№4 сабақ
1. Тақырыбы: Белоктар. Белоктардың маңызы. Жалпы қасиеттері, жіктелуі. Жай және күрделі белоктардың жеке өкілдері; құрылысы, ролі. Нуклеин қышқылдары. ДНҚ, РНҚ, құрылымдары, маңызы. Белоктарға түсті реакциялар және тұнбаға түсу реакцияларын демонстрациялау және алынған нәтижелерді талдау.
2.Мақсаты:
1) Материалдыңмеңгеру тереңдігін тексеру.
2) Зертханалық ыдыстармен және биологиялық материалдармен, реактивтермен жұмыс істеуге дағдыландыру. (жұмыртқа белогы, желатин).
3) Студенттерді кіші топтарға бөле отырып, жұмыс жасату және жаңа терминдер мен ұғымдарды енгізу арқылы коммуникативтік дағдылануды дамыту.
4) Кәсіптік әдебиеттер мен интернетте жұмыс істеуге дағдыландыру.
3.Оқыту міндеттері:
1. Зертханада ерітінділерді қыздырғанда, химиялық реактивтермен, ыдыстармен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
2. Керек препараттарды қалай дайындауды үйрету.
3. Түсті реакциялармен және тұнбаға түсіру реакцияларымен жұмыс істеу әдісін үйрету.
4. Зертханалық жұмыстардың негізгі принципін айқындау және олардың клиникалық- диагностикалық маңызын түсіндіру.
5. Биохимиялық реакциялардың нәтижесін дұрыс түсіндіре алу.
6. Студенттерді кәсіптік әдебиеттермен жұмыс ітеуге және интернеттен жаңа ақпараттарды табуға ынталандыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Белоктар, атқаратын қызметтері, жалпы қасиеттері
2. Белоктардың жіктелуі.
3.Жай белоктардың өкілдері (альбуминдер, глобулиныдер, протаминдер, гистондар,
коллагендер, эластиндер, кератиндер), қасиеттері, құрылысы, маңызы.
4.Күрделі белоктардың өкілдері (фосфо,- глико,- хромо,- метало,- липо- және
нуклеопротеиндер), құрылымы, қасиеттері, маңызы.
5.Нуклеин қышқылдары, түрлері, бір-бірінен айырмашылықтары, құрылымы, қасиеттері, маңызы.
6. Түсті реакциялардың жіктелуі, принциптері, тәжірибелік маңызы.
7. Түсті реакциялар арқылы ертіндіден құнсыз белоктарды қалай анықтауға болады?
8. Белоктарды тұнбаға түсіру және тұздалу реакцияларының медицинада қолдану принциптері.
9. Қан сарысуындағы белоктардың гидролиздену дәрежесін биурет реакциясы және аммоний сульфатымен тұздалу реакциялары арқылы қалай анықтауға болады?
5.Әдістер мен оқытудың тәсілдері:
Аралас-әдіс:
-
Жазбаша сұрау
-
Кіші топтармен жұмыс істеу- зертханалық жұмыстарды істеу
Оқыту құралдары: дәрістің электронды нұсқасы, толтыратын кестелер, жұмыртқа белогы, желатин, химиялық реактивтер, зертханалық ыдыстар, жазбаша тексерілетін билеттер, силлабус.
Бағаланатын құзырлылылар:
- Білім – жазбаша сұрақтарға жауап беру арқылы бағаланады.
- Практикалық дағды– зертханада жұмыс істеу сапасына және оларды дұрыс түсіндіре алуына қарай бағаланады.
1. Сабақты ұйымдастыру бөлімі – оқытушы студенттерді сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстырады. Күрделі сұрақтарды қарастырады.
Үйге тапсырма: Ферменттер
Ферменттердің жалпы қасиеттері және әсер ету механизмдері. Ферменттердің активтілігін реттеу. Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы. Гидролазалар: жіктелуі, түзілу орны және жеке өкілдерінің каталитикалық әсері.
Келесі сабаққа өздігінен дайындалуға берілетін сұрақтар:
-
Ферменттер туралы түсінік.
-
Бейорганикалық катализаторлар мен ферменттердің әсер ету ұқсастықтары
-
Ферменттердің жалпы қасиеттері.
-
Ферменттердіңхимиялық табиғаты.
-
Ферменттердің құрылымы. Жай (бір компонентті) және күрделі (екікомпонентті) ферменттер.
-
Ферменттің активті орталығының құрылымы, оның рөлі.
-
Ферменттің аллостерикалық орталығы деген не , оның рөлі.
-
Ферменттердің әсер ету механизмі
-
Ферменттердің арнайылығы: а) субстратты б) арнайылық әсері.
-
Субстраттыарнайылықтың түрлері.
-
Ферменттердің әсер ету қуаттылығы.
12. Изоферменттер, олардың диагностикалық маңызы. Мультиферменттік комплекстер, түрлері және маңызы.
13. Ферменттердің активтіліктеріне әсер етуші факторлар (температура, ортаның рН, фермент және субстрат концентрацияларының эффекторлары).
14. Ферменттердің активтіліктерін ингибирлеушілер:
а. конкурентті (бәсекелес)
б. бәсекелес емес ингибирлеушілердің және активтеушілердің типтері.
15. Ферменттердің жіктелуі және номенклатурасы.
16. Гидролазалар, жалпы сипаттамасы. Негізгі топшалары: эстеразалар, гликозидазалар, пептидгидролазалар
17. Эстеразалардың негізгі топшалары: карбон қышқылдары түзетін күрделі эфирлік байланыстарды үзетін эстеразалар (липазалар, А1,А2 фосфолипазалар), фосфоэстеразалар (С, Д фосфолипазалар, АТФ-азалар, глюкозо-6-фосфтатаза) шоғырлануы, каталитикалық әсері.
18. Гликозидазалардың негізгі өкілдері: α-амилаза, γ-амилаза, мальтаза, лактаза, сахараза, шоғырлануы, каталитикалық әсері.
19. Пептидгидролазалар: эндопептидазалар (пепсин, трипсин, химотрипсин, катепсиндер) және экзопепетидазалар (карбоксипептидазалар, аминопептидазалар, дипептидазалар), шоғырлануы, каталитикалық әсері.
2.Жазбаша сұрау– билеттер бойынша жүргізіледі.
3. Шағын топтармен жұмыс істеу
Топ 3 топшаға бөлінеді де Практикум бойынша зертханалық жұмыс жасайды.
а) белоктар мен кейбір амин қышқылдарына түсті реакциялар желатин мен 1% жұмыртқа белогымен жасалынады (1,2,3,5,7,8-жұмыстар). Жұмыс істеп біткеннен соң Практикумның 10- бетіндегі кестені толтырады. Белок ерітінділерінің қайсысы құнсыз екендігі туралы қорытынды жасайды.Жұмыстардың клиникалық- диагностикалық маңызын жазады.
б) тұнбаға түсу реакциялары (10,12,13,14 - жұмыс). Тұнбаға түсу реакцияларының практикалық маңызын жазады.
В) күрделі белоктардың кейбір бөліктеріне сапалық реакциялар (18, 19, 20б, 25)
Шағын топ жұмыс істеп болғаннан кейін жұмыстарын жалпы талқыға салады, қорытындылайды.
6. Әдебиеттер:
Қазақ тілінде
Негізгі:
1. Плешкова С.М., Абитаева С.А., т.б. «Белоктар...». – Алматы, 2000 ж. – 3-97 б.
2. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж. – 6-66; 405-449 б.
3. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.
4.Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. “Метаболические основы питания с курсом общей биохимии”, Алматы, 1998г., с. 35 - 66; 161 - 192
5. Биохимия кафедрасының оқытушылары: «Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы», Алматы, 2009ж, 1-бөлім, 13-87б.
6. Биохимия кафедрасының оқытушылары: Биохимия пәнінен әдістемелік нұсқаулар, Алматы,2003, 3-47б.
Қосымша:
1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
2. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.
3. Плешкова С.М., т.б. Биохимия пәнінен студенттердің жеке дайындығына арналған тесттік сұрақтар. – Алматы, 2007 ж.
4. Плешкова С.М. және басқалары «Биологиялық химиядан практикум», Алматы, 2004ж.
Орыс тілінде:
1.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф.“Биологическая химия”,Москва,2004,с.78– 88; 90 - 111
2. Северин Е.С. «Биохимия», 2007 стр.10-17, стр.19-27, стр.44,50,59-65, стр.141-149
3. Николаев А.Я. “Биологическая химия”, Москва, 2004г., с. 37; 101 - 117
7. Бақылау
Бұл сабақтағы құзырлылыны бағалау:
«Білім» құзырлылысын бағалау: билеттерге жазбаша жауаптар берілуі арқылы жүргізіледі. «Практикалық дағдылану » құзырлылысын бағалау: зертханалық жұмыстарды қалай жасағаны мен нәтижелерін қалай қорытындылауына қарай бағаланады.
«Белоктар» тақырыбына білімді тексеруге арналған бақылау сұрақтары:
-
Белоктардың атқаратын қызметтері, атап шығу, мысалдар келтіру
-
Белоктардың элементік құрамы, молекулалық массасы, молекулаларының мөлшері және пішіні.
-
Глобулярлы және фибриллярлы белоктар, олардың пішіндері және атқаратын қызметтері.
-
Белок молекулаларындағы байланыс түрлері, олардың белок құрылымдарын түзудегі рөлдері.
-
Гидролиз, түрлері. Белок гидролизінің соңғы өнімдері.
-
Белоктардың амфотерлігі. Белоктардың заряды, изоэлектрлік жағдайы және изоэлектрлік нүктесі-ИЭН туралы түсініктер.
7. Белок ерітінділерінің коллоидты қасиеттері. Белок ерітінділерінің тұрақтылығы қандай факторларға тәуелді?
8. Белок зарядының аминқышқылдық құрамына және ортаның рН-на тәуелділігі.
9. Белок молекулаларының құрылымдық реттілігі. Бірінші реттік құрылым, осы құрылымға байланысты көрсететін қасиеттері, бұл құрылымды тұрақтандыратын байланыс түрі.
10. Екінші реттік құрылым, осы құрылымға байланысты көрсететін қасиеттері, пішіндері, бұл құрылымды тұрақтандыратын байланыс түрі.
11 Үшінші және төртінші реттік құрылымдар, осы құрылымға байланысты көрсететін қасиеттері, бұл құрылымды тұрақтандыратын байланыс түрлері.
12. Денатурация және ренатурация. Денатурациялаушы агенттер.
13. Белоктарды тұнбаға түсіру және бөлу әдістері.
14. Белоктардың жалпы қасиеттерін атап шығыңыз.
15. Белоктардың жіктелуі.
16. Альбуминдер, қасиеттері, маңызы, амин қышқылдық құрамының ерекшелігі, ағзадағы таралу орны.
17. Глобулиндер, қасиеттері, маңызы, бөліктері, амин қышқылдық құрамының ерекшелігі, ағзадағы таралу орны.
18. Альбуминдер мен глобулиндердің қасиеттерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Оларды бөлу әдістері.
19. Гистондар, қасиеттері, маңызы, амин қышқылдық құрамының ерекшелігі, ағзадағы таралу орны.
20. Протаминдер, қасиеттері, маңызы, амин қышқылдық құрамының ерекшелігі, ағзадағы таралуы.
21. Гистондар мен протаминдердің қасиеттерінің және маңызының ұқсастықтары мен айырмашылықтары..
22. Склеропротеиндер, қасиеттері, маңызы, өкілдері.
23. Коллагендер, қасиеттері, маңызы, құрылымдары, ағзада таралуы.
24. Эластиндер, қасиеттері, маңызы, құрылымдары, ағзада таралуы.
25. Кератиндер, қасиеттері, маңызы, құрылымдары, ағзада таралуы.
26. Күрделі белоктардың жіктелуі. Негізгі класстарының құрылымдары.
27. Фосфопротеиндер, құрылымы, қасиеттері, маңызы, өкілдері.
28. Хромопротеиндер,жіктелуі, құрылымы, қасиеттері, маңызы, өкілдері.
29. Тынысалу белоктары, құрылымы, қасиеттері, маңызы, өкілдері.
30. Гемоглобин,құрылымы, маңызы. Химическая природа Гемнің химиялық табиғаты.
31. Миоглобин, құрылымы,гемнің химиялық табиғаты, Mgb–нің рөлі.
32. Гемоглобин мен миоглобин, ұқсастықтары мен айырмашылықтары және рөлдері.
ЗЗ. Гликопротеиндер, құрылымы, қасиеттері, жіктелуі.
34. Нағыз гликопротеиндер, құрылымы, маңызы, өкілдері.
35. Протеогликандар, құрылымы, маңызы, өкілдері.
Зб. Гликозаминогликандар, өкілдері, химиялық табиғаты, маңызы.
37. Нуклеопротеиндер, құрылымы, қасиеттері, маңызы, өкілдері.
38. Липопротеиндер, құрылымы, қасиеттері, маңызы, өкілдері.
39. Металлопротеиндер, құрылымы, қасиеттері, маңызы, өкілдері.
40. Нуклеопротеиндер, жалпы құрылымы, рөлі.
41. Нуклеотидтер - нуклеин қышқылдарының мономерлері,құрылымы, маңызы.
Нуклеозиддифосфорлық (НДФ), и нуклеозидтрифосфорлық (НТФ) қышқылдар, олардың маңызы.
42. Аденилдік жүйелер, құрылымы, маңызы.
43. Циклді АМФ (цАМФ), құрылымы, маңызы.
44. ДНҚ, құрылымы, нуклеотидтік құрамы, комплементарлы нуклеотидті тізбектер,
құрылымының реттелуі, ДНҚ-ның құрылымдарын тұрақтандыратын байланыстар.
45. ДНҚ-ның тірі ағза үшін маңызы.
46. РНҚ, нуклеотидтік құрамы, құрылысы, РНҚ (м-РНҚ, т-РНҚ, р-РНҚ)түрлері.
47. м-РНҚ, оның біріншілік, екіншілік, үшіншілік құрылымдары, м-РНҚ-ның нуклеотидтік коды туралы түсінік.
48. т-РНҚ,құрылымы,рөлі,құрылысы.
49. р-РНҚ, құрылымы,рөлі,құрылысы.
50. Рибосома, полисомалар, құрылымы, рөлі.
51. Амин қышқылдарының химиялық табиғатын білу, олардан три- және тетрапептидтер түзу, қышқылдық-негіздік қасиеттерін, ИЭН анықтау.
№5 САБАҚ
-
Тақырыбы: Ферменттер. Ферменттердің жалпы қасиеттері. Ферменттердің әсер ету механизмі. Ферменттердің активтілігіне әсер етуші факторлар. Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы.
-
Мақсаты:
-
Ферменттердің табиғаты мен әсер ету механизмі, ферменттің активтілігіне әсер етуші факторлар, ферменттердің жіктелуінің тәртібі, гидролазалардың өкілдері туралы білім қалыптастыру.
-
Жаңа терминдер мен түсініктерді енгізу.
-
Кәсіби әдебиетпен жұмыс істегенде дағдылар мен аналитикалық қабілеттерді қалыптастыру.
-
Оқытудың міндеттері:
-
Ферменттердің жалпы қасиеттерін қарастыру.
-
Студенттерді кәсіби әдебиетті зерттеуге (оқуға) және ғаламторда ақпарат (мәліметтер) іздеуге ынталандыру.
-
Жаңа терминдер енгізу және фермент, ферменттің әсет етудің оптимумы, конкурентті(бәсекелес) ингибитор, конкурентті емес (бәсекелес емес) ингибитор, активті орталық, субстрат, субстратты аймақ, катализдік аймақ, кофермент, апофермент, холофермент, аллостерикалық орталық, ферменттің активтілігін аллостерикалық реттелуі, катал, ферменттің әсер ету арнайлығы түсініктерге анықтама беру:.
-
Ферменттердің химиялық табиғатын оқып білу.
-
Ферменттердің әсер ету механизмін оқу.
-
Ферменттердің активтілігіне әсер етуші факторларын оқып білу.
-
Ферменттердің жіктелуін және катализдейтін реакцияларын оқу.
-
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Ферменттер, түсінік.
-
Ферменттердің жалпы қасиеттері.
-
Ферменттердің құрылысы. Жай (бір компонентті) және күрделі (екі компонентті) ферменттер. Ферментативті реакцияларындағы апофермент пен коферменттің ролі.
-
Ферменттің активті орталығының құрылысы, оның ролі.
-
Ферменттердіңәсер ету механизмі.
-
Ферменттердің активтілігіне әсер етуші факторлар:
-
Ферменттердің әсер етуінің реттелуі. Активаторлар мен ингибиторлар. Арнайлығы бар және арнайлығы жоқ эффекторлар.
-
Ферменттердің жіктелуі.
-
Білім берудің және оқытудың әдістері:
Әдіс – аралас әдіс: блиц-сұрақтарға немесе тест жаттығуларына (тест берілген) жауап беру, жазбаша бақылау (билеттер берілген), ЖИГСО әдісі бойынша ағылшын тілінде жасалған видеоәдісімен бірге (үш тілдік бағдарламасына сәйкес) ауызша талдау кіреді.
Оқыту құралдары: кафедраның әдістемелік нұсқаулары, тест жаттығулары, дәрістің электрондық нұсқасы, видеофильм (кафедралдық ноутбуғының жұмыс столында бар).
Бағаланатын құзырлылықтар:
- білім – жазбаша бақылау кезіндегі студент берген жауаптары бойынша, ЖИГСО әдісі бойынша ауызша сұрағанда немесе шағын топтарда жұмыс жасағанда берген жауаптары бойынша, блиц-сұрақтарға берген жауаптары бойынша бағаланылады.
-
Ұйымдастыру бөлімі – студенттерді тексеріп, сабаққа келмеген студенттердің себебін білу, үйге тапсырма беріледі: «Ферменттер. Лиазалар. трансферазалар».
Келесі сабаққа өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:
-
Трансферазалар – жіктелуі, жалпы сипаттама.
-
Аминотрансферазалар, метилтрансферазалар, фосфотрансферазалар ацетилтрансфераза-лар – құрылысы, катализдік әсері.
-
Лиазалар – құрылысы, жалпы сипаттама.
-
Кетоқышқылдарының және амин қышқылдарының декарбоксилазалары –құрылысы, катализдік әсері.
-
Карбангидразалар – құрылысы және катализдік әсері.
2) Блиц-сұрақ немесе тест сұрақтарымен жұмыс жасау.
Блиц-сұрақтар:
1 – фермент дегеніміз не?
2 – ферменттің активті орталығы дегеніміз не?
3 - ферменттің активті орталығы қандай аймақтардан тұрады?
4 – ферменттің аллостерикалық орталығы дегеніміз не?
5 – ферменттің активті орталығының субстраттық аймағы неге жауап береді?
6 – ферменттің активті орталығының катализдік аймағы неге жауап береді?
7 –кофермент дегеніміз не?
8 –апофермент дегеніміз не?
9 –холофермент дегеніміз не?
10 – профермент дегеніміз не?
-
Жазбаша бақылау (билеттер берілген).
-
Ауызша сұраудәстүрлі әдістеме арқылы немесе ЖИГСО әдісі бойынша жүргізіледі.
Дәстүрлі әдіс бойынша ауызша талдауға арналған сұрақтар:
-
Фермент дегеніміз не, бейорганикалық катализатормен ұқсатығы;
-
Фермент пен бейорганикалық катализаторлардың айырмашылықтары;
-
Ферменттің құрылысының күрделі болуы – бір компонентті және екі компонентті ферменттердің активті орталықтарының құрылысы;
-
Изоферменттер туралы түсінік, мысалдар келтіру;
-
Ферменттің әсер етуінің қуат күштілігі, өлшем бірлігі, мысалдар;
-
Ферменттің әсер ету арнайлығы, пируватдегидрогеназды комплекстің мысалында мультиферментті комплекс туралы түсінік;
-
Субстратты арнайлық, түсінік, түрлері, мысалдар;
-
Фермент активтілігіне температураның әсері;
-
Фермент активтілігіне рн-тың әсері;
-
Фермент активтілігіне фермент пен субстраттың концентрацияларының әсері;
-
Бәсекелес (конкурентті) ингибирлену, мысал келтіру;
-
Бәсекелес емес (конкурентті емес) ингибирлену, мысал келтіру.
-
Ферменттердің жіктелуі.
ЖИГСО әдісі бойынша жұмыс жасағанда топ 3-4 адамнан үш топшаға (шағын топшаларға) бөлінеді, әр топшаның әр студентіне тақырыптың сұрақтары беріледі. Әр студентке бір сұрақты дайындау үшін 2 минут уақыт беріледі, кейін топшаның ішінде тапсырмаларды талдау үшін тағы уақыт беріледі (15 минут). Содан соң оқытушы негізгі сұрақтар бойынша әр топшадан студенті шақырып, оған сұрақ қояды, бірақ оған алдын ала берген сұрақ емес, сол топшадағы басқа студентке қойылған сұрақты қояды. Яғни, топшаішілік дисскусия уақытында әр студент, педагог ролін атқара отырып, шағын топшалардың басқа мүшелеріне өзінің сұрағын түсіндіреді.
5) Қорытынды жасау – бағалар қойылады.
6. Әдебиеттер:
Негізгі:
-
Плешкова С.М. және т.б. «Белоктар. Ферменттер. Энергия алмасуы. Витаминдер.» - Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы. 1 бөлім – Алматы, 2009 ж, 90-111бет.
-
У. Сайпіл, Абитаева С.А. « Ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер»., Алматы 2000ж., б. 4-48, 73-92.
-
Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.
-
Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж..
Қосымша:
-
Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
-
Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.
-
Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.
-
Плешкова С.М., т.б. Биохимия пәнінен студенттердің жеке дайындығына арналған тесттік сұрақтар. – Алматы, 2007 ж.
-
Строев Е.А. “Биологическая химия”, Москва,1986г.
-
Николаев А.Я. “Биологическая химия”, Москва, 2004г.
-
Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. “Биологическая химия”, Москва ,2004.
Тест:
1. Химиялық табиғаты жағынан ферменттер:
-
көмірсулар
-
ерекше қызметі бар белоктар
-
ерекше қызметі жоқ белоктар
-
бейорганикалық катализаторлар
-
аминқышқылдары
2. Бейорганикалық катализаторлармен салыстырғанда ферменттер:
-
активтену энергиясын бірден төмендетеді
-
реакцияның бағытын өзгертпейді
-
ферменттер жоғары арнайылылыққа ие
-
қайтымды реакцияның тепе-теңдікке жету уақытын тездетеді
-
реакция барысында жұмсалмайды
-
Профермент-бұл:
-
IV құрылымы бар ферменттер
-
аллостериялық орталығы жоқ ферменттер
-
бірнеше активті орталығы бар ферменттер
-
ферменттің активсіз түрі
-
ферменттердің молекулалық формасының бірі
4. Бір компонентті ферментінің активті орталығы қалыптасады:
-
амин қышқылдарының функционалды топтарынан
-
витаминдерден
-
нуклеин қышқылдарынан
-
әртүрлі металдардан
-
моносахаридтерден
-
Ферменттің активті орталығының субстраттық аймағы қамтамасыз етеді:
-
субстратты тану және онымен байланысу
-
ферменттің реакция өнімдерімен әрекеттесуін
-
аллостерикалық орталығының түзілуін
-
ферменттің әсер ету арнайылығын
-
фермент-субстратты комплекс түзілуін
6. Ферменттің активті орталығының катализдік аймағы қамтамасыз етеді:
-
ферменттің әсер ету арнайылығын
-
катализдейтін реакцияның түрін
-
ферменттің реакция өнімдерімен әрекеттесуін
-
аллостериялық орталықтың түзілуін
-
фермент-субстрат комплексінің түзілуін
7. Абсолютты субстраттық арнайылығы деп аталады, егер фермент:
-
әр түрлі байланыстары бар субстраттардың тобына әсер етсе
-
тек бір субстратқа ғана әсер етсе
-
байланыс түрі бірдей бір топ субстраттарға әсер етсе
-
төртіншілік структурасы болса
-
изоферменттері жоқ болса
8. Салыстырмалы субстраттық арнайылығы деп аталады, егер фермент:
-
әр түрлі байланыстары бар субстраттардың тобына әсер етсе
-
тек бір ғана субстратқа әсер етсе
-
байланыс түрі бірдей бір топ субстраттарға әсер етсе
-
төртіншілік структурасы болса
-
изоферменттері жоқ болса
-
Оптималды температура дегеніміз не?
-
Осы температурада қайтымсыз инактивация байқалады
-
Осы температурада фермент ең жоғары белсенділік көрсетеді
-
Осы температурада фермент өте төмен белсенділік көрсетеді
-
Осы температурада қайтымды инактивация байқалады
-
Осы температурада фермент белсенді емес болады
10. Фермент келесі температурада қайтымсыз инактивацияға ұшырайды:
-
0С
-
-50С
-
-40С
-
40С
-
100С
-
Бәсекелес ингибирлену байқалады, егер субстрат пен ингибитор:
-
ферменттің аллостерикалық орталығымен ұқсас келсе
-
құрылыс жағынан бір-біріне ұқсас келсе және ингибитор ферменттің активті орталығымен байланысса
-
активті орталықпен ұқсас болмаса
-
ферменттің құрылысымен ұқсас болса
-
ферменттің аллостерикалық орталығымен ұқсас болмаса
-
Бәсекелес емес ингибирлену кезінде келесі комплекс түзіледі:
-
фермент-субстрат
-
фермент-ингибитор
-
субстрат-ингибитор
-
фермент-субстрат-ингибитор
-
фермент-реакция өнімі
-
Берілген қосылыстардың қайсысы СДГ-ның бәсекелес ингибиторы болып табылады?
-
СООН-СН2-СООН
-
СООН-СН2-СН2-СООН
-
СООН-СО-СН3
-
СООН-СН2-СН2ОН
-
СООН-СН2-СН3
14. Ферменттердің классқа жіктелуі негізделген:
1. ферменттің құрылысына
2. ферменттің белсенділігіне
3. катализдейтін реакция түрінде
4. субстраттың құрылысына
5. ағзалық ерекшелігіне
15. Ас-қорытуға қатысатын ферменттер берілген ферменттердің қай класына жатады?
1. трансферазалар
2. оксидоредуктазалар
3. лиазалар
4. гидролазалар
5. изомеразалар
№6 Сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |