Бақылау сұрақтары:
1.Жаңа заман дәуірінің хронологиялық шектері?
2.Жаңа заман дәуіріндегі Шығыс елдерінің жалпы сипаттамасы
3.Еуропалық елдердің Шығыстағы саясаты
ЛЕКЦИЯ 2 Цин династиясы билігіндегі Қытайдың әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайы.
Жоспары:
-
XVIIғ. орт. Қытайдың саяси жағдайы.
-
Әлеуметтік – экономикалық жағдайы.
-
Цин әулетінің сыртқы саясаты.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Новая история Китая . Под ред. Тихвинского С. Л. М. 1972.
Кабанов П. М. Амурский вопрос . М. 1959.
Александров Б. А. Россия на дальневосточных рубежах (вт. Посе. XVIIв) М. 1969.
Қосымша әдебиеттер:
Непомнин О.Е. Генезис капитализма в сельском хозяйстве Китая М. 1966.
Лекция мақсаты: Цин династиясы билігіндегі Қытайдың әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайы туралы түсінік беру.
Лекцияның мәтіні:
(1559-1626) маньчжурлар көсемі Нурхаци бірнеше тайпалардың басын біріктіріп, саяси құрылымның негізін қалады. Шыңғыс хан (Темучин) секілді ол басты назарды әскерге аударды. 1609 ж Нурхаци Мин әулеті қоластындағы Қытайға алтын төлеуді тоқтатты. Одан кейін ол өзінің Цинь династиясын жариялады.) Чжурчжэньдерден алынған), ал 1618 ж Қытаймен қарулы соғысты бастады. Нурхауидаң ісін жалғастырушы Абахай (1626-1643) өзін император етіп жариялады, династияның атын Цин деп өзгертті, бүкіл оңтүстік Манчжурия және жаулап алған Оңтүстік Монғолия территориясында орталықтанған әкімшілік жүйесін орнатты (Қытай үлгісімен)
Осы уақыттан Маньчжур атты әскері жүйелі шабуылдар болмайды, қытайлықтарды тұтқындап оларды құлға айналдырды. Бұл жағдай мен императорларын Шаньхайгуань маңына ең ірі, жақсы жасақталған әскерлерді У Сань-Гуй басқарған шоғырландыруға әкелді. 1644 ж Ли Цзы-Чэн Пекин қаласына болып көрген уақытта барлық Мин әскерлері жеңіліп тек қана У Сань-Гуй әскері ғана қарсылық көрсете келді. Қарсылық көрсетуге олардың күшіде болды. Сондықтан жаңа император осы жағдайды түсіне отырып, келіссөз жүргізуді ойластырды.
У Сань-Гуй келіссөзге дайын еді. Бірақ бір кездейсоқ жағдай барлық картаны араластырып жіберді.
У Сань-Гуй жеңіліске ұшырағаннан мойындады да жаулап алушыларға қызметке өтті.
Маньчжурлар ( сегіз жалаулы әскер үшін, маньжур арикротасиясы) гриан сақталған ерекшеліктерге қарамастан, ресми түрде аралас некеге тиым салынуына қарамастан тез арада қытайласып кетті. 1645 ж маньчжурлар Янчжоу және Нанкин қалаларын басып алып оңтүстік және оңтүстік – батыс правинцияларына кірді. Жергілікті халық оларға қарсы шығып Хунань, Сычуань, Гуанси, Чжецзян, Фуцзянь, Шэньси, Ганьсу провенцияларының аудандарын басып алды. Фуцзиянь және Тайвань аралының Чжен Чэнгун басқарған халқы дербес мемлекет құрып 1683 ж дейін қарсылық көрсетті. Сонымен Цин әулетінің билігі бүкіл Қытайға тарады.
Кансиден бастап (1662-1723) маньчжур императорлары конфуций дінін қабылдады . Әдеттегі Қытай әкімшілік жүиесі сақталды аграрлық іс-шаралар жүргізілді.Жер екі категорияға бөлінді: Мемлекеттік және жекеменшік. Мемлекеттік жерлер: император үйінің иелігіндегі жерлер, манжур ақсүиектерінің, әскер басылардың жерлері, әскери тұрақ, храм, монастыр, мектеп жерлері. Жекеменшік жерлер: феодалдар, помещиктер, шенеуниктер, копестер, өсімқорлар, жартылай шаруалар.
Шаруаларды қанаудың негізгі түрі феодалдық рента болды. Жерді помещиктен жалға алғаны үшін шаруа ақысыз жүмыс істеуге міндетті болды.
Сословиелік құрылымы.
Жоғарғы сословие – манжурлар. Олардың барлық артықшылықтары мұралықа қалдырылды.
Шэньши – „ ғалымдар”. Мұралыққа қалдырылған жоқ олардың арасынан қала басшылары сот т. б. Жоғары шенеуниктер тағайындалды.
Төменгі сословие – помещиктер және шаруалар.
Қолөнершілер сословиесі – ірі шеберхана және мануфактура иелері, қол өнершілер.
Ең төменгі сословие – актерлер, шаштараздар қару жасайтын шеберлер, кеңсенің ең төменгі қызметкерлері, құлдар. Оларға басқа сословиенің өкілдерімен некелесуге тиым салынған.
Мемлекеттік құрылымы:
Богдыхан ( мемлекет басшысы)
әскери кеңес ( жоғарғы билік иесі)
Любу ( министірлер кабинетінің функциясын атқарды)
Шендер, салықтар, салтанат, әскери, қылмыстық, қоғамдық жұмыстар.
Әкімшілік жүиесі.
Қытай
Провинция
Облыс ( фу)
Округ ( чжоу)
Уез ( сянь)
Халық санының тез өсуі (XVIII-XIX ғғ) Қытайда 300 млн адам нашар өмір сүрді. Бұдан бұрынғы 2 мыңжылдықта халықтың саны орта есеппен 60 млн шамасында сақталды. Династиялық цикл халық дамуына өз үлесін қосты.
Демографиялық қысымның деректемелер бойынша бай жериеленушінің негізгі көптеген иеленушілері болып есептелді және байыған қала тұрғындары, қолөнершілері мен саудагерлер олармен (өз ара категориялар ішінде) және байыған деревния жер иеленушілері арасында да өз ара тығыз байланысты болған. Салықтың бар ауырлығын орта және ұсақ жер иеленушілер көтерген, өйткені Шэньши чиновниктерге ел басқару ісінде, қоғамдық жұмыстарда (жолдар, хром, платина, канал салу, салық жинау ) бұқара қозғалыстарды ұйымдастыру көмек көрсетіп қызмет еткен, сондықтан оларға көп салық салмаған.
Қазына мәселесі. Цин қаласындағы Қытайда әдеттегі династиялық цикл үлкен демографиялық даму нәтижесінде өзгерді. Әр бір циклдің ірге тасы жер қатынастары болатын, ал қоғамдағы болып жатқан өзгерістер саны өскен халық, жер субегінің әдіске көшуі, өндірістің өсуі, мемлекетті салықты қазына түсіруімен айналысуын тоқтатты.
Маньчжур династиясы Қытай үшін уникалды болып табылды . Бұған дейін Қытайды жаулап алушылардың ешқайысысы империяның классикалық құрылымына шын мәнінде сіңіп кетуін аямаған . Ол өзіндегі бар рекорд болды.
Оның себебі;
Манчжурлар активті түрде кофуцишілдік мәдени дәстүрлерді игерді. Канси 16- заповедь- қарапайым бұқара халық үшін катекизис. Олардың шын жүрегіндегі мен қабылдай отырып , оны әкімшілік жүйесіне толық енгізді. Өздеріне қолайлы демографиялық экономикалық процесстерді жақсы пайдаланды.
ХІХ ғ басында апинды әкелу өсе бастады. Ол оқиға ХІХ ғ ортасында апин соғыстарына әкелді. Осы соғыстардың сәтсіз аяқталуы ( Қытай үшін ) оның жартылай отарға айналуына әкелді. Осыған дейін Цин үкіметі мемлекеттің сыртқы қатынастарды минимумға дейін шектеп, XVII-XVIII ғғ, ХІХ ғ басында Қытай тәуелсіз держава болып өз потенциалын сақтап келді.
XVII ғ бас. Цин өкіметі Ішкі Монғолияны жаулап алды, Қытай Цин империясына айналғаннан кейін оның бір бөлігі болып есептелді. XYII ғ соңында Қытайға Солтүстік Манғолия қосылды XYIII ғ ортасында император Цяньлун (1736 – 1795 жж) император Цяньлун әскері жоғңар хандығын, Қашқарияны, Ұйғыр мемлекетін басып алды. XYIIIғ қытай императорлары бір неше рет Вьетнам мен Бирмаға жорық жасаған бірнеше рет. Алғашқы уақытта цин үкіметі батыс европалық миссанерлерге жақсы көзқараста болды. Пекин қаласына Голандия, Португалия, Франция, Англия копестерімен католиктік миссанерлері көптеп келіп отырды. 1724 ж жаңа богдыхан Юнчжэн хрестиян шіркеулерін жабу және миссионерлерді қуу туралы бүйрық берді. 1757 ж император Цяньлун Гуаньчжоудан басқа барлық қытай портарында европалықтармен саудаға тиым салу туралы жарлыққа қол қойды осы уақыттан бастап Цин үкіметі батыстан оқшаулану саясатын жүргізеді. Европалықтармен сауда тек ғана « Гунхан» копестік компаниясы арқылы жүргізілген.
Қытай халқының ерекшеллігі туралы дәстүрлі ұлыхань тұжырымдамасы кең таратылды. Қытай « варварлық» елдер қоршаған « аспан астындағы » империя деп аталды. Цин империясының вассалы Корея болды, және Қытайға Тибет қосылды.
Оқшаулану саясаты қысқа мерзімге Қытайға отаршылдардың енуіне кедергі болды. Ал оның басты нәтижесі – феодалдық тәртіптің консервациясы болды. Сонымен қатар сыртқы сауданы шектеу арқылы қолөнер өндірісіне, мануфактураларға үлкен соққы берді.
Бақылау сұрақтары:
1.Маньчжурлар Пекин қаласын қай жылы басып алды?
2.Конфуций дінін алғаш рет қай император мемлекеттік дін ретінде қабылдады?
3.Цин иммериясының мемлекеттік құрылымы қандай болды?
4.Цин әулетінің сыртқы саясатының негізгі бағыттары?
ЛЕКЦИЯ 3 XIX ғ. орт. «Апиын» соғыстары.
Жоспары:
-
Макартней миссиясы.
-
Ағылшын Ост-Инд компаниясының апиын саудасы.
-
Апиынға тиым салу қозғалысы. Линь Цзэ-Суй қызметі.
-
І-ші «апиын» соғысы.
-
Қытайдың жартылай отарға айналуы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1.Бескровный, Тихвинский С. Хвостов В. История формирование русско-китайско и границы. «Международная жизнь», 1972 №6
2. Нарочницкий А. Л. Губер А. А. Сладковский М. И. Бурлингас И. Я. Международные отношения на Дальнем Востоке Кн. 1 конца XVI в до 1917 г М. 1973 .
Қосымша әдебиеттер:
3. История Китая под. Ред. Тихвинского. С. Л. М. 1972.
Лекция мақсаты:Қытайдың жартылай отарға айналу процесін зерттеу
Лекцияның мәтіні:
Үндістанды жаулауды аяқтап келе, Англияның үстем табы өз алдына Қытайды отарлау мақсатын қойды.
Ағылшын капиталистері Қытайдың оқшалану саясатынан бас тартқызып, оны мен дипломатиялық қатынастар, сауда қатынастарын орнатуды көздеді. Британ отаршылдарына Қытайды «ашу» қажет болды.
Қытай үкіметіне қысым жасау мақсатында Ұлыбритания Қытайға арнайы миссия жіберді, олар 1793 жылы бірнеше қаруланған кемелерде Қытайға келді. Қытай богды ханына Англияның әскери, өнеркәсіптік күшін көрсету үшін жаңа қарудың түрлерін қытайлар көрмеген көптеген механизмдер алып келді. Бұл миссияны британияның дипломаты, лорд Макартней басқарды, оған дейін Үндістандағы мадрас президенттігінің генерал-губернаторы, Петербургтегі елші қызметтерін атқарған.
Макартней мақсаты: 1) ағылшындардың Қытай порттарында еркін сауда жүргізуіне; 2) Пекин қаласында сауда қоймаларын ашу; 3) ағылшындарға база құру үшін Қытайдың бір аралын алу; 4) ағылшын тауарларына баж салығын төмендету; 5) Қытай-ағылшын үкіметтері арасында тікелей дипломатиялық қатынастар орнату т.б.
Бірақ бұл бағдарлама іске аспады. Қытай үкіметі салтанатты түрде британ миссиясын күтіп алды.
Бірақ олардың айтуынша британ елшілігі – қытай вассалдарына тең болды және Макартнейге, вассалдық елдің елшілері Пекин қаласында тек ғана уақытша болуына мүмкіндігі бар деп ескертілді.
Қытай билеушілері Англиямен байланысты кеңейтуден, шетелдіктерді елге жақындатудан бас тартты.
Ағылшын капиталистері Франциямен күрес жүргізіп отырғандықтан (Үндістан халқына қарсы) Қытайға күш қолдануды дұрыс көрмеді. Бірақ олар Қытайдың «ашылуын» талап етті. ХІХ ғасырдың басында Англия үш рет португалдықтар басып алған Аомынь (Макоо) қытай портын алғысы келді. 1816 жылы Қытайға ағылшын үкіметінің жаңа өкілі Амкерст, Махартней секілді мақсат қойды, бірақ олда сәтсіздікке ұшырады.
2. Ағылшындар апиын өсіретін Үндістандағы Бенгалияны аудандарымен жаулап алғаннан кейін, Ост-Инд компаниясы ағылшын үкіметі Қытайға апиын алып кіруге, апиын садусына монополиялық құқықа ие болды. Апиын саудасы өте көп пайда түсіретін іс болды. Қфытайға апиын сату Үндістандағы ағылшын үкіметіне олардың кірісінің 1/7 құрады. Ағылшындар қытай тауарларын күміс ақшамен есептескен. Апиын алып кірудің өсуі, қытай тауарларымен есептесуге, қытайдан күмісті алып шығуға мүмкіндік берді.
1800 ж. -1838 ж. дейін қытайға әкелінетін апиын 20 есе өсті. 2 мыңнан – 40 мың жүздікке дейін. Апиынды шегу үлкен аймақта кең тарады.
Апиын өте қауіпті нәрсе, ол жайлап адамның есінен, күшінен айрылуға алып келеді.
Үстем таптың кейбір өкілдері апиын саудасына қарсы шықты Цин үкіметі бірнеше рет апиынды әкелуге тиым салатын жарлықтар шығарды.
Ағылшын көпестері осы жағдайға наразылық білдіріп, өз үкіметінен күш қолданып, апиын саудасын ашық жариялап, шетел саудасына қытай порттарын ашуды талап етті.
1834 жылы ағылшын үкіметі қытай үкіметіне ескермей, Гуаньчжоуға ағылшын-қытай саудасын бақылауға адам жіберді. Ол Гуаньчжоуға екі ағылшын әскери кемесін шақыртып алды.
3. 30-шы жж. екінші жартысында күмістің шетелге көптеп шығарылуына байланысты Цин үкіметінің қаражаттық жағдайы нашарланды. Апиын саудасы ағылшын агресссиясының бір түрі екендігі белгілі болды.
1836 ж. император Даогуан апиын контрабандасымен күресті күшейту туралы эдикт шығарды. Бірақ үстем тап онда мүдделі болмады. Сарай маңында апиын саудасын толық ашық етіп жариялауды талап ететін бір топ адамдар болды.
Линь Цзэ-Сюй басқарған бір топ жоғарғы чиновниктер апиынды шегуге, апиын саудасына қарсы шықты.
1838 жылы Линь Цзэ-Сюй Хунань, Хубэй провинцияларының наместнигі болып тағайындалды. Жергілікті тұрғындардың қолдауымен апиынды тиым салуға байланысты іс-шаралар жүргізді.
1839 жылы Гуаньдун провинциясының наместнигі болып Гуаньжоуға келіп, шетел көпестерінен барлық апиынды тапсыруды талап етті, олар бас тартқаннан кейін, шетел саудагерлерінің сауда факториясы қоршауға алынды. Осыдан кейін ағылшын көпестері қытай үкіметіне 20 жәшік контрабандалы апиынды тапсырды.
Линь Цзэ-Сюйді Гуандун халқы қолдап 1839 жылы ағылшын әскери кемелері қытай джанкарларына басып алды.
4. Ағылшын газеттері Қытай үкіметінің заңды іс-шараларын британ қоластындыларға қарсылық көрсету деп жариялады. Қытайларды жазалауға шақырды. Ағылшын үкіметі Қытайға бірнеше талаптар қойды: 1) апиынның жойылған құнын төлеу; 2) оңтүстік Қытай жағалауында мәнгі қолдуға бір аралын алу.
Ағылшын үкіметі соғыссыз бұл талаптарды жете алмайтындығына көзі жетті.
1840 жылы маусым айында Қытайға Британияның әскери эскадрасы келді.
Ресми түрде соғыс жарияламай ағылшындар бірінші ағылшын-қытай (І «апиын») соғысын бастады. Англияға, соғысқа қатыспаған Франция мен АҚШ қолдау көрсетті.
Чжили провинциясының наместнигі Ци Шань капитуляция жөнінде келіссөз жүргізуге шақырды. 1840 жылы император апиынға тиым салуды жою туралы эдикт шығарды.
1842 жылы шілде айында ағылшындар Шанхай қаласын алды да Янцзы өзенімен жоғарлай жылжып бастады. Чжэньцзэн маңында үлкен шайқас болды. Бұл қаланы 21 шілде күні басып алды. Қытай жеңілді.
Негізгі себебі: Англиямен салыстырғанда әскери және экономикалық әлсіздігі. Қытай әскерінің 20 мың адамы қаза тапты, ағылшындардан 520 адам.
Қытайдың феодалдық билеушілері елде біртұтас қорғаныс ұйымдастыра алмады.
1842 жылы Нанкин түбінде ағылшын әскери келісмде «бейбітшілік, достық, сауда, шығындарды қалпына келтіру» туралы келісімге қол қойды. Нанкин келісімі бойынша ағылшын саудасына 5 порт ашты: Сяминь (Амой), Фучжоу, Нинбо, Шанхай, Гуанчжоу, бұл қалаларда ағылшындар консулдық орнатуға құқылы болды.
«Кохонг» монополиялық компаниясы тарқатылды, британ көпестері еркін сауда құқығын алды. Сянган аралынан британ королевасына берді. Ағылшын тауарларына 5 % салық салынды. Қытай Англияға 21 млн. лян контрибуция төлеуге тиісті болды. Оның 6 млн. – апиынды жойғаны үшін, ал 3 млн. ағылшын фирмаларының шығындарын өтеуге, ал 12 млн. лян Англияның Қытайға қарсы соғысты жүргізу үшін кеткен шығындардың орнын толтыру мақсатында.
1843 жылы Англия Қытаймен экстерриториялық құқық берген келісімге қол қойды.
Осыдан кейін Қытайға т.б. капиталистік державалар ұмтылды. 1844 жылы теңсіз американ-қытай келісіміне қол қойылды. 1844 жылы осындай келісім Франция мен Қытай арасында жасалды. Сонымен қатар Францияға ашық порттарда католиктік шіркеу салуға, онда миссионерлердің қызметіне рұқсат берілді.
Капиталистік державалардың,христиан шіркеуі мен миссионерлерді жаулап алу мақсатында кең пайдалануына мүмкіндігі туды.
Ал ірі капиталистік елдер соңынан теңсіз келісімдер Бельгия, Швеция, Норвегия мен жасалды.
Бірінші «апиын» соғысы Қытай дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі. Қару күшімен Қытай шетел капиталы үшін ашылды. АҚШ, Англия, Франция отаршылдары маңызды саяси, экономикалық позицияларға ие болды.
Қытай территориясының бір бөлігі Сянган аралы – (Гонконг) ағылшын отарына айналды.
Нанкин келісімі Қытайдың мемлекеттік, ұлттық тәуелсіздігін таптауға жол ашты.
Порттардың ашылуы Еуропа, АҚШ-нан тауарлардың көптеп келуіне себеп болды да Қытай дүниежүзілік капиталистік рынокқа тартылды.
Сонымен Қытайдың жартылай отарға айналуы басталып, ол процесс ХІХ ғасырдың соңында аяқталды.
Сонымен қатар Қытай халқының шетел отаршылдарына қарсы азаттық күрес басталды.
Бақылау сұрақтары:
1.Макартней миссиясының мақсаты?
2. «Апиын» саудасына қарсы патриоттық қозғалысты кім басқарды?
3.Бірінші «апиын» соғысы қай жылдары болды?
4.Екінші «апиын» соғысы қандай бітіммен аяқталды?
ЛЕКЦИЯ 4 Тайпин шаруалар соғысы.
Жоспары:
-
Шаруалар соғысының идеологиясы. Мақсаты, қозғаушы күштері.
-
Басталу барысы.
-
Тайпин Тяньго мемлекетінің жариялануы.
-
Аграрлық бағдарламасы.
-
Екінші “апиын соғысы”. Көтеріліс нәтижесі.
-
Тарихи маңызы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1. Илюшечкин В. Л. Крестьянская война тайпинов М. 1967
Қосымша әдебиеттер:
Ефимов М.Е. Мир китайского буддизма Спб; 1994г
Лекция мақсаты:Тайпиндер шарруалар соғысының шығу себептерін, барысын, нәтижесін зерттеу.
Лекцияның мәтіні:
Шетел отаршылдарының келуі қарсаңында феодалдың Қытай дағдарысқа ұшырады. Ол дағдарысының ең үлкен көрінісі шаруалар соғысы еді.
ХІХ алғашқы 40 жылдығында Қытайдың әр түрлі правинцияларында ондаған шаруалар соғысы болып өтті. Ол стихиялық қозғалыстар болды. Алғашқы тең құқықсыз келісімдеріне қол қойылды, портардың ашылуы, елдің экономикасымен бұқара халықтың жағдайына ауыр тиді. Қытайға ағылшын жүн, мата, мақталарының әкелінуі 1842-1895 жж аралығында 3,5 есе өсті. Ол жергілікті өндірістің қысқаруына ,ашық портартардағы қолөнершілердің кедейленуіне алып келеді.
Қару күшімен отаршылдар Қытай халқын апиын мен уландыру құқығына ие болды. 1840-50 жж дейін Қытайға апиын әкелуі 2,5 есе өсті апиын әкелінуінің өсуі, үлкен контрибуция төлеу қажеттігі күмістің елден шығарылуының себебі болды. Елде күміс пен күміс ақшаның құны өсті. Ол шаруалардың жағдайын күрт төмен түсірді, себебі салық төлеу үшін олар мыс ақшаны қымбаттаған күміс ақшаға ауыстырды.
Помещиктер аренда ақысын көтерді. Богдыхан және жергілікті өкімет ондаған жаңа салықтар енгізді қаражат дағдарысы жағдайында ирригациялық құрылыстардың жөндеу жұмыстары тоқтады. Қолдан суару құрылыстары, каналдар, платиналар бөгеттер істен шықты.”1840-42жж «апиын» соғысы Цин әулетінің шетел отаршылдарынан елден тәуелсіздігінің сақтап қаламайтынын көрсетті”.Елдің әр түрлі топтары арасында антиманьчжурлық қозғалыстар туды.Бұқара халықтың әлуметтік қозғалысы діни сипатқа ие болды. Оның жетекшісі, идеологі Хун Сюцюань 1843 Қытай оңтүстігінде өз жақтаушыларын жинады.
Хун Сюцюань Гуаньдун провинциясының шаруа жанұясынан шыққан, 7 жастан бастап ата-анасы жергілікті мектепке берді. Жанұясының ауыр қаржылық жағдайына байланысты Хун Сюцюань оқуды тастап егіншілікке шығады. Екі жылдан кейін өз деревнясына мектепке мұғалімдікке шақырды. 1843ж дейін жұмыс істеді. Хун Сюцюань Қытайда көне авторларының еңбектерін зерттеді.Гуанчжоу қаласында ғылыми атаққа емтихан тапсыру мақсатымен келгенде, ол миссонерлермен кездесті. Олар Хун Сюцюаньды христиан дінінің негіздерімен таныстырды.1837 ж Хун тағыда емтиханнан өте алмады , ауырып қалды.
Хун Сюцюань оған база ретінде Гуандунмен шекаралас Гуаньси провинциясын Оңтүстік-шығыс таулы аймағын алды. Бұл жерде Гуандуннан келген қашқындар көп еді. Гуанси Цин үкіметінің шалғай правинциясы онда Циндардың билігі әлсіз еді. Осы жерде «Құдайға табыну қоғамының» қатары өсті.
Оның мүшелерінің басым бөлігі- шаруалар, кеншілер, үйсіз кедей топтар, сонымен қатар онда көпестер мен кейбір помещиктер де болды. Бұған мұғалім Фын Юньшань, шаруа Ян Сюцин, Сяо Чаогуй, ұсақ помещик Вэй Чанхой, 17 жасар ( бай шаруаның ұлы) Ши Дакай, кенші Цинь Жиган.
1850 ж Хун Сюцюань қоғамның барлық мүшелерін үй, дүние мүлік сатып, жанұяларымен көтерілісші әскеріне келуге шақырды. Қоғамның негізгі ұраны-маньчжурларға қарсы күрес, кедейлер мен байларды теңестіру.1852ж сәуірде тайпиндер батысқа қарай жылжи бастады. 1852 ж желтоқсан айында көтерісшілер Янцзы өз бойына шығып Иочжоу портын алды. Бұл жерде патша әскерінінің арсеналы бар еді. 1853 ж тайпин әскері Янцзы әскерімен төмен қарай жылжыды 1903 ж олар Нанкин қаласын алды.( Нанкин-«оңтүстік бас қала») Қытай астанасы етіп жарияланды.
Нанкин алынғаннан кейін тайпин мемлекетінің «Сипай династиясының жер жүйесі» атты құжат жарияланды. Ол негізгі заң.
Бұл құжат бойынша негізгі шаруашылық саяси, әскери бірлік- шаруа қауымы. Әр бір жанұя әскерге бір адам беруге тиісті болды. Жауынгер жылдың 3/4 бөлігінде егіншілік жұмысы мен айналысуы қажет.1/4-әскери қызметпен.1850-1853жж тайпин соғысыныкң табысты кезеңі. Манчжурия әулетін құлату Германияның елдің солтүстігіндегі әскерін жеңіп, Пекин қаласын алу керек еді. Бірақ тайпин жетекшілері Нанкинді алғаннан кейін Солтүстікке қарай тез арада жорық бастады.1853 ж мамыр айында жорық басталды.1853-1856 жж Цзэн Гофаньға соққы берілді, Тайпиндер Орталық Қытайда орнықты. Қытаймен тең құқықсыз келісім жасап Англия, Франция, АҚШ, Қытайдың « ашылуын» толық емес деп есептеді. Ал енді Қытайда басталған азаматтық соғысты өз мүделеріне пайдаланғысы келді.
1854-1855 ж ж олардың әскері Цин үкіметіне көтерілісті басуға көмектесті. 1857 ж державалар бүкіл Қытайда еркін сауда, шетел елшілерін Пекин қаласына кіргізу, апиын сатуға ресми түрде рұқсат беру талаптарын қойды. 1856 ж соңында ағылшын эскадрасы Гуаньчжоу портын бомбалады,1857ж дейін созылды. Англиямен Франция Қытайға өз эскадрасын жіберді. АҚШ ресми түрде соғысқа қатысқан жоқ.
Бақылау сұрақтары:
1.Тайпин шаруалар соғысының шығу себептері?
2.Шаруалар соғысы қай жылдары болды?
3.Тайпиндердің негізгі құжаты қалай аталды?
4.Тайпиндердің бас қаласы?
ЛЕКЦИЯ 5 Токугава династиясының билігі кезіндегі Жапонияның әлеуметтік –экономикалық және саяси жағдайы.
Жоспар:
-
XVII- XVIIІ-ғ. Жапонияның саяси жағдайы.
-
Әлеуметтік экономикалық дамуы.
-
Сыртқы саясат “оқшаулану”
-
ХІХғ. бір. жарт. Жапон феодализмінің дағдарысы.
-
Жапонияның “ашылуы”, европалық державалардың енуі. Тең құқықсыз келісімдер.
-
Токугава дәуірінің мәдениеті.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Плетнер О.В. История эры Мэйдзи М. 19788.
Эйдус Х. Т. Очерки новой и новейшей истории Японии М. 1955.
Қосымша әдебиеттер:
3. Очерки новой истории Японии (1960-1917) под ред Гальперина А. Л.
Лекция мақсаты:Токугава сегунаты кезіндегі Жапонияның саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайын қарастыру.
Лекцияның мәтіні:
1598ж. император Хидэеси феодалдық соғыстарды болдырмау мақсатында 5 бас министрлерден Тайро атты жоғарғы басқару органын құрды.Оның құрамына Токугава Иэясу, Маэда,Уэсуги, Мори , Укита кірді.Олар император кәмелетке толғанша басқаруға тиісті болды.Бірақ екі жылдан кейін Токугава Иэясу эскери қимылдарды бастады.
1600ж Сэгигэхара маңындағы шайқаста феодалдық князьдер коалициясын жеңіп, билік басына келді.1603ж. Иэясу сегун титулын алды,сөйтіп Жапонияда Токугава эулетінің билігі басталды.XVIIғ. басында елде 260-ға жуық ірі жэне ұсақ князьдіктер болды. Жапонияның халқының саны 28 млн. адам, оның 80% ауыл шаруашылығымен айналысты.
1590ж. өзінде-ақ Токугава Иэясуға император Хидэеси Канто ауданының 8 провинциясын сыйға тартқан болатын, сондықтан ірі феодалдық үйге айналды.Осыдан кейін Токугава өз билігін нығайтып , басқа князьдіктерге бақылауын орнатуды көздейді. Елдің өңделетін жерінің 1\4 бөлігі Токугавалар қолында болды. Токугавалар орнатқан әлеуметтік жүйеде төрт топ болды.
1.Си – самурайлар , сегун, оның маңындағылар, император жэне оның маңындағылар.
2.Но - шаруалар
3. Ко - қолонершілер
4. Се- саудагерлер.
Кугэ тобының жерлері болмаған, олар сегуннан күрішпен айлық алған.
Елдегі негізгі әкімшілік бірлік феодалдық князьдіктер болды.Олар күріш кірісіне байланысты категорияларға бөлінді.Ең үлкен феодалдық князьдіктің кірісі жылына 10 мың коку күріш болған. Елде жылына 11млн. коку күріш жиналса, оның 4млн. Токугава үйінікі болды.Ал Мори, Маэда, Уэсуги- 1 млн. 200 мың.
Жер екі категорияға бөлінді: мемлекеттік және жекеменшік. Мемлекеттік жерлер -ол сегуннің жер иеліктері еді, жеке меншіктегі – князьдер, храмдар, монастырьлар жерлері. Жапонияда басыбайлылық болмаған. Шаруа феодалдық өкімет белгілеген жер үлесінде өмір сүрүге міндеттіболды.Жерді қолданудың негізгі түрі – жалға алу, міндеткерліктің негізгі түрі- нэнгу, күріш рентасы. Барщина, яғни жұмыс пен өтеу рентасы басқа елдердегідей кеңінен қолданылмады. Ол феодалдың жеке қажеттеріне жұмсалды: жөндеу жұмыстары, малға азық дайындау, жол құрылысы, көпірлер мен жолдарды жөндеу жұмыстары.
Токугавалық Жапонияның көптеген қалалары болды, олар қолонер мен сауда орталықтары еді. Ең ірілері – Эдо,Осака т.б.
Токугава сегунаты жойылғаннан кейін, билік император өкіметіне өтті, ол үкімет феодалдық өкілдерден құрылды да олар жапон буржуазиясының мүдделерін қорғады.
Ал буржуазияның өзі феодалдық әкімшіліктермен тығыз байланысты болды да, импералистік үкіметінің саясатын қолдады.
Мейдзи реформалары жапон феодалдық монархиясының буржуазиялық монархияға айналудағы алғашқы қадам болып табылады.
Дворяндар мен самурайлар басым бөлігі елде феодалдық-абсолюттік монархияны сақтауды қалады.
Самурайлар және державалар феодалдық опозицияға бірікті, олар қайта құруларға қарсы болды. Олардың арасында императорлық үкімет мүшелері де болды. (Такамори Сайго). Феодалдық опозиция өзінің саяси бағдарламасын газетке шығарды. Онда феодалдық құрылысты, әскери-феодалдық диктатураны сақтауды талап етті.
Такамори Сайго және оны жақтаушылар Кореяға қарсы тез арада әскери жорықты бастауды талап етті( ал үкіметтің қалған мүшелері ол соғысқа әлі дайындық қажет деп түсінді). Осы жағдай 1873 ж Такамори Сайго және т. б. министірлердің императорлық үкіметтің құрамынан шығуға себеп болды.
Самурайлардың наразылығы 1876 ж олардың зейнетақысын жойғаннан кейін күшейді.Зейнетақының орнына бұрынғы зейнетақының 5-14 жылдық көлемінде буржуазияға компенсация берілді. Осы акт нәтижесінде самурайлар бұрынғы князьдар мемлекеттен үлкен айырма ақша алды және көптеген мемлекеттік жерлерді төмен бағамен сатып алды да өнеркәсіп орындары мен банктер ашты.Бірақ жай самурайлар алған ақша көп болмады.1881ж қазан айында “Парламенттік сайлау Лигасының” (Дзиюто) құрылды. Оған либералды помещиктер,село буржуазиясы, интеллигенцияның бір бөлігі,ірі қала буржуазиясының бір бөлігі кірді. Дзиюто басқарудағы басты роль ( Итагаки) либералды помещиктерқолында болды.
1882ж екінші «қайта құрулар мен прогрестің Конституциялық партиясы»құрылды. (Кайсинто). Окума басқарды. Ірі, орта қала буржуазиясы, ірі буржуазияланған помещиктер, либералды интеллигенция өкілдері кірді.
Партия басшылары-ірі сауда және қаржы буржуазиясының мүдделерін қорғады. Үкімет “Конституциялық, императорлық партияны” (Тәйсэйто) құрды, оның құрамында чиновниктер болды. Партия мүшелері аз болғандықтан олар үлкен роль атқармады.
демократиялық қозғалыстан қорыққан жапон үкіметі Конституцияны қабылдауды тездетті. Конституция қабылдау қарсаңында-император Хоккайдо аралының көп жерлерін, бурынғы қауымдық орманды иеленді. Жапонияның әр түрлі банктеріндегі үкімет акциялары император әулетінің иелігі деп жарияланды. Дворияндық титулдар енгізілді.
Конституция 11.02. 1889 ж жарық көрді. Аңыз бойынша осы күні б.э д. 66 ж император әулетінің басқаруы басталған еді. 1889 ж жапон конституциясына негіз және үлгі болған –Пруссия Конституциясы.
Император “қасиетті” деп жарияланды. Соғыс жариялау, бітім жасау, келісімге қол қою, және орнынан алу, парламентті шақыру және тоқтау құқықтары болды. Император Жапонияның қарулы күштерінің жоғары қолбасшысы болып есептелді.
Конституция бойынша парламентті құрды,2 палата-пэрлер, өкілдер палатасы.
Перлер палатасы- император әулетінің мүшелерінен, жоғары титулды азаматтардан, император тағайындаған, ал жартысы ұш жылдық мерзімге ең бай салықтөлеушілерден сайланды.
Өкілдер палатасы-әр бір төрт жыл сайын қайта сайланды. Сайлау құқығы 25 жастан асқан ер кісілер ие болды, олар 15 иена салық төлеушілер болу, қажет және өз округтарында кемінде 1,5 жыл өмір сүруі қажет.
Жапон азаматтарының құқығы шектеулі болды. 1889 ж Конституция қабылданғаннан кейін буржуазиялық-либералды,либералды помещиктер мен үкіметке, монархияға деген сенім азая бастады.
Тәуелсіз капиталистік даму жолына түскеннен кейін Жапония Азияның басқа халықтарына отаршылдық агрессияны бастады. Феодалдық самурайлар топтары табысты соғыс олардың рөлін көтеретіне сенді. Жапон буржуазиясы жаңа, отаршылдық рынокпен шикізат көздерін іздеді. Агрессивті сыртқы саясат жапон буржуазиясын, помещиктер мен әскери қолбасшыларды біріктірді. Жапонияның алғашқы агрессивті актілері Вашингтоннің қолдауын тапты. АҚШ Жапония арқылы американ капиталына Корея мен Тайваньға енуіне жағдай жасауды, Жапонияда орнығып алуды және Англия мен Ресейдің Қиыр Шығыстағы позициясын әлсіретуді көздеді. 1874 жапон әскери қызметіне келген АҚШ-ң генералы Лежандрдің белсенді қатысуымен Жапония Тайваньға қарсы әскери қимылдар бастады бірақ Жапония соғысқа дайын емес еді.Жапон үкіметі әскерін шығаруға мәжбүр болды.Жапон экспансионистері Сахалин, Курил аралдарына көз тікті.
Достарыңызбен бөлісу: |