Адреналин енгізген 60 секундтан соң (эндотрахеалды енгізу кезінде – аса ұзақ уақыт аралығында) нәрестенің ЖЖЖ бағалау керек.
Егер адреналиннің бір мөлшерін кейін ЖЖЖ 60 соғ/мин аз болып қалса, онда препаратты 3-5 минуттан соң дәл сол мөлшерде қайталауға болады, егер бірінші енгізуде мөлшері аз кетсе, келесі енгізуде мөлшері сәл көбейтуге болады. Кез-келген адреналинді енгізу тамыр ішінен жіберіледі.
Қосымша келесі жағдайларға көз жеткізу керек:
• ауаалмастыруы жақсы, кеуде қуысының экскурсия және тыныс шулары өкпенің екі жағынан да естіледі; егер кеңірдек интубациясы орындалмаса, оны орындау керек;
• ЭТТ жансақтау шаралары кезінде симай қалуы;
• Компрессия кеуде қуысының 1/3 тереңдігінде орындалады;
Егер нәресте жүргізіліп жатқан реанимациялық шараларға әсер етпесе және оның жүрек тонында гиповолемиялық шок (бозғылттық, әлсіз жүрек соғысы, жүрек тондарының саңыраулығы, «ақ дақ» белгісінің болуы ) белгілері байқалса немесе плацентаның орналасуына көрсетілім болса, қынаптық қанкету немесе кіндік тамырынан қан кетуі, онда айналымдағы қанның көлемін толықтыру туралы ойлану керек
ОНЖ қалыптандыратын таңдау препараты 0,9% натрий хлориді немесе Рингер лактат ерітіндісі. Шұғыл қанды құю көп көлемді қан жоғалтқан кезде шұғыл гемотрансфузияны қажет етеді.
ОНЖ толықтыру кезінде бірінші сұйық көлемі кіндік тамырға 10мл/кг мөлшерінде 5-10 минут ішінде құйылады. Егер бірінші мөлшер құйылғаннан соң, нәресте жағдайы жақсармаса, екінші дәл сол көлемдегі мөлшер егі қажетілігі туындайды.
Гестационды жасы 32 аптадан аз мерзімінен бұрын туылған нәрестелерде миының жетілмеген герминальды матриксінің капиллярлы желілерінің ерекшелігін есте сақтау керек. Сұйықтықтың тез үлкен мөлшерде шығарылуы асқазанқішілік қан кетуіне әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан ОНЖ толықтыру мөлшерін мерзімінен бұрын туылған нәрестелерге жай жылдамдықта енгізу керек. Налоксонды анасы нашақор болған нәрестелерге бірінші жансақтау көмек кезінде тыныс ала алмауында қолдануға кеңес берілмейді. Оларға сәйкес өкпені желдетуді қамтамасыз етіп, жүрек ритмін және сатурациясын ретке келтіру керек.
ОНЖ реттегеннен кейін алынған клиникалық тиімділігін бағалау қажет. Бозғылттықтың кетуі, капиллярлардың толуы уақытының қалыптануы («ақ дақ» симптомы 2сек аз), ЖЖЖ 60 соғ/мин көп, жүрек қағысы реттелуі ОНЖ жетерліктей толыққанын білдіреді. Бұл жағдайда дәрілерді егуді тоқтатып, оң қысыммен мәжбүрлі желдетуді салыстыру керек.
ЖЖЖ 100 соғ/мин болғаннан соң, нәресте өздігімен тыныс алуды бастайды, мәжбүрлі тыныстар жиілігін жай азайту керек, содан соң нәрестені қарқынды терапия бөліміне постреанимациялық көмек көрсетуге әкелу керек.
Егер өкпені желдету тиімділігі, тікелей емес массаж және дәрілік терапия адекватты түрде орындалып жатса, жансақтаудың тиімсіз механикалық себептері туралы ойлау керек: тыныс алу жолдарының ақаулары, пневмоторакс, диафрагмальды жарық немесе туа біткен жүрек ақауы.
Егер нәрестенің жүрек соғысы 10 минут ішінде байқалмаса, жансақтаудың қаншалықты дүрыс және толықтығына қарамастан, тоқтатуды ойлау керек. Осындай мәліметтер нәрестенің жансақтауындағы 10 минуттан кейінгі асистолиясында нәрестенің өлімімен немесе ауыр мүгедектікпен тірі қалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |