Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 4 Лабораториялық: обс¤Ж: СӨЖ: 66


ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ



бет2/7
Дата24.02.2016
өлшемі0.72 Mb.
#12813
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7


3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ

ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ

Курстың мақсаты: Адамзат тарихына бірқатар бірін-бірі дәйекті ауыстырып отырған қоғамдық – экономикалық фармациялар алғашқы тұрмыстық-қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунистік формациялар мәлім.

Алғашқы тұрмыс тарихынан зерттеу пәні жер бетінде адамның пайда болуынан топтық қоғамдар қызметінен тууы мен бастапқы дамуын, оның материалдық және рухани мәдениетінің пайда болуы мен алғашқы қадамдарын зерттейді. Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихынан аса маңызды міндеті алғашқы тұрмыстық қауым құрылысының негізгі ерекшеліктері анықтап табу, оның қалыптасуын, дамуы мен ыдырауын жалпы заңдылықтарын ашып көрсету оның таптық қоғамға айналу жағдайлары мен формаларын зерттеу болып табылады.



4. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ


Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

Кафедра

Кафедра қабылдаған шешім, хаттамасы №___ күні


1

Ежелгі дүние тарихы (Шығыс)

Халықаралық қатынастар тарихы.

Отан және шетел тарихы





2

Орта ғасырлар тарихы (Шығыс)

Азия мен Африка елдерінің қазіргі заман тарихы




5. ЖҰМЫС ОЌУ ЖОСПАРЫНАН К¤ШІРМЕ




Кредит саны


Курс

Жалпы сағат саны

Аудиториялыќ сабаќтар

Аудиториядан тыс сабаќтар


Қорытынды бақылау


лекция


Прак/сем


сем

лабор

ОБС¤Ж

С¤Ж

1

№1-2 кредит

3

90

20




4







66

Емтихан

6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет

Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.

Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.



7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР :

Сабаққа кешікпеу керек.

Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

Сабаққа іскер киіммен келу керек.

Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

8. ОҚУ САЃАТТАРЫНЫЊ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ




Тараулар атауы,

реті


Аудиториялыќ сабаќтар

Аудиториядан тыс сабаќтар

лекция

прак

сем

лабор

ОБС¤Ж

С¤Ж

11

Кіріспе.

1













3

2

Цин династиясы билігіндегі феодалдық Қытай.

1




1







3

33

19ғ орт.Апиын соғыстары.

1




1







3

44

Тайпин шаруалар соғысы

1













3

5


Токугава династиясының билігі кезіндегі феодалдық Жапонияның әлеуметтік –экономикалық және саяси жағдайы.

1




1







4

6


Осман империясының құлдырауы.

1













4

7


Ұлы Моғолдар империясының дағдарысы және ыдырауы.

1




1







3

8


19 ғ аяғы-20ғ басындағы Цин империясының әлеуметтік –экономикалық және саяси дамуы.

1













3

9


ХІХ ғ.ек.жарт.- ХХ бас.Жапония

1













3

10


19ғ 70жж –20ғ бас. Туркияның саяси жағдайы.

1













3

11


1905-1911жж Ирандағы революция

1













3

112

1905-1911жж Ирандағы революция

1













3

113

Империализм дәіріне өту кезеңіндегі Индия

1













3

14


Империализм дәіріне өту кезеңіндегі Индия

1













3

15


Индонезия

1













3

16

Индонезия

1













3

17

Магриб елдері үлгісіндегі арабтық Африканы отарлау

1













4

18

Магриб елдері үлгісіндегі арабтық Африканы отарлау

1













4

19

ХІХ ғ.- ХХ бас. Оңтүстік, Батыс, Орталық Африка

1













4

20

ХІХ ғ.- ХХ бас. Оңтүстік, Батыс, Орталық Африка

1













4




Барлығы:

20




4







66



9. Лекция сабақтары


I-лекция. Кіріспе

Жоспар:

1.Азия және Африка елдерінің жаңа тарихы пәні мен міндеттері.

2.Жаңа дәуір қарсаңындағы Азия және Африка халықтарының қоғамдық құрылысы мен саяси картасы.

3.Әлеуметтік –экономикалық дамуы, өндіргіш күштер дәрежесі және мәдениеті.



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Алаев Л.Б. Формационные черты феодалимзма и Восток. – Народы Азии иАфрики.

М.,1987, №3

Бролиев Ф. Материальная цивилизация: экономика и капитализм, XV-XVIII вв. Т. 1-3. – М.,1992

Васильев Л.С. История Востока. Т.1,2. М.,1994

Васильев Л.С. История религии Востока. М.,1988

Қосымша әдебиеттер:

Васильев Л.С. Что такое «азиатский» способ производства? Народы Азии и Африки. – М.,1988, №3

Восток в новое время: экономика , государственный строй. – М.,1991

Восток-Запад. Исследования. Переводы. Публикации. Вып.1. М.,1982; Вып.2. М.,1985; Вып.3. М.,1988; Вып.4. М.,1989;

Конрад Н.И. Запад-Восток. М.,1966

Мельянцев В.А. Восток и Запад во втором тысячелетии: экономика история и современность. М.,1997

Московское востоковедение: очерки, исследования, разработки. М.,1997

Никифоров В.Н. Восток и всемирная история. М.,1975; 2-ое изд. М.,1977



Лекция мақсаты: Азия және Африка елдерінің жаңа заман тарихының мақсаты, міндеттері басқа тарихи пәндермен байланысы туралы түсінік беру.

Лекцияның мәтіні:

Жаңа заман қарсаңында Шығыс дүние жүзінің халық ең тығыз орналасқан, бай бөлігі болды. 1500 жылы Шығыс елдерінде (Азия мен Солтүстік елдерінде) 288 млн. адам өмір сүрді, ол жер шарының тұрғындарының 68% құрады. Еуропадағы өндірістік революцияға дейін дүние жүзінің өнеркәсіптік өндірісінің 77% Шығыс елдерінде болды. Ең құнарлы жерлер шығыста болды. (өнімі көп) Ұлы Моғолдар империясында, Акбар тұсында (1556-1605) бидай өнімі орта есеппен 12,6 ц. – 1 га., ячмень -13,1ц., ал Еуропа Батыс елдерінде 7-8 ц. Болған. 1500 жылы дүние жүзінде 31 ірі қала болған болса, оның әр қайсында – 100 мың хылқы, оның 25 Шығыста, тек қана 4 Еуропада (2 Африкада). XVII ғ. дейін Шығысқа келген Еуропалықтарды тауар көптігі және оның жоғары сапасы таң қалдырды. әсіресе, мата үлкен халқы тығыз қалалары, қолөнершілерінің шеберлігі, билеушілерінің байлығы мен билігі. Өнеркәсіптік революцияға дейін, ХІХ ғ. басына дейін Шығыс елдері Еуропаға дайын тауарлар экспортқа шығарды. Олар медикаменттер, кофе, қант, шай, жұқа мақта маталарын, кашемир, жібек, т.б. тауарлар әкелді.

Батыс пен салыстырғанда Шығыс елдері азық-түлікпен, әсіресе нанмен жақсы қамтамасыз етілген еді. Мысалы: Сулейманның (1520-1566) Ибрахим паша, Вена елшісіне мақтанышпен былай деген – жалғыз Осман империясының жоғарғы Месопатамия жерлерінің барлығымен салыстырғанда жоғары сапалы және көп бидай өндірді.

Алжирде нанның бағасы 4-5 есе Испаниямен (Филип ІІ) салыстырғанда арзан болды.

XVI ғ. Шығыстың көптеген елдерінде экономикалық өрлеу байқалды, ол демографиялық өсумен бірқатар жүрді. Халық өсуі Азияда – 35% жету жағдайы бірқалыпты болды. Осман империясының балқан провинцияның шаруашылық жағдайы XVI ғ. жақсы, ал XVII ғ. Батыс елдеріне қарағанда едәуір жақсы болған.

Шығыс пен салыстырғанда Еуропа кедей және артта қалған болып көрінді. Әсіресе материалдық өндіріс дәрежесі төмен болды. 1500 ж. Батыс елдерінде (Еуропаның католиктік елдері) 68 млн. халқы болса, ол 16% (дүние жүзі халқының) құрады. Еуропа (Ресейсіз) дүние жүзілік өнеркәсіптің 18% құрады, ал әр бір тұрғынға шаққанда Шығыс елдеріне аз келген.

Еуропаның халқының өсуі XVI ғ. – 25% жетсе де, ол Азия көрсеткішінен төмен еді.

Тек қана Оңтүстік Еуропа елдері, әсіресе Испания мен Италия Шығыс елдерімен тең болды. Осы елдерге Фландрия, Франция, Англия Еуропаның солтүстік-батысындағы басқа елдері кейіннен көтерілді. Оған және де дамуының әлсіздігіне, бірқалыпты болмауына қарамастан, Батыс дүние жүзілік оқиғаларға ықпалы зор болды. Ол ықпалының динамизмі, дүние жүзілік тарихтағы ролі Еуропа халықтарының санына, байлығына, т.б. материалдық өмірдің дәрежесіне сәйкес келмеді және байланысты болмады. Батыстың ролі адам факторына, «адам мәдениетіне» -батыс өркениетінің ерекшеліктеріне байланысты болды.

Ол жаңа өркениет Батыста Х-ХІ ғғ. антикалық дәстүрлер мен батыс христиан (католиктік) шіркеу ілімінің негізінде қалыптасты. Оның негізінде еркін адам, өзіндік тәуелсіз индивид, жеке құқы және артықшылықтары бар. Батыс пен салыстырғанда Шығыста – тұлғалық бастама, жеке мүдделер қоғамдық мүдделерден жоғары тұрды. Көптеген техникалық жаңалықтар Шығыстан шыққан мен Батыста ол әрі қарай дамып жаңа ашылымдарға импульс болды.

Барлығы өзгеріске ұшырады – саясат, философия, финансы, өнер, технология. Ол өзгерістер Батыстың өзіндік рухани атмосферасының көрстекіші болды.

Батыс пен Шығыстың өзіне тән өркениет болды. Жаңа заман қарсаңында – Қытай-конфуциалдық, провославиелік, жапондық, ламаистік өркениеттер шамамен дамудың бар сатысында болды.

Бұл мәдени – тарихи қоғамдардан бірқатар өркениеттер артта қалды, олардың дамуы тоқтап қалды. Тойнби А. анықтамасы бойынша ремелтік, өркениеттер, полинезиялық, эскимостық т.б. Сібір өркениеттері, ыдырау дәрежесінде еді.

Жаңа заманға дейін олар неометтік мәдениет дәрежесінде тоқтап қалып, әлеуметтік инелетут, дамыған діні де болмады. Халқының санының аздығынан (1500 жылы Сібірде 200 мың еді) олардың территориясы бос кеңістік, басқа халықтардың ойынша, ешқандай өркениеттік өмір болмады.

XVI ғ. басында дүние жүзінің әсіресе халқы көп, әрі бай бөлігі Қытай т.б. қытай-конфуциналдік өркениет елдері болды. (Корея, Вьетнам). 1500 жылы мұнда 106 млн. адам өмір сүрді – ол жер шарының халқыынң – 22,3%. Бұл Қиыр Шығыстың өркениет І мың жылдықта көне Қытайдың әлеуметтік-мәдени мұрасы мен Конфуций (б.з.д. 551-479) ілімі негізінде қалыптасқан.

Конфуциандықтың ең жоғары әлеуметтік құндылығы мемлекет болып саналады. Мемлекет қоғам мен адам өмірін реттеу қажет еді. Қытай конфуциалдік өркениет халқаралық өмірдің негізі (шешуші) оқиғаларынан шетте қалды.

Жапон өркениеті мүлдем басқаша сипатқа ие болды. Ол көп нәрсені Қытайдан алды –жазу жүйесін, материалдық мәдениетінің көп бөлігін. Жапон өркениеті ІХ-ХІ ғғ. пайда болды.

1500 ж. халқының саны 17 млн. адам -4% (жер шары). Синтоизм негізінде қалыптасты. (малаяна буддизмз өте зор ықпал етті).

Буддизм VI ғ.ортасында Жапонияға кіріп, ал ІХ ғ. мемлекеттік дінге айналды. Қытай конфуциялдік қоғаммен салыстырғанда ол басқа елдердің жаңалығын өз еленде енгізіп отырды.

Жапония Шығыстың жалғыз мемлекеті – самурай мен княздер (даймё) сословиелері бар. Ол Еуропа дворяндығының жақын аналігі Даймё мен самурайлардың ақсүйектер секілді артықшылықтары болды. Олардың моральді кодекстері болды – бусидо («жауынгер долы»).

Дворяндардың, сословиелік құқық пен артықшылықтың болуы, және еркін қалалардың болуы, сауда-қолөнершілік цехтардың, өзіндік шарушылығының болуы Жапонияның әлеуметтік құрылысының Батыс Еуропаға ұқсайтындығын көрсетіп, амидаизм- дзэн-буддизм ХІІІғ. Нитирэн ілімінің (1212-1282), ал XVI ғ. соңында католиктік діннің жеңіске жетуіне жағдай жасады. Олар болса жапон қоғамына өте зор ықпал етті. XIV-XVI ғғ. экономика мен мәдениеттің өрлеуінің нитирэн мен дзэн-буддизм (ерекше синто-буддистік ) кең тарағанымен байланыстырады. Елдің халқының саны 9,7 млн. – 1300, 1600 жж. – 22 млн. өсті. Мұндай көрсеткіш ХІХ ғ. басына дейін еш бір мемлекетте болмады. Тек ғана христиандарды қуғындау, «елдің шабылуы», Токугава режимінің орнауы (1603-1868) қытай тәртібіне бағытталған, жапон қоғамының дамуын уақытша тоқтатып, халықарылық өмірден шығарып тастады.

Қиыр Шығыс өркениетінің толық қарама-қарсы ұлы үндіс өркениеті. Ол бүкіл Үнді субконтинентін, Оңтүстік-Шығы Азия елдерінен қамтыды. 1500 ж. онда 116 млн. адам өмір сүрді де ол 24,1% құрады. Ол өркениет І мыңжылдықтың ортасында көне үнді-ариилік өркениет негізінде қалыптасты.

Ол оның қалыптасуындағы шешуші рөлді тарихшылардың ойы бойынша Шанкара (788-820) ілімі атқарды. Ол ұлы ойшыл ведантаның діни-философиялық жүйесін қайта қарап, оған әмбебаптық сипат берді. Оның негізінде Үндістанның әр түрлі халықтарының діні мен дәстүрлерінің синтезі жасалды. Көне культтер негізінде үнді құдайларының пантеоны қалыптасты – Шива, Вишну, оның авторлары Рама және Кришна, Дурга, Кали т.б.

Үндістан мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің өркениеттің байланысы өте зор. І мыңжылдықтың басында бұл регионның мемлекеттері индианизацияға ұшырады. Олар діни култтардан басқа үнді әдет-ғұрыптарын, материалды мәдениеттің элементтерін, ал ең бастысы – жазу мен мемлекеттік жүйесін алған болатын. Буддизмнің өзі оңтүстік, үнді формасында қабылданды (хинаяна немесе тхеравада – «ақсақалдар билігі»), махаяна Үндістанның солтүстігінде кең тарады.

Жаңа заман қарсаңында тхераваданың діни-мәдени орталығы Ланха (Цейлон) боды. Үндістанда будизм жоғалып кеткеннен кейін ол ерте буддизмнің тазалығын сақтаушы ретінде қалды. ХІІІ ғ. бастап хинаяналық буддизм Бирма, шан, тай халықтары, Камбоджа, Малайя, Зонд архипелагының батысында халқытық дінге айналды. Соңғы ортағасырлық мемлекеттер укотаи (1238-1438), ютил (1350-1569), Маджапахит (1293-1528) – мемлекеттік дінге айналды.

Махаяна – солтүстік Үндістанда қалыптасты бірінші ғасырларды Орта Азияға тарап, онан Қытай, Корея, Жапонияға енді. Ол кейінрек буддизм Непалмен Тибетте пайда болды да, VIII ғ. ваджраяна түрінде бекітілді – ал осы діндегі үшінші бағыт, І мыңжылдықтың ортасында пайда болған.

Махаяна мен ваджараяна біртұтас діни ілім болмаған, онда көптеген мекетептермен, бағыттар болды. Олардың әр қайсысы Қытай, Жапония т.б. Қиыр Шығыс елдерінің рухани дамуына өз үлесін қосты.

Ламаизм – буддизмнің ерекше түрі, орта ғасырлық Тибетте пайда болған. Оның негізін салушы Цзонкхапа деген буддалық монах (1357-1419), ол гэлукпа ілімінің негізін салды. Этикалық нормалармен ритуалдарды ұстануға бағытталған. Ол әр адамнан өз ұстазына бағынуды талап етті. Ол жаңа дін болды Сары бас киімдеріне байланысты «сары қалпақты» - буддизмнің ескі Тибеттік мектебі.

Ламаизмнің діни орталығы Лхаса – тибет астанасы, далай-лана резиденциясы да болды. Тибет тілі лама шіркеуінің қасиетті тілі статусына ие болды. Оны Монголияда да т.б. «сары дін» иелері де зерттеді, оқыды. Бұл өзі ерекше мәдени, тарихи ригион болды. Оның өркениетіне индо-буддалық, көне ирандық ықпал байқалды.

1500 ж. ламаистік мемлекеттер халқының саны 3,6 млн. адам болды – 0,8%, аздығына қарамастан тез арада дін кең тарай бастады – буряттар, ойраттар, қалмақ, урянхайлықтар мен манчжурлар қабылдады.

Ламаизм экспансиясы Қытай мен Ресей шекарасында тоқтады. 1581 жылы Ермак Сібір хандығын жаулап алып, орыстарға шығысқа қарай жол ашып, 1637 жылы олар Тынық мұхит жағалауына шықты. Сонымен ламаизм Орта Азия мен шектесіп, жергілікті сипатқа ие болды.

Дүние жүзілік оқиғалар ортасында – ислам мен батыс христиан дінінің қарама-қайшылығы болды. Пайда болған күннен бастап кең тарады.

Ислам ілімі қоғам мен мемлекет сипатына ықпал етті. Ерекше мәдени тарихи тип ретінде ислам өркениеті ХІ-ХІІІ ғғ. қалыптасты. Ол иран-түркі мен араб елдерінің дәстүрлер негізінде қалыптасты. Діни орталығы Мекке, жаңа заман қарсаңында мәдени-саяси орталығы Каир қаласы болды да, мамлюктер султанаты құлағаннан кейін 1517 жылы Стамбул, Осман империясының астанасы.

XVI ғ. басында тағы да екі үлкен мұсылман империясы пайда болды: Сефевидтер державасы, Ұлы Моғолдар империясы, үш үлкен державаға көптеген мұсылман мемлекеттері қосылды Азия, Африка, Шығыс Еуропада орналасқан.

Ислам өркениетінің ареалында 1500 жылы – 47,5 млн. адам (11,2%), ал Поволжье, Үндістан, оңтүстік-шығыс Азия мұсылмандарын қоссақ оданда көп. Ислам қоғамы теократиялық, авторитарлық сипатқа ие болды.

Жаңа заман қарсаңында мұсылман ойы оның діни философиялық жүйе ретінде жоғары тұрғандығын үнемі айтып келді.

Жаңа заман қарсаңында ислам өз позицияларын кеңейтті, екі жолмен:

1) миссионерлік қызмет – сауда;

2) қасиетті соғыс (газават, джихад).

Бұл процесс жаңа заман қарсаңында Таяу Шығыс, Солтүстік Африканың араб елдерінде, Иран, Орта Азияда аяқталды. Бұл жерде ХІ-ХІІІ ғ. бастап мұсылмандар басым еді, XV ғ. осындай жағдай Кіші Азия, Африканың кейбір елдерінде байқалды.

Мұсылман дүниесінің кеңеюі табысты болды. Әсіресе Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс Азияда: Малакка султанатының құрылуы (1414), мұсылман қауымының Үндіқытайда өсуі, Суматрада – ачех султандарының билігінің күшеюі, Маджапахит державасының құлауы (1528) – Явада, Молука аралында (1486) мұсылман мемлекеттерінің құрылуы, Ней аралында (Жаңа Гвинея маңында), Калимантанда, Сулу архипелагында, оңтүстік Филипинде (Минданао аралында), Сулавеси (1605), Ұлы Моғолдар империясының құрылуы (1526) – Дели султанантының мұрагері, Ваджанаягара (1565) талқандалуы – Үндістандағы ең ірі үндіс мемлекеті – ислам позициясын нығайтты. XVIІ ғ. соңында Үндістан (оңтүстігінен басқа) бүкіл ислам қол астында болды

(Евразия мен Қытай).

(Юньнань, Ганьсу) мин әулетінің билікке келуі (1368), Алтын Орданың құлауы (1502) ислам позициясының әлсіреуі. Оған қоса ламаизм мен Мәскеулік православия экспансиясы.

Ислам алдында одан да кең перспектива Еуропа мен Африкада ашылды. 1453 жылы Осман түріктері Канстантинополь қаласын алып, оны жаңа халифат, өз империясының астанасы етті. Оның құрамына бұрынғы Византия жерлері: Кіші Азия, балқан түбегі кірді. XVI ғ. оған араб әлемі елдері, Марокко дан басқасы кірді. Ол империяның оңтүстік шекарасында африкандық султанаттар өсіп, нығайды: Марокко, Сонгай, Каина, Кано, Борну, Дорфур, Фунг, Адал. Экватордан оңтүстікке қарай – Шығыс Африка ірі орталықтары Момбас, Занзибар, Клва, Мозамбик, Софал. Бүкіл қара континеті (Конго мен Гвинея бас. оңт. басқа) исам биледі. Оған қоса транссахара саудасы, Ұлы Жібек Жолы, Үнді мұхит бас. сауда коммуникациялары Мадагаскардан Қытайға дейін мұсылмандар қолында болды.

Жаңа заман қарсаңында ислам дүние жүзілік үстемдікке талапкер болды. 1526 жылы Панипат маңындағы шайқаспен бірге (Үндістанды Бабыр жаулап алды) қатар Махач (Венгрия) шайқасы боды – түріктерге батысқа қарай жол ашты.

1529 жылы Вена түбіндегі жеңіліске қарамастан мұсылман жаулап алу қауіпі сақталды. әскери-техникалық жағында ислам Еуропадан қалған жоқ. Түріктерде дүние жүзіндегі ең күшті артиллерия, әскер, флот, ол 1571 жылы Жерорта теңізімен Шығыс Атлантика суларында үстемдік етті.

Өркениет жанжалын көпшілік крест пен ай жанжалы деп түсінді.

Батыс - елдер бөлігі басында – Италия, Испания, Бургундия, Нидерланды, Австрия, Чехия т.б. мемлекеттер, жалпы халқының саны – 33,5 млн. адам (1500 ж.) Шығыста біртұтас мұсылман елдері Жерорта теңізінің – 32 млн. XVI ғ. ортасында әр бір жақ 150 мың жауынгер бірнеше жүз әскери кемелер шығарылатын еді. Бұл екі лагердің күресі ішкі қарама-қайшылықтарды шиеленістірді.

Батыста реформация – және адам кейінгі ұзаққа созылған діни соғыстар. 1534 -1648 жж., еуропалық өркениетті қиын жағдайға ұшыратты (тіпті жоқ болуына дейін).

Мұсылмандар лагерінің бөлінуі құтқарды. Сефевидтер шииттік державасының құрылуы – олар өздерін суниттік исламға қарсы қойды, одан кейінгі иран-түрік соғыстары, үзіліспен 1514-1639 жж. дейін созылды, Шетел бірлігі 1596-1658 жж. түріктердің басқыншылығын тоқтатты. Түріктер еуропаны жаулап алуды уақытша тоқтатып, ал кейіннен мүлдем бас тартты. XVI ғ. (1581 ж.) бастап стратегиялық теңдік орнады, бір ғасырдан кейін Батыс пайдасына өзгерді, ол күрестің аяқталуы Колумб экспедициясының 1492 жылы Американы ашуы. Батыс өз үстемдігін теңіздерде, Атлант пен Үнді мұхит бассейінде орнатты. Ал осы жермен мұсылмандардың көп ең жолдары өткен еді. 1498 жылы португалдықтар Үндістан жағалауына келді де, 1509 жылы Диз шайқасында египет флотын талқандап Үнді мұхит акваториясында өз бақылауын орнатты, 1514 жылы – Қытайға, 1542 жылы Жапонияға келді.

Еуропалықтардың Шығыстағы жағдайды өзгертті. Оның тарихында жаңа кезең басталды. Бүкіл дәстүрлі құндылықтар мен саяси приориттер өзгерді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет