Лекция Философияның пайда болуы және дамуы- 4сағат. 1-2 апта


бостандығын, оның белсенді



Pdf көрінісі
бет12/81
Дата21.11.2022
өлшемі3.51 Mb.
#465335
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81
darister 1-15

бостандығын, оның белсенді де шығармашылық деңгейге көтерілуін талап етеді. Бұл 
мәселелерді толығырақ оқулықтың әлеуметтік философия сұрақтарына арналған тарауында 
қараймыз.
Сонымен, жоғарыда айтылған ойлар, бір жағынан алғанда, философияның филологиялық
гуманитарлық жағын көрсетсе (phіleo – сүю; logos – ілім), екінші жағынан, оның 
герменевтикалық (hermeneutіc – грек сөзі, -түсіндіру, мән-мағынасын ашу) мәнін көрсетеді.
Қорытындылай келе, философиялық Дүниеге көзқарастың мәнін ашу жолында біз оның көп 
қырлы, көпсырлылығын байқадық. Бір жағынан алып қарағанда, философия ғылымменен 
ұштасып жатса, екінші жағынан оның көркем өнермен, идеологиямен, гуманитарлық біліммен
күнбе-күнгі сана мен моральдық рухани құндылықтармен, тіпті мистикалық діни сезімдермен 
байланысты екенін байқадық.
Әрине, әрбір үлкен тарихи философиялық тұлғалардың шығармашылығында олардың алатын 
үлестері әр-түрлі, біреулерінде ғылыми жағы басым болса, екіншілерде – көркемөнерлік, 
үшіншілерде – нақылдық-моральдық, төртіншілерде – діндік-мистикалық жақтары басым 
болуы мүмкін.
Оның өзі көп жағдайлармен, әсіресе белгілі тұлғаның өмір сүрген дәуірімен, сол тұлғаны 
түдырған халықтың тілі мен ділімен (менталитет) оның тәрбие, білім алған жағалай ортасымен, 
тіпті, жеке мінез-құлқы темпераментімен байланысты болса керек


(temperamentum – латын сөзі, -жеке адамның жан-дүниесінің табиғи ерекшеліктері; mental – 
ағылшын сөзі, -ой-өрісі).
Бірақ, қалай дегенде де, философияның әр-түрлі жақтарын бір-бірінен ажыратып бөлек алуға 
болмайды. Философия – біртұтас ерекше Дүниеге деген көзқарастық білім. Философия – 
адамзат мәдениетінің өзегі.
§3.Философия пәні.  
Философияның Дүниеге деген ерекше көзқарастық мәнін ашқаннан кейін, мәселені нақтылай 
түсіп, келесі сатыда оның пәнін анықтауымыз керек.
Бұл мәселе бір қарағанда оңай сияқты болғанымен, бірақ жаратылыстану мен жеке 
гуманитарлық білім салаларының тез дамуы, жыл сайын жаңа ғылым түрлерінің пайда болуы 
философия пәнінің өрісін тарытып, тіпті оны керек қылмай қалуы мүмкін,- деген пікірді 
туғызуы жоқ емес. кейіпкері өзінің барлық байлығын Ағылшын драматургы У.Шекспирдің 
“Король Лир үш қызына бөліп беріп, өмірінің соңында қайыршы болып қалғанындай, 
философия шеңберінен бөлініп кеткен жеке ғылымдар оны өз пәнсіз қалдырмас па екен,- деген 
сұрақты неміс философы В.Виндельбанд қойған болатын. Ал француз философы О.Конт 
философия өз дамуында 3 сатыдан өтеді дейді. Олар – теологиялық (theos – грек сөзі, - Құдай), 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет