды. Жаңа үкiметтiң репарациялық төлемнен бас тартуы 1923 жылы Франция-Бельгия армиясының Рур көмiр бассейнiн басып алуға алып келдi.
1929-1933 жылдардағы әлемде болып жатқан экономикалық дағдарыс Германияның экономикасына айтарлықтай ықпал етті: өнеркәсiп өнiмдерiн шығару азайды, инфля-ция күшейдi; жұмыссыздық көбейiп, 7,5 млн адамды қамтыды; көптеген өнеркәсiп орындары жабылып қалды; еңбекшi ха-лықтың жалақысы 25-40%-ға азайды; 31 мың өнеркәсiп банк-роттыққа ұшырады; ауыл шаруашылығы құлдырап, 50 мың жеке ауыл шаруашылық фермерлерi жерлерiн сатуға мәжбүр болды; Германияның қаржы-несие жүйесi дағдарысқа ұшырады; мемлекеттiк бюджет азайды. Соғыстан жеңiлген Германия экономикасының дағдарыстан шығуы өте қиынға соқты. АҚШ экономикасының дағдарысқа ұшырауына байланысты Герма-нияға бөлiнген заем мөлшерi қысқартылды. Әлемдегi экономи-калық дағдарыс Германияда жаңа әлеуметтiк-саяси ахуалға әкелді, саяси дағдарыс жаңа қөзқарастарды пайымдап, милита-ристiк-фашистiк күштер дағдарыстан шығу жолдары - Версаль бiтiмiн жою, Еуропаны қайта бөлiске салу, жаңадан өмiр кеңiстiгiн iздестiру деген талаптар қоя бастады.
Экономикалық дағдарыс Веймар Республикасының әлеумет-тiк-қоғамдық құрылымын түгел қамтыды. Үкiметтiк дағдарыс барысында 1930 жылы Г.Мюллер отставкаға кетiп, оның орнына Центр партиясының өкілі Г.Брюнинг үкiмет құрды. Г.Брюнинг үкiметi елдегi буржуазиялық демократияны жоюға бағыт алды. Экономикалық дағдарыс әсiресе орта таптарға өте ауыр соқты. Ұсақ буржуазия қайшылыққа ұшырады. Ұсақ және орта топтар республикаға қарсы күреске шыға бастады. ГКП-сы дағдарыс-тан революция арқылы шығуға болады деп түсiндi. Қоғамдағы саяси дағдарыстан шығу мақсатында ұлтшыл-социалистердiң ұраны тоталитарлық жол, жеке адам билiгiн орнатуға шақырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет