Лекция жинағы 1 лекция. Дифференциалды психология пәні


лекция. Жеке қасиеттердің құрлымды зерттеулері



бет7/11
Дата22.02.2024
өлшемі49.37 Kb.
#492792
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Differentsialdy pskh lektsia zhina 1171 y

11 лекция. Жеке қасиеттердің құрлымды зерттеулері
Жеке қасиеттердің құрылымды зерттеулері - әр елде, әр түрлі теориялық бағытта жұмыс істейтін зерттеушілер-дара айырмашылықтың типологиялық емес жолдарын іздестіре бастады.
Тұлға зерттеуіндегі ерекшелік теориясының пайда болуы Гордон Олпрытың қанағатсыздық нәтижесі болған жоқ, ол осы теорияның негізін салушы. Гордон Олпорд-американ психологы, ерекшелік теориясын құрушы, қәзіргі заманғы психологияда тұлғаның маңызды деңгейде методикалық аппарат қатарына бағыттауын анықтады. Оның ғылыми ізденуінің мотиві-психоаналитикалық теория ұсынған тұлғаның көзқарасты қабылдамаумен байланысты. Тәртіптің танымдық ерекшеліктерін іздестіруде, Олпорд-адамды сипаттайтын барлық сөздердің катологын құрастырудан басталады. Тұлғаның нақты ерекшеліктері тілде бейнеленуі қажет (адам өзінің танып-білген нәтижесіне атау береді)
Тұлғаға қатысты терминдік сөздік 30-шы жылдардың ортасына қарай құрастыруды және ол 18000-ға жуық сөздерді қамтиды. Бұл тізімнен адамның қабілетін білдіретін сөздерді, оның физикалық ерекшеліктерін (толық сары шашты т.б.) сөздерді сөздік авторларын Г. Олпорд пен Г. Одберт алып тастап, тек ғана адамдардың нақты ерекшеліктеріне байланысты, оның өмірлік жағдайға бейімделу әдістерін анықтайтын терминдерді. Мысалы, агрессивті, табанды, тұйықтық, басқа адамдармен қарым-қатынас кезіндегі жұмсақтық т.б.с.с. Сөздердің тізімі едәуір азайды, бірақта анализдің экспериментальді мақсаты ол әлі де болса да кең болады, оның құрамына 4504 сөздер кірді. 2) Г.Олпорд-ерекшеліктердің тегістеу (классификациясын) ұсынады. Ерекшеліктің тегістеу классификациясын-Г.Олпордтың ерекшелік классификациясы, ол 3-деңгейден тұрады:
1-ші деңгей-басты ерекшеліктер (кардинальный) деп аталады. Олар адамның барлық тәртібін анықтайды. Бұл ерекшелікке: қандай да бір әрекетке қызығушылық жатады. Басты ерекшеліктер-көптеген тұлға сфераның ерекшеліктерін анықтайды, және ол кез-келген адамдарда бола бермейді.
2-ші деңгей ол-орталық ерекшеліктер деп аталады. Олар адам тәрбиесінің әр түрлі жағдайында анықтайды. Егер осы заманға сай психологияда дәл осы ерекшелік айтылса, онда ол осы деңгейдегі ерекшелік туралы айтылады.
3-ші деңгейді-қосымша ерекшеліктер құрайды. Олар тек кейбір адамдарға, кейбір жағдайға ғана тән болады. Мұндай ерекшеліктер-жекеліктің идиографикалық сипаттауын және әр аламның уникальді екенін көрсетеді.
3) 40 жылдың басында Гаймонд Кэттели/ Г.Олпорд пен Одберт жасаған сөздік тізімінен нақты ерекшелік пен жағдайды сипаттайтын сөздерді алып тастайды. Бұл сөздер санынан-ол сирек қолданылатын және мағнасы жағынан синонимдес етіп топталған сөздерді алып тастады. Әр синоним тобына ол антонимдер тобын құрды. Қорытындысында ол 171 биполярлы ерекшелік тобын алды. Кластерлік анализ жолымен (топтастыруды көрсететін матиматикалық әдіс) ол 35-топты бөлді, 6-дан 12-ге дейінгі дейінгі ерекшеленеді.
Кэттелл басшысымен жүргізілген жұмыстарда эксперттер 35-бөлінген тұлға ерекшеліктерін бағалады. Әр 12-факторға кіретін ерекшелік құрамы-анализден өткен, және оған сұрақтар құрастырылған, оған жауап ретінде қай деңгейде қай ерекшелік адамдарда сипатталғанын айтуға болады. Нәтижесінде сұрақнама пайда болды. Ол тұлғалық сфераның 12-сипаттамасын бағалай алады. Бірақ Р.Кәттелдің ойынша, барлық тұлғалық ерекшеліктер эксперттерге көріне бермейді, сондықтан ол сұрақнамаға тұлғаның жалпы сипаттамасын қосты, онда адам өз ерекшелігіне бағалай алады. Жалпы, тұлғалық 16-ерекшелік болады, ал оның диагностикасына пайдаланатын методика-Р Кәттелдің 16-факторлық сұрақнамасы деген атауға ие болады. Кластерлік анализ бойынша, бұл құрлымды бағалап, әр түрлі зерттеушілер оның 5-факторын бөліп қарастырады. Ерекшеліктің үлкен 5-типі маңызды деңгейде әр түрлі авторлар жұмыстарда сай келетін факторлар экстраверсия, альтруизм, навютизм.
1-ші фактор ереже бойынша-экстраверсия деп аталады. Жағымды жақтары-қарым-қатынасқа тез түсуі, табандылық, өзіне-өзі сенімдік, белсенді жылдам, доминантты. Жағымсыз жақтары-адамдармен емес өзімен-өзі болуға тырысады,
2-ші фактор- «альтруизм»-адамдарға көмектесуге үнемі бейім тұрады достықты сүйгіш мейрімді, сезімтал, өзіне сенім артатын адамдарды тез кешіреді. Ал жағымсыз жақтары-адамдарға суық лебіз білдіреді, достықты сүймеушілік, қайрымсыз болуы.
3-ші фактор-саналылық. Жағымды жақтары. Ұйымшыл, жауапкершілігі мол, өз іс-әрекетін үнемі жоспарлайды т.б. Жағымсыз жақтары міндетсіздік, ұқыпсыздық, ұмытшақтық өз іс-әрекеттерін ұйымдастыра алмаушылық т.б.
4-ші фактор-невритоз. Жағымды жақтары эмоциясы тұрақты, қанағат пен тынымға бейім.
Жағымсыз жақтары үрейлілік, нашар көңіл-күйге бейім, әр түрлі қорқыныш пен тынымсыздыққа бейім болуы.
5-ші фактор-қажетілік. Жағымды жақтары ойлау өрісі кең, қызығушылықтары кең түрі, олар сыпайы, өзгелер оларды ақылды деп қабылдап, логикасы мен ақыл-ойы жоғары.
Жағымсызы шектен тыс қарапайымдылық, қызық емес адамдар санын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет