Лекция Философияның пайда болуы және дамуы- 4сағат. 1-2 апта



Pdf көрінісі
бет15/81
Дата21.11.2022
өлшемі3.51 Mb.
#465335
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   81
darister 1-15

Философияның пәні Дүние мен адам арасындағы жүйедегі шегіне жеткен ең жалпы 
байланыстар мен қатынастар жиынтығын құрайды. Бұл ең жалпы жақындағанда ғана. Бұл 
қатынастар мен байланыстарды әрі қарай сараптап тереңдетсек, онда оның көп қырлылығын 
көреміз.
Ең бірінші философия пәнінің метафизикалық онтологиялық қыр-сырын атап өтуіміз керек 
(ontos – грек сөзі, барлық, болу; logos – ілім, болмыс жөніндегі ілім). Оған мынандай 
сұрақтарды жатқызуға болар еді. Дүниенің негізінде не жатыр? Ол шектелген бе, я болмаса 
шексіз бе? Мәңгілік, я уақытша ма? Дүниенің өмір сүруінің ішкі мақсат-мұраты бар ма, ол не 
үшін жаратылған? Адамзат не үшін жаратылды? Адам болмысының мәні неде? Қоғам 
болмысын анықтайтын заңдар бар ма? т.с.с.
Философия пәнінің екінші үлкен мәселелері – ол оның гносеологиялық жақтары (gnosіs – грек 
сөзі, -тану, білу). Оған мынандай сұрақтарды жатқызуға болар еді. Біз кімбіз


және Дүниедегі алатын орнымыз қандай? Адамның ақыл-ойы мен зердесінің табиғаты неде 
және ол Дүниенің ішкі сырын аша ала ма? Ақиқат, шындық дегеніміз не? Сезімдік пен ақыл-
ойдың ара қатынасы қандай? т.с.с.
Философия пәнінің ажырамас мәселелерінің бірі - ол оның аксиологиялық, яғни, құндылық 
жақтары, құндылық әлемін сараптау. Адам өмірі мән-мағынасының даму бағытын анықтауда 
философияның алатын орны мен қызметі ерекше. Осы тұрғыдан алғанда, философияда мына 
сұрақтар бар: шындық, әсемдік, ізгілік дегеніміз не? Адам өміріндегі еріктік, әділеттілік, теңдік, 
жақсылық, өлшем, парасаттылық т.с.с. құндылықтар қандай орын алады? т.с.с.
Философия пәнінің келесі жағы – ол оның праксеологиялықпрагматикалық мәселелері 
(praktіcos – грек сөзі – белсенді, іс-әрекетшіл; pragmatos – грек сөзі, -іс-қимыл). Өйткені, адам 
Дүниені тану барысында тек қана оны ой-өрісімен қамтып қана қоймай, өз іс-әрекеттерімен 
түйістіріп, Дүниеде бұрынғы-соңғы болмаған жаңа нәрселерді, құбылыстарды тудырады. Кең 
түрде алғанда, философияның праксеологиялық мәселелеріне бүкіл адамзат тарихындағы 
материялық және рухани өндірістегі жетістіктері мен тәжрибесі, соларға жеткізген сан-алуан 
адамдардың табиғатпен және өз-өздерімен байланыстары мен іс-әрекеттерін жатқызуға болады. 
Адам, әлеуметтік топ, я болмаса қоғамның дүниетанымы, дүниесезімі мен оның іс-әрекет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет