Лекция: 30 сағат Практикалық семинар: 15 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат



бет4/11
Дата17.06.2016
өлшемі0.89 Mb.
#141224
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1. Кез-келген зерттеу оның тақырыбын анықтаудан басталады. Тақырып зерттеу аумағын, мәселе шеңберін, пәндік, объект пен әдіс таңдауын шектейді. Дегенмен зерттеудің алғашқы кезеңі мәселенің қойылуы болып табылады. Зерттеуші жаңашыл психологиялық білімдердің қайсысына қанағаттанбайтындығын, кемшіліктерін, адам әрекетін түсіндіруде қандай теориялар бір-біріне қарама-қайшы келетіндігін анықтап алу керек.

Эмпирикалық зерттеу үш негізгі жағдайларда жүргізіледі:



  • құбылыстардың бар болғандағы болжамдарын тексеру;

  • құбылыстардың байланысындағы болжамдарды тексеру;

  • А құбылыс мен В құбылысының себептік байланысы болдамдарын тексеру;

Эксперимент құбылыстардың себептік байланысыны табу үшін жүргізіледі. 6-7 жастағы балалардағы мектептегі оқудың алғашқы айларында болаған жоғары невротизацияның (мектептік дезадаптация синдромы) себебі неде? Жауап варианттары мынадай түрде болуы мүмкін: оқу іс-әрекетіне дайындақтың төменгі деңгейі (алғашқы оқу дағдыларына қалыптаса алмау), еркін дамудың жеткіліксіздігі, интеллектің төменгі деңгейі, сынып ұжымына келудегі әлеуметтік- психологиялық мәселелер т.б. бұл болжамдардың барлығыдәлелді және шындлыққа ұқсас болғанмен, оларды тексеруді қажет етеді.

2. Мәселе қойылғаннан кейін ғылыми әдебиеттермен жұмыс кезеңі басталады. Зерттеуші басқа ғалымдардың еңбектерімен эксперименталды нәтижелермен, осы мәселе жайлы берген түсініктерімен танысуы тиіс.

Алғашқы жұмыс психологиялық сөздіктер және аралас пәндер бойынша сөздіктермен энциклопедиялардағы негізгі ұғымдарды анықтаудағы ізденістен басталады. Кейін зерттеу тақырыбы бойынша библиотекалық жүйелік каталог көмегімен библиография құрылады.

Әдебиеттердегі шолудан кейінгі жұмыс нәтижелері – мәселені дәлелдеу, жаңа болжамның құралуы мен эксперименталды зерттеу жоспарының идеясы болып табылады. Сондай-ақ мәселе мүлде шешілмейтін болып көрінетіндіктен немесе керісінше соншалықты зертелген, зерттеу нәтиджелеріне жаңа ештеңе қосу мүмкін емес болғандықтан зерттеуші психолог зерттеуден бас тартуы мүмкін.

3. Келесі кезеңде болжамдарды дәлелдеумен ауыспалыларды анықтау жүргізіледі. Алғашқы мәліметтердің қойылуынан кейін оған жасырын түрдегі жауаптар варианты жорамалданады. Мысалы: жалпы интеллекттің даму денгейіне көбірек тұқымқуалаушылық әсер ете ме, жоқ қоршаған орта ме деген сұраққа жалпы теоретикалық жорамалдардың көпшілігін шектейді.

Эксперименталды болжам импликативті айтылу “Егер ... , онда ...” түрінде ұйымдастырылуы керек. Сонымен қатар ол айқындалған нақтыланған және операцияланған болуы керек. Бұл айтылғанға жататын “Егер А, онда В” ауыспалылар екендігін білдіреді. А және В экспериментте бақылануы керек. А – экспериментатордың басқаруы, ал В – тікелей немесе аппаратура көмегімен тіркеледі. Эксперименталды процедура терминдерімен ауыспалылардың анықталуы мен олардың операционализациясы болжамды дәлеледеу кезеңін аяқтайды. Сонымен қатар, психиканың эксперименталды әсер теуі бағытталаған жағы мен әрекеті ретке келтірілетін, эксперимент барысында тіркеуге алынушы эксперименталды зерттеудің тақырыбы дәлелденеді.

Психолог психикалық шындықтың емес, зерттеуші психикасына әсер теуші ситуациялардың параметрлерін басқарады. Тәуелсіз ауыспалыларды тіркей отырып, ол “модератор-ауыспалылары” мен әрекет параметрелерінің арасында функционалды байланыс бар екендігінен басталады. Бұл негізгі болжам – кез-келген психологиялық эксперименттің алғы шарты.

4. Зерттеуші тәуелсіз ауыспалыларды басқару, тәуелді ауыпалыларды тіркейтін эксперименталды құралдарды таңдауы керек, яғни психологиялық эксперименттің нақты әдісі мен құралы.

5. Эксперименталды жоспар таңдалынады. Мұнда уақыт үнемділігін, ресурстарды үнемдейтін қарапайым жоспар таңдалынады.

6. Сыналушы немесе сыналушылар тобын таңдайды.

7. Бұл зерттеуді жүргізу кезең мұнда инструкция оқылып зерттеу өткізіледі. Егер қажет деп тапса зерттеуші өзіне көмекші таңдап алады.

А) Экспериментті дайындау

Б) Сыналушыны мотивтендіру және инструкция беру.

В) Экспериментті жүргізу.



8. Әдістің статистикалық өңдеу нәтижесін интерпретациялау жолын таңдау.

9. Зерттеу нәтижесін қорытындылау.

10. Зерттеудің соңғы нәтижесі, ғылыми есеп беру, мақала, монография түрінде жазылады.


    1. БӨЛІМ. Бақылау мен эмпирикалық зерттеу әдістері

9 – лекция

Тақырыбы: Бақылау және эксперимент.

Жоспар:

  1. Психологиялық зерттеу әдістерінің жіктелуі.

  2. Эксперименталды зерттеу әдістері.

  3. Психологиялық педгогикалық зерттеу;


Пайдаланылған әдебиеттер:

Негізгі:

1. Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента. М., 1978.

2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование Спб.: Питер., 2001.


  1. Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь – справочник по психодиагностике. Спб.: Питер. Ком., 1999.

  2. Годфруа Дж. Что такое психология, в 2-х томах. М., 2001.

  3. Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. Учебное пособие. Спб.: Питер, 2007.

  4. Налимов В.В. Теория эксперимента. М., 2002.

Қосымша:

  1. Бурлачук Л.Ф., Савченко Е.П.Психодиагностика Киев, 1995.

  2. Норакидзе В.Г. Методы исследования характера личности. Тбил. 1975.


Лекция мәтіні:

Бақылау деп – арнайы ұйымдастырылған мақсатқа бағытталған объектінің жүріс - тұрысының бақылап тіркеуге алуын айтамыз ғылыми эмперикалық әдіс ретінде бақылау әдісі XIX ғасырдың соңынын бері клиникалық, әлеуметтік, педагогикалық даму психологиясында, ол XX ғасырдың басынана бастап еңбек психалогиясында адамның табиғи жүріс-тұрыстын бақылауды қажет ететін барлық орындарда қолданыла батады.

Бақылаудың жүйелі және жүйелі емес түрлері ажыратылады. Жүйелі бақылау түрі - арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Зерттеуші сыналушының жүріс тұрысының зерттеу үшін уақыт белгілеп жүйелі түрде оның іс-әрекетін тіркеп отырады.

Жүйесіз бақылау кеңістікте, ұйымдастырылмаған жағдайда өткізіледі. Ол этнопсихологияда, әлеуметтік психологияда, даму психологияда кеңінен қолданылыста. Мұнда уақыт белгіленбейді. Қажет деген құбылысты зерттеуші тіркеуге алып отырады.

Сондай-ақ жалпы және таңдамалы бақылау түрлері болады. Жалпы бақылауда барлық бақылаушы қажетті деген іс-әрекеттер тіркелініп отырады. Ол таңдамалы бақылауда зерттеуші тек бір іс - әрекет түрін ғана бақылайды. Мысалы: агрессивтілік.

Бақылау белгілі бір құралдардың да көмегімен жүзеге асады. Мысалы: аудио-видио аппаратура т.б.

Егер сыналушы ол топпен таныс болса эфективтілік артады, объективті болады деп есептейді. Қатыса бақылауда негізгі мақсат айтылмайды, ол этикалық нормаға жатады.

Бақылау әдісі психологиядағы ескі және бір қарағанда өте қарапайым әдіс секілді. Ол әдеттегі өмір сүру жағдайындағы адамның қызметіне бақылаушы кіріспей, жүргізілетін жоспарлы бақылауға негізделеді. Бұған психологияда бақыланатын құбылыстарды толық және дәл сипаттау, сонымен бірге оларды психологиялық тұрғыдан түсіндіру жатады. Міне, психологиялық бақылаудың басты мақсаты осы: деректерге сүйене отырып, олардың психологиялық мазмұнын ашу.

Бақылау - ол барлық адамдардың пайдаланатын әдісі. Ал қарапайым адамдардың бақылауы мен ғылыми бақылаудың айырмашылығы өте көп. Ғылыми бақылау жүйелілігімен сипатталып, объективті шындықты алу үшін белгілі бір жоспарға негізделе отырып, жүргізіледі. Яғни, ғылыми бақылау жүргізілгенде арнайы білім және сапаны психологиялық көріну объективті ашылатын арнайы дайындықты талап етеді.



Бақылау адамның психикалық өмірін зерттеу әдісі ретінде психологияда жиі қолданылады. Бақылаудың көмегімен жеке психикалық үрдістерді (ес, зейін, ойлау), жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін зерттейді, олар сырттай әртүрлі адамзаттың іс-әрекеттері (еңбек, оқу, ойын), психикалық қалпы (көңіл-күй, аффект) түрінде аңғарылады.

Бақылау әдісі адамның психикасының, сыртқы көрінісін (іс-әрекеттері, қылықтары, басқа адамдармен қарым-қатынаста аңғарылатын тілдік ерекшеліктері, тұтастай мінез-құлқы) зерттеу табиғи өмір жағдайында іске асады. Зертеуші адамдардың іс-әрекеті мен қылықтарын бақылау арқылы олардың психикалық өмірінің ерекшеліктері туралы бағалай алады, демек, сыртқы объективтілік факторлардан адамның ішкі субъективтік дүниесін түсінуге бағытталады.

Психологиялық бақылау мақсатты болуы қажет: бақылаушы кімді не үшін бақылайтынын нақтылы білуі және түсінуі керек. Олай болмаса, бақылау кездейсоқ деректерді жа\инақтауға айналады. Психологиялық бақылау белгілі жоспармен немесе бағдарламамен жүргізілуі тиіс. Бақылау бағдарламасы бақылаушыны күні бұрын дайындалған зерттеу мәселереі және деректеермен қамтамасыз етеді.

Белгіленген жоспарсыз немесе бағдарламасыз бақылаудың негізгі бағыты жойылады, соның салдарынан адамның психикалық іс-әрекетінде негізгі және маңызды жағы назардан тыс қалуы мүмкін. Бақылауды бір жүйелі жүргізіп отыру керек. Бір жүйелі бақылау бақылаудың тұрақты жағдайын сақтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар бақыланатын деректердің арасныда тығыз байланыс жасауға жағдай тудырады.

Психоллогиялық бақылау, ереже бойынша, ұзақ уақытты қажет етеді. Бақылау неғұрлым ұзақ жүргізілсе, солғұрлым тереңірек және сенімдірек психологиялық қорытынды жасайды. Көп жағдайда ұзақ мерзімді бақылау шәкіртердің жас ерекшеліктерін зерттеуде қолданылады, мәселен, тілі мен ойлауын дамыту ерекшеліктері, эмоциялық ерекшеліктері мен ерік-жігер іс-әрекеттері, қызығуы мен бейімділігі, мінез бітісі мен қабілеттілігі.

Сонымен, бақылау әдісі дегеніміз әртүрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабыладаудың негізінде мақсатты зерттеу.

Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезегн жағдайда шынайылық жоғалады.

Психологиялық зертеулердің табиғилығын сақтау – бақылауға қойылатын бірініші талап. Бақылау әдісіне қойылатын екінші талап, бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни, зертеудің мақсаты мен міндетері айқын қойылуы керек.

Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап – оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера т.б.). жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.).

Бақылау әр түрлі нұсқаларда жүре алады. Мысалы, кеңінен қолданылатын әдіс - қосылған бақылау. Бұл әдіс психологтың өзінің қатысуымен жүргізіледі. Егер зерттеушінің қатысуынан, оның жағдайды қабылдауы мен түсінуінен нәтиже бұзылатын болса, онда болып жатқан жағдайларды объективті түсіну үшін шеттен бақылаған жөн. қосылған бақылау мазмұнына қарай басқа әдіске - өз-өзін бақылауға ұқсас.

Өз-өзін бақылау, яғни өз қалып-күйлерін бақылау тек психологияда қолданылатын әдіс. Бұл әдістің артықшылығымен қатар бірнеше кемшіліге де бар. Біріншіден, өз қалпыңды бақылау өте қиын. Бақылауға орай, олар дұрыс болмауы мүмкін немесе тоқтап та қалады. Екіншіден, бұл бақылауда субъектіліктен құтыла алмайсың, өйткені біздің қабылдауымыз субъективті бояуға ие. Үшіншіден, біздің кейбір қалыптарымызды түсіндіру бұл әдісте қиын.

Дегенмен, өз-өзін бақылау әдісі психолог үшін аса маңызды. Тәжірибеде басқа адамдардың мінезін көргенде психолог оның психологиялық мазмұнын білгісі келеді. Көбінесе, ол өз тәжірибесіне, өз қалпын талдауға сүйенеді. Сондықтан психолог табысты жұмыс істеуі үшін өз жағдай мен қалпын объективті түрде бағалауды үйренуі керек.

Бұл әдіс, көбінесе экспериментте пайдаланылады. Мұнда бұл әдіс дәл сипатталып, мұны эксперименталды өз-өзін бақылау деп атайды. Бұл жағдайда зерттеушінің аса қызықтыратын кездеріне дәл есептелген жағдайда адамға сауал қойылады. Мұндайда өз-өзін бақылау әдісі сауалнама әдісімен бірге жүргізіледі.

Бақылау әдісі мынадай этаптардан тұрады:


  1. Бақылау пәні, заты анықталады және объект таңдалынады. (топ немесе жеке адам)

  2. Бақылау тәсілі таңдалынады.

  3. Бақылау жоспары жасалынады.

  4. Бақылауды нәтижесін өңдеу жолы таңдалады.

  5. Зерттеу нәтижесі жарияланады.

Психологияның негізгі әдістерінің бірі – эксперимент.

Эксперимент әдісі. Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайды жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттелушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.

Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тиімді тәсілдерді табуға мүмкіндік береді.

Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппаратардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция), оқу, еңбек дағдыларының қалыптасу жылдамдығы.

Объективті мәліметтерден зертелетін қасиет бөлініп, дұрыс бағаланатын жасанды жағдай жасалуға негізделген эксперимент әдісінің көмегі арқылы алуға болады. Зерттелетін феноменннің басқа феномендерден себептік байланысы жайлы, құбылыстың пайда болуы мен дамуын ғылыми тұрғыдан түсіндіретін басқа психологиялық әдістерге қарағанда, эксперимент ең сенімдісі. Эксперименттің екі түрі бар: зертханалық және табиғи. Олар бір-бірінен эксперимент жүргізудегі жағдайларымен ажыратылады.

Зертханалық экспериментте зерттелетін қасиет дұрыс бағаланатын жасанды жағдай жасалады. Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптар қодану арқылы жүргізіледі. Зертханалық эксперимент адамның психикалық ерекшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зертеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес зейін зертеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі қарапайым немесе электрондық тахистоскоп сияқты құралдар көмегі пайдаланылады.

Ғылымның тарихы ғылыми білімнің саралануы мен дамуында тәжірибелік әдіс жетекші рөл алатындығын дәлелдеді. Психология ертеден келе жатқан ғылымдардың бірі, ХІХ ғасырдың ІІ жартысында өз алдына жеке ғылым болып, философиядан бөлініп шықты. Осы кезеңде психологияда бір жүйелі эксперименталдық зертеулер жүргізіле бастады. (В.Фехнер, Э.Вебер, В.Вунд және т.б.)

Эксперимент – бұл себеп салдарлық байланысты зертеу мақсатындағы зертеушілік қызмет болып табылады. Ол төмендегіше іске асады:


  1. Зерттеуші зерттейтін құбылысты өзі табады және оған белсенді әсер етеді;

  2. Экспериментті жүргізуші өтіп жатқан құбылыстың шартын өзгертуі мүмкін;

  3. Экспериментте оның нәтижесін бірнеше рет қайта жаңғыртуға мүмкіншілігі болады;

  4. Нәтижесінде эксперимент сандық заңдылықтардың математикалық амалдарын айқындайды;

Эксперимент психологияның әдісі ретінде психофизиканың және психофизиологияның саласында пада болды және психологияда кеңінен тарады.

Зерханалық экспериментке қарсы үш түрлі пікір қалыптасты: біріншіден, эксперименттің жасандылығы атап көрсетілді, екіншіден, сараптамалық сиапты, үшіншіден, эксперименттің абстрактылығы, экспериментаторға қиындық туғызуы.

Табиғи эксперимент әдеттегі тұрмыстың жағдайы жасалады. Мұнда зертеуші кіріспей, жағдайларды сол күйінде жазып отырады. Әрине, табиғи жағдайдағысы адамдардың өмірлік мінезіне сай келеді. Бірақ табиғи жағдайда зерттеуші толық бақылау жүргізе алмайтындықтан, оның нәтижесі дәл болмауы мүмкін. Осы тұрғыдан зертханалық дәл, ал табиғи өмірлік жағдайға сай келеді.

Табиғи эксперименттің зертханалық эксперименттен өзгешелігі адамның күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады, зертелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады. Сонымен қатар табиғи экспериментте бақылау әдісінің және эксперименттің жағымды сапалары араласып келеді: біріншінің табиғилығын және екіншісінің белсенділігі. Бақылау мен эксперименттің аралық түрі болып есептелетін эксперимент табиғи эксперимент әдісі болып табылады. Табиғи эксперименттің негізін салған орыс ғалымы А.Ф.Лазурский болды (1910). Оның негізгі мақсаты – зертеудің эксперименталдық сипатын табиғилық жағдайлармен ұштастыру.



Психологиялық – педагогикалық зерттеу міндеттерін шешетін экспериментті психологиялық – педагогикалық эксперимент деп атайды.

Әр түрлі жас кезеңдерінде шәкіртердің таным мүмкіншіліктерін зертеуде және жеке тұлғаны қалыптастырудың нақты жолдарын анықтауда оның ролі ерекше.

Адам психологиясына әсер ету, өзгерту құралы ретінде эксперимент пайдаланылады.

Оның осындай түрі қалыптастырушы эксперимент деп аталады. өзіндік ерекшелігі мынада: ол бір мезгілде зерттеу тәсілі, сонымен қатар зерттеу құбылыстарын қалыптастыру әдісі қызметін атқарады.

Қалыптастырушы эксперимент үшін зерттелетін психикалық үрдістерге зерттеуші белсенді араласады. Қалыптастырушы эксперименттің негізін салушылардың бірі В.В.Давыдов эксперименттің бұл түрін генетикалық-моделдеуші эксперимент деп атады. Ол балалардың психикалық дамуын зертеуді, тәрбие және оқытудың бірлікте болуын қамтамасыз етеді. Демек, қалыптастырушы эксперимент шәкірттердің тәрбиелеу мен оқытудың эксперименталдық дамытушы әдісі болып табылады.

10 –лекция

Тақырыбы: Эмпирикалық мәліметтерді жинақтаудың басқа да әдістері

Жоспар:


    1. Әңгімелесу (сұхбат);

    2. Тест әдісі;

    3. Анкета;

    4. Архивтік әдіс;



Пайдаланылған әдебиеттер:

Негізгі:

1. Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента. М., 1978.

2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование Спб.: Питер., 2001.


  1. Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь – справочник по психодиагностике. Спб.: Питер. Ком., 1999.

  2. Годфруа Дж. Что такое психология, в 2-х томах. М., 2001.

  3. Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. Учебное пособие. Спб.: Питер, 2007.

  4. Налимов В.В. Теория эксперимента. М., 2002.

Қосымша:

  1. Бурлачук Л.Ф., Савченко Е.П.Психодиагностика Киев, 1995.

  2. Норакидзе В.Г. Методы исследования характера личности. Тбил. 1975.


Лекция мәтіні:

Психологияда сандық өлшемдер мәселесін алғаш шешуге деген талпыныс адамның сезіну күшін физикалы бірліктегі стимулмен байланыстыра отырып, адам организміне әсер ететін бірнеше заңды ашуға және қалыптастыруға әкелді. Оған Бугер-Вебер, Вебер-Фехнер, Стивенс заңдарын атауға болады. Онда физикалық стимул мен адамның сезінулерінің арасындағы байланыс анықталатын математикалық формула, оснымен бірге сезінудің салыстырмалы және абсолютті шектері анықталады. Соңынан объективтілігінен арттырып, психологияны практикалық мәні бар ғылымға айналдырады. Математика психологияға енуінен біртипті зерттеулердің көп рет жасауға болатын әдістерді талап етті, яғни процедура мен әдістердің стандартталу мәселесін шешуді қажет етті.

Стандартталудың негізгі мәні мынада: екі адамның немесе бірнеше топтың психологиялық зерттеулерінің нәтижелерін салыстырғанда қате аз болуын қамтамасыз ету үшін бірдей әдістерді, яғни сыртқы жағдайға қарамай бірдей психологиялық мінезді өлшейтін әдісті қолдану керек.

Мұндай психологиялық әдістерге тест жатады. Бұл әдіс жиі қолданылады. Ол психологиялық құбылысқа дәл және сапалы сипаттама бере алатындықтан, сонымен қатар алдымен шешілуі қажет практикалық мәні бар нәтижелерді салыстыруға болатындықтан тиімді. Басқа әдістерге қарағанда тесттер мәліметтерді жинау мен оларды өңдеуге, психологиялық түсінуге болытындығымен ажыратылады.



Тест – ағылшын сөзі, қазақшалағанда «байқау» немесе «сынақ» деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді психологиялық зерттеулер тәжірибесіне өткен ғасырдың аяғында америка ғалымы Дж.Кэттел енгізді. А.Бине, Т.Симонмен бірге балалардың ақыл-ой дамуы немесе дарындылығын анықтау үшін өзінің жүйесін жасады. Осы кезден бастап, тест кең көлемде таралып және тәжірибелік мәні арта түсті. Тест дегеніміз не?

Тест – бұл күрделі техникалық бейімделуді қажет етпейтін, стандартқа және мәліметтерді математикалық өңдеуге дайын тұратын қысқа, стандартты сынақ.

Тесттердің де бірнеше түрлері бар. Олар: сауал-тесттер, тапсырма-тесттер, жобалаушы тесттер.

Сауал-тесттер белгілі бір психологиялық мінездеменің бар болуын, я айқындылғандығы жайлы сенімді ақпарат алатын сұрақтарға зерттелушілердің жауабын талдау ретінде қалыптасты.

Мұндай мінездеменің дамуы мазмұнына сай келген жауаптардың санына негізделеді. Тапсырма-тест – белгілі бір тапсрымаларды табысты орындау арқылы адамның психологиялық мінездемесі жайлы ақпарат алу. Мұндай тесттерде тапсырмалардың біпнешеуін орындау қажет. Орындалған тапсырма санынан ол адамдағы белгілі бір психологиялық сапаның бар немесе жоқ, сонымен қатар оның даму деңгейіне негіздеме бола алады. Мидың даму деңгейін анықтайтын тесттердің көбі осы категорияға жатады.

Тесттерді әзірлеуге талпынған адамдардың бірі – Ф. Гальтон (1822-1911). 1884 ж. Лондондағы Халықаралық көрмеде Ф.Гальтон антропометриялық зертхана ұйымдастырды (кейіннен бұл Лондондағы Оңтүстік-Кенсингтон мұражайына ауыстырылды). Бұл зертханадан бойының ұзындығын, салмағын, сезімталдықтың әртүрін, реакция уақытын және басқа да сенсомоторлы қасиеттерін өлшеуден тоғыз мыңдай адам өткізілді. Ф.Гальтон ұсынған тесттер мен статистикалық ұсынытар өмірдің практикалық мәселелерін шешу үшін кеңінен пайдаланылады. Бұл қолданбалы психологияның бастамасы еді, соңынан бұл “психотехника” деген атқа ие болды.

Бұл терминД.Кеттелдің (1860-1944) 1890 ж. “Mind” журналында Ф.Гальтонның қорытынды сөзімен “Mental Tests and Measurment” (“Ақыл-ой тесттері және өлшемдер”) мақаласы жарық көргеннен кейін ғалымдардың лексиконына енді. Кеттел бұл мақалада: “Психология эксперимент пен өлшемдерге сүйенбейтін болса, физикалық ғылымдар секілді тұрақты және дәл ғылым бола алмайды. Көптеген адамдарға ақыл-ой тесттерін қолдану арқылы бұл салада алғашқы қадам жасауға болады. Мұның нәтижелері психикалық процестердің тұрақтылығын, олардың өзара байланысын және әр түрлі жағдайда өзгеруін ашуда ғылыми бағалы болады” , - деп жазады.

1905 ж. француз психологы А.Бине интеллекті бағалайтын бірінші тесті жасады. ХХ ғ. Басында француз үкіметі оқушыларды оқу деңгейіне қарай бөлу үшін А.Бинеге мектеп оқушыларына арналған интеллектуалдық қабілет шкаласын жасауды тапсырды. Соңынан көптеген ғалымдар тестердің сериясын жасап шығарды. Олардың практикалық міндеттерді жедел шешуге бағытталғандығы бұл психологиялық тесттердің кеңінен тарауына әкелді. Мысалы, Г.Мюнстерберг (1863-1916) кәсіби таңдап алуға арналған тестер жасады. Олар былайша жасалады: алдымен олар ерекше жетістікке жеткен бір топ жұмысшыларға, содан соң жаңадан жұмыс орнына келгендерге. Бұл ой психикалық жұмысшылардың қызметін табысты орындау құрылымдарының тест кезінде зерттелушінің орындай алатын құрылымдарыемн өзара байланысына негізделеді.

Бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде психологиялық тесттерді көптеп пайдаланады. Бұл кезде АҚШ соғысқа кірісуге дайындалып жатқан болатын. Бірақ соғысып жатқан жақтардағыдай қаруланбаған еді. Сондықтан соғысқа кіріспес бұрын (1971ж.) әскери биліктегілер елдің ең ірі психологтары Э.Торндайкке (1874-1949), Р.Йеркске (1876-1956), Г.Уипплге (1878-1976) психологияны әскери қызметте қолдану проблемасын шешіп беруді ұсынды. Америка психологиялық ассоциациясы мен университтері бұл бағытта жұмысты бастап та кетті. Р.Йеркстің басшылығымен әр түрлі әскерлерге әскери қызметке шақырылатындардың жарамдылығын (интеллекті бойынша) жалпы тексеру үшін алғашқы топтық тесттер жасалады. “Альфа” әскери тестісі сауаттыларға, ал “бета” тестісі сауатсыздарға арналды. Бірінші тест А.Биненің балаларға арналған вербалды тестеріне ұқсас болды. Екінші тест вербалды емес тапсырмалардан тұрады. 1 700 000 солдат және 40 000 офицер сыналды. Көрсеткіштер жетіге бөлінді. Осыған орай жарамдылық деңгейі жеті топқа бөлінді. Бірінші екі топқа міндеттерді орындау қабілеті жоғары және тиісті әскери оқу орындарына жіберілетін тұлғалар жиналды. Кейінгі үш топ қабілет көрсеткіші орташа статистикалық тұлғалардан жиналған еді.

Тесттерді әзірлеуде Г.И.Россолимонның қосқан еңбегі зор. Оның есімі тек невролог-дәрігер ғана емес, психолог ретінде де танымал еді. Жеке психикалық қасиеттерді анықтау үшін тұлға туралы толық көрініс беретін сандық бағалау әдісін әзірледі. Бұл әдіспен: зейін, қабылдашылық, ерік, есте сақтау, ассоциациялық процестер (ойда суреттеу және ойлау) – бес топқа бөлінетін 11 психикалық процесті бағалауға болады. Осының әрбір процесін орындауға қарай арнайы шкаламен “күші” бағаланады. Оң жауаптар сызбада нүктемен белгіленеді. Осы нүктелерді қосып, адамның “психолоогиялық бағыты” анықталады. Сыналушылардың категориялары (балалар үшін, интеллигентті ересектер үшін, инттелигенттер емес үшін ) бойынша тапсырмалар беріледі. Бұдан басқа Г.И.Россолимо сызбадағы көрсеткіштерді арифметикалық айналдыру формуласын ұсынды.

Бүгінде тесттер – психологиялық зерттеуде кеңінен пайдаланылатын әдіс. Бірақ тесттерінің объективті және субъективті әдістерінің арасында сыналатындардың өз есептеріне негізделген сауалнама-тесттер де бар. Осы тестерді орындауда тестіден өткізудің нәтижесіне, әсіресе оның жауабы қалай түсінілетінін білетін болса, саналы немесе сансыз әсер ете алады. Алайда объективті тестер де бар. Оларға жобалау тестерді жатқызуға болады. Тестің бұл категориясына сыналатындардың есебі қажет емес. Сыналушының орындайтын тапсырмасын зерттеуші еркін түрде түсіндіреді. Мысалы, сыналатын адамның түрлі-түсті карточкалардың түсін таңдауынан оның эмоционалды күйін білуге болады. Кейде сыналушыға белгісіз жағдай салынған сурет беріледі де, психолог оны сипаттауды сұрайды, соның нәтиджесінде сыналушының психикалық ерекшеліктерін сипаттайды. Бірақ жобалы тестер психологтың кәсіби дайындығының жоғары және тәжірибесінің мол болуын, сыналушының интеллектуалды дамуының жоғары болуын талап етеді.

Қазір тест әдісі психологияда басқа әдістермен қатар қолданылады. Оның көмегімен белгілі қабілеттілікті, ептілікті, дағдыларды анықтауға, жеке тұлғаның кейбір сапаларын ерекше дәл сипаттауға, беліглі бір салаға жұмысқа және мамандыққа жарамдылық деңгейін анықтауға қолданылады. Тесттің белгілі дәрежеде диагностикалық құндылығы – негізіне алынған ғылыми эксперименттің деңгейі мен психологиялық дәйектерге байланысты. Жеткіліксіз негізделген және тексерілген психологиялық тесттер педагогикалық тәжірибеде кәсіби іріктеу, психологиялық даму кемістігін тап басып айқындай алмайды.

Мектеп оқушыларының жетістіктерін, интеллектуалдық дамуын көптеген басқа да қалыптасқан сапалардың деңгейін тест арқылы өлшеу оқу-тәрбие тәжірибесінің ажырамас бөлігі болып табылады. тест әдісі психологияда да, педагогикада да кеңінен қолданылады. Кей жағдайда педагогикалық тестті психологиялық тестілеуден ажырату мүмкін емес.

Егер тесттің педагогикалық астары туралы айтатын болсақ, ең алдымен үлгерім тестін қолдануды көрсетуге болады: оқу, жазу, арифметикалық амалдар сияқты қарапайым ептілік тесті кең қолданылады. Тест зертеу әдісі ретінде күнделікті үлгерімді практикалық тестілеумен білім деңгейін анықтап, оқу материалын меңгерцдің сапасын тексереді.

Тәжірибеде тестілік тапсырмалардың көптеген түрлері қолданылады: Америкада тестологиялық өндіріс саласы ерекше дамыған.

Білім беру және балалар мен ересектердің дамуында жеткен көрсеткіштерді салыстыруға халықаралық тесттер қоданылады. Адамдардың белгілі бір қызмет түрлеріне жарамдылығына ол емтихан болып табылады. қазір электронды есептеу машиналарының “адам-машина” жүйесінде компьютерлік бағдарламалар кең көлемде дамып келеді. Оқушылардың үлгерімін анықтау тесті, адамдардың кәсіби жарамдылығы мен бейімділігін анықтайтын тест жиі қолданылады.

Психологиялық әдістердің бірі - модельдеу.Ол дербес әдіске жатады. Ол басқа әдістерді қодану қиындығында ғана жүргізіледі. Олардың ерекшелігі белгілі бір психологиялық құбылыс жайлы ақпаратқа сүйенетіндігінде, екінші жағынан, оны қолданғанда сыналушы қатыспайды немесе нақты жағдай есепке алынады. Сондықтан моделдеудің әр түрлі әдістерін объективті немесе субъективті әдістерге жатқызу қиын.

Модельдер техникалық, логикалық, математикалық, кибернетикалық және т.б. болуы мүмкін. Математикалық моделдеуде ауыспалылардың өзарар байланысы мен олардың қатысы, зерттелетін құбылыстардағы қайталанатын элементтер мен қатынастар көрсетілген математикалық мән немесе формула қоданылады. Техникалық моделдеуде зертеудегі елестететін құрал немесе құрылғы жасалуы қажет. Кибернетикалық модельдеу информатика және кибернетика саласының психологиялық міндеттерін шешуге пайдаланылады. Логикалық модельдеу математикалық логикада қолданылатын идеялар мен символға негілген.

Компьютер мен бағдарламалық қамтамасыз етудің дамуы ЭСМ жұмыс істеу заңдарындағы психикалық құбылыстарды модельдеуге бастады, өйткені адамдардың ойлауда қолданылатын операциялары, міндеттерді шешудегі ойлау логикасы компьютерлік бағдарламаларда жұмыс істеуіне қарай адамның мінезін көщге елестетуге және сипаттауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет