Лекция Философияның пайда болуы және дамуы- 4сағат. 1-2 апта


жерде - халық өз-өзінен айырылады



Pdf көрінісі
бет11/81
Дата21.11.2022
өлшемі3.51 Mb.
#465335
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   81
darister 1-15

жерде халық өз-өзінен айырылады. Мүмкін, ол халық тіршілікте болуы мүмкін, бірақ ол 
тарихтың субъекті ретінде өшеді. Олай болса, қазіргі қазақ халқының ХХ1 ғасырдың 
басындағы тарихи шешуші сатысындағы негізгі мәселелерінің бірі – ол өз тілін жаңа дәрежеге 
көтеру, ұмыт қалған мыңдаған сөздерді бүгінгі тілге енгізу, ата-бабаларымыздан қалған негізгі 
байлықты мақтан ету, оны шынайы бүкіл Қазақстан халқы сыйлайтын мемлекеттік тілге 
айналдыру. Ал қазақ интеллектуалдарының (іntellectus – латын сөзі, -тану, білу, ой еңбегімен 
шығармашылық деңгейде айналысатын адамдар) негізгі істерінің бірі – туған тілді аса 
ұқыптылықпен тыңдау, ұмыт қалған сөздердің мәнін ашу, уақытпен бүркеленген сөздің 
сырын, шынайы көне дүниесезімдерді жандандыру, соның негізінде жаңа шабыт, ізденіс, 
ұмтылыс тудыру болмақ.
Екінші жағынан - ұлттық философиядағы өмір құндылықтары терең зерттеліп, олардың адамды 
қалыптастырудағы, тәрбиелеудегі мүмкіншілігі қазіргі өтпелі заманда толығынан ,- 
деген ашық қоғам боламыз пайдалануы керек. Өмірдің талабына сәйкес біз ұранмен қазіргі 
мәдениет, рухани саладағы батыс құндылықтарын, үлгілерін жаппай ішке кіргізу (оның өзінде 
жақсы үлгілерінен көрі, тұрпайы адамдардың күнгірт тағы инстинкттерін оятатын үлгілерді), 
халықтың шынайы мәдениетіне, дүниесезіміне үлкен соққы жасап отырғаны біздің 
алаңдатуымызды тудырады. Бұл да болса, біздің әлі жас ұлт екенімізді, солақай 
еліктеушілігімізді, басқару жүйесіндегі отырған көп азаматтарымыздың философиялық рухани 
тайыздығын көрсетеді. Ал мұның бәрі философияның филологикалық (phіleo – сүю,
logos – сөз), герменевтикалық (hermeneutіc – грек сөзі, -түсіндіру, мән-мағынасын ашу) 
жағын көрсетеді.
Бұл айтылған пікір, әрине, аутаркиялық бағыт (autarcіa – грек сөзі, -өз-өзіне жеткілікті) ұстап, 
басқа дүниежүзілік қауыммен араласпай, үне бойы артқа, батырлық заманға қарау,- деген ой 
туғызбауы керек. Қазіргі шешуші уақытта, дәуірдің қойған талабына сай келу үшін біз 
болашаққа батыл қарап, ең алдымен ғылыми-техникалық жетістіктерге негізделген жаңа, 
экологиялық таза (еіkos – грек сөзі, -үй; logos – ілім, жағалай қоршаған орта жөніндегі ілім) 
энергияны аз пайдаланатын технологияларды игеруіміз керек. Мұның өзі жеке адамның бас 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет