Оқу - тәрбие процесін бақылаудың бірнеше түрлері бар:
– жаппай немесе фронталдық, мысалы, барлық сыныптарда жүргізілетін жазба бақылау жұмыстары;
- тақырыптық - оқу немесе тәрбие жұмыстарының кейбір жақтарын арнайы тақырып бойынша тексеру;
- дербес - кейбір мұғалімнің, тәрбиешінің, мектеп қызметкерлерінің іс-әрекетін бақылау;
Бақылау жүйесін және оған қойылатын талаптарды орындау үшін мектеп директоры өзінің орынбасарларымен бірлесіп, бақылаудың түрлерін, орындау мерзімін және мақсаты мен міндеттерін мектептің жалпы жоспарында көрсетеді, жоспар педагогикалық кеңесте бекітіледі. Педагогтар М.Л. Портнов, Т.И. Шамова, Н.А. Шубин педагогиканы басқару тауралы еңбегінде мектепішілік басқарудың мазмұнына мыналарды жатқызады:
1. Жалпыға бірдей оқыту мәселесі;
2. Оқу бағдарламалары мен мемлекеттік білім стандартының орындалуы;
3. Оқушының білім, іскерлік, дағдысының сапасы;
4. Оқушының тәрбиелілігінің деңгейі;
5. Пәндердің оқытылу жағдайы;
6. Тәрбие шараларының жағдайы мен сапасы;
7. Педагогикалық кадрлармен жұмыс,
8. Мектеп, отбасы, жұртшылықпен байланыс;
9. Нормативтік құжаттар мен қабылданған шешімдердің орындалуы.
Бақылаудың функциясы тұтас педагогикалық процесті реттеумен тығыз байланысты. Реттеуді ұйымдастыру жұмыстары түрлі қайшылықтарды шешуге көмектеседі.
Мектепішілік бақылау түрлері
Тақырыптық – жеке мұғалімнің, мұғалімдер ұжымының қызметтеріндегі нақты бір мәселені тексеру;
Фронтальдық – жеке мұғалімді, мұғалімдер ұжымын әдістемелік бірлестікті жан-жақты тексеру;
Мектепішілік бақылаудың формалары
Дербес – жеке мұғалімді, тәрбиешіні, сынып жетекшіні бақылау;
Жалпы сыныптық бақылау – бір сыныпта жұмыс істейтін барлық мұғалімдерді бақылау;
Жалпы пәндік бақылау – бір пәннің оқытылу жағдайын сапасын бақылау;
Жалпы тақырыптық бақылау – бір тақырып бойынша әртүрлі сыныптарда істейтін бірнеше мұғалімдерді бақылау:
Жалпы кешенді бақылау – бірнеше пәнді оқытуды, бірнеше мұғалімді бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: |