Лекция жинағы 1 лекция. Дифференциалды психология пәні


лекция. Кәзіргі дифференциялды психологиядағы зерттеулер бағыты



бет2/11
Дата22.02.2024
өлшемі49.37 Kb.
#492792
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Differentsialdy pskh lektsia zhina 1171 y

4 лекция. Кәзіргі дифференциялды психологиядағы зерттеулер бағыты
Кітапта индивидуалды айырмашылықтардың негізгі зерттеу принциптері ұсынылған, бірінші рет психологиялық сипаттаманы зерттеуде номотетикалық және идиографикалық жолдарының салыстырмалы анализі берілген және әр қайсысына сәйкес келетін әдістер сипатталған. Намотетикалық (орта статистикалық заңдылықтарды бейнелейтін) және идиографиялық (әр индивиттің уникалдылығын бейнелейтін) атауларды да индивидуалды айырмашылықтар психологиясына Штерн енгізген.
Индивидуалды айырмашылықтар психологиясымен психодиогностика арасындағы үзілмес, тығыз байланыстар осы екі пәннің дамуының ерте кезенің сипаттайды. Индивидуалды психология пәннің сипаттау кезінде бұл білім аймағының зерттеу сұрақтарының бірі адамдар арасындағы айырмашылықтарды түсіну үшін маңызды психологиялық сипаттамаларды бөліп қарастыру болып табылатындығы айтылған. Бірақ сипаттарды ажырату диагностикалық әдістерсіз мүмкін емес, сондықтан осы уақытқа дейін бұл екі аумақ ұштасу зоналарын сақтап отырады, бірақ олардың пайда болуынан 100 жылдан астам уақытта олардың зерттеу нысаналары және шешетін нәтижелері өте өзгерген.
Штерн кітабында жеке психологиялық бөліктерден басқа индивидуалдық айырмашылықтарды зерттеу кезінде қолданатын математикалық әдістердің нақты анализы ұсынылған. Ол кездейсоқ емес. Өйткені тараудың басында айтылғандай индивидуалды айырмашылықтар психологиясының дамуы, адамдар арасындағы айырмашылықты бағалау әдістерінің дамуынсыз мүмкін емес болар еді. Индивидуалды айырмашылықтың кәзіргі заман психологиясы. Индивидуалды айырмашылықтарды зерттеумен айналысқан түрлі зерттеушілер өз жұмыстарында осы зерттеу аймағының түрлі мәселелерін қойған. Өткен тарауда айтылғандай индивидуалды айырмашылықтар психологиясында бірінші зерттеулер индивидуалды айырмашылықтың табиғатын анықтауға және адамның ақыл-ой қабілетінде индивидуалды айырмашылықтарды адекватты бейнелейтін психологиялық сипаттарды іздеуге бағытталған. Штерннің жұмыстарында маңызды психологиялық ерекшіліктерін бөлуге үлкен көңіл бөлінген, сонымен қатар оны барлық адамдарды әр түрлі деңгейде көрінетін, осы нақты ерекшіліктер әр нақты индивидте өзгеру мәселесі де қызықтырды.
Бұдан кейінгі жұмыстарда зерттеу тематикасы кеңейтілген, ажыратып және олардың табиғатын зерттеу мәселесімен қатар топтық айырмашылықтар анализін индивидуалды айырмашылықтар сферасына жатқызды. Р.Кэттел ең маңызды сипаттарды ажырату жолында олардың өзара сәйкестігін және құрылымның зерттейді. Отандық индивидуалды айырмашылықтар психологиясында негізі назар психологиялық сипаттардың құрылымында және индивидуалды айырмашылықтардың физиологиялық негіздеріне аударылады. (Б.Г.Ананьев,Б.М.Теплов).
Индивидуалды айырмашылықтар психологиясының қалыптасуын талдай отырып, әр түрлі тематикаға және түрлі авторлардың түрлі теориялық негіздеріне қарамастан, осы психологиялық аймақта өткізіліп жатқан зерттеулерді үлкен топқа біріктіреді.Д.П зерттеу кластары.
1)Психологиялық қасиеттердің құрылымның анализі.
2)Психологиялық ерекшіліктерде индивидуалды айырмашылықтардың пайда болу себептерін іздеу.
3)Индивидуалдылықтың идиографиялық анализі.
Зерттеудің бірінші бағыты психологиялық қасиеттер құрылымын талдаумен байланысты. Бұл зерттеулерде қарастыратын негізгі проблемалар –адамның психологиялық бейнесінде қандай психологиялық сипаттарды маңыздырақ деп қарастыруға мағынасы бар және олар бір-бірімен қалай байланысты. Берілген бағыттағы жұмыстарда индивидуалды айырмашылықтар тек зерттеу нысанасы ретінде ғана емес, статистикалық процедура көмегімен психологиялық ерекшіліктерді құрастыруды пайдалануға мүмкіндік беретін жағдай ретінде де болады. Зертеудің екінші бағыты психологиялық қасиеттер құрылымын талдаумен байланысты. Бұл зерттеулерде қарастыратын негізгі проблемалар адамның психологиялық бейнесінде қандай психологиялық сипаттарды маңыздырақ деп қарастыруға мағынасы бар және олар бір бірімен қалай байланысты. Берілген бағыттағы жұмыстарда индивидуалды айырмашылықтар тек зерттеу нысанасы ретінде ғана емес, статистикалық процедура көмегімен психологиялық ерекшіліктерді құрастыруды пайдалануға мүмкіндік беретін жағдай ретінде де болады. Зерттеудің екінші бағыты психологиялық ерекшіліктерде индивидуалды айырмашылықтардың пайда болу себептерді іздеумен байланысты. Бұл топтың зерттеулері сан алуан және олар индивидуалды айырмашылықтардың биологиялық және әлеуметтік детерминнаттар анализіне, индивидуалды айырмашылықтардың қалыптасуындағы тұқым қуалаушылықтың және қоршаған ортаның ролін даму процесіндегі индивидуалды айырмашылықтар динамикасына байланысты. Зерттеудің үшінші бағыты индивидуалдықтың идиографияық анализі болып табылады. Психологиялық зерттеу нысанасы екі алдындағы бағытта номотетикалық жолмен яғни топ болса, бұл жағдайда психологиялық зерттеудің нысанасы жеке субьекті болады.
5 лекция. Темперамент және жеке тұлға
Темперамент қасиеттері-ерте балалық шақтан көрінетін, мінез-құлықтың тұрақты стильдік ерекшеліктері.
Адамның әлеуметтік мінез-құлқында көрінетін индивидуалды ерекшіліктері туралы айтқанда, әдетте үш терминді пайдаланады: темперамент, мінез және тұлға. Үлкен совет энциклопедиясының үшінші баспасына сүйенетін болсақ, онда темперамент дегеніміз психикалық әрекетінің, оның динамикалық ерекшіліктер жағынан индивиттік сипаттамасы, яғни темперамент ритмі кейбір психикалық процесстердің және күйлердің қарқындылығы. Темперамент құрылымда үш негізгі компонентті ажыратуға болады: индивиттің жалпы белсенділігі оның қимыл көріністерін және эмоционалдылығы. Мінез дегеніміз- адамның өмірінің, жан өмірінің бөлек актілерінде және күйлерінде оның әдеттерінде, ақыл қалпында адамға тән эмоционалдық өмір шеңберінде көрінетін адамның қылығы. Адамның мінезі,оның жүріс-тұрыс негізі ретінде қабылданады. Бір дегеннен темпераментпен мінездің анықтамасы сәйкес келетін сияқты, бірақ күнделікті тәжіриебеде біз адамның темпераменттен оның мінезімен шатастырмаппыз. Темпераментті емес мінезді біз күшті, әлсіз, қатал, жұмсақ, нашар, табанды, қылықты және т.б. деп айтамыз. Темпераментпен мінездің арасындағы сәйкессіздік, интуитивті түсінетін айырмашылық, осы айырмашылық негізінде индивидуалдықтың мәнді түрлі көріністері жататынын білдіреді.
Темпераментте көбінесе адамның оны қоршаған ортадағы оқиғаларға қатынасы көрінеді. Мінез ұқсастықта және т.б көрінеді. Екеуінде ортақ нәрсе- ол берілген адам туралы не темперамент, не мінез, оның әлеуметтік құндылықтары туралы бізге еш нәрсе айытпайды, олар В.М.Русанов атағандай тұлғада бар психиканың формалды динамикалық аспектісі, өйткені тұлға дегеніміз индивидті сол немесе басқа қоғамның мүшесі ретінде сипаттайтын, әлеуметтік мәні бар ерекшіліктердің тұрақты жүйесі темпераментте, мінезде, адамның қабілеттері де (оның интелектісі) тұлғаға кіреді, бірақ олар шекттелмейді, өйткені тұлғаның индивиттің түрлі психикалық процестерің біріктіретін және оның жүріс-тұрысына қажетті табандылықпен тұрақтылықты хабарлайтын бастапқы түрі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет