Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:



бет10/13
Дата25.02.2016
өлшемі1.13 Mb.
#25423
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Лекция №30


Тақырыбы: Қазақстанның физикалық –географиясының негізгі мәселелері

Жоспары:

1.Қазақстанның рекреациялық аудандары мен қызыл кітабқа енген өсімдіктер және жануарлар дүниесі

2.Қазақстандағы ерекше қорғауға алынатын аймақтар
Лекцияның мақсаты:
Қазақстанның физикалық –географиясының негізгі мәселелерінің бірі экологиялық аймақтар сонымае қатар рекреациялық аймақтардың атқаратын қызметі және құрып кетіп бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлері, табиғи апаттардың түрлері, себептері түсіндіріп жазылған.

Лекция мәтіні:
Қазақстанда шипалы су шығаратын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажп жерлер көп – ақ. Мұндай шипалы су , емдік балшығы бар, табиғаты көрікті жерлерде емдеу – сауықтыру, демалыс үйлері салынған.

Демалыс үйлері туристік базарлар , санаторйлер орналасқан жерлерді география тілінде рекреациялық аудандар деп айтады. Рекреация – күш жинау, яғни еңбек етіп шаршаған немесе денсаулығы нашарлаған кісілердің тынығып, ем қабылдап, күш-қуатын қалпына келтіру деген сөз.

Қазақ жеріндегі табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырлардың орта кезеңінде пайда бола бастады. 1834-1880 жылдар аралығында Шығыс Қазақстандағы Рахлманов бұлағы, Қапал-Арасан, Бурабай көлінің, Барлық-Арасан бұлағының шипалы қасиеттері туралы мерзімді баспасөз беттерінде хабарлар жарияланады. Солай бола тұрса да ХХ ғасырға дейін қазақ даласында Бурабай мен Бершгүрде әрқайсысы 30 орындақ екі санаторий ғана салыныпты. Кейіннен 1920-1925 жылдар аралығында Бурабай, Мойылды, Ауыл, Сер, Рахманов бұлақтары, Шымған Жаңақорған курорттары ашылды.

Қазақстанның химиялық құрамы әр алуан мениралды бұлақ көздері, шипалы балшығы бар көлдері, көрікті жерлері курорт-санаторий жүйелерін дамытуға өте қолайлы. Қазір Республикамызда 120-дан астам курорт, санаторий, демалыс үйлері бар. санаторийлер емдеу түріне қарай мениралды су мен емдейтін, шипалы балшықпен емдейтн (Жаңақорған т.б.), климатпен емдейтін болып үшке бөлінеді.

Минералды сумен емдейтін санаториийге Түрксіб, Сарыағаш, Алмаарасан, Барлықарасанды жатқызуға болады. Шипалы балшықпен емдейтін санаторийге Шортанды, Мойылды, Атырау, Жаңақорғаг санаторийлер жатады. Қазақстанның санаторий-куроттардың климатпен емдейдің бірнеше түрлрі: гелиотерапия–күн сәулесімен емдеу, аэротерапия-ауамен емдеу, мезгіл-мезіл таза ауада болу (терренкур), жаяу туризмге шығу, т.б. емду әдістері қолданылады.

Республика климатының шұғыл континеттілігі мен экологиясының қатты бұзылуы, жалпы алғанда, халқының денсаулық жағдайына да қатт әсер етіп отыр. Сондықтан туристік саяхатқа шығып, оқушылар лагерінде, санаторийлерде болып, денсаулықты нығайтып отырған жөн.


Қызыл кітап.


Жер батіндегі хайуанаттар мен өсімдктер миллиондаған жылдар бойы даму барысында қалыптасты және геологиялық дәуірлердің алмасуына сәйкес баяу өзгеріп отырады. Ал қазір адамдардың шаруашылық әрекетіне байланысты жер бетіндегі организмдердің тіршілк жағдайы тез өзгере бастады. Әсіресе жабайы жануарлар қырылды, себебі адам баласы аң аулаудың неше түрлі тәсілін қолданады. Ормандағы ағаштардың қырқып, өртеп, шалғындарды жыртып, орнына егіс екті, жабай аңдар мен құстардың бұрынғы табиғи жағдай күрт өзгеріп, мекені ауысып, кейбір түрлері құри бастады. Бүгінде ғылымдар ластанған ауа мен суды тазартуға болатынын дәлелдегенімен, бірақ жойылған биологиялық түрлері қайта дүниеге келтіруі мүмкін емес екен. Мысалы, ХІХ ғасырда жербетінен жануарлардың 10 түрі жойылып кеткен болса, ХХ ғасырдың бірінші жартысының өзінде-ақ 40 түрі құрып кетті. Қазіргі уақытта тек омыртқалылардың 600-ден астам түрінің жойылып кету қауіпі төніп отыр. Айталық, Х ғасырдың басында Еуропа жерінде қаптап жүрген жабайы “тур” сиырларының Польша жерінде ең соңғысы 1627 жылы өліп бітіпті. Витус Беринг экспедициясы құрамында болғанзоолог Стеллер ашқан су сыйыры бар-жоғы 28 жыл ішінде жер бетінен мүлдем жойылған.

1741 жылы Камандор аралынан табылған су сиырының тұрқы (көлденеңі) 8м, салмағы 3000 кг шыққан. Ең соңғы су сиырының тұқымы 1768 жылы құрып біткен. Қазір оның қаңқасы Харьков университетітің табиғат мұражайында сақтаулы тұр. XVIII ғасырға дейін дала зонасында үйір-үйірімен жайылып жүрген жабайы жылқы тарпаңның ең соңғы тұяғы 1879 жылы құрып біткен. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Осындай жағдайларда ескеріп, өсімдік пен жануарар дүниесін қорғау мақсатында 1962 жылы Халықаралық табиғат және табиғи оресурстарды қорғау одағы құрылды. Сирек кездесеті жән жойылып кету қауіпі бар, айрықша қорғау шараларын қлолдану қажет ететін жануарлар мен өсімдіктер түрлері тіркелгн арнайы кітапты “Қызыл кітап” деп атайды.алғаш рет халықаралық “Қызыл кітап” 1966 жылы басылып шықты. “Қызыл кітапқа” енген түрлері екі топқа бөлінеді. А тобна жойылып кету қауіпі төнген түрлер, Б тобына сирек кездесетін түрлер тіркеледі. “Қызыл кітапқа” тіркелген өсімдіктер мен жануарларды қоғап, қорын молайтып отырыу жауапкершілігі солар өсетін елге жүктелді. Сол себепті соңғы кезде әр елде өздерінің ұлттық “Қызыл кітаптары” шығарлуда.

Қазақстан ғылымдары да халықаралық деңгейде табиғатты қорғау шараларына белсене ат салысып, республикамыздың “Қызыл кітабын” жазды. Бұл “Қызыл кітап” екі бөлімнен тұрады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі 1978 жылы “Қайнар” баспасынан жарық көрді. Кітапқа кең-байтақ даламызды мекендейтін, саны сирек, жойылып кету қауіпі бар сүтқоректілердің 31 түрі, құстың 43 түрі, балықтың 4 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі енгізілген. Олар: сүтқоректілерден – қара кірпі, көк суыр, құндыз, үнді жайрасы, қызыл қасқыр, тянь-шань қоңыр аюы, қара күзен, орта азия сілеусіні, т.б.; құстардан – алтай ұлары, қара ләйләк, қарабай, бүркіт, лашын, ителгі, балықтардан – сырдария тас бекіресі, арал албырты, каспий албырты кездеседі.

Халықаралық “Қызыл кітапқа” енген жануарлар Құлан.

Құланның сыртқы түрі жылқыға да, есекке де ұқсайды, бірқ жылқы тектес. Өткен ғасырда қазақ жерінде өте көп тұрған жануар. Дене тұрқы 200-240см, биіктігі 110-140см, салмағы 130-300 кг. Ет дәмді болғандықтан, 30-жылдары елімізде тұқымы жойылып кетіп, тек ТҮрікменстан жерінде ғана сақталып қалған. 1953-1964 жылдар аралығында Арал теңізіндегі Барсакелмес қорығына 19 құлан алынып келінді. Олар жақсы өсіп көбейд енді құланның бір үйірі Қапшағ,ай су қоймасы маңына жіберілді. Құлан дүниежүзілік фаунада жойылып кету қауіпі төнген жануар.

Жұпар тышқан.

Жұпар тышқан Выхухоль)-насеком қоректілер отрядына жатады. Денесінің ұзындығы 18-21 см. Салмағы 300-410 грамм тартатын аң. Тұмсығы сүйір, ұзын, саусақтарының арасында жарғақтары бар. құйрығының үстінде жұпар иіс бөлетін безі болады. Тек насекомдарды жеп қоректенеді. Қазақстанда Жайық өзенінің жағалауында кездеседі. Халықаралық “Қызыл кітапқа” енгізілген.



Орақ тұмсық.

Орақ тұмсық (Серпоклюв) Жоңғар Алатауының 2000 метр биіктікке дейнгі беткейлеріе ұя салады. Қанатының

Ұзындығы 22-25 см, саламағы 270-300 грамм шамасында. Кеудесінде көлденең қара жолағы бар. орақ тәрізді тұмсығы мен сирағы қызыл түсті. Ұясына 3-4 жұмыртқа салып көбейеді. Ғаламдардың есебі бойынша, қазіргі ткезде небары 100-150 жұп орақтұмсық қалған. Қорғамасы жойылып кету қауіпі төніп тұрған құс.

Екінші “Қызыл кітапта” (1981) құрып кету қауіпі бар 308 түрлі өсімдік тіркелген. Олардың арасындла шренк шыршасы, грейг қызылдағы, шренк тобылғысы, жетісу недзвецниясы, т.б. өсімдіктер бар.

Дүние жүзінің әртүрлі елдерінде құрылған қорықтардың қорғау тәртібі, атқаратын қызметі мен негізі бағыты әр түрлі. Сондықтан қорғауға алынған жерлерді құорықтар, қорықшалар, резерваттар, ұлттық парктер, табиғат ескерткіші деп бөледі. Қазір дүниежүзінің 124 елінде 2600-ден артық ірі қорық бар. Олардың ішінде ең үлкен Гренландия ұлттық паркі. Оның жер көлемі 7 млн.мың гектар жерді алып жатқан 9 қорық бар.

Ұлттық парктередің қорықтардан айырмасы – мұна өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін әр бағалы түрін сақтау мен қатар, адамдардың мәдени демалысын ұйымдастыратын, туризммен шұғылдануға мүмкіндік жасайтын орындар бар.

Қазақстандағы ұлттық табиғи парктер бесеу. Олар: Баянауыл, Алтынемел, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарқаралы ұлттық парктері.

Қазақстанда алғаш рет ұлттық парк Баянауыл таулы орман алқабында ұйымдастырылды. Мұнда 40-қа тарта аңдардың, 50-ден аса құстардың түрлері қорғалады. Олардың көпшілігі “Қызыл кітапқа” енген.


Бақылау сұрақтары:

1.Рекреациялық аудандар деп қай жерлерді айтады.

2. Минералды сумен емдейтін санаторийлерді ата

3. Екінші “Қызыл кітапта”құрып кету қауіпі бар қанша өсімдік тіркелген.

4. Қазақстанда алғаш рет ұлттық парк қай жерде?

5. Ұлттық парктередің қорықтардан айырмасы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет