Лекция жинағы 1 лекция. Дифференциалды психология пәні


лекция. Психологиялық дифференциялауды даму деңгейін анықтау



бет6/11
Дата22.02.2024
өлшемі49.37 Kb.
#492792
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Differentsialdy pskh lektsia zhina 1171 y

9 лекция. Психологиялық дифференциялауды даму деңгейін анықтау
Әр түрлі ерекшеліктері бар тәуелділік және тәуелсіздің өзара байланысының зерттеулері Уиткинді және оның әріптестерін когнитивті стильдің глобальды ерекшеліктері туралы қорытындыға әкелді. Осымен байланысты олар бұл стиль психологиялық дифференцияланудың деңгейіні көрсеткіштерінің бірі болып табылады деп есептейді.
Психологиялық дифференциялауды ең жалпы түрінде дамудың деңгейі сияқты анықтауға болады: өмірдің алғашқы кезінде өзінің және қоршаған ортаның ерекшеліктері глобальды, бөлінбейтін және дифференцияланбаған болып (бөлінеді) қабылдайды. Уақыт өте келе өзара және қоршаған ортамен шекарасы туралы көрініс қалыптасады, өзінің денесінің бөліктері және олардың арасындағы байланыс туралы көрініс танылады, жеке белсенділікке талпыныс п.б. Басқаша айтқанда, уақыт өте келе психологияның дифференцияланудың деңгейі жоғарылайды.
Психологиялық дифференциялану түрлі функционалды жүйеде тиісті жекеленушілігінде, адамдардың өзі және қоршаған ортасы туралы (көрініс танылады, жеке белсенділікке талпыныс п.б.) көріністерінің анықтығында көрінуі және маңызды индивидуалды ерекшеліктері болады.
Психологиялық дифференциялаудың параметрлерінің қатарына Уиткин және оның әріптестері мыналарды жатқызады.

  1. Тәуелділік – тәуелсіздік, яғни өрістеп тәуелсіздік дифференциялауға сәйкес келетін когнитивті стиль.

  2. Дене құрылысының қалыптасуында көрінетін физикалық қасиеттер туралы қалыптасудың құрылымы.

  3. Басқарушы және қорғаныс механикалық жоғары дамуын болжайтын психологиялық фнукциялардың специализациясы.

  4. Жеке автономдықты сақтау қабілетімен байланысты жеке аралық қатынастар ерекшеленеді.

  5. Психикалық іс-әрекеттің биологиялық базасы бар нейрофизиологияның функциясының специализацясы.



10 лекция. Жеке адамның бағыттылығы
Жеке адамның бағыттылығына оның қажеті мен қалауы, тілегі мен құштарлығы, бейімділігі мен қызығушылығы, оған негізделген пікірі, арман-тілегі мен сенімі, мұраты мен талғамы жатады.
Бағыттылықтың қоғамдық маңызы, сондай-ақ мінездің белсенділігі бұл жерде негізгі көрсеткіш болып есептеледі.
Жеке адамның талаптануы мен ұмтылысының, тілегінің, ынта-ықыласының негізгі мақсаты-кісі болып көрінудің асыл армандары.
Жеке адамның психологиялық құрылымына қабілет, дарындылық, талант сияқты ұғымдар да кіреді. Қабілет – адамның бір жұмысты нәтижелі, үздік орындауынан көрінетін жеке-дара психикалық қасиет. Дарындылық – адамның балалық шағында көрінетін қабілеттің жоғары түрі. Дарындылық –адамның іштен туатын қабілеті, ол жүйке саласына, талдағыштарына анализаторына қатысты нышандардың жиынтығымен байланысты.
Талант – бұл адамның есейіп ер жетіп, кемелге келген кездегі жоғары қабілеті. Талан шығармашылықпен егіз. Талантты адам бұрынды-соңды кездеспеген дүние болғанда ғана, ол талантты деген атаққа ие болуы мүмкін.
Психологияда данышпандық деген ұғым кездеседі. Ондай адам қоғам үшін тарихи және зор маңызы бар жаңалықтар ашып, адамзат өркениетін дамытуда тұтас бір дәуірді қамтуы мүмкін. Психолгия ғылымында осы ұғымдардың (дарындылық, талант, данышпандылық) мәні әлі жөнді ашылмай отыр.
Бала қабілетін дамыту – тәрбиенің маңызды мақсатының бірі. Қабілеттіліктің өрісін тану балалар бақшасы мен мектептегі әр түрлі істермен шектелмеуі керек. Қабілеттің жан-жақты дамуына үйде де, түзде де жағдай жасау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет