Лекция 6 (сағат) Тәжірибелік (семинар) сабақтары 30 (сағат)



бет9/32
Дата14.06.2016
өлшемі3.82 Mb.
#134590
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32

2.Жазбаша сұрау– билеттер бойынша жүргізіледі.

3. Шағын топтармен жұмыс істеу.

3 топшаға бөлінеді де, Практикум бойынша зертханалық жұмыс жасайды. Шағын топта жұмыс істеп болғаннан кейін жұмыстарын жалпы талқыға салады, қорытындылайды.



6. Әдебиеттер:

Қазақ тілінде

Негізгі:


1. Плешкова С.М., Абитаева С.А., т.б. «Белоктар...». – Алматы, 2000 ж. – 3-97 б.

2. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж. – 6-66; 405-449 б.

3. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.

4. Биохимия кафедрасының оқытушылары: «Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы», Алматы, 2009ж, 1-бөлім, 13-87б.



Қосымша:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.

3. Плешкова С.М., т.б. Биохимия пәнінен студенттердің жеке дайындығына арналған тесттік сұрақтар. – Алматы, 2007 ж.

4. Плешкова С.М. және басқалары «Биологиялық химиядан практикум», Алматы, 2004ж.

5.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф.“Биологическая химия”,Москва,2004,с.78– 88; 90 - 111

6. Северин Е.С. «Биохимия», 2007 стр.10-17, стр.19-27, стр.44,50,59-65, стр.141-149

7.. Николаев А.Я. “Биологическая химия”, Москва, 2004г., с. 37; 101 - 117


7. Бақылау

Бұл сабақтағы құзырлылықты бағалау қамтиды

«Білім» құзырлылығын бағалау: билеттерге жазбаша жауаптар берілуі арқылы жүргізіледі. «Тәжірибелік дағды» құзырлылығын бағалау: зертханалық жұмыстарды қалай жасағаны мен нәтижелерін қалай қорытындылауына қарай бағаланады.
10 Сабақ

1.Тақырыбы: Витаминдер. Витаминдер, түсінік, біріншілік және екіншілік авитаминоздар, гиповитаминоздар, жіктелуі. Суда еритін витаминдердің құрылысы, биологиялық әсері, авитаминозы, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі.

2. Мақсаты:


  1. Студенттерді витаминдер, гипер-, гипо-, авитаминоздар, провитаминдер, витамерлер және антивитаминдер түсініктерін ажырата білуге үйрету.

  2. Витаминдердің ферменттермен байланысы, олардың зат алмасуды реттеудегі ролі туралы білім қалыптастыру.

  3. В тобы витаминдерінің химиялық табиғаты, олардың табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі туралы білім қалыптастыру.

  4. Жаңа терминдер мен түсініктерді рольдік ойын барысында қолдана отырып, енгізу.

  5. Кәсіби әдебиетпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

1. Витаминдер, гипер-, гипо-, авитаминоздар, провитаминдер, витамерлер мен антивитаминдер туралы түсініктерді қарастыру.

2. Витаминдердің жіктелуін талдау.

3. Суда еритін витаминдердің химиялық табиғатын, тәуліктік қажеттілігін, биологиялық әсерін, табиғатта таралуын, авитаминозын қарастыру.

4. Жаңа терминдер мен түсініктерді: гипо-, гипер-, авитминозы, антивитаминдер, првитаминдер, гипохромды анемия, пернициозды анемия, петехиялар, себорея, деменция, пеллагра, гиалуронидаза пайдалана білуге үйрету.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Витаминдер, түсінік, гипо-, гипер-, авитаминоздар, провитаминдер, антивитаминдер және витамерлер.

2. Витаминдердің жіктелуі.

3. В тобының витаминдері, биологиялық әсері, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.

4. В тобына жатпайтын витаминдер: С және Р витаминдері, биологиялық әсері, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.

5. Оқыту әдістері мен құралдары:

Аралас әдіс:



  1. Ағылшын тіліндегі бейне материалды көрсете отырып, ауызша сұрау (үш тілдік бағдарламаға сәйкес) және жазбаша бақылау.

  2. Рольдік ойын.

  3. Тест бойынша блиц-сұрақ.


Оқыту құралдары: тақырып бойынша кестелер, схемалар, суреттер, тестік тапсырмалар, бейнефильм (ноутбуктың жұмыс үстелінде).

Бағаланатын құзырлылықтар:

  1. «Білім» құзырлылығы жазбаша және ауызша бақылаудың сұрақтарына, рольдік ойын ойнағанына, блиц-сұраққа, тақырыпты ауызша сұрау кезінде студенттің тақтада жауап бергеніне қарай бағаланады.


1.Сабақты ұйымдастыру – сабақтың мақсаты және міндеттерімен танысу. Қиын сұрақтарды анықтап, оларға ауызша талдау барысында жеке тоқталу.

Үй тапсырмасы: Майда еритін витаминдер. Бақылау жұмысы: Суда және майда еритін витаминдер. Витаминтәрізді заттар. Антивитаминдер. «Практикумнан...» 51 (2), 52, 53,54,55 (1)-зертханалық жұмыстарды конспектілеу.

Келесі сабаққа өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:

  1. Витаминдердің жіктелуі.

  2. В1 витаминінің химиялық табиғаты, тәуліктік қажеттілігі, коферменттік қызметі, авитаминозы.

  3. РР витаминінің химиялық табиғаты, тәуліктік қажеттілігі, биологиялық ролі, авитаминозы.

  4. А витаминінің химиялық табиғаты, тәуліктік қажеттілігі, биологиялық ролі, авитаминозы.

  5. В2 витаминінің химиялық табиғаты, тәуліктік қажеттілігі, коферменттік қызметі, авитаминозы.

  6. В5 витаминінің (пантотен қышқылы) коферменттік қызметі.

  7. В6 витаминінің химиялық табиғаты, тәуліктік қажеттілігі, коферменттік қызметі, авитаминозы.

  8. Вс және В12 витаминдерінің химиялық табиғаты туралы түсінік, тәуліктік қажеттілігі, коферменттік қызметі, авитаминозы.

  9. Антиоксидантты витаминдер – құрылысы, антиоксиданттық ролі.

  10. С витаминінің химиялық табиғаты, тәуліктік қажеттілігі, коферменттік қызметі, авитаминозы және Р витаминінің ролі.

  11. Дерматитке қарсы витаминдер – құрылысы, ролі.

  12. Капилляр беріктігін арттыратын витаминдер – құрылысы, ролі.

  13. Қан жасауға қатысатын витаминдер – құрылысы, ролі.

  14. Д витаминінің химиялық табиғаты, тәуліктік қажеттілігі, биологиялық ролі, авитаминозы. Д витаминінің гипервитаминозы.

  15. Е витаминінің химиялық табиғаты, тәуліктік қажеттілігі, биологиялық ролі, авитаминозы.

  16. К витаминінің химиялық табиғаты, тәуліктік қажеттілігі, биологиялық ролі, авитаминозы.

  17. Н витаминінің химиялық табиғаты, тәуліктік қажеттілігі, коферменттік қызметі, авитаминозы.

  18. Витамин тәрізді заттар туралы түсінік, олардың жіктелуі.

  19. Холиннің, карнитиннің, пангам, орот, парааминобензой қышқылдарының, аденозилметиониннің, инозиттің, убихинонның, эссенциальды май қышқылдарының биологиялық әсері.

2.Блиц-сұрақ тесттік тапсырмалар бойынша жүргізіледі.

3. Ауызша сұрау төмендегі сұрақтар бойынша жүргізіледі:


  1. Витаминдер, гипо-, гипер-, авитаминоздар, провитаминдер, витамерлер, антивитаминдер туралы түсінік.

  2. Витаминдердің жіктелуі.

  3. В1 витаминінің химиялық табиғаты, биологиялық ролі, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.

  4. В2 витаминінің химиялық табиғаты, биологиялық ролі, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.

  5. В6 витаминінің химиялық табиғаты, биологиялық ролі, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.

  6. В12 витаминінің химиялық табиғаты, биологиялық ролі, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.

  7. Вс витаминінің химиялық табиғаты, биологиялық ролі, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.

  8. РР витаминінің химиялық табиғаты, биологиялық ролі, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.

  9. Н витаминінің химиялық табиғаты, биологиялық ролі, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.

  10. С витаминінің химиялық табиғаты, биологиялық ролі, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.

  11. Р витаминінің химиялық табиғаты, биологиялық ролі, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.

4.Рольдік ойындар (қосымшаны қараңыз).

5.Жазбаша бақылау билеттер бойынша жүргізіледі (билеттер бар)
6. Әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

Негізгі:


  1. Сеитов З.С. Биохимия, Алматы, 2007ж,103-154 бет.

  2. У. Сайпіл және т.б. « Ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер», Алматы 2000ж. – 116-146 бет

  3. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 1Бөлім. Белоктар, ферменттер, витаминдер. – Алматы, 2009 ж. – 46-88 б

  4. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.

Қосымша:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.

3. Плешкова С.М., т.б. Биохимия пәнінен студенттердің жеке дайындығына арналған тесттік сұрақтар. – Алматы, 2007 ж.



Орыс тілінде:

1.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия», Москва, 2004 – С. 305-314.

2. Северин Е.С. «Биохимия», 2008г. С.123-138.

3. Николаев А.Я. «Биологическая химия» - М., 2007 – С.69-70,181-188

4. Плешкова С.М., С.А.Абитаева, Булыгин К.А. «Биохимические основы действия витаминов и гормонов»,Алматы,2004

5. Аблаев Н.Р. «Биохимия в схемах и рисунках» – Алматы, 2005, С 90

6. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. “Метаболические основы питания с курсом общейбиохимии”, Алматы, 1998, С 235, 241-277.
7.Бақылау студенттердің билет және ауызша талдау кезіндегі берген жауаптары, блиц-сұраққа, берген жауаптары бойынша жүргізіледі.
Тесттік тапсырмалар:

1. Витаминдер бұл:


  1. табиғаты жағынан белоктық заттар

  2. органикалық заттар, липидтердің туындысы

  3. өмірге өте маңызды, өте аз мөлшерде керекті, төмен молекулалы органикалық заттар

  4. көмірсулардың туындылары

  5. бейорганикалық заттар

2.Суда еритін витаминдерге жатады:

  1. аскорбин қышқылы

  2. кобаламин

  3. биотин

  4. кальциферол

  5. ретинол

3 дұрыс жауапты табыңыз

3.Суда еритін витаминдердің гиповитаминозының себебі:



  1. тағам құрамында майда еритін витаминдер болмауы

  2. тағам құрамында майлардың болмауы

  3. анемия

  4. витаминдердің сіңірілуінің бұзылуы

  5. ішекте құрттың болуы

2 дұрыс жауапты табыңыз

4. В1 витаминінің биологиялық әсері оның төмендегі ферменттердің құрамында коферменттік қызметіне негізделген:



  1. кетоқышқылдарының декарбоксилазалары

  2. амин қышқылдарының декарбоксилазалары

  3. пиридин ферменттерінің

  4. аминотрансферазалардың

  5. карбоангидразаның

5. Пентозды циклдің негізгі ферменті коферментінің құрамына В1 витамині кіретін транскетолаза болып табылады. Осы коферментті атаңыз:

  1. пиридоксальфосфат

  2. тиаминдифосфат

  3. ТГФҚ

  4. НАД

  5. НSКоА

6. Науқастың жүрек аймағының ауыруына, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, жүрген кезде балтыр бұлшық еттерінің ауыруына шағымдануын қандай аурудың симптомы деуге болады:

  1. рахит

  2. анемия

  3. бери-бери

  4. себорея

  5. цинга

7. В2 витамині келесі коферменттің құрамдас бөлігі болып табылады:

  1. флавинадениндинуклеотидтің

  2. пиридоксальфосфаттың

  3. биотиннің

  4. никотинамидадениндинуклеотидтің

  5. тиаминпирофосфаттың

8. В1, В2 және В6 витаминдері кофермент түзерден бұрын алдымен төмендегі реакцияға ұшырауы тиіс:

  1. декарбоксилдену

  2. дегидрлену

  3. тотықсыздану

  4. фосфорлану

  5. дезаминдену

9. Организмге тигізетін әсеріне қарай никотинамид аталады:

  1. анемияға қарсы витамин

  2. пеллаграға қарсы витамин

  3. рахитке қарсы витамин

  4. ксерофтальмияға қарсы витамин

  5. геморрагияға қарсы витамин

10. Никотинамидтің биологиялық әсері оның төмендегі коферменттердің құрамындағы коферменттік қызметінен көрінеді:

  1. ФАД

  2. пиридоксальфосфат

  3. НАДФ

  4. НАД

  5. тиаминдифосфат

2 дұрыс жауапты табыңыз

11. Сульфаниламидті препараттарды қабылдағаннан кейін науқаста гемоглобин мен қанның формалы элементтерінің синтезі бұзылған (анемия). В12 витаминін енгізу оң нәтиже бермеді. Қандай витаминнің жетіспеушілігі байқалады?



  1. аскорбин қышқылының

  2. фарнохинонның

  3. тиаминнің

  4. фоль қышқылының

  5. холекальциферолдың

12. В12 витаминінің активті сіңірілуі үшін міндетті түрде қажет:

  1. асқазанда Каслдың «ішкі факторының» болуы

  2. витаминнің фосфорлануы

  3. ащы ішекте өт қышқылдарының болуы

  4. майлардың болуы

  5. лактаттың белгілі концентрацияда болуы

13. Екі витаминнің полиавитаминозы мегалобластық анемияның дамуына: қан жасаудың төмендеуіне, гемоглобин синтезінің бұзылуына әкеледі. Келесі витаминдермен емдеу қажет:

  1. А және Е

  2. С және Р

  3. К және Д

  4. В1 және В6

  5. Вс және В12

11 Сабақ



1.Тақырыбы: Витаминдер. Майда еритін витаминдердің биологиялық әсері, авитаминозы, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі.Суда және майда еритін витаминдер. Витаминтәрізді заттар. Антивитаминдер. Суда еритін витаминдерге сапалық реакцияларды демонстрациялау және алынған нәтижелерді талдау.


  1. Мақсаты:

1. Студенттерде майда еритін витаминдердің құрылысы, зат алмасуын реттеудегі биологиялық ролі, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі және авитаминоздары туралы білім қалыптастыру.

2. Студенттердің «Суда және майда еритін витаминдер. Витамин тәрізді заттар» тақырыбын оқу кезінде алған білімдерінің тереңдігін анықтау.

3. Жаңа терминдер мен түсініктерді рольдік ойын барысында қолдана отырып, енгізу.

4. Кәсіби әдебиетпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.


3. Оқыту міндеттері:

1. Студенттерді майда еритін витаминдердің биологиялық ролі мен авитаминоздарының клиникалық белгілері арасындағы байланысты көрсете білуге үйрету.

2. Студенттерді витаминдер-антиоксиданттардың әсер ету механизмдерімен таныстыру.

3. Витамин тәрізді заттарды және олардың жануар организміндегі ролін қарастыру.

4. Студенттерді витаминдердің құрылысы мен ролі туралы алған білімдерін пәннің келесі тақырыптарын түсіну үшін қолдануға үйрету.

5. Студенттердің тақырыпты меңгеру тереңдігін тексеру, витаминдердің тәуліктік қажеттілігі туралы алған білімдерін бекіту.

6.Студенттерді осы тақырып бойынша алған білімдерін жағдайлық есептерді шешу үшін қолдануға үйрету.

7. Студенттерді жаңа терминдер мен түсініктерді: ксерофтальмия, антиоксиданттар, витаминнің активті алмасу формалары, мешел (рахит), кератомаляция, кератиндену, геморрагия, көру пурпуры, каротиндер қолдануға үйрету.


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Заттар алмасуының әртүрлі процестеріндегі майда еритін витаминдердің ролі.

2. Е және К витаминдерінің тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы, авитаминоздары.

3. Е және С витаминдері – антиоксиданттар ретінде.


5.Оқыту және сабақ беру әдістері:

Аралас әдіс:



  1. Ағылшын тіліндегі бейне материалды көрсете отырып, ауызша сұрау (үш тілдік бағдарламаға сәйкес) және жазбаша бақылау.

  2. Рольдік ойын;

  3. Бақылау жұмысы;

  4. Зертханалық жұмыс;

Оқыту құралдары: тақырып бойынша кестелер, схемалар, тестік тапсырмалар, бейнефильм (ноутбуктың жұмыс үстелінде).

Сабақтағы құзырлылықты бағалау әдістері:



  1. «Білім» құзырлылығын бағалау – жазбаша және ауызша сұраудың сұрақтарына берген жауаптарын, рольдік ойынға, үй тапсырмасын (жаттығулар, тесттер, жағдайлық есептер) тексеру бойынша іске асады.

  2. «Тәжірибелік дағдылар» құзырлылығы гипо-, гипервитаминоздардың клиникалық көріністері бойынша алған білімдері негізінде осы күйлерді болжай алу бойынша бағаланады.


1.Сабақты ұйымдастыру – сабақтың мақсаты және міндеттерімен танысу. Қиын сұрақтарды анықтап, оларға ауызша талдау барысында жеке тоқталу.

Үй тапсырмасы: Заттар алмасуына кіріспе. Метаболизм, оның негізгі сатылары. Метаболизмнің анаболикалық және катаболикалық жолдары. Көмірсулар алмасуы. Қорытылуы, сіңірілуі. Бауырдың глюкостатикалық қызметі. Гликогенолиз, гликогеногенез. Тіндердегі глюкозаның өзгерістері.

Келесі сабаққа өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:

  1. Метаболизм, оның негізгі сатылары.

  2. Тағам көмірсулары, олардың жіктелуі, маңызы.

  3. Көмірсулардың қорытылуы.

  4. Жекелеген моносахаридтердің сіңірілу механизмдері мен жылдамдығы.

  5. Гликогеногенез, түсінік, осы үрдістің биологиялық ролі.

  6. Гликогенолиз, гликогенолиз жолдары, маңызы.

  7. Бауырдың глюкостатикалық қызметі.

2. Ауызша сұрау төмендегі сұрақтар бойынша жүргізіледі:

  1. А витамині, каротиндер, құрылысы, биологиялық ролі.

  2. А витаминінің тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы, авитаминозы.

  3. құрылысы, ролі.

  4. Д витамині, құрылысы, биологиялық ролі, активті алмасу формалары.

  5. Д витаминінің тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы, авитаминозы.

  6. Е витаминінің құрылысы, биологиялық ролі, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы, авитаминозы.

  7. К витаминінің құрылысы, биологиялық ролі, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы, авитаминозы.

  8. Витамин тәрізді заттар туралы түсінік, олардың жіктелуі, маңызы.

4.Рольдік ойындар (қосымшаны қараңыз).

5.Зертханалық жұмыс: топ 3 топшаға бөлінеді, олардың әрқайсысыөздеріне берілген зертханалық жұмысты орындайды, содан кейін топтағы студенттер бірігіп, жұмыс нәтижелерін талдайды. (№51 (2), 52-54, 55 (1) зерханалық жұмыстар.
6. Әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

Негізгі:


  1. Сеитов З.С. Биохимия, Алматы, 2007ж,103-154 бет.

  2. У. Сайпіл және т.б. « Ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер», Алматы 2000ж. – 116-146 бет

  3. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 1Бөлім. Белоктар, ферменттер, витаминдер. – Алматы, 2009 ж. – 46-88 б

  4. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.

Қосымша:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.

3. Плешкова С.М., т.б. Биохимия пәнінен студенттердің жеке дайындығына арналған тесттік сұрақтар. – Алматы, 2007 ж.



Орыс тілінде:

1.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия», Москва, 2004 – С. 305-314.

2. Северин Е.С. «Биохимия», 2008г. С.123-138.

3. Николаев А.Я. «Биологическая химия» - М., 2007 – С.69-70,181-188

4. Плешкова С.М., С.А.Абитаева, Булыгин К.А. «Биохимические основы действия витаминов и гормонов»,Алматы,2004

5. Аблаев Н.Р. «Биохимия в схемах и рисунках» – Алматы, 2005, С 90

6. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. “Метаболические основы питания с курсом общейбиохимии”, Алматы, 1998, С 235, 241-277.

7. Бақылау: бақылау жұмысының билеттеріне, ауызша талдау кезіндегі берген жауаптары, рольдік ойын бойынша және зертханалық жұмысты орындау сапасы бойынша жүргізіледі.

№ 12 Сабақ.



1.Тақырыбы: Заттар алмасуына кіріспе. Метаболизм, оның сатылары.Метаболизмнің анаболикалық және катаболикалық жолдары.

Көмірсулар алмасуы. Қорытылуы, сіңірілуі. Бауырдың глюкостатикалық қызметі. Гликогенолиз, гликогеногенез. Тіндердегі глюкозаның өзгерістерге ұшырауы
2.Мақсаты:

  1. Студентерде метаболизмнің анаболикалық және катаболикалық жолдары туралы білім қалыптастыру;

  2. Жаңа терминдермен түсініктерді еңгізу арқылы коммуникативтік дағдыларды дамыту.

  3. Студентерде қорытылу, сіңірілу және көмірсулардың аралық алмасуы үрдістері туралы білім қалыптастыру;

  4. Студентерде бауырдың глюкостатикалық ролі туралы білім қалыптастыру

5) Студенттерді кәсіби әдебиетті зерттеуді және ғаламторда ақпарат іздеуді қалыптастыру.
3. Оқытудың міндеттері:

1) Жаңа түсініктер еңгізу және түсініктерге анықтама беру. Зат алмасуы, катаболикалық және анаболикалық үрдістер

2) Көмірсулардың маңызы мен алмасу сатыларын қарастыру.

3) Бауырдың глюкостатикалық ролін қарастыру.

4) Гликоген алмасуын қарастыру.

5) Глюкогенез, гликогеногенез, гликогенолиз, глюконеогенез түсініктеріне анықтама беру.

6) Студенттерді кәсіби әдебиетті зерттеуге (оқуға) және ғаламторда ақпарат (мәліметтер) іздеуге ынталандыру
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:


  1. Метаболизм, оның негізгі сатылары.

  2. Тағам көмірсулары, олардың жіктелуі және маңызы.

  3. Көмірсулардың қорытылуы.

  4. Моносахаридтердің сіңірілу механизмдері мен сіңірілу жылдамдығы.

  5. Гликогеногенез, түсінік, осы үрдістің биологиялық маңызы.

  6. Гликогенолиз, гликогенолиз жолдары, маңызы.

  7. Бауырдың глюкостатикалық қызметі.

8) Тіндердегі глюкозаның өзгерістерге ұшырауы
5. Оқыту және сабақ беру әдістері:

Әдіс-комбинациялық:

1) біріккен сұрау (тақырыптың негізгі сұрақтарын ауызша талдау; блиц-сұрау; жазбаша бақылау);

2) үй тапсырмасын тексеру (жағдайлық есептер мен тесттік тапсырмаларды шешу, жаттығуларды орындау).

3) жаттығуларды орындау

4) жазбаша бақылау

5) бейне тәсілі
Оқыту құралдары: кестелер, сызбанұсқалар, суреттер, дәрістердің элетрондық нұсқасы, дәрістер, тест тапсырмалары.
Бағаланатын құзырлылықтар:

«Білім» құзырлылығын бағалау: ауызша сұрау, блиц-сұрақ, жазбаша бақылау кезіндегі студенттің берген жауаптары бойынша, үйге берілген жаттығуларды, жағдайлық есептерді және тесттік тапсырмаларды тексеру арқылы жүргізіледі.



1. Сабақты ұйымдастыру - сабақтың мақсатымен және міндеттерімен таныстыру. Күрделі сұрақтарды нақтылап, оларға тоқталу.

Үй тапсырмасы: Көмірсулар алмасуы. Глюкозаның тотығу жолдары: гликолитикалық және пентозофосфатты. Анаэробты гликолиз. Кори циклі. Аэробты гликолиз. Энергетикалық балансы. Глюкозаның пентозофосфатты тотығу жолының желісі. Көмірсулар алмасуының реттелуі. Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі.

Келесі сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:

  1. Гликолиз, биологиялық ролі, энергетикалық құндылығы.

  2. Сүт қышқылының пайдалану жолдары, Кори циклы

  3. Глюконеогенез, түсінік, осы үрдістің маңызы.

  4. Аэробты жағдайда глюкозаның гликолитикалық тотығуы (сатылар).

  5. Глюкозаның пентозофосфатты тотығуы, осы үрдістің биологиялық ролі

  6. Гликолитикалық және пентозофосфаттық тотығулардың айырмашылығы.

  7. Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі

  8. Гликозидазалардың, оксидоредуктазалардың құрылысын және маңызын қайталау.

3. Ауызша талдау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет