қатынастардың дамуының арқасында өндіргіш күштердің жаратылыстану ғылымдарын
жандантып, олардың дербес сала ретінде қалыптасуына әкелуі. Әсіресе, бұл үрдістер XV-XV11
ғасырларда белсенді жүріп жатты. Механика, астрономия,
математика ғылым салалары
өздерінің пәндік дәрежесіне көтерілді. XV111 ғасырда химия өзінше дербес ғылымға айналды.
X1Xғ. биология мен бірге антропология дербес ғылым ретінде қалыптаса бастады (сонымен
қатар, қоғамдық-экономикалық пәндер). ХХ ғасырда философияға өте жақын ғылым салалары
– психология, этика, эстетика, саясаттану, әлеуметтану пәндері дербес ғылым саласына
айналды. Ал ХХ ғасырдың екінші жартысында ҒТР күрт дамуы жеке ғылымдардың өзінің көп
салалы пәндерге айналуына,
сонымен қатар, екі саланың қиылысқан жерінен пайда болған
биофизика, астрофизика, биохимия сияқты жаңа ғылым салалары дүниеге келді.
Сонымен, ғылымның қалыптасып,
сала-салаға бөлінуі (дифференциация),
бірте-бірте
ғылыми салалардың түйіскен жерлерінен
жаңа пәндердің пайда болуына әкелді
(интеграция).
Ғылым саласындағы Жаңа дәуірдегі және ең жаңа ХХ1ғ. мұндай шытырман күрделі өзгерістер
философия пәніне өзінің қандай ықпалын тигізді? Расында да, философия жеке ғылымдардың
ұқсас болып қалған жоқ па?,- өзінше дербес пәнге айналуымен “жалаңаш корольге деген
сауалдар оқырманның ойына келуі мүмкін.
Мұндай сауалдарға біз үзілді-кесілді – жоқ,- дер едік. Өйткені,
жеке ғылымдар саласы
қалыптаса бастасымен-ақ
философия да бірте-бірте
өз шынайы мәселелеріне тереңірек қарап,
оның
өз-өзін табуын жеңілдетті.
Тарихи философияның ғасырлар айналысу себебі – жеке ғылымдардың дербес бойы
“натурфилософиялық мәселелермен пән ретінде өмір сүре алмауы; сондықтан философия
жаратылыстану мен әлеуметтік ғылыми деректерді бойына жинап, соларды сараптап, өз ішінде
бірте-бірте дамытуға мәжбүр болды. Философия өзіне тән шегіне жеткен ең жалпы мәселелерді
ешқашанда сыртқа қалдырған жоқ. Сонымен жеке ғылымдардың қалыптасу жолында,
философия да
өзін ауырлататын натурфилософиялық мәселелерден құтылып,
өз-өзіне бірте-
бірте келе берді (natura – табиғат, философиялық ой-өрістегі табиғат жөніндегі тұжырымдар).
Қорыта келе, мына пікірді айтуға болады. Философия өзінің тарихи бастауынан бастап, осы
заманға дейін – 2,5 мыңжылдық шеңберінде -
өзінің пәнін, айналысатын мәселелерін
өзгерткен жоқ. Жеке ғылымдардың қалыптасуы философияның өрісін тарылтқан жоқ және
тарылта алмайды да, өйткені, ешбір жеке ғылым дүниенің ең жалпы байланыстары мен
қатынастарын зерттемейді.
Керісінше, философия өз пәнін ғылыми деректер өскен сайын
дамытып, өз өрісін кеңейтіп және тереңдеу үстінде.
Философия пәнінің қайнар көзі – жеке адам, я болмаса әлеуметтік топ, қоғамның Дүние мен
адам және олардың ара-қатынасы жөніндегі жалпы мағлұматты қажет етуінде.
Басқаша
айтқанда, homo sapіens (саналы адам) Дүниені біртұтас ретінде және сол дүниедегі өзінің кім
екені, ондағы алатын орны жөніндегі ойлар мен сезім тебіреністерін тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: