Лекция Философияның пайда болуы және дамуы- 4сағат. 1-2 апта



Pdf көрінісі
бет10/81
Дата21.11.2022
өлшемі3.51 Mb.
#465335
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   81
darister 1-15

моральдық құндылықтар мен ережелерінің біртұтастығында.
Философиядағы құндылықтар адамды жағалай қоршап шектелген, толымсыз болмыстан 
тиістілік әлеміне ұмтылдырады. Қазақстанның белгілі ғалымы профессор Абишев К. 
философияның ерекшелігін оның үсынатын бағытын болуға қажетті, болуға лайықты, болуы 
мүмкін, тіпті болуы парыз нәрселерден көреді. Мұндай пікірмен толығымен келісуге болады. 
Өйткені, адамның рухани өмірі сан-алуан ойлар мен болжамдарға, күнгірт және әсем 
сезімдерге, жоспарлар мен үміттерге т.с.с. толы. Адам өзін қоршаған нақтылы болмыстың 
шеңберінен әрқашанда шығып кетіп, әлі өмірде жоқ, бірақ тиісті болуы керек Дүниеге жетуге 
тырысады. Сонымен құндылық әлемі оның өмірінің мақсат-мұраты мен мән-мазмұнына 
айналады. Бұл күрделі мәселелерді философияның аксиологиялық жағы деуге болар еді 
(aksіos - құндылық, құндылықтар ілімі).
Адам өмірінің құндылықтары сан-алуан. Оларды негізінен алғанда екі үлкен топқа – 
материалдық және рухани құндылықтарға бөлуге болады. Қарапайым адамдардың 
көпшілігі өмірдің мән-мағнасын материалдық құндылықтарды жинаудан, байлыққа ұмтылудан 
көреді. Американ философы Э.Фромм бұл құндылық бағытын “алу категориясымен
көрсетеді. Ал, екінші бағытты – адамның рухани ізденісін, оның шындық, әсемдік, 
жақсылыққа, шығармашылық деңгейіне ұмтылысын өмірде “болу  категориясымен 
ұштастырады.
Бұл тұрғыдан алғандағы философияның негізгі қызметі - құндылықтар әлемін сараптау, 
әлеуметтік өмірде қандай құндылықтар болуы керек, болуы тиіс, - соларды негіздеу болып 
табылады.
Қоғам өміріндегі әрбір әлеуметтік топтың өзінің алатын орны, соған сәйкес мүдделері мен 
мақсат-мұраттары болғаннан кейін – олар белгілі бір философиялық бағытта негізделмей 
қоймайды. Әлеуметтік болмыс белгілі топтың мүддесінен өтіп барып бейнеленеді, яғни 
бұрмаланады. Ал мұның өзі сол топтың құндылық әлемін таңдауына өзінің зор әсерін тигізеді. 
Біз мұны философияның идеологиялық жағы деп түсінеміз. (іdea – идея; logos – ілім, алғашқы 
кейіп). Сонымен философия таптық қоғамда сондағы идеологиялық және саяси қақтығыстарға 
қатыспай қоймайды.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, біз философия пәнінің күрделі де, біріктіргіш білім, 
Дүниеге деген көзқарас екенін байқаймыз (іntegratіo – латын сөзі, -біртұтас, қалпына келтіру
толықтыру).
Философияның тағы бір елеулі ерекшелігін алатын болсақ, ол ХХ ғасырда пайда болған тілге 
деген үлкен қызығушылық. Белгілі орыс философы В.В.Бибихиннің- философия - 
қабылдайтын түсінік ретінде өзінің Дүниеге ашықтығымен тілге тең,- деген пікірінде үлкен сыр 
жатса керек. Ал, неміс философы Г.Г.Гадамерді алатын болсақ, тіл дегеніміз – бәрін қамтитын 
Дүниенің алдын-ала берілген түсінігі,- дейді.
Расында да, сәби ананың ақ-сүтімен, әлди-әлди өлеңімен бірге өзінің жан-дүниесіне туған тілін 
сіңіріп, жарық Дүниенің есігін алғаш ашып, өмірге деген дүниесезімі мен


түсінігін, жете келе - көзқарасын қалыптастырады. Қайсыбір халық өзінің тарихи мыңдаған 
жылдар бойы қалыптасқан тілі арқылы қоршаған болмысты өзінше бейнелеп, сезінеді. 
Сондықтан, атақты неміс философы М.Хайдеггер “Тіл – болмыстың үйі деген нақыл сөзінде 
үлкен мән-мағна жатыр, олай болса, әр халықтың тіліне сәйкес философиясы, өмір салты, әдет-
ғұрпы, рухани өмірі, менталитеті бар, және ол оның өшпес құндылығы, өйткені, тіл жоғалған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет